Материалдар / Нөлдік төзімділік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нөлдік төзімділік

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын ашу, оқушыларды Елбасымыздың "Қазақстан – 2050" Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Жолдауында қоғамдық тәртіпсіздіктерге нөлдік төзімділікті қалыптастыру идеясының мағынасын түсіндіру, мәдениеттілікке тәрбиелей отырып құқықтық тәрбие ортасын құру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
1785
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Нөлдік төзімділік»
Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын ашу, оқушыларды Елбасымыздың "Қазақстан – 2050"  Стратегиясы –  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Жолдауында қоғамдық тәртіпсіздіктерге нөлдік төзімділікті қалыптастыру идеясының мағынасын түсіндіру, мәдениеттілікке тәрбиелей отырып құқықтық тәрбие ортасын құру.

Көрнекілігі: тақырыптық суреттер.
Әдісі:  сұрақ-жауап, әңгімелесу.                               

Барысы:  

І Ұйымдастыру

А) амандасу

Ә) түгендеу

Б) сабаққа әзірлікті тексеру.
ІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім сөзі:  "Нөлдік төзімділік" дегеніміз не? "Нөлдік төзімділіктің" мақсаты қандай?  Біз оны қалай түсінеміз? Қай-қайсысымыздың болмасын түйсігіміз осы сөздерді  бірден қабылдамауы да ықтимал. 
Елбасымыздың "Қазақстан – 2050"  Стратегиясы –  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Жолдауында қоғамдық тәртіпсіздіктерге нөлдік төзімділікті қалыптастыру, кез келген ұсақ құқық бұзушылықтардың жазасыз қалмауына, мәдениетсіздік пен бассыздыққа жол бермеуге баса мән берілуі керектігін айта келіп,"біз тіпті ұсақ-түйек құқық бұзушылықтарға, бұзақылыққа, мәдениетсіздікке төзбеуге тиіспіз, себебі, бұл қоғамдық тыныштықты бұзады, өмір сүру сапасын төмендетеді" деген-ді.   Осы орайда ҚР Білім және ғылым министрлігінің қоғамда құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" қағидасын қалыптастыру аясында  бекітілген  жұмыстың жоспар-жобасы да бар
"Нөлдік төзімділік" дегені-міз не? Оны көп жағдайда құқық саласының мамандары түсінуі мүмкін.. – Ол,  сөзіңіз рас. Енді қарапайым тілмен айтсақ, нөлдік төзімділік дегеніміз бұл кәдуілгі күнделікті тіршілігімізде  болып жататын ұсақ-түйекті, бірлі-жарымды кішігірім бұзақылық, қоқысты жол бойына шығару, белгіленбеген жерде шылым шегу, алкогольді сусындарды ішу, кәмелетке толмағандардың түнгі көңіл көтеру мекемелерінде болуы. Сонымен бірге  осы "Нөлдік төзімділіктің" ең негізігі мақсаты қоғамды белсендіру яғни қай-қайсысымыз болмасын кез-келген құқық бұзушылыққа жайбарақат қарамауымыз керек. Біз кейде оны   құқыққорғау органдарының жұмысы деп білеміз.

2. Топтастыру. Мәдениетті болу

қоқыс тастамау Қылмыстық әрекетке бармау



Бұзақылық жасамау







3. Суретпен жұмыс





 

Сергіту сәті

Қырағы көз қамқоршы,

Бұл полицей ағасы

Тыныштықты күзетіп

Ел алдында тік тұрып

Қызмет қылар қарашы.

Рефлексия

Оқушылар пікірін суретпен бейнелеу.

Қорытынды:

Кез келген  құқық  бұзушылыққа  қарсы "нөлдік төзімділікті" тәрбиелеу жұмыстарын өскелең оқушы сізбен бірге атқарсақ қоғамымызда әрқашан тыныштық орнап, бейбіт өмір сүреріміз хақ.

Күнсайын, адамдар белгіленбеген жерде қоқыс немесе темекі қалдығын тастау, кіребірісте темекі шегу, 23-00-ден кейін тыныштықты бұзу, ішімдікке салынған күйінде көлік құралдарын басқару, кіші ұрлықтар сияқты және тағы да басқа әртүрлі кішкентай құқықбұзушылықтармен соқтығысады.

Барлығына бұдай құқықбұзушылықтар заңсыз екені мәлім, бірақ адамдар оларды назарсыз қалдырады.

Мұндай парықсыздықтың себебі, құқықбұзушымен қарым-қатынасты бұзбау, кінәліні жауапкершілікке тарту кезіндегі ұзақ рәсімге қатысты болудан қорқу, соған қоса билік органдарының тиісті шара қолданатындарына сенімсіздік білдіру жатады.

Қоғамдағы тәртіпсіздіктер мен құқықбұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру қажеттігі Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқына «Стартегия «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында белгіленген болатын.

Елбасы өзінің Жолдауында: «Дамыған қоғамда барлығы тәртіптен басталатындығын, атап айтқанда жайлы кіреберістен, ұқыпты ауладан, таза көшелерден және ілтипатты тұлғалардан басталатындығын атап өтті».

Қазақстан Республикасының азаматтары, тіпті кішкентай құқықбұзушылықтарға, бұзақылыққа, мәдениетсіздікке де парықсыз қармаулары тиіс, себебі ол қоғамдық тыныштықты бұзады және өмір сүру деңгейін төмендетеді.

Тәртіпсіздік және бетімен кетушілік сезімі одан да ауыр қылмыстар жасауға себеп болады.

Кішкентай құқықбұзушылықтарға төзімсіздік атмосферасы, қоғамдық тәртіпті бекітуде, қылмыстылықпен күресуде маңызды қадам болып табылады, сондықтан құқықтық көзқамандықты жеңу керек және  қоғамдық тәртіпті сақтау ісіне қоғамды қосу керек. Осы тұрғыдағы іс қимылдар құқықтық өмірдің нормасы болуы тиіс.

Бұл ойдың (идеяның) басты қағидасы қоғамның бірігуі және ондағы қандайда болсын құқықбұзушылыққа төзімсіздік қалыптастыру.

Отбасындағы, көшедегі, ұжымдағы әрбір адамның құқыққа сай тәртібі, күмәнсіз, жалпы заңдылыққа оң нәтиже береді.

«нөлдік төзімділікті» қалыптастырудың бастапқы кезеңінде маңызды рөлге қоғамның белсенді ұстанымы жатады. Яғни, еліміздің әрбір азаматы, қандай да болсын құқықбұзушылық көрген уақытта, құқыққорғау қызметіне хабарлаулары тиіс.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!