Материалдар / Негіздердің қасиеттерін зерттеу. 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Негіздердің қасиеттерін зерттеу. 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін біліп,түсінеді, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2024
128
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.

Генетикалық байланыс

Мектеп: БҚО, Сырым ауданы, ЖББ Бұлдырты орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бегайдарова Гульжихан Болатовна


СЫНЫП: 8

Қатысқандар :


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Негіздер.

8зертханалық тәжірибе «Негіздердің қасиеттерін зерттеу» 2 сағат, 1 сабағы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.4.9-негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Сабақ мақсаттары


  • Негіздердің құрамын, аталуын

жіктелуін білу.

  • Негіздердің формулаларын жазу, жіктеу.

  • Негіздердің алыну жолдарын сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін құрастыру.


Бағалау критерийі

  1. Негіздердің құрамы мен аталуын,

жіктелуін және алу жолдарын біледі.

  1. Негіздердің формулаларын жазады және жіктейді.

  2. Негіздердің алу жолдарын сипаттайды және химиялық реакция теңдеулерін құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Негіз, гидроксид, сілті, гидроксотоп, екідайлы /амфотерлі/ негіздер

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

  • Негіздер- құрамында ....... топтары мен .....болатын заттар.

  • Сілтілер - …. ... негіздер.

  • Екідайды негіздер:........... әрекеттеседі.

  • Суда еритін негіздерді: .......... алады.

  • Суда ерімейтін негіздерді: ........... алады.


Құндылықтарға баулу

Топтық жұмыста: өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну; білім алуға дайын болу/

Пәнаралық байланыс

Математика /ортақ кіші еселік- формула құрастыру; коэффициенттер қою/


Алдыңғы оқу


7.3А Химиялық реакциялар

Табиғи қышқылдар мен негіздер. «Ерітінділердің сілтілік ортасын анықтау»/ 7 сынып/

Бейорганикалық заттарды жіктелуі туралы түсініктері бар.


Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы

10 мин


2мин





5 мин































3мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Химиялық тілде тілек айту»

  • Химиялық элементтердің қасиеттерін /күмістей салмақты, алтындай ардақты, темірдей қатты, болаттай мықты т.б./ сипаттай отырып, химиялық тілмен сөйлеу мәдениеті қалыптасады.


Үй тапсырмасына шолу

Жеке жұмыс:

1/ Семантикалық карта


Қышқыл-дың атауы

Формула-сы

Қышқыл

қалдығы

ҚҚ валенттілігі

Азот қышқылы






=SO4



H3PO4



Кремний қышқылы




2/ кестемен жұмыс «Сәйкестік тест»

  1. HCI +Zn →

  1. CO2 +H2O +CaCI2

  1. NaOH + H2SO4

B→.Ca(NO3)2 + H2O

  1. HNO3+ CaO →

C.→ZnCI2 +H2

  1. CaCO3 + HCI →

D.→Na2SO4 + H2O


Бағалау: Жұмысты орындап болған соң тақтада дұрыс жауаптар көрсетіледі. Екі оқушы бір-бірінің жауаптарын тексеріп, жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды. Барлығы дұрыс /4 дұрыс жауабы/ орындаған оқушыға- жасыл смайлик; орташа /2 дұрыс жауабы болса/- сары; төмен орындаған оқушыға /1 дрыс жауабы үшін/ – қызыл.

Ширату жаттығулары:

Эксперимент арқылы

«Натрийдің сумен әрекеттесуі» зертханалық тәжірибе көрсетіледі.

«Кіріспе сұрақтар»

Түрткі сұрақтармен сабақтың тақырыбы ашылады.

  • Қышқылдар қасиетіне қарама-қарсы қасиеті бар заттар қалай аталады?

  • Белсенді металдар сумен әрекеттескенде қандай күрделі зат түзіледі?(негіз- сілті- гидрокид)

  • Құрамы қандай? Қандай атомдар тобынан тұрады?

ҚБ «Мадақтау сөзі»

О, Бәрекелді! Керемет! Өзгелерге үлгі!


Жаңа тақырыптың оқу мақсатымен таныстырылады.

  • Негіздердің құрамы мен жіктелуін білу;

  • Негіздердің алу жолдарын сипаттау, реакция теңдеулерін құрастыру.















Қағаз қиындылары










Қағаз қиындылары

Сабақтың ортасы

20 мин





5 мин


























3 мин















2 мин












4 мин
































2мин.







6 мин


«Жариялау» әдісі

§ 46 (172-173 бет, Алу әдістеріне дейіп оқып, мәтін мазмұнымен танысу, талдау жүргізіп, кесте толтырады)

І. «Негіздердің құрамы, атауы, жіктелуі»

1 кесте толтыру «Негіздердің анықтамасы мен жіктелуі»



Анықтамасы

Жіктелуі

Негіздер



Сілтілер



Екідайлы негіздер



2 Формуласы мен атауы

Негіздердің формуласы

Me атауы + гидроксиді

Басқа атауы

NaOH



Ca(OH)2



Fe(OH)2



Fe(OH)3



3 Формуласы , аталуы, жіктелуі

Негіздердің формуласы

Аталуы

Жіктелуі

KOH



Mg(OH)2



Ba(OH)2



Cu(OH)2



Әрбір топ өз жауап -кестелерін жариялау керек. Топ ішінен бір оқушы- спикер берілген уақытта басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.

Бағалау критерийі

Дескриптор

1.Негіздердің құрамы мен аталуын, жіктелуін және алу жолдарын біледі.

2.Негіздердің формулаларын жазады және жіктейді.






  • Негіздердің құрамын, аталуын біледі

  • Негіздерді жіктей алады;

  • Негіздердің формуласын жазады


КБ «Бағдаршам» әдісі арқылы топтардың өзара формативті бағалауы жүзеге асырылады



ІІІ. №1 оқулықпен жұмыс

(173-174 бет, Негіздердің алу әдістерін оқып, мәтін мазмұнымен танысу)

2 «Маршруттық карта»

Зертханалық тәжірибе (топтық жұмыс)

Қауіпсіздік техникасын еске түсіру / қауіпсіздік белгілерін көрсету арқылы/

І топ

Тапсырма:стақанға су құйыңыз. Фенолфталеин индекаторын тамызыңыз. Оған кальцийдің бір түйірін салыңыз. Не байқадыңдар? Тәжірибе арқылы негіздердің қандай қасиеттері дәлелденді? Заттардың бұл қасиетін адам қалай қолданады?

ІІ топ.

Тапсырма:Стаканға су құйыңыз. Оған кальций оксидінің ұнтағын /1/2 қасық/ салыңыз.

Не байқадыңдар? Тәжірибе арқылы негіздердің қандай қасиеттері дәлелденді? Заттардың бұл қасиетін адам қалай қолданады?

ІІІ топ

Тапсырма: Сынауыққа мыс /ІІ/ сульфатының ерітіндісін құйыңыз. Оған натрий гидроксидінің ерітіндісін құйыңыз. Не байқадыңдар? Тәжірибе арқылы негіздердің қандай қасиеттері дәлелденді? Заттардың бұл қасиетін адам қалай қолданады?

Бағалау критерийі

Дескриптор


Негіздердің алу жолдарын сипаттайды


  • Тәжірибе орындай алады

  • Тәжірибенің мәнін түсінеді

  • негіздердің алу жолдарын біледі;



Жұмыс қорытындысын әр топ ауызша түсіндіреді.

«Бағдаршам» әдісімен бағалау


ІІІ. «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі


Тапсырма 3. Кестені дәптерлеріне толтыру


Алу әдістері

Химиялық реакция теідеулері

1



2



3




Бағалау критерийі

Дескриптор


Негіздердің алыну жолдарын сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін құрастыру.



  • сөзбен жазады

  • химиялық реакция теңдеулерін құрастырады



ҚБ «Басбармақ» әдісі Рисунок 1




Оқулық, қағаз қиындылары


















Химиялық құрал-жабдықтар, реактивтер



















Стикерлер









Сабақтың соңы

5 мин


3+2мин


















Оқу мақсатына сай кері байланыс орнату.

«3:2:1» әдісі

  1. Мен үшін бүгінгі сабақтағы маңызды 3 факт

  2. Мен үшін бүгінгі сабақтағы қызықты 2 нәрсе

  3. Мен үшін бүгінгі сабақ бойынша 1 сұрақ немесе идея


Рефлексия: Сабақ соңында оқушылар баспалдақтың қай тұсында тұрғанын белгілейді, түсініктеме береді. «Жетістік баспалдағы»




Қағаз үлгілері

Қорытынды бағамдау



Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?











Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау



1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2.Барлық оқушыларға заттардың қасиеттеріне мысал келтіру, оларды анықтау себептерін білу тапсырмалары беріледі. Сынып оқушыларының басым бөлігіне заттардың қасиеттерін анықтау ұсынылса, қабілеті жоғары оқушыларға қорытынды жасау, өз зерттеулері бойынша тәжірибелерін ұсыну арқылы олардың білімдерін кеңейту.

1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында сұрақтар беріледі.

2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара

2 жұлдыз 1ұсыныс беру бойынша жетістіктерін айқындау.

3. Кері байланыс (ауызша)

4. Дайын үлгі жауап

5. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану


Сергіту жаттығуы

қимылмен көрсету:

-қатып қалу;

-қайнау;

-бөлшектердің қозғалысы;

-өзгеріс жасау;

-жаңа заттың түзілуі.

Қауіпсіздік техникасы ережелері

-









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!