Материалдар / Нота сауаттылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нота сауаттылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектептегі музыка мұғалімдеріне біраз болсын көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2020
488
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

V. Оқу тәртібі


  1. Оқу жылы колледждің оқу кеңесімен бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес қыркүйектің 1-нен басталып, екі семестрден тұрады, білім беру-кәсіптік бағдарламасында көрсетілген оқу жоспарына сәйкес аяқталады. Колледждің Педагогикалық кеңесі оқу жылының алғашқы күнін өзгертуге байланысты шешім шығаруға құқығы бар.

  2. Колледждегі оқу процесі оқу жоспарлары мен сабақ кестелеріне сәйкес аптасына 6 күн (дүйсенбіден сенбіге дейін) жүреді. Жексенбі мен мейрам күндерінде сабақтар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ерекше жағдайларда ғана жүреді.

  3. Колледждегі оқу сабақ жоспарымен сәйкес жасалған, директордың бекітуімен құрастырылған сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Сабақ кестесі бір семестрге құрылады және оқу орнының тақтасына сабақтың басталуынан бір апта бұрын ілінеді.

  4. Білім алушыларға арналған оқу жүктемесі 36 сағаттан аспауы керек.

  5. Бекітілген мерзімге сәйкес оқуға келмеген білім алушылар оқудан шығарылады.

  6. Колледжде оқу сабақтары белгіленген тәртіпте бекітілген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кесте бойынша жүргізіледі.

  7. Сабақ басталғаннан кейін дәрісханалардың барлығы мен олардың маңындағы жерлерде тыныштық пен тәртіп қатаң сақталынуы тиіс. Сабақ кезінде аудиториядан кіріп–шығып оқу барысына кедергі келтіруге болмайды.

  8. Қоңырау соғылғаннан кейін аудиторияға студенттер тек оқытушының рұқсатымен ғана кіріп- шыға алады.

  9. Әр сабақтың басталуы алдында оқытушылар мен білім алушылардың назарына 2 рет қоңырау соғылады:

- біріншісі ескерту (сабақ басталудан 2 минут бұрын);

- ал екіншісі оның басталуы туралы. Сабақ аяқталған уақытта бір қоңырау соғылады.

  1. Әр топта белгіленген үлгідегі оқу журналы жүргізіледі.

  2. Факультатив сабақтар өткізу үшін бөлек сабақ кестесі құрылады және бөлек журнал басталады.

  3. Әр оқу тобында және оқу бөлімдерінде топ старостасы тағайындалады.

  4. Оқу орнында жалпы тәртіпті күзет қызметі мен кезекші әкімшіліктің өкілі, оқытушылар қадағалайды.

  5. Кабинет меңгерушілері мен ТӘК жетекшілері оқу-теориялық құжаттарды, зертханаларды, кабинеттерді келесі семестрге дайындап отырулары қажет.

  6. Сырттан келген адамдардың сабаққа қатысуы тек колледж директоры мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының рұқсатымен ғана жіберіледі.

  7. Жұмыс уақытында тыйым салынады:

- жұмыскерді жұмыс уақытынан бөлуге, шақыруға немесе қоғамдық міндеттерді жұмыс уақытында орындатуға;

- қоғамдық жұмыстар бойынша жиналысқа шақыруға, отырысқа және т.б. жиналыстарға.

  1. Колледждің басқарушы қызметкерлері (орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, қоғамдық жұмыстың жетекшілері, коменданттар, бухгалтерия, кітапхана қызметкерлері, кіші қызметкерлер) жұмыстан директордың рұқсатымен кетеді.

  2. Білім алушыларды сабақтан босатуға рұқсат беру құқығы директор, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және бөлім меңгерушісіне жүктеледі. Топ жетекшісі білім алушыны рұқсатсыз сабақтан босатуға құқығы жоқ.

  3. Сабақтарды ұйымдастыру, ауыстыру, қайта қою бөлім меңгерушілеріне жүктеледі.

  4. Колледж қызметкерлерін себепті жағдайлармен жиналыстардан босатуға рұқсат беретіндер:

-педагогикалық, әдістемелік кеңестен және оқу орнының жиналыстарынан – колледж директоры;

- кәсіподақ жиналысынан – кәсіподақ ұйымының төрағасы.

  1. Колледж қызметкері жұмысқа шықпай қалған күні жұмысқа жарамсыздығы жөнінде емдеу мекемесінен анықтама қағазын алып келуге тиісті.

  2. Колледж студенттерінің құқықтары:

    1. Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;

    2. білім беру гранты бойынша және келісім шарт негізінде білім алуға;

    3. қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан басқасына немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға;

    4. белгіленген көлемдегі шәкіртақыны алуға (мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын студенттер үшін);

    5. өзінің жетістіктерін, ар-ожданын, өзінің еркін ойы мен сенімділігін құрметтете білуге;

    6. студенттердің қоғамдық ұйымымен қатар колледжді басқару органдары арқылы колледж студенттерінің қызметіне қатысты маңызды мәселелерді талқылау және шешуге қатысуға;

    7. колледждегі кітапхана, ақпараттық қорлар, оқу, емдік және басқа да бөлімшелер қызметтерін тегін пайдалануға;

    8. барлық мәдени жобалар түрлеріне, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференцияларға, симпозиумдарға, мәжілістерге, байқауларға, фестивальдарға, өз жетістіктерін публикациялауға, сондай-ақ колледждегі пәндік үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алуға;

    9. конференцияларға, колледждің құрылымдық бөлімшелерімен ұйымдастырылатын барлық байқауларға, көркем өнерпаздар үйірмесіне, спорт секцияларының жұмысына, жарыстарға, денсаулық күніне арналған және басқа да іс шараларға қатысуға;

    10. оқытылатын пәндер бойынша оқытушылардан кеңес алуға, оқытудың сапасы мен әдістері туралы ойын жеткізуге, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар білдіруге;

    11. өте жақсы немесе жақсы үлгерімі мен колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан білім алушылар атаулы шәкіртақы немесе грантты алуға;

    12. сабақ барысында ерекше жетістіктері үшін және колледждегі оқу және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін моральды және материалдық жағынан мадақталуға;

    13. колледж оқытушылары ұсынған факультативті курстарды таңдауға;

    14. колледждегі студенттік өзін-өзі басқару органында сайлауға және сайлануға.

  3. Колледж студенттері міндетті:

    1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында бекітілген міндеттерді орындауға;

    2. оқу орнының құзыретіне сәйкес бекітілген таңдау мамандығы бойынша теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды жүйелі және терең игеруге;

    3. өзінің мәдени деңгейін көтерумен айналысуға, республика мен өз қаласының тарихын, дүниежүзілік, отандық мәдениеттің тарихын, халық дәстүрін, мәдениетін және өнерін, этикасы мен эстетикасын оқып білуге және күнделікті өмірде қолдануға;

    4. өзінің іс жүзіндегі дайындығын жақсартуға, мамандық бойынша кәсібін меңгеруге, тапсырмалар мен оқу-таныстыру, өндірістік практикалардың тапсырмалары мен бағдарламаларын толық орындауға;

    5. колледжде өткізетін қоғамдық іс-шараларына қатысуға;

    6. оқу тәртібін ұстану, еңбек (ішкі) тәртіп Ережелесін орындау, жатақхана туралы Ережені, басқа да колледж әкімшілігінің жергілікті актілері мен өкімдерін ұстану;

    7. оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған белгіленген уақытта тапсырмалардың барлық түрлері орындау және дәрістер, тәжірибелік сабақтарға қатысу;

    8. дәріс уақытында колледжде белгіленген киім формасын сақтау;

    9. дәріс, тәжірибелік сабақтар, аралық және қорытынды бақылау уақытында олардың өтуіне кедергі жасамау үшін ұялы телефондарды өшіру;

    10. сыбайлас жемқорлық әрекеті жағдайларына қарсы әрекет ету;

    11. дәлелді себеп бойынша сабаққа келмеген жағдайда білім алушы келесі күннен кешікпей топ жетекшісіне немесе бөлім меңгерушісіне хабарлауға және келген күні оқу орнына сабақты босату себептері туралы ақпарат ұсынуға міндетті;

    12. ауырған жағдайда білім алушы студенттер емханасымен расталған емдеу мекемесінің белгіленген үлгідегі анықтамасын ұсынуға;

    13. дәрігерлермен медициналық көрсеткіштер бойынша академиялық демалыс беру мүмкіндігі туралы қорытындыны шығару үшін білім алушы білім беру ұйымына қызмет көрсететін емдеу-профилактикалық ұйымға бақылауда болған медициналық мекемеден ауру тарихы жөнінде толық үзінді көшірме ұсынуға;

    14. білім алушылар мемлекеттік меншікке ұқыпты және мұқият қарауға міндетті (құрал-саймандар, оқу құралы, кітаптар, аспаптар және т.б.);

    15. білім алушылар тек оқу орнында ғана емес қоғамдық орындарда өз-өзін ұстай білуі, сыпайы және ұқыпты болуға міндетті (ер балалар қысқа қиылған шашпен және таза, қырынған болуы керек, ал қыз балалардың шаштары ұқыпты жиналып тұруы керек);

    16. бекітілген кестеде нұсқалған уақыт аясында емтиханға келуге;

    17. оқуда жоғары көрсеткіштері, жақсы үлгерімі және қоғамдық, ғылыми жұмысқа белсенді қатысқаны үшін білім алушыларға келесі марапаттау шаралары белгіленеді:

  • алғыс хаттар;

  • құрмет мадақтамалары;

  • ақшалай сыйақылар;

  • сыйлықтар;

    1. оқу тәртібін бұзғаны, ішкі тәртіп ережелерін, жатақханада тұру ережесін, шарт талаптарын, колледж жарғысын орындамағаны үшін білім алушыға тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін:

ескерту;

сөгіс;

қатаң сөгіс;

оқу орнынан шығару;

    1. жазалау туралы мәселе колледж әкімшілігінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады.

  1. Білім алушы колледжден келесі негіздер бойынша шығарылуы мүмкін:

    1. өз қалауымен;

    2. өліміне байланысты, сондай-ақ соттың хабарсыз жоғалғаны немесе өлгені туралы шешімі бойынша мойындалған жағдайда;

    3. басқа білім беру ұйымына оқуын жалғастыруы үшін ауысуына байланысты;

    4. дәлелді себепсіз белгіленген мерзімде оқу жоспарын орындамағаны (бір академиялық мерзім ағымында академиялық қарызды жоя алмау) немесе мемлекеттік қорытынды аттестаттауда қанағаттандырмайтын баға алғаны үшін;

    5. бекітілген мерзімдерге сәйкес сабақтарға кіріспеген ретінде;

    6. колледж Жарғысында, ішкі тәртіп Ережесі мен колледж жатақханасында тұру Ережесінде қарастырылған білім алушының міндеттерін дөрекі орындағаны үшін;

    7. тәртіптік әрекет ету шаралары тәртіп бұзушыға бұрын қолданылған жағдайда колледж Жарғысында, ішкі тәртіп Ережесі мен колледж жатақханасында тұру Ережесінде қарастырылған міндеттерді жүйелі бұзғаны үшін;

    8. білім алушы бостандығынан айыратын немесе басқа да оқуды жалғастыру мүмкіншілігінен айыратын жазаларға сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда;

    9. білім беру шартында қарастырылған талаптарды бұзғаны үшін;

    10. білім алушының жалған құжаттарды немесе колледжге түсуі және (немесе) оқуына байланысты әдейі жалған мәліметтерді ұсынған жағдайда;

    11. білім алушының колледж абыройы мен іскерлік беделіне зиян тигізетін әрекет жасаған жағдайда;

    12. академиялық демалыстан шықпағанына байланысты;

    13. оқудан шығару Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасында қарастырылған басқа да негіздер бойынша жүзеге асырылады.

  2. Білім алушыларға тыйым салынады:

    1. білім алушыға колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз зертханадан, оқу және басқа да бөлмелерден заттар мен әртүрлі жабдықтарды шығаруға тыйым салынады;

    2. бөлмелердің мүлкін және ішкі көрінісін (жазуға, жиһазға, бөлмелердің қабырғаларына және оқу корпустарының ғимараттарына сурет салуға), бүлдіруге;

    3. есірткі, уыттандырғыш заттарын, сонымен қатар алкоголді ішімдіктерді сатып алуға, сақтауға, қолдануға, жарнамалауға, сатуға;

    4. атқыш  және суық қару-жарағын, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды және қопарғыш жабдықтарды сатып алуға, қолдануға, сатуға, сақтауға, тасуға жарнамалауға;

    5. шемішке шағуға және құмар ойындарын ойнауға;

    6. діни киімдер киюге, ғибадатханалар ашуға және колледжде діни атрибуттар пайдалануға;

    7. білім беру атмосферасын бұзуға, атап айтқанда: сабаққа дыбыс әсерлері бар заттарды (плеерлер, пейджерлер, ұялы телефондары және т.б.) кіргізуге және қолдануға;

    8. колледж оқытушыларының және қызметкерлерінің беделін төмендететін жалған немесе тексерілмеген мағлұматтарды (деректерді) ауызша немесе жазбаша түрде таратуға;

    9. колледж оқытушыларына, қызметкерлеріне және басшылығына түрлі дөрекі әдепсіз қарым-қатынас көрсетуге, адам абыройын қорлайтын былапыт сөздерді қолдануға;

    10. біреулердің жетістіктері мен шешімдерін өз ойының нәтижесі ретінде етіп бастыруға, ұрлап немесе тапсыруға;

    11. құжаттар мен мәліметтерді қолдан жасауға (оқу журналдарын, үлгерім кітапшаларын, студенттік билеттерді), жалған сөйлеу, көшіру, сақтаулы тұрған ақпаратты (сонымен қатар компьютердегі) өзгерту немесе басқа да заңсыз қолдану түрлеріне жол беруге.

  3. Білім алушының сабақты босатқаны және дәлелді себепті растайтын құжат болмаған жағдайда бөлім меңгерушісі және директордың орынбасарларынан тұратын комиссия құрады және себептің дәлелділігін анықтайды.

  4. Себепсіз сабақ босатқан және белгіленген мерзімге дейін 8 сағат сабақ пен дәрістерді өтемеген білім алушыларды топ жетекшісі бөлім меңгерушісіне, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына ескертеді және ескерту алады, колледж директорының бұйрығымен 18 сағатқа – қатаң ескерту және 27 сағатқа – қатаң сөгіс жарияланады. Дәлелді себепсіз 36 және оданда көп сабақтар мен дәрістерді босатқан және белгіленген мерзім ішінде өтемеген білім алушылар оқу тәртібін бұзғаны үшін Педагогикалық колледждің ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес оқудан шығарылады.

  5. Тәртіптік жаза қолдануға дейін білім алушыдан жазбаша түрде түсініктеме талап етілуі керек. Білім алушының көрсетілген түсініктемені ұсынудан бас тартуы актпен ресімделеді. Бас тарту тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды.

  6. Білім алушылар педагогикалық кеңес пен студенттер кәсіподақ ұжымының ұсынысымен, ал кәмелеттік жасқа толмаған білім алушыларды қалалық және аудандық кәмілеттік жасқа толмағандар комиссиясының шешіміне сәйкес колледжден шығарылады.

  7. Колледжден босатылған білім алушылар, педагогикалық кеңес бекіткен, оқудан босатылғандығы туралы көшірме және мінездемесімен қалалық кәмелеттік жасқа толмағандар комиссиясына жіберіледі, олар ары қарай оқыту-тәрбиелеу орталығына немесе жұмыспен қамтамасыздадыру орталығына жіберіледі.

  8. Емтихандық сессияға жіберу 2 кезеңде жүзеге асырылады. Қорытынды бақылауға және емтихан тапсыруға келмеген жағдайда білім алушы түсініктеме жазуы тиіс. Білім алушы дәлелді себепсіз емтиханға, қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, оған академиялық қарызын өтеу үшін уақыт беріледі.

  9. Емтихан уақытында білім алушыларға тыйым салынады: емтихан тапсыру орнын өз еркімен ауыстыру; компьютерді сөндіру немесе қосу, тестілеу бағдарламасынан басқа компьютерлік бағдарламаларды ашу; оқулықтарды, анықтамалықтарды, «шпаргалкаларды», ұялы телефонды, қалта компьютерін, коммуникаторды және басқа да электронды құралдарды пайдалану.

  10. Емтихан кезінде хабарламалармен алмасу, қағаз жазбаларымен алмасу, ұялы телефонмен сөйлесу, айналасындағыларды емтиханнан бөгеу, қатты сөйлеу, өзін дөрекі ұстау, этикалық нормаларды бұзу жағдайлары анықталса емтихан алушы - оқытушы білім алушыны емтиханнан шығарып жіберуге құқылы.

  11. Білім алушылардың еңбек кітапшасына колледжде күндізгі бөлімде оқығандығы туралы жазба енгізіледі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!