Материалдар / Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
585
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Мухтарбеков Нурлыбек Адилбекулы

ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы

«Қ.Билялов атындағы гимназия» КММ Тарих және география пәні мұғалімі



«Шебер дипломат өз ісінде маңызды атаулардың бәрін екінші дәрежедегі нәрселерден тап басып ала алады, және де майда-шүйде де ештеңені бүкпейтін қарапайым адам бола тұрып, маңызды мәселеде сыр шашпайтын табанды жанға айналады».

Ф. Честерфилд.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1997 жылы Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялады. Осыған орай тарихымыздың көленке беттері қайтадан ашылып, елеусіз, ескерусіз келген халқымыздың біртуар азаматтарының көптеген еңбектері жөнінде біле бастадық. Олардың еңбектері көп зеріттеуді қажет етеді. Ал біздің шарықтап көкке желбіреткен еліміздің тарихы тереңде жатыр. Тарихқа үңілмей, болашаққа жол тарту мүмкін емес. Қазіргі осы күнге жету үшін қандай бұралаңдаған жолдар өткенінбілу жас ұрпақтың міндеті деп білемін. Ал біз жас ұрпақ халқының басына душар болған азап пен қорлықты сезіне білген қайраткерлерімізді танып-білу, оларды мақтан тұту міндетіміз. Бұл жағдайда елі үшін қабырғасы қайысып еңбек еткен, сондай әрекеттері үшін Мәскеу билеушілеріне ұнамай, өмірлері ерте қиылып кеткен Алаш азаматтарының өнегесі таудай тірек бола алады. Осылайша, қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын жақындатуға, оның іргетасын қаласуға сонау өткен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарындағы аянбай еңбек еткен, қыруар жұмыс жасаған А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейқанов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқай, С. Садуақасов, Т. Рұсқұлов т.б. көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бел ортасында жүрген біртуар азамат, аса көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым-ағартушы, тұңғыш кәсіби дипломант, артында өшпес құнды мұра қалдырған –Нәзір Төреқұлұлы Төреқұловты айтуға болады.

Сол сияқты және тоқтап кететін мәселе 1937 жылдың қырғынында осынау қазақтың қаймағы болған арыстарымыз барлығы дерлік қуғын-сүргінге ұшырап, басым көпшілігі ату жазасына кесілді. Ажалдан аман қалғандарының өзі ұзақ жылдар бойында ескерусіз қалдырылды.
Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай «Қазір тарих бетін ақтарып қарасақ, қазақтар біздің ғасырдың 20-30 жылдарында да айдалада бостан босқа қырыла бермепті, саяси жүйеге қару алып күресіпті. Сталиннің бұғауына қарсы Қазақстанның шартарабында ашықтан ашық күреске шығыпты. Бірақ күштері тең келмепті. Титықтаған халықтың бір бөлігі амалсыз көніпті, бір бөлігі туған қонысын тастап, шетке ауып кетіпті.

Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды». [1, 3 б.].

Республика баспаларынан жарық көрген кітаптар мен журнал беттерінен Нәзір Төреқұлов туралы тың деректерді аз кездестіреміз. Оның қоғам қайраткері ретіндегі өнегелі өмірі туралы айтылып та, жазылып та жүр. Кезінде көптеген деректер бұрмаланып, Орта Азия елдерінің тарихында өшпес жұлдыздай із қалдырғн азаматтардың есімі ұмытыла бастағаны да бекер емес, сол сияқты Н. Төреқұловтың қоғамға сіңірген еңбектері халқына кештеу жетіп жатыр, әлі де болса толық анықталмаған еңбектері жоқ емес.

Н. Төреқұлов қазақ тарихында бұрын-соңды ақпараттық басылымында атын атауға тыйым салған мемлекет қайраткерінің бірі. Ол да бірнеше қазақ зиялыларын сияқты «Тап жауы» атанып, жазықсыз жалаға ұшыраған.

Атап айтсақ, Патшаның 1916 жылы 25 маусымдағы жарлығы бойынша қара жұмысқа алынған отандастарының арасында үгіт жүргізу үшін оқуын тастап, Батыс майданға кеткен Минск қаласының маңында Орта Азия мен Қазақстаннан барған жастардан «Еркін дала» атты жасырын ұйым құрды.

Қоқанда шыққан «Халық газетіне» мақалалар жазып, тілегі бір, мұңы бір халықтың тағдырын бірігіп шешу мақсатында өзбек әдебиеттерінің классигі Х. Ниязимен бірге революциялық жұмыстар жүргізді.

1921-1922 жылдары түркі тілдесхалықтардың жазуын латын әліппесіне көшіру туралы Орталық комисия мүшесі болды. Бұл мәселеде де қазір қайта қолға алынуда.

1928-1936 жылдары КСРО мен Сауд Арабиясы арасындағы елшілік қызметін атқарған.

Н. Төреқұлов-кең ойлана білген азамат, білікті тұлға. Ол өзіне берілген тапсырмаларды орындап қана қоймай, басына тиімсіз болып тиетін жұмыстарға араласа білген азамат. Өзінің көзі жетіп, көңілі сенген мәселелерді іске асырудан тартынбаған, қиындықтан қорықпайтын кемел қасиеттерге толы кісі екендігі жасаған еңбектерінен көрініп тұрады. Оның тағдыр кешулері өзімен тұтас даңқты қазақ қайраткерлерінен өзгешелеу екендігін көрсетеді.

Қолдағы бар деректерге қарағанда Н. Төреқұлов Сыр бойындағы Түркістан өңіріндегі Қандөз ауылында 1892 жылы дүниеге келген. Ол жастық шағын Қоқан қаласында өткізді. Алғаш мұсылманша хат таниды. Қаладағы 8-жылдық коммерциялық училищені бітіреді. Жасынан зерек Нәзір бұл жылдары түрік, арап, парсы, орыс тілдерін меңгерумен бірге Шығыс әдебиеттері тарихын терең оқып, біледі. Әсіресе «Құран Кәрімде» жатқа айта білген. [2, 4 б.].

«Өз өмірін өз қалауынша құру құқысынан айырылған тәуелді халықтар, төл тарихына да империялдық күштердің көзімен қарауға тиісті болды. Сондықтан да қазақ қазақ тарихындағы ұлт-азаттық көтерілістерге, «феодалдық-монархиялық», жалпы ұлттық қозғалыстарға «буржуазиялық-ұлтшылдық», жеке немесе топтық қарсылықтарға «ұлттық ауытқушылық», халықтың өз қарапайым құқықтарын қанағаттандыруын талап еткен ұсыныстарға «қазақ ұлтшылдығы» сияқты өмірлік шындықтан алшақ, туптеп келгенде ұлттың өз азаттылығына деген табиғи ұмтылысын тұншықтыру мақсатынан туындаған айыптаулар тағылды». [3, 6 б.].

Қазақ дипломатиясының көшбасында қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының саяси өміріне белсенді қызмет жасаған Нәзір Төреқұлов тұр. Ол ХХ ғасыр таңымен таласа қазақ халқының, егемендігі жолында күрескен ер, қажымас қайраткер.

«Қайсыбір мемлекетке қатысты саяси бағдарымыз көбіне оның кімнің әрі қалай жүзеге асыруына қатысты келеді. Бұл ретте КСРО- ның Сауд Арабиясындағы өкілетті елшісі Нәзір Төреқұловтың орны айрықша екендігі даусыз. Сол жылдардағы басшылықтың Ислам жүрегіндегі өз өкілі ретінде біріншіден діни нәзіктікті тереңінен түсінетін,екіншіден аса зиялы, бөлімдер, революция ісіне адал, мемлекет қайраткерін дұрыс таңдаған кадр саясатын атап өтуге міндеттіміз. Бұл өзін толығымен аяқтаған таңдау еді. Нәзір Төреқұлов 8 жыл бойына өз елін Сауд Арабиясына лайықты таныта білді.Бұл сол уақыттағы рекорттық мерзім»,-деп көрсетті Академик-Е.Н. Примаков [6].

КСРО Орталық Атқару Комитеті Президиумының қаулысымен 1927 жылы 15-желтоқсанда Н.Төреқұлов жоғарыдағы төтенше өкіл болып тағайындалды. Дегенмен тағайындалған орнына ол сегіз айдан кейін ғана аттанды. Қаулыға қол қойғанына көп уақыт өтіп кеткенін ескертіп, сыртқы істер халық комиссариаты олтуралы баспасөзде ресми жариялаудан бас тартты. Қалай дегенімен де агреман алынғанынан және тиісті дайындықтан кейін пиджаз, неджд және қосып алынған былыстар каролдігіне жаңадан тағайындалған өкілетті өкіл 1928 жылы 26-шілдеде де «Ленин» теплоходымен Одессадан Стамбулға, одан Неапольға аттанып, «Франчески Криапи» параходымен 29- қыркүйекте Жәддаға аман-есен жетті [11].

1928 жылы Кеңес үкіметі Нәзір Төреқұловты пиджазға (Сауд Арабиясына) бас консул етіп жіберген тұста елді басқарған Ибн Сауд пен ағылшындардың арасындағы жағдай тым асқындап кеткен еді. Ағылшындар Саудияменшекаралас тайпаларды қайткен күнде де Саудқа қарсы айдап салуға күш салып баққан. Олардың мақсаты Саудты өз дегеніне көндіру, елді бүлдіру еді. Кеңес үкіметі бұл тұстағы мақсаты Саудттың басқада Шығыс елдерімен жақындаса түсуіне ықпал жасау болатын. Бас консул Нәзір Төреқұловқа мынандай міндеттер жүктелді:

1. Хиджаздың өзімен шектесе елдермен, сондай-ақ Англиямен Иеменмен қарым-қатынасы халқаралық тұрғыдан бағамдау. Сонымен қатар парсы-Пиджаз қарым-қатынасына тұрақты көңіл бөлу.

2.Пиджаздың ішкі жағдайы,ең бастысы үкіметпен елді мекендеген тайпалардың қарым-қатнасы. Үкіметтегі өзгерістер, олардың саяси мәне.

3. Хиджаздағы біздің жағдайымыз, мұның болашағы, саудадағы алыс-берістің одан әрі өрбуі т.с.с.

Осында қызмет атқарған уақытында Алаштың аса дарынды ұлының анау-мынау емес, дипломатиялық корпус арасындағы ең жоғарғы дәреже Арабстандағы барша мемлекеттен келген елшілердің құрметті төрағасы-«Дуайні» болған. Араб жерінде ол құрметпенқарсы алып, төрт күннен кейін 3- қарашада Меккеде королдің ұлы мұрагері Фейсалға сенім граматасын тапсырды. Корольдің өзі Абдел Азиз Ән-Сауд Нәзір Төреқұловтың тағайындалуы туралы М. Калининнің 1928 жылы 9 маусымдағы жарлығына кеңестік миссияның жаңа басшысы Сауд үкіметі мен Корольдің жеке өзінің тарапынан «екі елдің арасындағы дайын байланыстарды нығайту үшін құрметке барынша жақсы қатынасқа бөленеді», деп жауап берді. [4, 16 б.].

Толық өкілетті елші кезіндегі сегіз жыл бойы Н. Төреқұлов КСРО мен Сауд арабиясы арасындағы Қарым қатнасты, қазіргі тілмен айтқанда, стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткізуге тырысып бақты. Шығыстың сырын жақсы білетін ол КСРО-ның Араб түбегіндегі тұғырын түзеп, бекемдей түсу көбіне-көп өзінің король отбасымен, Әбден Әзиз Әл-Саудтың тікелей өзімен және оның мұрагері Ханзада Фейсалмен Қаншалықты дос-жар, ашық-жарқын қатынас жасай алатынына байланысты екенін жақсы бағалайтын.

Араб жерінде бір жыл істегеннен кейін оның дипломатиялық мәртебесі өсірілді, КСРО Орталық Атқару Комитеті оны «Ұлы мәртебелі король жанындағы төтенше елші және толық өкілетті министр» етіп тағайындады. 1932 жылы 26 ақпанда Меккеде Н. Төреқұлов Ханзада Фейсалға өзінің жаңа лауазыммен тағайындағанын растайтын сенім грамотасын тапсырды. Осында екі жақ тарапынан сөйлеген сөздердің ауымы мен мән-мағынасы өзара іш тарту мен сенім деңгейі аз ғана уақыта мықтап өскенін анық аңғартады.

Нәзір мәртебесін өсірудің, шындығында жаңадан тағайындаудың мақсаты екі жақтың да тілегіне лайық достық қатнастарды нығайтып, күшейте түсу болғаны айқын. Өз сөзінде Н. Төреқұлов король отбасымен өзінің жеке қарым-қатнасын қадір тұтатынын ерекше атап айтуды жөн деп білді. Әлбетте, өз еңбегігің осынша бағалануына Н. Төреқұловтың қолы оп-оңай жеткен жоқ. Өйткені не ғұрлым жоғары дипломатиялық мәртебе оның алдынан ел өкіметінің ең жоғарға буындарының есігін шалқасынан ашқанымен, ол мәртебе манархпен, оның ет бауыр туыстарымен, оның ішінде болашақ король Ханзада Фейсалмен бейресми, сырлас-силас қатынас жасаудың рұқсат қағазы емес-ті. [8, 15 б.].

Королдің еңықпалды кеңесшілерінің бірі Юсиф Ясин еді. Н. Төреқұловтың онымен кездесуін сыртқы істер министірінің міндетін атқарушы Фуад Хамза ұйымдастырды. Өйткені өкілетті елші жұмысқа кіріскен бойда онымен іскерлік, жақсы қатынас орната алып, бір-бірімен толық түсінісіп кеткен. Сондай-ақ, Төреқұловқа әуелі корольге ресми, ештеңе міндеттей қоймайтын «тек құрметімен сыйлайтын» сәлем беріп, манархпен егжей-тегжейлі мазмұнды әңгімені Ясинмен кездесуден кейін өткізуді ұсынған осы Хамза болатын.

Король сарайымен байланысты бекіте түсуі үшін Н Төреқұловтың шын мәнінде мұсылман болғандығының маңызы ерекше еді. Бұл оның Меккедегі емін-еркін барып келе беруіне жол ашты. Шынында да, дипломатиялық өкілдіктен, король сарайы негізінен Әл-Рияд пен меккеде орналасқандықтан, батыс дипломаттарының көпшілігі үшін корольмен, оның маңындағылармен тікелей араласып-құраласуы оңай емес еді. Олардың біреулері манархтың жәддаға оқта-текте бір соғып кетуін сарыға күтсе, енді біреулері жоғарыда айтылған Филби секілділер-ислам дініне енеді. Осы факт өкілетті елшінің назарын бірден аударып, мұның жай жапсарымен Мәскеуді бірден хабардар етті. «Ислам дініне кірген бойда Филби Меккеге жүріп кетті». Лондон эмиссары ықпалының әлсірей түсуі, сондай-ақ нақ сол тұста Н. Төреқұловтың дипкорпус дуайені деген құрметті мансапқа ие болуының оны король отбасына бұрынғыдан да жақындата түсті.

Н. Төреқұлов корольмен және ханзада Фейсалмен кездесу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып бақты. Елшінің күнделіктерінде төмендегідей жазбалардың ұшырасатыны кездейсоқ емес:

«Мекке мен Жәдда арасындағы Вада Фатижадағы салтанат. Салтананатты дипкорпус атынан Н.Төреқұлов араб тіліннде құттықтау сөз сөйлейді. Онан кейін Банд ағылшын тілінде құтықтады»... «Елші мен хатшы сенім грамоталарын тапсыу үшін Меккеге жүріп кетті. Одан түнде оралды»... «Мұсылман мейрамына байланысты Мекке мен Жәддадағы достар мен таныстарға 100 құтықтау карточкасы жөнелтілді»... Король Жәддаға келді. Шетелдік өкілдер түстен кейін қабылданды [12].

Нәзір Төреқұлов біліктілігінің арқасында тұра сала, қызметін меңгеріп, Жергілікті саяси жайсаңдармен, ірі саудагерлермен өзара қатынастар орната алды. Бұл орайда мынандай фактіге тоқтала кеткен жөн. Бұрын араб тілінде арнайы оқымаған Н. Төреқұлов тез арада оны жақсылап үйреніп алғаны соншалықты, аудармашылар қызметінен мүлдем бас тартты. «Өйтпесем, бірдеңе айтсам, басқаша аударылады да, әңгімемнің мәні айдалада қалады», деп жазды Нәзір Төреқұлов. Оның Араб тілін меңгергені соншалық, ғұламалармен дін тақырыбына еркін сөз жарыстыра алатын да, салтанаттарда король мен оның төңірегіндегілердің алдында да дипломатиялық корпус атынан да сол тілде көсем сөйлей беретінін жоғарыда айтып өткен болатынмын. Араб тілінжетік менгеріп білу оны Еуропалық дипломаттардан жоғары қойды, араб сұхбаттарынның құрметіне бөленді. Ал, Европалық дипломаттар бұл тілден мүлдем хабарсыз еді. Тағы бір айта кететін жайыт ыртқы істер халық комиссариатына алғашқы хаттарының бірінде Нәзір Төреқұлов институтының студенттерін Хиджазға бір жылға стажировкаға жіберуді ұсынып, оны «тек араб тілін білу жұмысқа жеткіліксіз екенін дәлелдейді», «Құран тілінде бұл арада бір қарап сіріңке де сатып алмайсың», «Ал біздің оқу орындарында бейнелеп айтқанда арабистерді емес, әруақыттары және періштелермен ғана сөйлесе алатын құранистерді даярлайды»-дейді.

Мәскеуде бір хабарларында Н. Төреқұлов Ясинмен Хамзаман кездесулері мен әнгімелері қажетті даярлық болғанын, онсыз корольмен әңгімеге бел шеше алмастығын ашық жазды. Король мені жылы шыраймен қарсы алды, Фуад пен Түйметов жолдас болды. Өз мәселелерімізді корольге Ясинмен әңгіме кезіндегі ізбен баяндап бердім, бірақ ашщылау тұсын жұмсартып, саяси мәсалалерді басыңқырап айттым. Сол баяғы үш тармақты-келіссөз туралы, уақытша статус және эквиваленттер туралы мәселелерді көлденең тарттым. Корольдің жауабы манадай: ол өзінің, Сауттағы мемлекетін брінші болып таныған мемлекет КСРО екенін ешқашан ұмытқан емес, ұмытпайды да. Ол КСРО мен қатынасын және кеңес үкіметімен достығын әрдайым жоғары бағалап, әлі де солай бағалайды .

Кетер кезімде, король қоштасу үшін ұсынған қолымды ұстаңқырап тұрып, «иншалла, көп ұзамай бәрі де оңдалады»-деді. Мен алғыс айттым. әнгімеміз бір сағатқа созылды. Ал, оның 1929 жылдың наурызында жазған хатында Нәсір Арабиядағы саяси ахуалдың нашарлап кетуіне байланысты, Кеңес-һиджаз қарым-қатнасының шиеленісе бастаған, бізге дұшпандықпен қарайтындардың пайда бола бастағанын ескертті.

Әйтсе де қараша айының соңына қарай жазылған мәлімдемелерде жағдайдың сабасынан түскені, екі ел арасында ынтымақтастық орнағаны жөнінде айтты. Нәзір асқан шеберлікпен Сауд үкіметінің келіссөздің тым созылып кетуіне Кеңес жағынан кінәлағысы келген ниетіне тосқауыл қойды. Сауд үкіметіндегілер уақыты жоқтығын сұлтауратып жобаны жасауға Нәзірдің көмектесуін сұранады. Сақтық ойлаған Нәзір біраз материалдарды ұсынады. Ақыры өз ойын мақұлдайды.

Мұсылмандық жол-жараға жүйрік Нәзір Төреқұлов Европалықтар секілді керек адамын ішімдікпен сыйлап, суық қару ұсынбаған. Мәселен, корольдің өзінен бастап мықты атаулыны тегіс үйіне түсіріп, қонақ етті.

Корольдің өзі санасатын, аса ықпалды тұлғалардың бірі қаржы министірі-Недждік Абдулла Сүлейманды Нәзір Төреқұлов КСРО-мен сауда қатынасын жасауға көндірді. Сауда Келісім-шартының түзілмегенін қарамастан арабтар мұнай өнімдерін алады, сондай-ақ ағаш, күкірт, ұн, қант сатып алшаққа кетеді [12].

Көп кешікпей ақ ел қазынасы жұтай бастайды. 1929-1933 жылдары ғаламды жайлаған экономикалық күйзелістен соң һиджаз табысынан негізгі көзі- Меккеге қажылыққа келушілер күрт азайды. Мәселен, 1931 жылы қажылыққа небәрі 40 мың адам келді, бұл өткен жылдағыдан екі есе аз. Осының салдарынан өкіметтің табысы көзі 500 мың фунт стерлингке кеміген Автотранспорт пайда болғалы, есек пен түйісіп дайындап қажылыққа келушілерге қызмет көрсетумен күнелткен тайпалар тақырға отырып қалды. Ханзада Фейсалдың КСРО-ға сапары кезінде декеліссөз тақырыбы мұнай өнімдерін бұдан былай да беріп тұру мәселесі болған еді. Бұл сапарды Н. Төреқұловтың ең басты саяси жетістіктерінің бірі деп санауға болады. Ал кеңес басшылары осынау шын мәнінде тарихи сапардың барлық иқтимал мүмкіндіктерін пайдалана алмаса Нәзірдің кінәсі емес.

1932 жылы 17- тамызында Әл-Сауд һиджаз және Недж корольдігінің Сауд Арабиясының корольдігі деп атайтын декретке қол қойды. Осыдан кейін Әл Сауд несиеге тауар және қару беруін КСРО-дан сұрана бастағаннан кейін Кеңес жағы бұрынғы мұнай қарызының әліге өтелмегенін сұлтауратып, үзілді-кесілді бас тартты [12].

1933 жылм мамыр айында корольдіктің министірлер Кеңесі мемлекеттік кеңеспен бірге «Жоғара мәртебелі әмір Саудты-ұлы мәртебелі корольді » үлкен ұлын Араб Сауд мемлекетінің тақ мұрагері деп жариялау туралы қаулы қабылданды. Ал бірнеше жылдан кейін тақ мұрагері болып Фейсал жарияланған еді.

Шындығында, Мәскеуде қабылданған Сауд монархының жай ғана ұлы, он жеті жасар –боз бала ғана емес еді. Бұл достас мемлекеттің болашақ корольінің ресмеи сапары болатын Мәскеу бұл оқиғаға тиісінше түсінікпен қарады. Мұны делегатцияның болуы, кездесулері мен келіссөздері жайында дайындалған бағдарламада аңғартады. Едәуір қауырт ресми бөлік аса ауқымды мәден-таныстық бағдарламасымен ұштастырылды.

М. Калилиннің жауабындағы: «біздің екі елдің арасындағы қатынастар бірнеше жыл аса достық және едәуір сипатта болды және сіздің Кеңес одағына келуіңіз біздің елдерді байланыстырып тұрған тамаша көріністердің бірі» деген сөздер де Нәзір Төреқұловтың еңбегін жанама болса да бағалаудың айғағы.

Келіссөзге Сауд жағынан негізгі қатысушылар делегация басшысынан өзге, Фейсалдың қасына еріп келген адамдар, ең әуелі Фуад Хамза болатын. Үлкен театрда «Севль шаштаразы» операсының қойылымы кезінде оның Л. Караханмен сұхбаты өтті және кеңес сауд қатынастарын дамыта түсу тұлғасынан келген ең принципті әңгіме секілді. Л. Қараханның өз сөзі бойынша Ф Хасизза Хиджазға кеңес кредиті берілген жағдайда «біздің тауарларымыз үкіметтің беделінің арқасында өтетін, үкіметтің өзі кеңес тауарларын өткізуді ұшталаты, Хиджаздықтар бізден астық қант, керасин, бензин, сіріңке, қару алғысы келетін» әлелдеп бақты.

Кеңес үкіметінің Л. Қарахман білдірген көз қарасы айқын еді: кредит беру саяси шарт жасаумен тығыз байланыстырылды, ал кредит туралы келісім шынтуайтында саяси келісім [11].

Сонымен, король Әбден Әзиз әл-Саудтың ұлы ханзада Фейсал басқарған Төтенше дипломатиялық эмиссия Мәскеуде 29 мамырдан 7 маусымға дейін болды. Делегация сондай-ақ күні Ленинградты аралап, 7 маусым күні Түркияға жүріп кетті. Мәскеудегі келіссөз кезінде миссия КСРО үкіметінің Сауд жағынан 10 жыл мерзімге жалпы жиынтықбір миллион фунт стерлинг тұратын тауарлы кредит беруі туралы мәселе қойылды. Миссияға достықты сауда туралы шарт жасалғанға дейін КСРО үкіметі бұл мәселені талқылау ыңғайсыз деген мағынада жауап берілді. Соған қарамастан, протокол сақталып екі жақты сапар өте сәтті болды деп танылады.. Н.Төреқұлов Жәддәдан сыртқы істер халық комиссариатына «хиджаздың ұлы мәртебелі корольі Кеңес үкіметіне әмірі Фесалды дос көңілімен қабылдағаны үшін алғыс айтады» деген жедел хат жолдады. Сапар қорытындысы бойынша «шарттасушы мәртебелі жақтар өзінің экономикалық қатынастарында кемсітудің қандай түрінен де бас тарту» ниетімен жігерленеді. «Шарттасушы жақтар екі мемлекеттің арасында экономикалық байланыстарды дамытып, кеңейту мақсатымен көп ұзамай сауда шартын жасау жөніндегі келіссөзді бастауға келіседі» [12].

Фесалдың КСРО-ға сапарының және Н.Төреқұловтың Сауд Арабиясындағы одан кейінгі жұмысының тағы бір нәтижесі арт-Тарифта АТС орнатылып, пайдалануға берілген еді.Бұл Сауд мемлекетіндегі тұңғыш станция еді және оны орнатып, пайдаланудың ешқандай тәжірибесі жоқ болатын. Почта,телефон және телеграф директоры Абдулла Казим Кеңес елшісіне өзінің жергілікті кадрларымен АТС – ы орната алмайтынын хабарлап, инструктор шақыруды өтінеді. Егер Н.Төреқұлов 1934 жылы «Красная зарянның» инженері В.Шитовтың Сауд арабиясына іс-сапар жасауына қол жеткізбесе, қымбат сарайдың бір түкпірінде ұзақ жылдар бойы іріп-шіріп жата берер еді... В.Шитов өзінің іс-сапары жөніндегі есебінде «...автоматты телефон бойынша алғашқы әңгімі Араб Сауд мемлекетінің корольі мен КСРО елшісі Нәзір Төреқұлов арасында өтті. Бұл сөйлесу станциясын іске қосудың басы болды» деп жазады. Оның үстіне, Нәзір Төреқұловтың монархпен, оның мұрагерлерімен ұдайы кездесіп тұруы, бұл орайда корольдің шетелдіктер мен қауышуы шектелген жергілікті ерекшелікті ескерсек, оның маңайындағылар мен мемлекет шенеуліктеріне Кеңес елшісінің қас-қабағын бағып жүріңдер деген анық ескерту де еді.

Жоғарыда қамтылған барлық оқиғалар ең алдымен Нәзір Төреқұлов еңбегінің жемісі болатын.Олар, сөзсіз өз елінің елшісі ретінде оның атқарған сан-саладағы жұмысының дипломатиялық еңбегінің шыңына айналды. Экономика саласында нақты нәтижелер көріне бастады, таяу болашақта елеулі пайда беретін өзара ынтымақтастыққа даңғыл жол ашылды. Әлбетте, елшінің сөзімен айтқанда ахуал «едәрір шетін» еді, Саудтықтардың ұсыныстарының бәрін бірдей таза алтын деп қабылдауға болмайтын оның қаупі бар еді. Нәзір төреқұлов 1933 жылдың басында мәскеуге жолдаған жазбаларына сөз жүргізудің өзі жеткілікті « бізге жекелеген адамдар мен топтар ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстары мен топырлап келіп жатты. Олардың кейбіреулері бізбен шынындада істес болуға, енді біреулері өздері үшін аты шулы делипинк қаупі жоқтығын суртпақтан сұрап, біліп алуға келеді. Көпестер арасында үрей дүрбелеңі олардың «жекеше сипаттағы» бірқатар кеңестер өткізуіне алып келді, оларға ірі шипотерлер өз қатарын өздеріне төнген «қауіпке» қарсы біріктіріп жаңа жағдайда өз мүдделерін қорғаудың жолдары мен амалдарын белгілеуге тырысты.

Таяу Шығысқа ықыласы күрт бәсеңдеген Кеңес өкіметі 1936 жылдың қаңтарында Нәзір төреқұловты қайтарып алды.

Нәзір Төреқұлов – кеңес мемлекетінің тарихында өкілетті елші болған тұңғыш қазақ. Ресей империясында да, кеңес Одағында да оған дейін Орталық Азияның бірде-бір өкілі елші болып тағайындалған емес. Осы кезде, кеңес одағының шетелдегі елшілердің ұзын саны 32-ақ адам болған. Толық өкілетті елші қызметіндегі жыл бойы Нәзір Төреқұлов КСРО мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым –қатынасы стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткізуге тырысқан.

Н.Төреқұлов « Сауд Арабиясынан келген соң, көп ұзамай халық жауы» деген жаламен отқа ұшқанын, оның нақақтан аяусыз жазаланғанын естіген король мен оның төңірегіндегілер қатты күйінген. Қалай десек те, дипломатиялық каналдар арқылы, король басқа өкілетті елшіні көргісі келмейтінін аңғартты. 1938 жылдың сәуірінде сыртқы істер халық комитеті Сауд Арабиясына хат жолдап, онда Кеңес-Сауд қатынастарын таяу болашақта жақсарту мүмкіндігін көре алмай отырғандықтарын Мәскеу корольдікпен байланысын доғарып отыр, Жәддадағы елшілігін жабуға шешім қабылдады деп мәлімдеді. Сол жылдың 11- қыркүйегінде Кеңес комиссиясының сонғы қызметкерлері Сауд Арабиясынан біржола аттанып кеті. Екі елдің арасындағы «үзіліс» 1990 жылға дейін созылды

Н. Төреқұловтың орталыққа жазған жазбалары, күнделіктері, әнгімелерінің көшірмесі, саяси есептері, тағы басқа құжаттары 20-жылдардың соңы мен 30шы жылдыңбасындағы Кеңес-Сауд қарым-қатынасының қалыптасуы ен дамуы жайындв жан-жақты мағлұмат берілді.

Құжаттың тамаша жазылу стилі, баға берудегі дәлдік сараптаулардың егжей-тегжейлігімен нақтылығы қазақ елшісінің Кеңестер Одағының ішкі-сытқы саясатының ерекшелігінің барынша нәзік сезінетін жоғары деңгейлі маман екендігін айғақтай түседі.

1936 жылдар арасында Сауд Арабиясы жерінде қызмет етумен байланысты сегіз тілді жетік білуі, сыналған мемлекет қайраткері ретінде танылуы нәтижесінде оған ең жауапты міндет жүктелген, оның бәрінде Нәзір Төреқұлов тындырымды орындай білген. Сауд Арабия жерінде консулкейін елші қызметін атқарғандада ұятқа қалып та, қалдырып та көрмеген. Кеңес мемлекетінің сыртқы саясатын жүзеге асыруда екі ел арасында саяси және сауда қарым-қатынасын нығайтуға барынша үлес қосқан [12].



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Бердібай Р. Халықтың дара перзенті // Ақиқат, 2001-№10

  2. Нәзір Төреқұловтың шығармалары // Алматы 1997ж

  3. Сахабат, Сәрсен Бек. Төреғұлдың Нәзірі// Алматы.Өркениет 2003-320б

  4. Мансұров Т. А. Елші Н Төреқұловтың Арабия дастаны // Масква

2002ж.

  1. Сарыпбекова З. «Төреқұловтың қоғамдық саяси қызметі». // Алматы

2004ж

  1. Сәрсен Бек Сахабат. Төреқұлов Нәзір. Алматы: 2003ж-241 б.Әбдізұлы Қ. «Алаш перзенті» // Егемен Қазақстан 2007ж 3-тамыз

  2. Қ. Тоқаев. "Қазақстан Республикасының Дипломатиясы" «Алматы» 2002ж.

  3. Т. Мансуров Н. Төреқұлов. Апматы: Қазақстан 2005

  4. Н. Төреқұлов шығармалары. Шымкент: 1996

  5. Г. Тілеуқұлов «Жазықсыз жазаланған тұлғалар» Ташкент: 2000ж.

  6. Т. Мансуров. «Н. Төреқұлов» Алматы, Қазақстан 2005ж.

  7. «Н. Төреқұлов Ғибадатты ғұмыр» Алматы. 2005ж // Қазақстан баспасы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!