Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ!»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
«Семей» Медициналық колледжі» мекемесі
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Бекітемін
«Семей» Медициналық колледжі мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
____________ Рахимгалиева П.С.
«_____»________________2018ж.
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Студенттерге арналған
Наурыз мейрамының бағдарламасы
«НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ»
Ұйымдастырушылар: Советбекова Г.Е.
Байскакова А.Е.
Семей қ.,2018ж.
Сценарий тақырыбы: «НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ»
Сценарий мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сценарий көрнекілігі: киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.
Сценарий барысы:
Жүргізуші: - Армысыздар, құрметті қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Ведущий: Наурыз, наурыз! Великий день,
В великий день и все велико.
Все вокруг теплеет,тает
Наурыз, наурыз! Великий день
В великий день и все велико.
Все ходят в гости, поздравляют
Добра, тепла и радости желают.
Дорогие гости, преподаватели, студенты! Поздравляем Вас с праздником Наурыз!
Жүргізуші: Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Ведущий: Сегодня замечательный день — праздник пробуждения новой жизни, праздник мира и весны. Наурыз — праздник весеннего равноденствия, когда, наконец-то, после долгой зимы, светлое время суток становится равным темному по своей продолжительности, а потом начинает неуклонно увеличиваться.
Жүргізуші: Кұрметті конактар! Наурыз мерекесіне орай
ұйымдастырылып отырган іс шарамызда казактын салт дастурлерін
көрсету аркылы сайыс турінде өтеді. Алдарыңызда 6 ауыл салтанат
құрып отыр. Бүгін осы 6 ауыл мынадай сайыстар бойынша сынға
түседі:
Сайыс екі кезеңнен тұрады:
Бірініші кезең- Қазақтың салт дәстүрлері
Екінші кезең – Ұлттық тағамдар
Ведущий: Сегодня мы соприкоснемся с традициями и обычаями казахского народа. Каждая команда получила домашнее задание. Всем участникам необходимо проявить творческий подход и, конечно, интеллект.
Жүргізуші: Сайыста «Достық» ауылы, 1 леч А тобы
«Мухамеджан Қарабаев» ауылы, 1 леч В тобы
Ведущий: Группа 1 леч С «Қалбатау» ауылы
Группа 1 мс А «Баянауыл» ауылы
Жүргізуші:«Бірлік» ауылы , 2 леч 1к тобы
«Абай» -ауылы, 2 мс А тобы өнер көрсетеді.
Ведущий: Жюри оценивает тематику и оригинальность выступления.
Максимальный оценочный балл -10 балл.
Жүргізуші: Олай болса казылар алкасымен таныс болайык
Ведущий: Учредитель «Медицинского колледжа «Семей»- Абишева Клара Мусахановна
Жүргізуші:Директордын оку ісі жөніндегі орынбасары- Жакашева Гүльмира Сериковна
Жалпы және гуманитарлық пәндер бірлестігінің төрайымы - Айтбаева Гүльбану Шаймерденовна
Жүргізуші:
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Ведущий: Встречайте перед вами студентка группы 2 леч А Бақытбек Гүлім с песней «Домбыра»
Ведущий: Для казахов праздник «Наурыз» является символом весеннего обновления, торжества любви, плодородия и дружбы. В старину до прихода Наурыза люди приводили свои дома и хозяйство в порядок, в честь праздника сажали деревья и цветы.
Жүргізуші: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады. «Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қызыр Ата келе жатыр дейді.
Ведущий: По народный преданиям на Наурыз приходит к народу Кыдыр баба- пророк который приносит людям счастье и благоденствие.
Жүргізуші: Олай болса Кыдыр атамыз қолдап жүрсін деп, батасын алайық
(На сцену выходит Кыдыр баба и дает свое благословление – бата на казахском языке.)
Кыдыр ата:
Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Жүргізуші: Рахмет ата. Төрден орын алыныз.
Жүргізуші: Бауырласқан тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр менен салтымыз, - дей отырып бірінші кезеңді бастайық.Әрбір ауыл өздері дайындағын салт дәстүрді көрсетеді
Ведущий: Встречайте перед вами группа 1 леч С, «Қалбатау» ауылы, Обряд - Сырға салу, құда күту
(1 леч С)
АРИНА: АЛАКАЙ! АЛАКАЙ! АЛАКАЙ! Анашым, Әкешім құдалар келді!
АЖАР: Армысыздар Құдалар! Баскан қадамдарыңызға гүл бітсін, нұр бітсін! Басқан қадамдарыңыз оң болсын!
ДИЛЬНАЗ: Қош келдіңдер, Құдалар!
ДИАС: Қош көрдік. Амансыздар ма? Ал бәйіпше, арқанымызды кесейік.
ДАРИНА: (Ажар мен Дильназга карап) мыңа орамал сіздерге арналады, осы орамалдай жолымыз ақ болсын!
ВИКТОРИЯ: ШАШУ! ШАШУ! ШАШУ!!!!!!!!
ТАТЬЯНА: Шашу жинайық (Құдаларға қарап) Ендеше не тұрыс, төрлетіп дастарханға жайғасайық!
МУХАТДАМ: Төрлетіңіздер! Отырыңыздар! Ал, Ақсакал атамыз дастархан батасын берсеңіз.
ДИЯС: Бата берсем берейін, ендеше қол жаяйық. (Бата)
Асың,асың,асыңа
Береке берсін басыңа!
Бөденедей жорғалап
Қырғауылдай қорғалап
Қыдыр келсін қасыңа!
Сенен байлық өтпесін
Тәңірі берген берекең
Тепкілесе кетпесін
Желіңнің екі шетіне
Тай шаптырса жетпесін!
Әумин!!!
МУХАТДАМ: Дәм алып отырыңыздар құдалар! (стол басында әнгімелесіп отырады)
МУХАТДАМ: Бос отырмай көңілды ән орындап ортырайық. («Көзімнің қарасы»)
МУХАТДАМ: Ал енді келген себептереіңізді айтып отырыңыздар.
ДИАС: Келген себебіміз, бізде ұл бар, сіздерде қыз бар дегендей, екі жас бір-бірін жақсы көреді. Сол екі баламыздың бақытына ортақтасайық деп келіп отырған жағдайымыз бар.
МУХАТДАМ: Келген себептеріңіз осы болса, қызымызды жеңгелерімен ортаға шақырайық. Қызым бері келе ғой.
ТАТЬЯНА: Құдаларымыз қызыма сырғасын салсын.
ДАРИНА: Айналайын келінім бақытты бол! (сырға салу, мандайынан сүю) Келінім емес, қызымдай сені көретіндей болам. Айналайыным! (Барлығы кыздың мандайынан сүйеді)
ДАРИНА: Жеңгелер мынау сіздердің көрімдіктеріңіз. (Екі жеңгеге орамал беру) УУУААА, Құда, құдағилар! Ата – бабаларымыздың салт – дәстүрлерін ескере отырып, сіздерге арналған кішігірім қоржынымыз бар. Ортаға келіп, сол қоржынды ашайық.
ДАРИНА: Мынау бас құдаға (Тақия). Мынау қызымыздың анасы, менің құдағиыма алтын білезік. Қалғандарын өздеріңіз осындай той болсын, жұғысты болсын деп ала жатарсыздар.
ТАТЬЯНА: Рақмет құда – құдағилар! Ал енді екі баламызға төрдегі атамыздан бата сұрайық.
ДМИТРИЙ: Ата - ата, бата беріңіз.
ДИЯС:
Шаңырақтарың ашық болсын,
Босағаларың берік болсын
Бау – бақшаларың өрік болсын
Басыңда дәйім,
Құлпырған құндыз бөрік болсын
Ақ жүзіңде жарыңның,
Ақ кимешек көрік болсын
Құдай қаласа.
Көп ұзамай жерік болсын
Торсық шекелі ұл тауып
Ол өзіңе серік болсын
Әумин!!!
Жүргізуші: Алдарынызда 1 мс А тобы, «Баянауыл» ауылы, Кыз узату, сынсу айту салт дастүрі
(1 мс А)
Мақсаты: Қазақтың мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы білім алушыларға түсінік беру; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу; ұйымшылдылыққа, өнерге баулу;
Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі.
Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жұртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын кыздың сіңлілерімен не жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. Сыңсудың өлеңін ақындар немесе қыздардың өздері шығарған. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа өзінің мұңын, қайғы-қасіретін жеткізген. Сыңсуда қыздың жеке басының мұңы әлеуметтік мәселелерімен ұштасып, ескі әдет-ғұрыпты әшкерелеумен қатар қоғамдық ортаның, азаттық аңсаған әйелдер көзқарасы білдірілген. Сыңсудың өлеңі құрылысына қарай 7, 8, 11 буынды болып келген. Қазіргі кезде негізінен қыз ұзатылып кетіп бара жатып, туған-туыстарымен қоштасу барысында айтылады. Қыз өзінің ішіндегі бар сағынышын шығарып, жұртына кетеді.
Барысы: Таныстыру.
«Сыңсу» рәсімінің көрінісі.
Таныстыру. Нұғманова Анар : Армысыздар ағайын! Жыл басының мейрамдарының бірі Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – ұлы махаббаттың, жақсылықтың, көктемнің оянуы мен жаңаруы.
Нұрбеков Рахат: Ұлыс оң болсы, ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын! Апа әжелеріміз қайда, шашу шашсын.
Жұмабай Замира: Наурыз құтты болсын! Сіздерге жұғысты болсын! Шашу!
Нұғманова Анар: Бүгін біздің Баянауыл ауылымызда той, біз өзіміздің қызымызды ұзатқалы жатырмыз, қуанышымызға ортақ болыңыздар!
Нұрбеков Рахат: Ал, енді не тұрыс? Тойымызды бастайық. Қыздар қанекей келіңдер! Жүріңіздер дастархан басына отырайық.
Бишілер: Аманханова Балгерім, Куюкова Малика, Мұхаметқалиева Алуа
Нұғманова Анар: Қане қыздар келіңдер, дәм ауыс тиіңдер.
Барлығы бірге: Ақсақал бата беріңіз
Нұрбеков Рахат: Сұрасаңдар бата берейін, қолдарынды жайындар.
Шаңырақтарың биік болсын,
Босағаларың берік болсын,
Бау-бақшаларын өрік болсын,
Басына дәйім, құлпырған құндыз бөрік болсын.
Ақ жүзінде жарынның ақ кимешек көрік болсын.
Құдай қаласа көп ұзамай жерік болсын,
Торсық шекелі ұл тауып,
Ол өзіне серік болсын!
Нұғманова Анар: Қыз мұраты-кету деген, қызымызды шақыруға рұқсат етіңіз.
Нұрбеков Рахат: Бердім рұқсатымды.
Екі жеңгесі қызды алып шығады.
Нұғманова Анар: Ақ жаулығың құтты болсын, құтты болсын қадамың. Тәтті болсын сүйіп тапқан адамың. Оңай емес жатқа келіп, жақын болу жарасу. Ақ ниетпен адал болып бақытты бол қарағым.
Бокешова Мадина: Қойыңыз құдағи жыламаңыз, келінімді өзімнің қызымдай көретін боламын.
Сыңсу
Ведущий: Встречайте перед вами группа 1 леч А, «Достық» ауылы, Обряд – беташар
(1 леч А)
Мақсаты: білім алушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт дәстүрін бойларына дарыту арқылы шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Беташар рәсімі – қазақ халқының үйлену тойының басты ғұрпы. Беташар қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа беріліп сақталып келе жатырған ерекше дәстүрі. Беташар рәсімін өткізуге сөзге шебер, сурып салма ақындығы бар, танымал жыршы жігіт шақырылады. Беташар рәсімінің басты ғұрпы келіннің бетін ашу үшін айтылатын беташар әнінің орындалуы. Беташар рәсімі сән-салтанатты өтілетін отбасылық әдет-ғұрып. Беташар рәсімінің басты мақсаты «беташар әнінің» көмегімен жас келінге ақыл-кеңес беру, жаңа отбасының мүшелерімен таныстыру, осылайша жаңа отбасылық өмірге бейімдеу. Беташар рәсімінен соң келіннің шәй құю рәсімі өтеді. Мақалада беташар рәсімінің аймақтық ерекшеліктеріне талдау жасалады.
Барысы:
-
Таныстыру.
-
«Беташар» рәсімінің көрінісі.
Таныстыру: Жұмаханова Данагүл: Уа халайық «Достық» ауылына қош келдіңіздер. Бұл ауылдың достық деп аталуы қазынасы тасыған бай да, қалтасына қараған кедей де, еңбектеген балаға деиін бір – бірін сыйлап, қайғырғанда қол ұшын беретін асыл жандар. Үлкенді кішіні сыйлаған, достығымыз жарасқан, осы ауылдың жастары ане келе жатыр құдалар, «Досына қарада адамды таңы дейді» мың бұралған бишілеріміздің өнерін тамашалап жіберсек, бұл ұлан асыр тойдың бастау болғай.
Бишілер: Жұмаханова Данагүл , Асан Дариға, Қабдешова Алқа.
Шаңғали Елжас (Акын ): Асалаумағалейкум көпшілік амансыздар ма.
Керегелеріңіз кеңейіп әулеттерініздің бір адамға көбейіп жатқандары құтты болсын. Келіннің бетін ақын ашсын деген екенсіздер ал ендеше бастайық.
«Беташар» жыры
-
Олжекендей ақсақал ауылымыздың биеді. Жұрт қарайды Олжекене сүйеніп. Олжекендей атаңа бір Салем сал енді келін жан. Атасы; Олжас – Ал енді саған бір Жылқы атайын.
-
Сыйлай білген Енеңді сыйлағандай анаңды. Алтыннан қылар шағанды, көтерер сенің бағанды, осы кісіге бере сал бірінші тапқан балаңды.
Бір емес енді екі емес мың рет Салем салғайсын, қуантшы қане қуантшы Диларадай анаңды. Енесі: Дилара –Жүзік тағады
-
Ал үйінде тыныш тұрмаған кім болсада тынбаған, тың болсада тынбаған осы ауылдың жылқысын үйірімен үрлаған кетер деп бәлкім тізеліп ҚАЙЫН ағанды сынадым. Қанекей Тілектей қайын ағаңа бір Салем сал шырағым.
-
Дина, Асел, Ельдана, Адия, Гүлім, Қайын апайлары мен – Қайын сіңілдеріне бір Салем.
Шаңғали Елжас (Акын ): Ал Енді Енесі келіннің бетін ашсын. Олжакеңнен Бата сұрайық.
БАТА:
Қос аққудай көлдегі ,
Қызғалдақтай белдегі.
Бата берем кел бері,
Бақытты бол бағын ашылсын.
Әр күнін шатыққа толсын,
Босағана жамандық жетпесін.
Төрінен жақсылық кетпесін.
Бастарына бақ қонсын,
Жаратқан ием жақ болсын.
Өмірің берекелі болсын,
Тілектерін ақ болсын.
Махаббатын пәк болсын.
Шаңғали Елжас (Акын ): Ал енді Келіңіміз оң аяғымен ақ жолды аттасын. Барша халайық осы «Беташар» тойымыздың соңы дастарханда жалғассын.
Жүргізуші: Алдарынызда 1 леч В тобы, «Мұхамеджан Қарабаев» ауылы Бесікке бөлеу салт дастүрі
(1 леч В)
Мақсаты:Наурыз мейрамы туралы тусінік беру. Балаларды елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.Ұлттық салт – дәстүрдегі ізгіліктер мен жақсылықтарды жаңғыртып, жалғастыруға, барды бағалауға үйрету. Бесікке салу рәсімінің салт – саналық, тәрбиелік тәлімдік ережелерін, ұлағатты қасиеттерінің мәнін үйрету.
Автор(Кенесова Зарина): (Үй ішінде дастархан жаюлы. Қыз-келіншектер, анасы, апасы және әжесі отыр.)
Үйге баланы бесікке бөлейтін Күнсұлу апа кіріп келді.
Күнсұлу апа(Марат Зарема): Ал, қайырлы болсын! Сәбидің бауы берік болсын!
Әжесі(Махамбетова Зейнеп): Ә, Күнсұлу қош келдің, төрлет!
Апасы(Төлеубаева Диана): Әдейі баланы бесікке бөлеу үшін сізді шақырдым. Сіз ұрпақ өсірген, үбірлі-шүбірлі жансыз ғой. Бесікке сіз салыңыз баланы, осы отырған қыз-келіншектерге сіздің жолыңызды берсін.
Үйдегілер жайғасып болғаннан кейін
Балалардың біреуі(Мубаракова Алиан): Апа баланы бесікке бөлейін деп жатырсыздар ма?
Апасы(Төлеубаева Диана): Йә, қызым
Кыз-келіншектер(Манапова Мөлдір): Ой, «Бесікке жатқан баланың бойында қан жүрмейді, бойы өспейді», - дейді ғой,
Әжесі(Махамбетова Зейнеп): Қой әрі, кім айтып жүр ондайды, бәріміз де кезінде бесікте жатқанбыз. Қазақ халқы «бесіксіз үйде береке жоқ» деген. Бесікте жатқан сәбидің қол-аяғы түзу, ширақ болады, ауырмайды.
Апасы(Төлеубаева Диана): Қой баланы бесікке салайық.
Күнсұлу апа(Марат Зарема): Алдымен баланы шомылдырып алып келіңдер.
Апасы мен Анасы (Төлеубаева Диана мен Мукишева Арай): (Баланы шомылдырып, өс – өс жасайды):
Өс – өс балам, өсе бер!
Батыр бол – балуан білекті!
Батыл бол – таймас жүректі,
Етті болсын балтырың,
Епті болып өс жарқыным!
Күнсұлу апа(Марат Зарема): Ал енді бесікті алып келіңдер. Бесік деген өмірге келген сәбидің ақ отауы, ержеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы.
Алдымен мынау отырған қыз-келіншектерген жұғысты болу үшін, тыштырма жасайық.
Автор(Кенесова Зарина) Тыштырма туралы ...
Ал қыздар, бесіктің жанына отырыңдар. Қазір мен тыштырма жасаймын, ал сендер оны бесіктің астынан тосып алыңдар. ТЫШТЫМА! ТЫШТЫМА! ТЫШТЫМА!
Қыз-келіншектер: Йә, тышты.
Күнсұлу апа (Марат Зарема): Баланы бесікке салмас бұрын, бесік кертпе жасап алайық. Бесік кертпе – отқа табыну дәуірінен қалған ырым. Ол баланы жын-шайтаннан, дерт-дербезеден сақтайды.
Балалардың біріеу (Советбекова Римма)(Шүмекті нұсқап): Апааа, мынау нее ?
Күнсұлу апа(Марат Зарема): Бұны шүмек дейді, оны қойдың асықты жілігінен жасаған, ол айрықша аппақ болу үшін, сүтке қайнатылады.
Балалардың біреуі (Қайсанова Дильназ) (Түбекті нұсқап): Ал мынау шее? Бұл не?
Күнсұлу апа(Марат Зарема): Ал мынаны түбек дейді. Түбектің түбіне күл салып, жиі-жиі ауыстырып отырады. Оның бір себебі бесікті тербеткенде нәрестенің зәрі шайқалмау үшін жасайды.
Балалардың біреуі (Мубаракова Алиана) (Бос бесікті тербетеді)
Әжесі (Махамбетова Зейнеп): Әй балам қой, бос бесікті тербетуге болмайды.
Балалардың біреуі (Манапова Мөлдір): Мәә, мыналарды қарашы, кіп-кішкентай қандай әдемі көрпелер.
Әжесі(Махамбетова Зейнеп): Иә. Бесіктің жабдықтарын барынша әдемілеп, түрлі-түсті маталардан тіккен. Олар ешқашан сүренсіз сұр түсті болмаған.
Апасы(Төлеубаева Диана): Бесіктің басына үкі тағады. Өйткені бала бесікте жатқан кезден бастап, әдемілікке, әсемдікке үйрені керек.
Әжесі(Махамбетова Зейнеп): Бесік баланың ұйқысын ғана күзетіп қоймайды, оны жын-шайтаннан да қорғайды. Сол үшін де ата-бабамыз бесікті 7 затпен жабдықтаған. Олар: көрпе, қамшы, жүген, шапан, тон, кебенек, шекпен. Баланың ел тізгіні ұстар азамат болсын деп аттын тізгінін, ел арасында айбынды болсын деп, қамшы қояды.
Апасы(Төлеубаева Диана): Бала бесікте жатқанда шошымау үшін жастығының астына тұмар, пышақ жастайды, бесік басына үкі, қасқырдың тұяғын, кірпі терісін қадайды.
ӘжесіІ(Махамбетова Зейнеп): Бесікке бөлінген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады. Егер баланы бесікке бөлемесе, ол анасының иісін алып, онсыз ұйықтай алмайды. Ұйқысы жиі бұзылады.
Күнсұлу апа(Марат Зарема): Кезінде әжелеріміз немерелерін бесікке салғанда. Қаратаудың басына қарай алып қашып кеткен екен. Менде сол Қаратаудың басына барайын.
Сатып алындар, сатып алындар!
Әжесі(Махамбетова Зейнеп): Ал Күнсұлу мынау сенің сыйың.(Көйлек, жаулық сияқты сый таратады)
Апасы(Төлеубаева Диана): Ал әже, үйдің үлкені сізсіз. Жаңа туған нәрестеге батаңызды беріңіз.
Әжесі(Махамбетова Зейнеп):
Аламан болып, ер жетсін,
Ақсақал болып төрлетсін!
Қас батырдай көрікті,
Ғұмыры болсын берікті!
Азамат болсын аруақты,
Мінезі болсын салмақты,
Өнері болсын жан-жақты,
Осы айтқанның бәрі қабыл болып,
Аллаһ Тағала берсін зор бақты!
Әумин!
Апасы(Төлеубаева Диана): Ал енді қызым бесік жырын айтып, сәбиінді ұйықтата ғой.
Анасы(Мукишева Арай) (жай уілдете бастайды)
Күнсұлу апа(Марат Зарема): Жоқ қызым, бесік жырын үйренгенін жөн.
Әлди, әлди ақ бөпем
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама бөпем, жылама
Жілік шағып берейін
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін
Әлди, әлди ақ бөпем
Мойнымдағы тұмарым
Тарқамайтын құмарым
Бесігіне жата ғой
Тәтті ұйқыға бата ғой
Әлди, әлди, әлди-ай!
Автор(Кенесова Зарина):
Кыз-келіншектер(Советбекова Римма):Рахмет сіздерге.Бүгін сіздерден көп нәрсе үйрендік.
Әжесі(Махамбетова Зейнеп):Біз сіздерге үйретеміз, сіздер балаларынызға үйретесіздер сонда ата-бабамыздан қалған әдет-ғұрыптарымызбен дәстүрлеріміз еш
уақытта өлмейді.
Жүргізуші: Встречайте перед вами группа 2 леч 1 к, «Бірлік» ауылы, Обряд- Тұсау кесер
І-жүргізуші:
Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн, яғни 22 наурыз бүкіл Шығыс халықтарының бас мерекесі. Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңесу сәті, халықтардың ынтымақ күні.
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
ІІ-жүргізуші:
Наурызды біздің қазақтың мейрам етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп жаз жетіп, шаруа кенеледі. Қыс бойы ақ кебінін жамылып, өлім төсегінде жатқан табиғаттың, жанды жансыздың тірілуі кімнің болса да көңіліне шаттық беретіні анық болса, тіршілік жағынан қыстың өтуіне, жаздың жетуіне қазақтан артық тілектес, қазақтан артық қуанатын ел жоқ деуге сыяды.
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікте,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
І-жүргізуші:
Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,
Өткеннен бізге жеткен асылы бар.
Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,
Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.
ІІ-жүргізуші:
Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Қызықтасын халайық,
Тұсау кескен бұл күнің
Есте қалсын, жарқыным.
І-жүргізуші:
Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.
Бүгінгі күні Амантай әже өзінің немересі Аружанның «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші.
Амантай әже:
Алғашқы немерем Аружан жер-Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ. Сол құлынымның тұсауын кесуге өзімнің аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйы, ардақты ана, сүйікті әже, Орынбасар құрбыма немеремнің тұсауын кестіремін.
Ал, келін балам, кішкентай Аружанды ортаға әкеліп, Орынбасар әжесіне табыс ет.
(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)
Келін бала:
(баланы көтеріп келе жатып айтатын өлеңі:)
Тәй-тәй балам, тәй балам,
Шақырып тұр айналаң,
Жүруге алғаш талпындық
Құтақандай жан балам,
Қаз-қаз тұрып талпындың,
Қуантасың, күлесің.
Аман болсаң аз-ақ күнде
Алшаң басып жүресің.
Орынбасар:
Айналайын балам, өзің қандай сүйкімді едің. Тіл көзім тасқа.
Бөпеміз қаз тұрыпты,
Алға қадам басуға,
Тәй-тәй болып жүріпті,
Асулардан асуға.
Маған тұсау кестіріп,
Жатқандардан бұйрық сол;
Мені жүйрік депті жұрт
Менен асқан жүйрік бол.
(Орынбасар әже қолына ала жіпті алып жатып)
Ала жіппен тұсайын
Аружанның аяғын
Тұсау жібін кесейін
Жасап баба ырымын.
Сағат сайын есейіп,
Шапқыласын құлыным
Аяқтары талмасын
Айналайын, алтыным.
(аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.)
Қаз-қаз бала, қаз балам.
Қадам бассаң мәз болам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Алға қарай баса бер,
Асулардан аса бер.
(Аружанды жетектеп жүргізеді.)
Амантай әже:
Ал, келіншектер, тәй-тәй-лап
Әлдиді алға бастаңдар.
Шошытпаңдар, айқайлап,
Жалғыз тастап қашпаңдар.
Немеремнің жолына мол ғып шашу шашыңдар
Із қалдырсын соңына,
Алдын кең ғып ашындар!
( Ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады.)
Ләззәт:
Амантай әжемнің немересінің «Тұсау кесер» тойының құрметіне ән-шашу арнайын.
Ән: Халық әні.
Амантай әже:
Рахмет, айналайын, өркенің өссін. Саған да осындай той жұғысты болсын.
Амантай әже:
Әкеліңдер ана сандықты ортаға «Ақ түйенің қарыны жарылған күн» бүгін. Бұл жиған-тергенімді бүгін бермегенде қашан беремін. Осы сый-сыяпатыма риза болыңдар, қадамдарыңа гүл бітсін.
(әже қонақтарына сый-сыяпатын көрсетеді.)
Ән.
Бата берілуі:
Құлыным үлкен жігіт болсын!
Ата-анасына қызық болсын
Жақсылармен қатар болсын,
Жамандармен қатал болсын,
Ата-дәстүр байлығын жалғастырар,
Берік бұтақ болсын.
Наурыздарың құтты болсын!
Ұлыс береке әкелсін
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Осы тойды қызықтаған
Баршаңызда той болсын!
Жүргізуші: Алдарынызда 2 мс А тобы, «Абай» ауылы, Тілашар
(2 мс А)
Бақытты балдырғандар, ардақты ата - аналар, құрметті меймандар! Бүгінгі «Тілашар» тойы құтты болсын! Қадамдарыңа сәттілік тілей отырып, өздеріңді ортаға шақырамын.
І. Кіру сәті -
музыкамен алдымен 6 жастағы Ажар бүлдіршініміз «Шілдехана-бесік той»
әуенімен ортаға алып шығарамыз.
Қадамы құтты болсын деген ізгі ниетпен шашу шашайық,
ақ сандықты ашайық,
бұл мереке бұл тойда
бастаңғысын жасайық
Апасы: Құтты болсын қадамың
Ақ ниетті арнадым
Ақ батамен көнеріп
Білім шыңында
Асқақтай бер шырағым, - дей отыра өзіңе білімнің бастау кітабы «Әліппені» табыстайын.
Жүргізуші: Ортамызда отырған жасы үлкен атамыздан бата сұрайық
Ата: Адам болар баланың,
Қайтармайық талабын.
Мектепті алғаш аттаған,
Құтты болсын қадамың.
Сәбиліктен марқайып,
Өскендігі санаңның.
Әріптерден сөз құрап,
Жорғаласын қадамың.
Әумин
Осы арада ақсақал бүлдіршінімізге тіл жегізу рәсімін жасайды.
Ата: Сөйлейсің бе? Сөйлейсің бе? Сөйлейсің бе?
Ажар: Сөйлеймін, Сөйлеймін, Сөйлеймін.
Жүргізуші: Тойға жиналған қауымға арнап Іңкәр күйшіміз әсем күйін арнасын.
Күй «Балбырауын» Қыдырбек Іңкәр.
Жүргізуші: Олай болса нағашыларына сөз кезегін берейік.
Арыстан ағасы: Ажар еліміздің мақтан тұтар азаматшасы болсын. Аспаны ашық дені сау болып, үлкен белестерді бағындырып, тек биік шындардан көрінсін. Жасы ұзақ болғай.
Айдана апайы: Тәтті бүлдіршініміз балдай тілімен бізді тамсандырып өмір қызығын көрсін. Басқан жері гүлденіп, шырайлана берсін. Бақытты болсын.
Жүргізуші: Ал енді Айым қызымыздың әсем әуені «Халқым-ай»ды қарсы алайық
Айтайын айт дегенде әриайдай
Көп айтса әриайдай көңілге жай
Барады өтіп жалған күн санауда
Халайык ойнап күліп осындайда
[Қайырмасы]
Ей саған халқым-ай
Беу әнімді айтып ай
Жүрмін шалқып-ай
Өлеңді тіл бастайды, жақ бастайды
Бәйгеден келсе жүйрік ойқастайды
Берейін бастап бастап баста десең
Бұл тойды мен бастамай кім бастайды
[Қайырмасы]
Ей саған халқым-ай
Беу әнімді айтып ай
Жүрмін шалқып-ай
Сөйлей бер қызыл тілім мен барымда
Қалайын менде сөйлеп сен барында
Барында тіршіліктің ойнада күл
Заманның мына тұрған дел алдында
[Қайырмасы]
Ей саған халқым-ай
Беу әнімді айтып ай
Жүрмін шалқып-ай
Ведущий: Легенда гласит, что танец «Қара жорға» зародился на просторах казахской степи в глубокой древности. Считалось что у казахов нет мужского танца. На самом деле вот он, мужской танец, который отражает плавный и стремительный ритм и грацию скакуна.
Жүргізуші: Алдарыңызда «Кара жорға» биі
Жүргізуші: Ендігі кезекті екінші кезеңге, қазактың ұлттык тағамдарына берсек. Алдарынызга бес тагам дайындалып көрсетіледі.
Бірінші кезекті 1 леч А тобына берсек
Ведущий : Группа 1 леч В
Жүргізуші:1 мс А тобы
Ведущий: группа 1 леч С
Жүргізуші: 2 леч 1к тобы
Ведущий: группа 2 мс А
Жүргізуші: Әділ-қазылар алқасы ұлттық тағамдарға баға қояды. Олар өздеріне берілген тапсырманы орындап болғанша, өнерпаздарымыздың өнерін тамашалайық:
Ведущий: Встречайте перед вами студенты группы 2 мс А с песней « Мереке»
Жүргізуші: Құттықтау сөз «Семей» Медициналық колледжінің»
құрылтайшысы Абишева Клара Мусахановнаға
беріледі.
Жүргізуші: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділ – қазы әділ баға – демекші, барлық кезеңнің тапсырмаларын сәйкесінше орындадық деп ойлаймыз, ендеше әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.
Ведущий: Приглашаем на сцену членов жюри!
(Жюри қорытынды шығарады, номинациялар беріледі)
Ведущий:
Вместе с вами очень весело. Раставаться с вами жаль.
Но такая уж профессия- снова мчаться надо вдаль.
Дорогие друзья! Пусть труд ваш, нужный так Отчизне,
Успешно будет в каждом дне.
И радостного счастья в нашей жизни.
В любом из дней пуст хватит вам вполне.
Отчизна милая! Казахская земля! Цветешь ты яркими цветами!
Наш сегодняшний праздник подошел к концу спасибо за внимание, до новых встреч.
Жүргізуші: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым!
Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше! Сау саламатта болыңыздар!
Салт – дәстүрлер бойынша бағалау
Тобы |
Ауыл аты |
Салт- дәстүр |
Ұпай саны |
|||
Тақырыпты аша білуі |
Ұлттық киім |
Актерлік шеберлік |
Топ белсенділігі |
|||
1 леч А |
Достық |
Беташар |
|
|
|
|
1 леч В |
Мұхамеджан Қарабаев |
Бесікке бөлеу |
|
|
|
|
1 леч С |
Қалбатау |
Сырға салу, құда күту |
|
|
|
|
1 мс А |
Баянауыл |
Қыз ұзату, сыңсу айту |
|
|
|
|
2 леч 1к |
Бірлік |
Тұсау кесер |
|
|
|
|
2 мс А |
Абай |
Тілашар |
|
|
|
|
Ұлттық тағамдар бойынша бағалау
Тағамдар |
1 леч А |
1 леч В |
1 леч С |
1 мс А |
2 леч 1к |
2 мс А |
Наурыз көже |
|
|
|
|
|
|
Қымыз |
|
|
|
|
|
|
Бауырсақ |
|
|
|
|
|
|
Талқан |
|
|
|
|
|
|
Құрт |
|
|
|
|
|
|