Тақырып бойынша 11 материал табылды

Нотасыз домбыра үйрену

Материал туралы қысқаша түсінік
Домбыра аспабын нотаны меңгермей-ақ, қарапайым ережемен үйретуге баулиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Намазбай Ақшабаев атындағы орта
мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Ревшенов Шыңғыс Айтбайұлының
педагогикалық идеясы

«НОТАСЫЗ ДОМБЫРА ҮЙРЕНУ»

Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы. Ұлттық мұрамызды ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізу әрбір қазақтың міндеті. Ал бірақ қалай жеткіземіз? Ол үшін
өзіміз домбыра тартуды үйреніп, оны болашақ ұрпағымызға үйретіп
отырудың өзі жеткілікті. Домбыраны қалай оңай үйренуге болады? Мысалы
сіз «Адай» күйін үйренгіңіз келді? Сіздің алдыңызға «Адай» күйінің
нотасын берді, әрине, сіз түк түсінбейсіз? Себебі музыка пәні 1-6 сынып
аралығында ғана болды және сіз ол уақытта ноталық сауатты толық меңгере
алмадыңыз немесе ұмытып қалдыңыз?
Сіз бұл күйді үйрену үшін сізге бірінші нота үйрену қажет болады. Ал
нота үйрену екінің бірінің қолынан келмейді немесе шыдамы жетпейді.


Page 2

Осы мақсатта мен «НОТАСЫЗ ДОМБЫРА ҮЙРЕНУ»
тақырыбында қарапайым әдісті ұсынуды жөн көрдім. Ол үшін мына
қадамдарды орындау қажет:
1) Домбыра аспабының құрылысымен танысып, жаттау
2) Құпия ережені жаттау

БАР БОЛҒАНЫ ЕКІ ҚАДАМ.
1. Домбыраның құрылысы.
1-сурет
Бұл суреттен бізге маңыздысы: ішектері (үстіңгі және астыңғы); пернелері
(19).


Page 3

2. Құпия ереже
Оң қолға қатысты:
П – төменгі қағыс (1 саусақ орындайды)
V – жоғары қағыс (бас бармақ орындайды)

Сол қолға қатысты:
п – перне
н – нүкте
о – ашық ойнау
























2-сурет




Бұл ереже бойынша домбыра үйренушіге бөлшек түрінде жазу ұсынылады.

1-мысал:

үстіне жазылғанды үстіңгі ішекте басамыз
ортасындағы қағысы (оң қолға қатысты)
астына жазылғанды астыңғы ішекте басамыз.
0
П

1


Page 4


0 – ашық ойнау (яғни бұл жерде үстіңгі ішекте перне басылмайды)
П- төменгі қағыс

1
– бірінші нүктені бірінші саусақпен басу.

(құпия ережені еске түсіреміз: н-нүкте, п-перне, 0-ашық ойнау, П-
төменгі қағыс)

2-мысал:

0 – ашық ойнау (яғни бұл жерде үстіңгі ішекте перне басылмайды)
П- төменгі қағыс
1п
1
– бірінші пернені бірінші саусақпен басу.


1 мен 2 мысалдың айырмашылығы: п мен н әрпінде: н – нүкте, п – перне.
Домбырада нүкте әр жерге қойылған. Ал перне басынан бастап саналады.
Сондықтан нүкте мен пернені шатастырмау қажет. Нүкте кейбір пернелерге
орналасқан.

3-мысал:


б
– 2 нүктені бас бармақпен басу

V – жоғары қағыс

4
– 3нүктені 4-ші саусақпен басу.



4-мысал:


б
– 2 нүктені бас бармақпен басу

П – төменгі қағыс
4п
1
– 4 пернені 1-ші саусақпен басу.


Осы ережелерді мұқият үйреніп, түсініп, жаттау қажет.
Енді негізгі мақсатымызға оралайық. Біз «Адай» күйін үйренуді жоспарлап
едік. Ендеше, «Адай» күйін осы ережемен үйреніп көрейік.

1)





0
П

1

0
П
1п
1


б
V

4


б
П
4п
1

0 0 0 0 0 0 0 0
П V П V П V V V

1
0 1н
1
0 1н
1

1

1

1


Page 5

Бұл үзіндіде үстіңгі ішек бірыңғай ашық ойналады. Ал астыңғы
ішекте бірінші нүктені бірінші саусақпен басу және ашық ойнау кездеседі.
Домбыраны әркім әртүрлі үйренеді. Біреу нотамен, біреу сандық
әдіспен, біреу көріп, қайталау арқылы. Менің сіздерге ұсынып отырған бұл
әдісім сандық әдіске жақын, бірақ біршама ыңғайланып, ерекшеленіп және
түсінікті түрде құрастырылған.

Бұл әдіспен домбыра үйрену үшін сіз маған 1 САҒАТҚА ғана
КЕЛСЕҢІЗ ЖЕТКІЛІКТІ. 1 сағатта осы ережені түсініп, жаттап аламыз.
СЕБЕБІ БҰЛ ӘДІСТІ БАСТАПҚЫДА АСПАППЕН КӨРСЕТІП,
ТҮСІНДІРУ ҚАЖЕТ! Ал қалған сабақтарда тапсырмаларды осы бөлшек
түрінде жазып алып, үйде орындап отырсаңыз жеткілікті.
Әрбір ұстаз өз ісінің жан-жақты шебері болу қажет. Домбыра
үйренушіге ұсынылған бұл әдіс домбыра аспабында бір шығарманы бір
аптада үйренуге үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
07.01.2021
1008
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі