Материалдар / Неліктен Мысырды Қара жер деп атаған
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Неліктен Мысырды Қара жер деп атаған

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2020
478
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Мысыр тарихы

Мектеп: Б.Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназиясы

Мерзім: 9.10.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні: Джанузакова М.С

Сынып: 5 «А,Ә»

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Неліктен Мысырды «Қара жер» деп атаған?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау

Сабақ түрі

Жаңа материалмен таныстыру сабағы

Сабақ мақсаты

Түрлі дереккөздермен жұмыс жасай отырып, Ніл өзенінің ролі мен әсерін игеру арқылы ежелгі мысырлықтардың материалдық және рухани мәдениетінің 2-3 ерекшелігін анықтау.

Бағалау критерийлері

  • Нілдің Ежелгі Мысырдағы адамдардың тұрғылықты жеріне әсері анықтайды және түсіндіреді (ПОПС/ ПТМС құрылымы бойынша)

  • Нілдің адамдардың егін өсіру әдісіне және егіншілікті ұйымдастыруға әсерін анықтайды және түсіндіреді (ПОПС/ ПТМС құрылымы бойынша).

Тілдік мақсаттар


Оқушылар меңгереді:

Дереккөздер мен визуалды дереккөздерден ақпарат алу, одан қорытынды жасау, өз көзқарасын дәлелдеу, Ніл, «Қара жер», балшық, бөгет, папирус, материалдық мәдениет, рухани мәдениет секілді терминдерді пайдалану.

Құндылықтарды дарыту




Қоршаған айналаның проблемаларын, өзге көзқарастарды көру және ұғыну қабілеттігі, сынға дұрыс жауап қайтара білу; топта жұмыс жасау қабілеттерін иелену, топта түрлі рольдерді орындай білу; бір-бірін тыңдап, өзгелердің жауаптарын толықтыра білу; ежелгі мәдениетті, табиғатты және қоршаған ортаны құрметтей білу.

Пәнаралық байланыс

Табиғаттану, картамен жұмыс жасай білу.

Қазақстан тарихы, материалдық және рухани мәдениетін анықтай білу.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың ақпаратты іздеу, оның сұрыптау, Power Point Presentation бағдарламасында презентация жасаумен байланысты өздік жұмыс дағдыларын дамыту үшін ноутбуктармен/планшеттермен жұмыс жасау.

Бастапқы білім


Негізгі бөлім 1В бөлімін қайталап оқуда, яғни Ніл өзені мен Ежелгі Мысыр өмірді археологиялық мәліметтер арқылы зерттеу болып табылады. Мұғалім оқушыларға алдын ала Ніл өзені жайлы бейнеролик көріп келулерін сұрады.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.



















Сабақтың ортасы

15 мин.




































15 мин.






Сабақтың соңы

10 мин.

Ермексаздан жасалған Ніл өзенінің үлгісін көрсетіп, оны тасығанша су құю керек. Нәтижесінде Ніл өзенінің тасуын оқушылармен талқылаңыздар. Оқушыларға сұрақтар:

  • Сіз не көрдіңіздер?

  • Не болып жатыр?

  • Ніл өзенінің тасуының басқа мүмкін салдары болуы мүмкін?

Асуан суқоймасының суретн көрсетіп, суқойма ХХ ғасырдың ортасында Египетті электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін салынған түсіндіру керек. Айта кетерлігі, суқоймасының салынуымен жыл сайын табиғи циклмен қайталанып, өзен жағасын құнарландыратын Ніл өзенінің тасуы біржола тоқтатылғанын айтып түсіндіріп кету керек.

Бүкіл сыныпты үш топқа бөлеміз. А тобына дайын ресурстарды пайдаланып, Ніл өзені ежелгі Египет тұрғындарының өмір сүріп жатқан ортасына қалай әсер етті және олар тауарды Ніл өзенімен қалай тасығаны жайлы презентация дайындайтынын түсіндіреміз.

В тобына дайын ресурстарды зерттеп Ніл өзені егіншілікпен айналысқан адамдардың әдіс-тәсілдеріне және егіншіліктің ұйымдасуына қаншалықты ықпалын тигізуіне презентация дайындайтындарын түсіндіремін.



С тобына қолдарында бар ресурстарды зерттеп Ніл өзенінің ежелгі египеттіктердің рухани өмірі мен діни сенімдеріне қаншалықты әсерін тигізгеніне презентация дайындайтындарын түсіндіремін.

Тапсырманың орындалу критерийлерін оқушылармен талқылаймын.

Мәтінді мұқият оқып шығыңыздар. Жауап беруге көмегі тиетін тірек сөздерді сызып алыңыздар. Тапсырманы жекелей орындап болғасын, топ ішінде өз ойыңызды талқыға салыңыз.Берілген формалардың біріне өз жауаптарыңызды жинақтаңыз: Презентация

  • Рөлдік ойын (қойылым)

  • Әнді орындау

  • Өлең

  • Постер

  • Схема

  • Карта және т.б.


(Г) Зерттеу

Сыныпты үш топқа бөліңіз.

А тобы бар ресурстарды зерттейді және Ніл өзені Ежелгі Мысырдағы адамдардың тұрғылықты жеріне қалай әсер еткені және олар Ніл өзені арқылы тауарды қалай тасымалдағаны туралы презентация дайындйтынын түсіндіріңіз.

В тобы бар ресурстарды зерттейді және Ніл өзені адамдардың егін өсіру әдістеріне және егіншілікті ұйымдастыруға қалай әсер еткені туралы презентация дайындайтынын түсіндіріңіз.

С тобы бар ресурстарды зерттейді және Ніл өзені ежелгі мысырлықтардың рухани өмірі мен діни сеніміне қалай әсер еткені туралы презентация дайындайтынын түсіндіріңіз.

Оқушылармен тапсырманы және тапсырманы бағалау критерийі талқылаңыз.

Мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Сұрақтарға жауап беруге көмектесетін негізгі идеяларды ерекшелеп алыңыз. Тапсырманы жеке орындағаннан кейін Өз идеяларыңызды топта талқылаңыз. Өз жауаптарыңызды келесі түрдің бірінде жалпылаңыз:

  • Презентация

  • Рольдік ойын (қойылым)

  • Ән орындау

  • Өлең

  • Постер

  • Сызба

  • Сурет

  • Концепт-карта және т.б.

Көріністі түрлі үлгілері сараланған амалды қолдануға мүмкіндік береді, себебі поэзияға бейімі бар оқушылар өлең жазып бере алады. Сурет салуды жақсы көретін оқушылар картина көрсете алады және т.б.

Бірін-бірі оқыту:

Топ жұмысын көрсету барысында оқушылар сөйлеп тұрған топ оқушыларына сұрақ қоя алады. Өзге топтар сөз сөйлеген кезде оқушылар негізгі ақпаратты мұғалімнің ұсынған сызбасы бойынша дәптерге жазып алады.

Бағалау:

Бірін-бірі бағалауды пайдалану ұсынылады.

А тобын В және С топтары бағалайды, В тобын С және А топтары бағалайды, ал С тобы А және В тобымен бағаланады.

Оқушылар әр топ шыққан кезде стикерлерде пікірлерін қалдырып, жасалған жұмыстың сапасы бойынша кері байланыс береді.

Содан кейін стикерлер А4форматына бекітіледі, онда топ көрсетіледі, А4 кері жағында мұғалім өзге топтардың пікірлерін ескеріп, орындалған жұмысты өздері бағалай алатындай сұрақтарды жазып қояды. Топтың өзіндік бағалай сұрақтары:

  • Қайсысы жақсы шықты?

  • Нені жақсарту керек?

  • Келесі жолы көріністі жақсарту үшін не істеу керек?

Айта кету керек, оқушылар бірін-бірі сөз сөйлеген кезде бағалайды.

Әр топ шыққаннан кейін барлық оқушылар стикер бекітеді. Мұғалім 1-2 оқушыдан ауызша жауап беруді сұрай алады, сонымен қатар оқушылардың жауаптарын өз пікірімен толықтырады.

Барлық топтар шығып, сөйлеп болған соң және бірін-бірі бағалаудан кейін әр топ стикерде пікірлер жазылған А4 парағын алады, содан кейін оқушылар пікірлерді талдап, өзін-өзі бағалау сұрақтарына жауап береді:

  • Қайсысы жақсы шықты?

  • Нені жақсарту керек?

  • Келесі жолы көріністі жақсарту үшін не істеу керек?

Сабақ тақырыбы бойынша ой жүгірту және жалпы қорытынды жасау:

Өзін-өзі бағалау аяқталған соң оқушыларға өздігінен дәптеріне өзен мен Мысырдың «Қара жер» атты атауы арасындағы байланыс туралы тұжырым жазуға ұсыныс жасаңыз. Неліктен Мысырды «Қара жер» деп атаған? Топтардың сөз сөйлеуін жазып алу үшін жалпылау ұсынылған сызбада жазылады. Сабақ аяқталған соң оқушылар мұғалімнің кері байланысы үшін дәптерлерін тапсырады.

Саз балшық немесе ермек саз, поднос, ішінде суы бар стақан.

Презентация













Презентация











Қосымша 1











Қосымша 2











Қосымша 3




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!