Материалдар / Не? Қайда? Қашан?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Не? Қайда? Қашан?

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні апталығыны арналған интеллектуалды сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2017
1153
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы.

«Бейнеу ауданының әкімдігінің

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-нің

Математика пәнінің мұғалімі

Садакова Гулсара Серкенбайкызы



Тақырыбы: «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойын

Мақсаты: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, сайыс барысында оқушылар топпен жұмыс жасап, өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру. Қиындық дәрежесі әртүрлі есептер шығару арқылы ой-өрістерін дамыту.

Көрнекілігі: сұрақтар жасырылған конверттер, плакаттар, портреттер, қоржын, нөмірленген шариктер.


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар сайысымызды тамашалауға қош келдіңіздер!

Бүгінгі жас ұрпақ  халқымыздын болашағы,  еліміздің  ертеңі.   Оқушылардың  ой-өрісін   кеңейтіп,  есте  сақтау   кабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын «Не? Қайда? Қашан?» атты сайысымызды бастаймыз.

Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.

Ойынның барысына тоқталсақ, сайысқа бір ғана топ қатысады. Топ мүшелері бірлесіп көрермендер дайындап келген сұрақтарға жауап береді. Әр сұрақ 20 ұпаймен бағаланады. Егер топ мүшелері 1 минуттық ақылдасудан соң дұрыс жауап берсе, ұпай топқа беріледі. Ал, егер дұрыс жауап бере алмаса, ұпай көрермендерде қалады. Жарыс соңында ұпайлар есептеліп, жеңімпаз анықталды (көрермендер немесе топ). Әр екі сұрақтан кейін қара жәшік сахнаға әкелінеді. Ішіндегі затты сипаттағаннан кейін не екенін табу керек. Егер тапса топқа қосымша 10 ұпай қосылады.

Ал, енді сайысымызды бастаймыз. Топтан бір оқушы шығып, қоржыннан шарик таңдаймыз, ішіндегі нөмірге сәйкес конвертті ашып, сұраққа керекті материалдарды пайдалана отырып берілген тапсырманы орындаймыз.

1-нөмір. Нота. Ән жасырылады. Жасырылған әні, орындаушысын табу керек.

Жауабы: Ақылбек Жеменей «Достарым»

2-нөмір. Ол Отырарда туған, түркі, араб, парсы, грек және басқа тілдерді жетік білген. Кейбір деректер бойынша тіпті ол 70 тіл білген деп те айтады. Ол математиканы үлкен – үлкен жеті тарауға бөлген.

Жауабы: Әбу Насыр Әл-Фараби.

3-нөмір. Сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан сұрақ белгісінің орнында қандай сан болуы керек.

Жауабы: 40

4-нөмір. Торкөздегі сандар бір-бірімен байланысты белгілі бір ережеге сәйкес орналастырылған. Осы ереже бойынша сұрақ белгісі қойылған торкөзге қандай сан сәйкес келетінін белгілеңіз.

Жауабы 130.

5-нөмір. 8+3 - 4=0 бір ғана шырпыны қозғап, теңдікті дұрыс теңдікке айналдыр.

Жауабы: 9+3-4=8

6-нөмір. Сұрақ белгісінің орнына қайдай сай сәйкес келеді?

Жауабы: 34

7-нөмір. Сұрақ белгісінің орнына қандай фигура сәйкес келеді?

Жауабы: төртбұрыш ортасында дөңгелек.

8-нөмір: Суретте көлденеңнен және тігінен арналастырылған жемістердің жалпы бағасы берілген. Мысалы, төрт алма 28 теңге. Олай болса тігінен бірінші қатардағы екі алма, бір банан, бір құлпынайдың бағасы қанша теңгеге тең болады?

Жауабы: 25 теңге.

9-нөмір. Авторлардың біреуі бұл ғалымды 400 кітап жазған десе, енді біреулері 1000 кітап жазған деседі. Шәкірттеріне бақ ішінде серуен құрып жүріп, сабақты әңгіме түрінде жүргізеді екен. Оның сабақтары таңертеңгілік және кешкілік болып екіге бөлінетін болған. Таңертеңгі әңгімелерге тек дарыны мен дайындығы мол шәкірттерді ғана қатыстырып, оларға логиканы, филасофияның қиын мәселелерінен хабар беріп отырған. Ал кешкі әңгімелер көпшілік шәкірттерге арналып, мұнда шешендік өнері, саясат сияқты ұғымға жеңіл сауалдарға жауаптар берілген.

Жауабы: Арестотель.

10-нөмір. Аса көрнекті грек математигі болған. Ол П санының 3 ондық белгісін, сфера бетінің көлемі мен ауданын есептеп шығарып, қару ойлап тапқан, тұтқалар мен блоктардың принципін түсіндірген. Ол: «Маған ұзын тұтқа мен тіреу нүктесін беріңдерші, сонда мен Жерді орнынан жылжытамын»,-деген. Қосымша ақпарат: «Эврика» - сөзінің авторы.

Жауабы: Архимед.




Қара жәшік сұрақтары:

  1. Аяғы жоқ,қолы жоқ,

Таппайтұғын жолы жоқ. (Хат)


  1. Керемет бір ит бар,

Үй бағады үрмейді,

Аяғы жоқ жүрмейді,

Ұлықсатсыз ол иттен

Адам үйге кірмейді. (Құлып пен кілт )


  1. Қауаққа да ұқсаған,
    Алмұртқа да ұқсаған,
    Аузы бар, тілі бар,
    Білер көріп, ұстаған.
    (Қоңырау)


  1. Шикі заты – какао. (Сникерс шоколад)


Ойынымыздың соңғы сұрағынан кейін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Жарыс жеңімпаздары марапатталады.

  • Келесі кездескенше, сау болыңыздар!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!