Материалдар / "Не? Қайда? Қашан?"

"Не? Қайда? Қашан?"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Не? Қайда? Қашан?" атты биология пәнінен сыныптан тыс шара пән мұғалімдеріне көмекші болады деп ойлаймын. Сыныптан тыс шаралардың оқушылардың пән бойынша қызығушылықтарын арттырып, таным көкжиегін кеңейту үшін маңызы зор.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
653
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Не? Қайда? Қашан?

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, таным көкжиектерін кеңейту

Қажетті құрал-жабдықтар: ойын үстелі, қара жәшік, интерактивті тақта

Шара барысы:

  • Салематсыздар ма, құрметті көрермендер және қонақтар!

  • Сіздерге бүгінгі «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойынымызды бастау үшін білгірлерді ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер!

  • 1-ойыншы-физика пәнінен қалалық «Квант» топтық сайысында ІІ орын, С.Сейфуллин қалалық мәнерлеп оқу сайысынан ІІІ орын, ағылшын тілі пәнінен облыстық олимпиада жүлдегері болған 8б сынып оқушысы Қалиева Мадина

  • 2-ойыншы - физика пәнінен қалалық «Квант» топтық сайысында ІІ орын, ағылшын тілі пәнінен қалалық олимпиадада ІІІ орын иегері, 8б сынып оқушысы-Утегенова Мадина

  • 3-ойыншы-су добы сайысынан қалалық І орын, республикалық ІІІ орын, мектепішілік биология пәнінен олимпиадада ІІ орын алған 8в сынып оқушысы-Иманғали Төребек

  • 4-ойыншы-география пәнінен қалалық олимпиадада ІІІ орын иегері, физика пәнінен қалалық «Квант» топтық сайысында ІІ орын алған, 8в сынып оқушысы-Аманжол Ғаламат

  • 5-ойыншы- физика пәнінен қалалық «Квант» топтық сайысында ІІ орын алған,физика пәнінен олимпиада жеңімпазы 8а сынып оқушысы- Орынбай Ерсұлтан

  • 6-ойыншы-ағылшын тілі пәнінен қалалық олимпиада жеңімпазы 8б сынып оқушысы Даулетьярова Алтынай

(Ойыншылар ойын үстеліне отырады. Команда капитаны сайланады)

Жүргізуші: Ойын шартымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер. Үстелде сұрақтар салынған конверттер жатады, олардың арасында 1 музыкалық үзіліс болады. Музыкалық үзіліс 4 раундтан кейін болады. Ойыншылар зырылдауықты айналдырады да, конверттегі сұраққа ойланады. Ойлану уақыты - 1 минут. Топ капитаны жауап беруші ойыншыны таңдайды.

Білгірлерге қарсы көрермендер ойнайды. Сұрақ көрермендерден алынған.

Сонымен, 1-раунд.

Ойыншыларға арналған сұрақтар:

  1. География пәні мұғалімінің сұрағы: Күздің салқын күндерінің бірінде Вьетнамнан ресейлік зоологиялық орталыққа 24 айдаhар әкелінді. Жорғалаушыларды қабылдаған маман барлық жануарды еш қауіптенбестен қарап шықты. Жыландардың тыныштық сақтағандарына қарап, кеденшілер мамам оларды гипноздап қойды деп ойлады. Жыландардың мұндай әрекетін қалай түсіндіресіз?

Жауабы: Жорғалаушылардың дене температурасы тұрақсыз болғандықтан қоршаған орта температурасына байланысты өзгеріп тұрады. Жылы ауа райында олар белсенді, қозғалғыш болса, төменгі температурада белсенділіктері төмен, жай қозғалады. Жыландардың өздерін сабырлы ұстауы осыған байланысты.

  1. 10 сынып оқушысының сұрағы: Кейбір теңіз құстарының құйымшақ безі дұрыс жетілмеген. Олар теңіз бетінде ұшып жүргенде жағалаудан тым алысқа ұзамайды. Жағалаудан алыста ұшып жүрген құс нөсер жауынның астында қалса, ол үшін өте ауіпті. Неліктен?

Жауабы: Қатты нөсер жауын фрегаттың қауырсындарынсулап тастайды. Олардың құйымшақ безі дұрыс жетілмегендіктен құйымшақ безі бөлетін арнайы маймен майланбағандықтан қауырсындары суланып, дене массасының артуына әкеледі. Балық аулағанда олар денесін суға тигізбестен ұшып жүріп аулайды.

  1. Тарих пәні мұғалімінің сұрағы: Александр Македонскийдің Үндістанға сапары кезінде оның әскеріндегі солдаттарға қарағанда офицерлер жұқпалы ішек ауруларымен сирек ауырған. Олардың тамақтары мен сусындары бірдей, тек ыдыстары әртүрлі болған. Офицерлердің ыдыстары қандай металдан жасалған?

Жауабы: Күміс

  1. Биология пәні мұғалімінің сұрағы:Тоған суларында мекендейтін құрбақалар күндіз, ал батпақтар мен шалғынды мекендейтін құрбақалар ымыртта белсенді болатын себебі неліктен?

Жауабы: Терінің құрғап қалуы құрбақалар үшін өте қауіпті. Өзіне қажетті оттегінің жартысынан көбін олар терісі арқылы алады. Газ алмасу тері жабыны ылғалды болғанда жүзеге асады. Су қоймасына жақын жерде құрғап қалу қак\упі жоқ, сондықтан тоған құрбақалары күндіз белсенді тіршілік ете береді. Судан алыс жердегі құрбақалар кешкілік, таңертең немесе жаңбырлы күндері күндіз де белсенді тіршілік ете алады.

  1. 11 сынып оқушысының сұрағы: Неліктен мас жүргізушілер көлікті шалт бұрады, тежегішті аяқ астынан басып қалады және оның нәтижесі неге әкелуі мүмкін?

Жауабы: Адамның қимыл-қозғалысын реттейтін орталығы мишығына алкогольдік ішікдік әсер еткендіктен дәл қозғалыс жасай алмағандықтан мас жүргізушілердің басталған қимылы аяқталмай қалады. Артық қимылдар жасап тежегішті басып қалады немесе басқа жаққа шалт бұрылады. Мұндай жағдайда жүргізуші жол-*көлік апатының себепшісі болады.

  1. Қара жәшік ішіндегі зат: Атақты американдық экономист А.Смит осы зат туралы былай деген екен: «Бұл заттың қажеттігі соншалықты,онсыз өмір сүру де мүмкін емес және ол зат өте арзан. Ал өмірге ешқандай да пайда келтірмейтін алмаз өте қымбат бағаланады.» Бұл қандай зат?

Жауабы: Су

  1. Солтүстік жақтың өзендері мен көлдеріндегі су таза келеді. Бірақ, жаз айларында сол таза су маңындағы шыбын-шіркей мен маса бар тіршіліктің мазасын алады. Шыбын-шіркей мен масасызсудың таза болмайтындығы анықталған. Себебі неде?

Жауабы: Масалардың дернәсілдері судағы органикалық қалдықтармен қоректен отырып, судчң тазалығын қамтамасыз етеді.

  1. 9 сынып оқушысының сұрағы: Ашық алаңда жеке өскен ағаштар желден өте сирек құлайды, ал қалың орманда ашық алаңға қарағанда жел баяу болса да, құлаған ағаштарды жиі кездестіруге болады. Себебі неде?

Жауабы: Орманда өскен ағаштардың ауырлық орталығы жоғарыда, оның жапырақтарының қалың орналасқан аумғында болады. Сондықтан олар ашық алаңда өсетін ағаштарға қарағанда әлдеқайда төзімсіз келеді.

  1. Мектеп медбикесінің сұрағы: Көбінесе науқастардың соқыр ішегін немесе көмекей безін сылып тастауға тура келеді. Демек, бұл мүшелер болмаса да өмір сүруге болады екен! Ауырғанша күтудің қажеті бар ма? Ертерек, жас кезінде өспей тұрып-ақ, оларды алып тастаған дұрыс болмай ма?

Жауабы: Көмекей без-лимфа жүйесінің бір бөлігі, ауру тудырушы микрооргнаизмдерден қорғауға, иммунитет түзуге қатысады. Соқырішек немесе аппендикс-маңызды қызметі жоқ рудиметті мүше болып табылады. Оларлы тек қабынып ауырған жағдайда ғана алып тастайды.

  1. 8 сынып оқушысының сұрағы:

Күңгірт түсті бауырымен жорғалаушылардың ареалдың жылы аймақтарына қарағанда суық бөлігінде жиі кездесетіні неліктен?

Жауабы: Қара түс басқа түске қарағанда жылуды көп сіңіреді. Қара түсті жорғалаушылар жылдамырақ қыздырынып, белсендіре кқимылдайды. Сондықтан салқын аймақтарда дене температурасы қоршаған орта температурасына тәуілді қара түсті жәндіктер жиі кездеседі.

  1. 11 сынып оқушысының сұрағы : Әрбір адамға өмірінде бұл зат екі рет беріледі, бірақ үшінші рет оны үлкен ақша төлеп алады. Бұл не?

Жауабы: Тіс

  1. География пәні мұғалімінің сұрағы: Қандай омыртқасыздар ең ақылды болып есептеледі?

Жауабы: Сегізаяқтар омыртқасыздардың арасындағы, тіпті кейбір омыртқалы жануардардың да арасындағы ең ақылды жануарлар болып есептеледі. Мысалы, олар геометриялық фигураларды ажырата алады, оларды тамақтандыратын адамдарға үйреніп кетеді, тіпті қолға ұстауға да үйренеді.

Шара соңында жеңіске жеткен топ анықталады. Топтың үздік ойыншысы көрермендер көмегімен анықталады.





Көрермендерге қойылатын сұрақтар:

  1. Ең қырсық жануар (Есек)

  2. Ең үлкен жылан (Анаконда)

  3. Ең үлкен кесіртке (Варан)

  4. Ең үлкен маймыл (Горилла)

  5. Ең үлкен жеміс (Асқабақ)

  6. Адам ең бірінші меңгеретін қозғалу тәсілі (Еңбектеу)

  7. Ең үлкен балық (Кит- акула)

  8. Ең жүйрік жануар ( Ілбіс)

  9. Ең айлакер жануар (Түлкі)

  10. Ең үлкен шөптектес өсімдік (Бамбук)

  11. Ең улы жылан (Кобра)

  12. Голландиядағы ең кең таралған гүл (Қызғалдақ)

  13. Жер бетіндегі қазіргі ең үлкен жорғалаушы (Қолтырауын)

  14. Ең үлкен сүтқоректі ( Көк кит)

  15. Тұмсығы ең үлкен құс (Бірқазан)





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ