негізгі көріністер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

негізгі көріністер

Материал туралы қысқаша түсінік
Негізгі көріністерді орналастырып , басты көріністерді табу және көріністерді дұрыс орналастыруды үйренеді
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Негізгі көріністер»

Мақсаты. Негізгі көріністерді орналастыру туралы білім жүйесімен қаруландыру, басты көріністерді табу және көріністерді дұрыс орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды тиянақтылыққа, ынталылыққа, ұқыптылыққа және дербестікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ меңгеру

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, ақпараттық технология, деңгейлік тапсырмалар

Көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, суреттер, оқулық, бағаланатын жетон

 

                                       Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен тақырыптарды қайталау

1-слайд: Проекциялау деген не? /Проекциялау дегеніміз нәрсенің проекциясын салу процесі/


Проекциялау  қандай түрлерге бөлінеді? /Центрлік және параллель/ Суреттен мысал келтіру.

2-слайд: Мысалы, краннан шелекке су аққанда шелектің ізі қандай болады?  / шелектің түбінің диаметрі үлкейеді /

3-слайд: Мысалы, жерде тұрған шелекке жаңбыр жауса, ізінің көлемі қандай болады?

/ бірдей /

4-слайд: Егер проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шықса, онда ол центрлік проекциялау деп атайды.

5-слайд: Егер проекциялаушы сәулелер бір-біріне параллель болса, онда ол параллель проекциялау деп атайды. Соның ішінде параллель проекциялау қиғашбұрышты және тікбұрышты проекцияға бөлінеді.

6-слайд: мысалы, жаңбыр желмен біыңғай жауып тұрса, ол жермен сүйір бұрыш жасайды, сондықтан оны қиғашбұрыш проекциялау деп атайды.  Егер жаңбырдың тамшылары жермен тік бұрыш жасаса, онда ол тікбұрышты проекциялау деп атайды.

7-слайд: Екі нұсқамен берілген тапсырманы орындайсыңдар: сандармен белгіленген элементтерді атаңдар. Орындауға 4 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауап берілген саны бойынша бағаланады.






І – нұсқа                                                                    ІІ — нұсқа

8-слайд: Дұрыс жауабы – 1- фронталь проекция                 6 –Z осі

2-куб                                                            7 – профиль проекция

3- фронталь жазықтық                              8 – профиль жазықтық

4 – Х осі                                                      9 —  У осі

5 – горизонталь проекция                     10 – горизонталь жазықтық

Оқушылар бір-бірін бағалайды.

ІІІ. Жаңа тақырып хабарланады: Негізгі көріністер /9-слайд/

10-слайд: Көрініс – бұл бақылаушыға қараған нәрсе бетінің көрінетін бөлігінің кескіні. Мысал келтіріледі.

11-слайд:  Сызбадағы кескіндер нәрсені іші қуыс текшенің жақтарына тік бұрыштап проекциялау нәтижесінде алынады. Текшенің алты жағы бар.

12-слайд: 1- Алдыңғы(басты) көрініс,  2- Үстіңгі көрініс,   3- Сол жақ көрініс,    4-Оң жақ көрініс,   5-Астыңғы көрініс,   6-Артқы көрініс. Бірақта, біздер еуропалық жүйесімен үш көріністі аламыз, олар – алдыңғ, үстіңгі және сол жақ көріністер. Нәрсенің  алдыңғы көрінісі  туралы  толық мағлұмат беретіндей етіп орналастыру керек. Сондықтан оны басты көрініс деп атайды.

13-слайд: Басты немесе алдыңғы көрініс – проекциялардың  фронталь жазықтығында шығатын кескін

14-15 слайд: Үстіңгі  көрініс – проекциялардың горизонталь жазықтығындағы кескін

16-17 слайд: Сол жақ көрініс –  проекциялардың профиль жазықтығындағы кескін

18-слайд:Көріністерді сызбада орналастыру

Басты немесе алдыңғы көрініс     Сол жақ көрініс

 

 

Үстіңгі  көрініс

 

19-слайд Кейде сызбадағы толық көріністің орнына бір бөлігін ғана қолданатын жағдайлар болады. Жергілікті көрініс дегеніміз –нәрсе бетінің жекелеген, шектеулі бөлігінің кескіні.

20-слайд:Сызбадағы көріністер саны ең аз болуға тиіс, бірақ нәрсенің өлшемдері мен пішінін толық айқындауға жеткілікті болуы керек.

21-слайд:Сызбада ось координаталар және көмекші сызықтар жүргізілмейді, бірақта көріністер стандарт бойынша дәл бір-бірінің бойында орналасуы тиіс.

ІҮ. Бекіту.  

22-слайд:Сызбаға қарап нәрсенің үш көрінісін табу

Жауабы: 4,   3,  Б

23-слайд:Сандармен белгіленген 6 тетікбөлшектің екі көріністері мен әріптермен

Белгіленген көрнекі кескіндері берілген. Әр кескіннің көріністерін табыңдар.

24-25 слайд: Блиц-сұрақтар “Дұрыс” немесе “Қате”

Көрініс – бұл бақылаушыға қараған нәрсе бетінің көрінетін бөлігінің кескіні

+

Алдыңғы көрініс — проекциялардың профиль жазықтығындағы кескін

Үстіңгі  көрініс – проекциялардың горизонталь жазықтығындағы кескін

+

Сол жақ көрініс –  проекциялардың фронталь жазықтығындағы кескін

Алдыңғы көрініс – ол басты көрініс

+

Сызбада көріністердің саны көп болу керек

Ү. Өзіндік жұмыс.

26-слайд: Графикалық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

Нәрсенің үш көрінісін сызу:

  1. Басты (алдыңғы), үстіңгі және сол жақ көріністерді анықтау.

  1. Үш көрінісін сызу.

Сызбада проекциялық байланыс болсын!

Стандарт бойынша сызық түрлерін орынды қолданыңыз!

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үй жұмысы: 4.12 сурет



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
719
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі