Материалдар / Негізгі мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруде ата-ана мен сынып кураторының бірлескен іс – әрекетін ұйымдастыру технологиясы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Негізгі мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруде ата-ана мен сынып кураторының бірлескен іс – әрекетін ұйымдастыру технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал сынып жетекшілерге арналған, 9-10 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруде өз тәжірибемдегі жасалған жұмыстар мен жасалу қажет жұмыс жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2021
447
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Негізгі мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруде ата-ана мен сынып кураторының бірлескен іс – әрекетін ұйымдастыру технологиясы


10 – сыныптар кураторы: Шакиева Назерке


Мақсаты: оқушыларға өзінің қабілетін, белгілі бір кәсіптік салаға бейімділігін анықтауына, соның негізінде жоғары буында оқу бағдарын дұрыс таңдауына көмек беру

Міндеттері: оқушыларға мамандықтар әлемі туралы біртұтас мағлұмат беру, оқушылардың өз қызығушылығын, бейінін, қабілетін анықтауы үшін арнайы сауалнамалар жүргізу, кәсіптер бойынша адам қасиеттерінің ерекшілігімен таныстыру, оқушының өзінің танымдық және жеке бас ерекшеліктері мен таңдаған кәсіптік саласына қажет кәсіби сипаттамаларды ұштастыра отырып, кәсіби жолын анықтауына жағдай туғызу;

Күтілетін нәтиже: оқушының өзінің табиғи әлеуеті мен танымдық мүмкіндігін тануы, жеке танымдық қорытынды мен ішкі қажеттіліктері негізінде кәсіби бағдарлану жолын анықтауы;


Көрнекті педагог, әдебиеттанушы В.А.Сухомлинский: «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін...»- деген болатын. Білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлауда мұғаліммен қатар ата-ананың да бала өміріндегі орны ерекше. Бүгінгі таңда еліміздің болашағы үшін мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын күрделене түсуде. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының маңызы зор болып табылады.

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы түрде таңдап алуға дайындауға бағытталған бірлескен іс-әрекет. Өз кәсібін дұрыс таңдай білген оқушы оған әр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен қарап, қабілеті мен бейімділігі белгілі бір кәсіп саласына сай қалыптасқанда ғана сапалы маман бола алады.

Кәсіби бағыт-бағдар берудің бастамасы ретінде өткен оқу жылында «Мамандық таңдай білеміз бе?», «Шыңға бірге жетейік», «Жанұя – қорғаным, ата-ана – тірегім», «Мамандық – жетістік мерейі», «Ізденген жетер мұратқа» тақырыбында куратор сағаттарын өткіздім. Оқушылар өткізілген танымдық сабақтар нәтижесінде мамандықтар әлемімен, қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандық түрлерімен, жай ғана үстірт емес, әр мамандықтың адамға қоятын нақты талаптарымен танысып, ата-анамен бірлесе отырып жұмыс жасауды, бірлескен жұмыстың нәтижелі болатынына көз жеткізді. «Мамандық – жетістік мерейі» тақырыбындағы ашық куратор сағатында «мамандық» ұғымымен, осы уақыт аралығындағы қоданыста жүрген мамандықтар және сұранысқа ие мамандық түрлерімен, олардың ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы ақпараттандырылды.

Ал, «Шыңға бірге жетейік», «Ізденген жетер мұратқа» атты куратор сағаттарында ата-аналар балаларына қолдау бере отырып, бірлескен топтық ұйымшылдықты көрсетті және ата-ананың бала өміріндегі мағыздылығын айқындай түсті.

Рисунок 5

Әрбір оқушының сана – сезімі, мінез – құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, әр түрлі мамандықтардың ерекшелік сипаттарына қабілеттері бірдей бола бермейді. Олардың өзіндік ерекшеліктері – тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты. Оқушыға мамандық таңдауда әсер ететін ең маңызды факторларға: ата-ананың көзқарасы, отбасы мүшелерінің көзқарасы, мұғалімдердің көзқарасы, оқушының өз қызығушылығы мен бейімділігі, қандай да бір оқиғаның әсері, құрбы-достарының көзқарасы жатады. Оқушы үшін ең маңызды фактор – ол ата-ананың көзқарасы. Оқушының қабілеті, қызығушылықтары мен бейіні, мінезі мен темпераменті туралы, ата-ананың балаға деген көзқарасы туралы нақты не білу керек? Ол үшін сауалнама мен арнайы тесттер алу арқылы, сұрақтарға нақты жауап берулері арқылы қол жеткіземін. Яғни, ата-анамен таңдауы бір салаға келген оқушылармен бөлек, ата-анамен таңдауы екі бағытта болған оқушылармен бөлек жұмыстар ұйымдастырып, олардың таңдауын толық қанды қанағаттандыру мақсатында арнайы тренингтер,саяхат(қоғамдық ұйымдарға,мекемелерге т.б.), сайыс сабақтар, байқау, шығармалар байқауы, ашық есік күні(кәсіптік лицейлер, колледждерге), студенттермен кездесу, арнайы маман иелерімен кезедесу, конференция, портфолио байқауы, дебат, «Ең жақсы мамандық» тақырыбында реферат жазу жұмыстары жүргізіледі. Алғашқы кездесуде ата-аналарға арнайы жадынама таныстырылады.

Ата-анаға арналған жадынама:

1.Балаңыздың болашақ мамандығын өзі таңдауына мүмкіндік беріңіз.

2.Оның таңдаған мамандығына деген қарсылық пен қолдауды бірге отырып талқылаңыз.

3.Мамандық таңдар кезінде тек материалдық пайданы ғана ойламай, балаңыздың рухани қанағаттануын да естен шығармаңыз.

4.Болашақ мамандық таңдар кезде балаңыздың сол кәсіпке деген жарамдылығын да байқаңыз.

5.Егер мамандық таңдау барысында қарама-қайшылық туындап жатса, кеңесші мамандармен ақылдасыңыз.

6.Мамандық таңдауда балаңызды қыспалай бермеңіз, әйтпесе бұл жанжалға әкеп соқтыруы мүмкін.

7.Балаңыздың арманы орындалу үшін оған барынша қолдау көрсетуге тырысыңыз.

8.Егер балаңыз мамандық таңдауда қателескен болса, ол үшін кінәламаңыз, оны жөндеуге болады.

9.Егер балаңыз қандай да бір мамандыққа ертеден әуестене бастаса оған үйірмелер, әдебиеттер әр түрлі сабақтардың көмегімен осы қызығушылығын сақтауға мүмкіншілік беріңіз.

10.Балалар өз ата-аналарының мамандығына қатысты маман таңдауы да мүмкін екенін есіңізге алыңыз.

Әр тоқсанда оқушыда болған өзгерістер, ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты деңгейде екендігі және оқушы таңдауына ата-ананың көзқарасы туралы диспут ұйымдастырылып отырады яғни, кері байланыс арқылы.

Мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата-аналармен кездесуін, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар ұйымдастыру қажет. Осылайша екі тараптың(ата-ана мен куратор) жұмысын үйлестіре отырып, 2020-2021 оқу жылының 10 – сынып оқушыларына қоғамда өз орнын таба білетіндей кәсіби бағыт-бағдар берудің қажеттілігіне басты назар аудару мақсатында мамандыққа байланысты тақырыптарды жүйелі түрде іріктеп, сапалы нәтиже шығару үшін арнайы жоспар құрастырдым.

9 – сынып оқушыларына арналған жоспар.

Айына бір сағаттан, жылына 9 сағат жүргізіледі


Өткізілетін жұмыстың тақырыбы

Формасы

Мерзімі


1

Сенің кәсібің ой-ниетің

сауалнама

қыркүйек

2

Баланың бас ұстазы ата-анасы

Тренинг (психологпен бірге)

қазан

3

Мамандық таңдау – ертеңді ойлау

рөлдік ойын

қараша

4

Мамандық таңдау өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау

маман иелерімен кездесу кеші

желтоқсан

5

Менің ата-анамның мамандығы

Зерттеу(ата-ана жұмысына саяхат)

қаңтар

6

Ең жақсы мамандық

реферат

ақпан

7

Мамандық таңдауда ең бастысы не:дарын ба? Қабілет пе? Қоғамдағы беделі ме?

дебат

наурыз

8

Мамандық таңдаудың маңыздылығы

шығармалар байқауы

сәуір

9

Мен таңдаған жол

тренинг(мамандық таңдауда өз оларын нақтылау)

мамыр


Ж. Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асырудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде-кім өзіне ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істелген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ"-дейді. 



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!