Материалдар / Неліктен мен және менің мектебім өзгеруі керек?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Неліктен мен және менің мектебім өзгеруі керек?

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп ұстаздрына, жас мамандарға, деңгейлік курс тыңдаушыларына арналады. Барлық материал ақпараттарының негізі бар, салыстырмалы баламалар жүргізілген. Жаһандану дәуірінде қоғамдағы электрондық, техникалық,космостық даму сатысындағы өзгерістің мектепке де, ұстазға да өзгеріс енгізетіндігі тілге тиек етілді. Мақала ғылыми тілде жазылғанымен, ақпарат қызықты, тартымды әрі санаға жеңіл қабылдана отырып,ойға терең қозғау салатындығымен құнды. Пайдаланылған әдебиеттері мен сілтемелері берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Сәуір 2019
406
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Неліктен мен және менің мектебім өзгеруі керек?


Неге мен өзгеруім керек? А.Л. Смит «...ағарту ісін тек таңдаулыларға ғана арналған институт деп және тек адамның толысу кезеңіндегі қысқа уақытқа қатысты жұмыс деп санамай, білім алуды барлық жандарға арналған іс деп және ол өмір бойы атқарылатын шаруа деп қарастыру қажет»,-деген екен. Смиттің ағарту ісі туралы пікірін алғысөз етіп ала отырып, білім сапасын анықтайтын дүниежүзілік PISA, TIMSS және PIRLS бойынша озық нәтиже көрсеткен-«Оңтүстік-Шығыс Азия барыстары» -Сингапур, Жапония,Корея елдерінің үнемі алғашқы ондықтан түспеу себебі неде деп ойға қалдым.Және оқушысымен бірге осы «атқарылатын шаруада» үнемі ізденісте жүретінін анық аңғардым. Себебі, әрбір 3 жыл сайын өткізілетін білім бәсекесінде ұдайы даму үстінде болыпты,оны мына таблицадан көруге болады.

Елдер

2009 жыл

2012 жыл

өсу динамикасы

Сингапур

562

573

Жапония

529

536

Корея

546

554

Білім бәсекесінде шашасына шаң жуытпай келе жатқан бірден-бір ел осы- Сингапур елі. Білім беру жүйесіндегі ерекшелік бізден мүлде бөлек. Осындай көрсеткіштерді қалай бағындырып отыр деген сұраққа жауап іздеп көру үшін, біраз деректерге қанықтым.Бұл ел «адам капиталын» жандандыруды қолға алған екен.

10 жылдық мектепке келмес бұрын әр баланың қажеттілігін қанағаттандыруды жолға қоя отырып, 3 жастан, 6 жастан бастап кең ауқымды білім бере біледі.

Және бір ұнаған жері,әрбір күні сағат 11.00 мен 14.00 аралығында, демалыс күні 15.30-ға дейін тегін экскурция жасатуының өзі ғылыми ізденісіке қызығушылықпен жол ашатын тәрбие құралы бола алады. Қазақстанда да осындай дүниелар қолжетімді болса екен.Аптаның бір күнін шығармашылық күнге арнап,мұражайларға,өндіріс орындарына,қоғамдық орындарға,арнайы оқу орындарына,саябақтарға экскурция жасатып,одан түйген ой-пікірлерімен бөлісіп,кері байланыс жасатса. Бұл дегеніңіз балалар танымын кеңейтудің,эмоциялық көңіл-күй сыйлаудың керемет әдісі ғой!

Бұл елдің оқушыларының , мақсаттары айқын, меніңше, теорияны тәжірибеде сынап үйренген жастарда дағды қалыптасқан,оқуға үлкен даярлықпен бару және оны биік деңгейде аяқтау басты маңыздылыққа ие . Оны неден көруге болады? Мысалы, бұнда көп сабақ топтық сипатта өтіледі. Маңызды бөлім-диалог -бір-бірімен әңгімелесу.Бұл жерде басты рөлді мұғалім емес, оқушы алып отырады екен.Мақсаты: оқушы өзі қорытынды жасауы керек және әріптесіне көмектесуге міндеттеледі. Бізде мүлде сабақты бұлай өту жоқ деп айта алмаймын, бірақ барлық сабағымыз дәл осылай болып жатыр деп те айта алмаймын. ?Оқушы сабақты түсінсе,қолын көтереді де,дайын сұраққа дайын жауап беріп,«5» деген баға алады. 25-30 оқушы жұп болып отыр демесек, жұптық жұмыс аса бола қоймайды.Енді келіп, жазуға ойтолғау берсек, «Бір-біріңе қарама!», «Бір-біріңнен көшірме!» деген екпінді тежеулерге ұшыратамыз. Сонда,біз ХХІ ғасырға оқушыны қалай дайындаймыз?Деңгейлік курсқа келгендегі мақсатым да сол болды: бұрынғы бірсарындылыққа ұласып бара жатқан сабақ беру әдісімнен өзге тың әдіс табу:ол сабағымның мақсаты мен табыс критерийін дұрыс қоюым екен.

Сонымен бірге Сингапурлық біздің әріптестеріміз жұмысты бар ықыласымен күліп отырып, сүйіспеншілікпен орындайды,оларда еңбекке деген құлшыныс зор, зейнет жастағыларының өзі жүгіріп, жаттығу жасап,айналасына креативті, махаббатпен қарайтын көрінеді.Біз көбіне үйдегі, туған-туыс арасындағы проблемалардан арыла алмай,қабағымыз тұнжырап,не ұйқымыз қанбай,әбігерленіп жүреміз. Бұның өзі балаға беретін білімімізге әсер етпей қоймайды.Өзімді өзгертемін десем, алдымен сабаққа арналған көңіл-күймен кіруден бастауым керек.

Оқушы қорқатын мұғалімді сыйлайды деген түсінік қалыптасқан біздің елде. Бұл-мүлде қате ұғым. Оның астарына үңілсек, сол оқушының ,шындығында, ештеңеге алаңдамайтындай тапсырмамен айналысып отыруы, топтық жұмыста белсенді болуы ,мұғалім екеуінің арасындағы сенім болуы әбден мүмкін ғой.Осы жерде айтайын деп отырғаным, Сингапур елінде «оқушылар мұғалімнен сескенеді» деген ойдың болмауы, керісінше мұғалім-көмекші,бағыттаушы деп түсінетіндігі қандай жақсы.Бұл тапсырма жауабын айтып береді деген сөз емес,соны табу жолын түсіндіруші.Ал ол үшін мұғалім көп тер төгеді, сан алуан сұраққа дайындалады.

Осы деңгейлік оқу курстарын аяқтап келген әріптестерімнің қай-қайсысынан сұрасам да,мүлде өзгеріп келесіз,тіпті 180 градусқа дейін деген болатын. Соның мәнін енді түсінгендеймін. Өзгермеуге негіз жоқ.Осы жерде «Ізденіссіз өмір сүрудің қажеті жоқ.Мен ешкімге ешнәрсе үйрете алмаймын, мен оларды тек ойлануға мәжбүрлей аламын деген сократтық әдісті »оқығаным есіме түсіп отыр. (МАН, 84 бет)

Өзіміз кеше оқып танысқандай,SMART-оқытудың жаңа моделінің басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, оқушылардың білімі мен дағдыларын дамытуға бағытталған жоғары деңгейлі ХХІ ғасыр заманауи ақпараттық қоғамның қажеттілігін қамтамасыз ететін ортаны құру болса (Үлестірмелі материал,

1-апта),кәрістердің алға қойған мақсаты: 
- ықтымақтастық;
- коммуникация;
- әлеуметтік жауапкершік;
- сыни тұрғысынан ойлау қабілеті;
- мәселені жылдам және сапалы шеше білу.
Электрондық оқытуды дамытуды БҒжТМ,Еңбек ,Білім экономика министрліктері қамтамасыз етеді.

Бес министрлік бірігіп, мемлекеттік қолдау білдіріп, жауапкершікпен оң нәтижелі іске жұмылатыны қандай бірлік!
Корей Республикасы төмендегідей алгоритм бойынша дамыған:
→E-learning;
→Ubiquitous-Learning, кез-келген жерде білім алу мүмкіндігі;
→ M-Learning (mobile, мобильді оқыту); 
→ SMART education – білім алушылардың санына, уақытқа және кеңістік көрсеткіштеріне тәуелсіз уәж туғызу, үйренісу.( 
ipksko.kz)

Әр елдің білім беру саясаты, ұстанған қағидасы әрқилылау,дегенмен олар білім бәсекесінде бір нүктеде қиысып тұр.

Білім беру жүйесінің ақпараттық кеңістігін кеңейтетін оқыту және ғылыми-көпшілік бағдарламалары ірі Educational Broadcasting System (EBS) телерадиокомпаниясының 7 телеканалымен таратылады: EduNet (оқыту мен оқу үшін), EMIS және NEIS (басқару үшін), Cyber Home Learning System (CHLS) (үйден оқыту үшін), CHLS жобасы он-лайн режимінде оқушылар үшін сабақтан тыс уақытта репетиторлармен жеке тұлғаға бағытталған өзіндік білім алу ортасын топтайды. Cyber High School – оқушылардың қашықтықтан және өзіндік білім алуы үшін кеңінен қолданылады;
- KAIST–center Интернет қоры ғылым мен технологияда дарынды балаларды қосымша біліммен қамтамасыз етеді.Осы 7 каналмен тартылатын хабардың өзі басқасын айтпағанның өзінде, оларды біліммен толық қанағаттандырып тұрған жоқ па?

Бұл 3 елді таңдап алған себебім: жоғарыдағы жолдардан аңғарғанымыздай,Сингапур,Жапония,Корей елдерінде қазіргі таңда АКТ-ны оқыту қанша дамып кетті десек те, сұраныстан түспеген ,ең таңдаулы сала күйінше қалып отыр. Оны төмендегі сұранысқа ие мамандықтар көрсетілген кестеден анық көруге болады.

Сингапур

Жапония

Корей елі

Компьютерлік электроника және нанотехнологии

IT-технология

Информатика және прогаммалау


Бұл қалай? Бұл- 3 елдің де білім беру жүйесі халықаралық өндіріс,сауда мен білім саясатымен қатар соларды таратып,жүргізе алатын көшбасшы дайындауға бағытталғандығында деп ойлаймын. Ал бізде осы жағы қолжетімді ме? Көшбасшы мұғалім де бар бізде,көшбасшы оқушы да бар. Тәуелсіздік алғанына 23 жыл ғана болған Қазақстанымыз 100,200 жылдық тарихы бар алпауыт елдермен білім бәсекесінде иық тірестіріп,қатар отыру деген айтуға ғана оңай шығар.

Еңсемізді түсірмегеніміз дұрыс болады. Бізде қатысу бар,дайындық бар,көрсеткіштің өсуі де бар.Функциональдық сауаттылығымыз жөнінен 2009-бен салыстырғанда төмен түсіп қалғандығымыз болмаса,математикалық және жаратылыстану бағытындағы зерттеуде,өздеріңіз байқасаңыздар, көтерілгенін көріп отырмыз.


2009ж.

2012ж.

Өсу динамикасы

Математика

400

405

Жаратылыстану

425

432


Білім сапасын анықтайтын дүниежүзілік PISA зерттеуі 2000 жылдан бері өткізіліп келеді десек, Қазақстан оған 2009 жылдан бері қатысып келеді. Функциональдық сауаттылық жөнінен неге төмен балл алды деп зерттеу жүргізгенде,үйлеріндегі кітап қоры саны жағынан 150-ден аспайтынын жеткізіпті.Ал салыстырмалы түрде алып отырған жоғарыдағы елдің оқушылары үйіндегі кітап қорының 250 болатынын айтқан. Сонда оқушы дайындығына кітап қорының болуы да айтарлықтай үлес қосады деген сөз. (www.strategy2050.kz ).

Әрбір үш жыл сайын өткізілетін осы білім бәсекесінде әрбір жылы әр ғылымға басымдық береді. Мысалы,2009 жылы- функциональдық сауаттылыққа,2012 жылы-математикаға, ал биылғы 2015 жылы-жаратылыстану бағытына және оған әлемнің 70 елі қатысады деп күтілуде.

Мағжан Жұмабаевтың: “Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік, жанымызға қа­бы­сатын, үйлесетін негізде құра біл­сек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серт­тесуге болады” деген даналық өсие­тінің мәні қазіргі жаһандану кезе­ңінде Қазақстан мемлекеті үшін орасан зор.

Кабинеттер сабақты топтық әдіспен өткізу үшін жылжымалы, қозғалмалы, ыңғайлы жиһаздардармен жабдықталған. «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін - тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» деген екен Альберт Эйнштейн. Міне, нағыз жағдай туғызудың озық үлгісі.Маған ең бір керемет ұнағаны: осындай жиһаздар қашан менің мектебімде қолжетімді болады екен? Сен топтық сабақ өткің келеді,бірақ сенің алдыңдағы не сенен кейін сабаққа келген мұғалім столдарды өзгертпеуді қалайды,сонда не істемекпін. Жоқ,мен қалайда топтық жұмыс пен жұптық жұмысты жолға қоямын деп іштей бекініп отырмын. Көз алдыма елестетіп көрсем, керемет: Мен сабақ өтем, оны жай өте салмаймын,оған сол сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің қолы бостарын шақырамын. Үйреніп келген әдісіммен сабақ өтсем,ол сабақ нәтижелі болады, оларға да солай өту керектігіне көздерін жеткізбеймін бе?

Қалай өзгеруім керек? Тәй-тәй басқан жапон баласына “болмайды” деген сөзден гөрi тыйымның не үшiн салынатыны үлкендер тарапынан егжей-тегжейлi түсiндiрi­ледi.

Жапонияның көптеген мектептерінде асхана болмайды,балалар асты үйден арнайы ыдысқа салып әкеледі. Мұғалімдер болса, соның өзін мұқият қадағалайды. Аналары арнайы сабақтарға қатысады. Бұл дегеніңіз қандай жақсы дүние,бала кезекке тұрып әуре болмайды, астың сапалығына бала да, ана да алаңдамайды,баласының сабақ үстінде көпшілікпен қарым-қатынасын бақылап отырады әрі уақытылы тамақтанады деген сөз.

Жапондар «Ұстаз – ұлт игілігі» деп есептейді. «Үш қадам артқа шегін, бірақ мұғалімнің көлеңкесін баспа» дейді екен ежелгі даналық. Өте керемет қағида екен,мұғалімдерге деген құрмет осылай етіп жолға қойылса ғой!

Осындай білім үдерісінде жетістікке жетіп отырған жапон елі білім беру жүйесінде негізгі 3 өмірлік ұстанымды насихаттайды.

Ойланып үйрен, өз бетіңмен шешім қабылда, проблемаларды шешудің ең жақсы жолдарын ізде ,тап;

Әдемілікті түсін, өзіңде сұлулық сезімін тәрбиеле, жаның сұлу болсын, мейірімді, аяушылық білдіре біл;

Денің сау, төзімді, күшті бол. ourboys.ru/japan

Бұл ойды өз мектебіме қарай бағыттасам,ата-аналар тарапынан да,өзіміз тарапынан да соңғы екеуі айтылады, үйретіледі, бірақ,бірінші қағида бойынша балаға сенімсіздік танытамыз, шешім қабылдауына жол бермей, өзіміз айта саламыз не оңай жолын бірден көрсете саламыз,міне,біздің қателігіміз.Осы мәселеге мән беріп,жолға қояр болсақ,алынбайтын асу болмас еді.Шыдамдылығымыз бен бағыттауымыз кемшін кетіп жатады,мен осы жерде жоғарыдағыдай ұстаным қоюды оқушы ата-аналарымен бірлесіп,мектеп ұжымында,шығармашыл топ пен бірлестік отырысында табыс критерийінің көзіне айналдыруды ойластырып отырмын. Жапондық білім жүйесін мұқият зерттегенде, осы ұстанымдардың өмірде, оқу үрдісінде, қоғамда нақты жүзеге асып отырғаны байқалды.

Жапон жiгiтiне тұрмысқа шыққан өзге ұлт өкiлiнiң қызы айтқан бiр ғана мысалын көзім шалып қалып еді,оның айтуынша, перзентханадан келген күні қызыл крест қоғамының өкiлдерi арнайы келіп, бала жағдайының жасалғанын тексерген екен,еңбектеген кезде келіп, барлық үшкір заттарды жұмсақ нәрсемен қаптап кетіпті. Кейiнiрек қаптамаларды алып тастау үшін тағы келiпті». Болашақ жапон азаматы үшiн билiктiң тарапынан барлық жағдай жасалатындығын осыдан-ақ көруге болады емес пе? Күншығыс елі 12 жылдық орта білім жүйесіне бұдан жарты ғасыр бұрын көшкен, бес күн­дік оқу аптасы енгізіліп, балалардың мектепте өзін жақсы сезінуіне толық жағ­дай жасалған, балаларды балабақ­ша­лармен қамтамасыз ету, білім жүйе­сін ақпараттандыру, жастарды жо­ғары біліммен қамту сияқты ше­шу­ші мәселелер бойынша Жа­по­ния әлемдегі ең алдыңғы қатарда тұрғанын көріп отырмыз.Осындай құндылықтарды білім басшылары болып, ұстаздар болып, ата-ана болып ,жалпы-көпшілік болып талқылап, оқу мен оқыту үдерістеріне бізге ыңғалы тиімді әдіс-тәсілдермен сусындатқанда ғана қол жеткіземіз. 12 жылдық орта білім жүйесіне біз де көшіп отырмыз,осы елдердің даму, жетілдіру жолдарын біздің де алар биігіміз алда деп сенемін.Осыншалықты қолдау көрсетіліп жатқанда ,әрине, жинақы әрі мейлінше сауатты болуға өздігіңнен ұмтыларың қақ.Аналар, әкелер, ұлдар ,қыздар мейрамы жеке-жеке тойланады екен.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жасаған Құзіреттерді анықтау және іріктеу жобасы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитын XXI ғасыр дағдыларының моделі болып табылады. Аталған жоба оқушылардың терең тұжырымдамалық түсінікпен астасқан негізгі сауаттылықты меңгергендігін көрсететін, кең мағынасында шешімдер мен іс-әрекеттерді таңдау қабілеттілігі сияқты түйінді құзіреттер жүйесін сипаттайды деп көрсетеді. (МАН,5-б.)Бұдан біз бүгінгі күндегі құзіретті мұғалімнің негізгі болу керек дағдыларын көре аламыз.

Менің талдағаным - білім сапасын анықтайтын дүниежүзілік PISA, TIMSS және PIRLS бойынша озық нәтиже көрсеткен-«Оңтүстік-Шығыс Азия барыстары», яғни азиялық елдер. Олардың ұқсастықтары:ұлттық ерекшеліктерді, өздерінің дәстүр­лі мәдениетін, Шығыстың дәстүрлі құнды­лықтары мен бағдарын сақтауға бағыт­талады екен.Қарапайым адамгершілік қағидаларын көзінің қарашығындай сақтайды,елінің патриоты,елі де олар үшін бар жағдайын жасап қойған.Басты рөл-оқушынікі, мұғалім-жол көрсетуші, бағыттаушы ғана. Интернетте ҚазАқпарат тілшісі Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті қытай тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор Дүкен Мәсімханұлымен сұхбатында балабақшадан бастап, бізде де балалардың қабылдау деңгейіне сәйкестендірілген этика жөнінде пән болуы қажеттігін айтыпты. Құптарлық іс екендігіне дау жоқ.(Интернет-ақпарат)

Осыдан шығатыны,әр елдің балалары бір-біріне ұқсамайды. Оларға берілетін тәрбие әрқилы болса да, бала атулыға бірдей нәрселер қажет. Олар: туған отбасы, ұядай жылы үй, ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігі.Мен жұмыс жасайтын мектепте 1000- нан аса бала 2 мезгілде оқиды.Оларға 100- ден аса мұғалім сабақ береді.Көбіне-көп бастауыштан үздік болып шығып,орта буынға келген бала сол нәтижені көрсете алмай жатады. Оқушы үлгірімі неге түсіп қалды,біз осыған назар аудардық па? Жапондық бөбектердің сабақ кестелеріне «табиғатты тамашалау» атты пән енгізілгендігі сияқты, біздің де білім беру стандартымызға сондай пән енгізіліп, сабақ барысында оқушылар көшеге шығып, кішкентай кезінен табиғатпен етене жақын болса,оның тіл дамытуына да,өзіндік қорытынды жасауына да, құбылыстардың құпиясын шешуіне де үйретер ме еді деген ойда отырмын.

Менің ойымнан үнемі шықпайтын нәрсе:бала оқу үдерісінен тыс кезде кітап-дәптерді үнемі арқалап әрі-бері жүрмесе екен деймін. Бірақ, біз бұған әлі дайын емеспіз.Айта берсек, қаржыға келіп тірелеміз.Ойларым көп, бірақ қол қысқалығын немен ұзартудың жолын таба алмай тығырыққа тірелемін.Бұл ой неден шығып отыр:Байқасақ,осы елдің оқушылары өз салмағынан бірнеше үлкен салмақтағы сөмкені көтермейтіндігі, бұның өзі олардың физиологиялық дамуына оң әсер етеді.

Ұлтты жаңа интеллектуалды белеске көтеру туралы Ел президенті қабылдаған үндеуге сәйкес жүргізіліп жатқан білім беру жүйесіндегі деңгей биік болуы үшін мұғалім әрбір сабағын өзіндік ойы, шиеленісуі мен шешімі бар өнер шығармасындай ойластырып, дайындауы қажет.

Не істеуім керек ?Дана да, дара туған хакім Абай сол кездің өзінде «ілім-білімге қолымды кеш сермедім» деп өкінген екен.Бірақ,үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп, толық адамның қасиеттерін санамалап беріп кетіпті.Осы жерде мен табысты оқытудағы құзырлы мұғалімнің Шульман атаған 3 көмекшісінің байланысын көргендеймін. (МАН,11бет) Нұрлы ақыл-жеткілікті білім қоры-адам миы,бас; ыстық қайрат-оқушыны ынталандыра отырып,дағды қалыптастырудағы жігерің,білек күшің;жылы жүрек-этикалық,моральдық құндылықтардың мекені,жүрек. Педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша әзірленген мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарынан оқып барған біз оқу көшбасшысы болады екенбіз.Ендеше,мен неге осы озық тәжірибені мектебіме енгізуге жүрексінеді екенмін.Оқыту үдерісінде менімен бірге үнемі жанымда мұғалімге арналған нұсқаулық,үлестірмелі материалдар,тренер еңбегі,қауымдасқан әріптестер менің батыл іс-әрекет ететіндігіме кепіл бола алады.

XXI ғасырда әлем елдері білім беру жүйесінде реформалар жүргізуде. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етіп отыр. Әлем осылай  жылдам өзгеруде.

Өткен ғасырда-ақ атақты француз, поляк, ағылшын, орыс педагогтарының еңбектерінде «Үздіксіз білім» туралы ұғым айтылған екен.Ендеше,қазіргі жаһандану заманында да сол ұғымды кеңейтетін,дәлелдейтін сәт келді деп есептеймін.

Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы –ұстазға,яғни маған міндет. Ол үшін кәсіби біліктілігімді жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруым керек.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ourboys.ru/japan

  2. МАН, 84 бет

  3. ipksko.kz

  4. www.strategy2050.kz

  5. Үлестірмелі материал,1-апта





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!