22 наурыз Жұлдыз тобы
«Ұлыстың ұлы
күні»
Мақсаты:
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы
қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге
тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз
мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт -
дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап,
ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін
арттыру.
6 салт - дәстүр
көрсетіледі.
1.Шашу
шашу
2. Ауыз
тию
3.
Бәсіре
4.
Қонақкәде
5. Шаш
өру
6.
Жеті
ата
7.
Бата
Ертеңгілік көрініс
ретінде басталады: Дастарханда ата мен апа шәй
ішіп әңгімелесіп отырады.
Әже: Бүгінгі Наурыз мерекесі құтты
болсын атасы, «Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын»,
«Дастарқан берекелі болсын!», «Жыл басы Наурыз, Мол болсын дәм
тұз!».
Ата:
Иә, құтты болсын мереке. Бұл қазақтың жаңа
жылы. Күн мен түн теңелетін күн, барлық айтылатын тілектер қабыл
болсын.
Әже: Әлгі немерелеріміз қайда жүр, Алдар оларды
ертіп келемін деп еді ғой.
Ата:
Сол Алдарды ма, Алдар көсе де аты затына
сай.
Әуенмен у шу болып Алдармен немерелері кіріп
келеді.
Алдар
көсе: Ата апау бізде жеттік.
Дастарханды жайнатып жіберіпсіздер ғой.
Әже: Ой, атасы қайда
шашу?
Шашу
шашады
Әже: Иә, келіңдер
төрлетіңдер, ауыз
тиіңдер, шәйға отырыңдар. Балаларымыз
бізге наурызға қандай тарту жасар екен.
Алдар
көсе: Ата – апа біз дайындалып
келдік. Өнерімізді ала келдік, салт – дәстүрді біліп келдік. Ең
алдымен Наурыз мерекесін ала келген Көктемді құттықтап ән шырқап
берейік.
Әже: Ап бәрекелді, қане шәйіннан
құй апасы
Ән: «Көктем
келді»
Ата: Бәрекелді,
құлындарым!
Алдар
көсе: Ата – әже бүгін сіздер бізге
қазақтың салт – дәстүрлерінің біршамасын көрсетеміз деп едіңіздер
ғой.
Әже:Иә, Алдар Нұрәділге берген бәсіреміз жүр ма?
иә қане онда бәсіре не екенің айтып өтейін.
Бәсіре
- Баланың дүниеге келуі малдың төлдеуімен
сәйкес келгенде, балаға жаңа туған құлын, қозы немесе лақ сыйлаған.
Бұл оның кішкентайдың бірінші заңды меншігі болып саналатын. Иә,
Алдар кезінде Нұрәділге бәсіре беріп едік қой. Сол қазақтың ежелден
келе жатқан салты.
Ата: Апасы қане қонақкәде сұрайық
балалардан.
Би:
Кілеммен
Алдар
көсе: Оп бәрекелді,
ата қонақкәдеміз ұнады
ма?
Ата: Өте керемет, дайындалып
келіпсіңдер ғой. Қонақкәде деген осы балалар. Келген қонақтан
сұралады.
Алдар
көсе: Ал балалар енді ойын ойнап бір
сергіп алайық.
Ойын: Шаш өру. Екі қыз ортаға шығады
отырады маникен болып, басқа екі қыз уақытқа шаштарын
үреді.
Әже: Жарайсыңдар, әне өздерін де
бір салтты көрсетіп шықтыңдар. Қыз бала тұрмысқа шыққанша шашын бір
өрім қылған, ал тұрмысқа шыққаннан кейін екі қос өрім үретін
болды.Бұл салт Шаш өру
деп аталады.
Ата: Жарайсыңдар шырақтарым. Ал
біздің балалар 7 аталарын біледі ма екен
Алдар?
Алдар
көсе: Әрине ата,
қазір (Нұрәділ немесе басқа ұл
жеті атасын айтып беред).
Алдар
көсе: Ата- апа біз тағы өнерімізді
паш етсек.
Ән: Оркестр
әні
Ата: Біздің балалар неткен өнерлі,
аспаптарымызды да жатқа біледі.
Ал онда бір ойын ойнайық, мына
тұрған домбыра аспабын құрастыру керек.
Ойын: Домбыра аспабын
құрастыр
Әже: Жарайсыңдар шырақтарым. Енді
мен сендерге балалар тағы бір салтты көрсетіп
өтейін.
Салт –
дәстүр:______________
Әже: Сол сияқты бізде тыйымдар
бар
Дастарханды, тамақты
баспа.
Кісі мініне күлме, кемтарға
күлме.
Малды, ыдысты, тамақты
теппе.
Суды сапырма, суға дәретке
отырма, суға түкірме.
Көкті жұлма, шашыңды
жұлма.
Үй айнала
жүгірме.
Босағаны керме,
құшақтама.
Табалдырықты баспа,
отырма.
Түнде үй сыпырма, түнда
тырнағыңды алма.
Үлкендердің жолын кеспе, сөзін
бөлме.
Бүйіріңді таянба, жер таянба,
иегіңді таянба.
Шашыңды
жайма.
Бетіңді
баспа.
Тізеңді
құшақтама.
Өтірік
жылама.
Сыпырғышты тік
қойма.
Бос бесікті
тербетпе.
Құранды, тамақты
баспа.
Ата: Иә балаларым, қазақтың нақыл
сөздері, салт – дәстүрлері, тыйым сөздері өте көп. Олардың түбінде
терең мағына жатыр.
Ойын: Дәмін
тат
(Ортаға ұлдар шығарылады,
алдарына құрт, ірімшік, қатық беріледі, дәмін көріп не екенің,
неден жасалатының айту керек)
Музыкамен көрші ата
келеді. Ассалаумағалейкум ағайын.
Амансындар ма Құдай қосқан көршілерім.
Ата
–әже: Уағалейкумассалам! Кел
төрлетіңіз дастарханға, Наурыз құтты болсын. Наурыз көжеден
алыңыз.
Көрші: Ой қандай керемет,
немерелеріңіз келіп бір қуанып қалдыңыздар
ма?
Ата: Иә, Алдар немерелерімізді
қонаққа ала келді.
Көрші: Жарайсың
Алдаржан.
Алдар
көсе: Ата-апа дастархандарыңыз
керемет екен, енді біздің қыздар да дастархан биін дайындап алып
келді.
Би: Дастархан
Көрші: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.
Енді мен шығайын, басқа көршілерге барып Наурыз көжеден дәм
татайын.
Алдар
көсе: Атау, құр қол кетпей батаңызды
беріңіз.
Көрші:
Ұлыстың ұлы
күніңде
Дәулетті бақ
берсін
Бақытты ас
берсін
Ұлын оңға
қонсын
Қызың қырға
қонсын
Малын өріске
толсын
Дәулетіңді
аырсың
Дұшпаның
басылсын
Менің берген бұл
батам
Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр
батам!
Әмиииин!