Материалдар / Нұр-Сұлтан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нұр-Сұлтан

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Айналадағы әлем пәнінен 2 сыныпқа арналған ( жеңіл ақыл-ой кемістігі) бар оқушыларға сабақ «3 арнайы мектеп» КММ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2021
388
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Айналадағы әлем

Күні: 21.10. 2021 ж

Сынып: 2 «Ә»

Мұғалім: М.О. Амиргазина

Ортақ тақырып: «Менің мектебім»

Сабақтың тақырыбы

Астанамыз – Нұр-Сұлтан

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.1.2 Қазақстанның астанасын атау

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы (мұғалімнің көрсетуі бойынша, үлгі бойынша, ауызша нұсқау бойынша, өздігінен) айтады.

Кейбірі:Өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойын айта алады.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілікке, бірін-бірін тыңдап, сыйлауға үйрету

Пәнаралық байланыс

Оқу және тіл дамыту пәні, қол еңбегі арқылы пәнаралық байланыс жүзеге асады.

АКТ қолдану дағдылары

Бейнетаспа арқылы заттың орнын анықтайды.

Тілдік құзыреттілік

Ақ Орда, Бәйтерек, Бейбітшілік және Келісім сарайы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Көк аспанда күн күліп,

Бірге күлсін достарым,

Ұл қолында ту жүрсін!

Қыз қолында гүл жүрсін!


Шаттық шебері


Сабақтың ортасы


 - Балалар, біз бүгін Нұр-Сұлтан қаласы туралы сабағымызды жалғастырамыз.

Миға шабуыл.

-Қазақстан Респуликасының астанасы қай қала?

- Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы.

-Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

-Елбасы, Тұңғыш Президентіміз кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Дұрыс айтасыңдар, енді алдыңғы сабағымызда өткен тақырыбымызға оралайық. Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлері туралы саяхатымызды жалғастырайық.

Ақ Орданы, Бәйтеректі, Бейбітшілік және Келісім сарайын, Ханшатырды көргендерің бар ма?

-Кім тақтадан көрсете алады?

Оқушылардың жауабы.

«Ақ орда» - ҚР Президентінің резиденциясы, президенттің жұмыс кабинеті осында, бүкіл кездесулер, жиналыстар, келісімдер шешілетін жер. Бұл ғимаратта көп министр ағалар жұмыс жасайды. Бейбітшілік және Келісім сарайын, Хан шатыр ғимараттары жайлы айту.

Ойын: «Астанаға сиқырлы саяхат».

Бәйтерек туралы аңыз айтып, тыңдау.

Кім Астананың белгісі Бәйтерек туралы айтып береді?

Бәйтерек-Астана төрінде орналасқан өте биік, әрі сұлу, үлкен ғимарат. Бәйтерек -бірліктің, еркіндіктің, ынтымақтың символы. Бәйтерек астананың басты белгісі.

Оқушылар слайдпен жұмыс жасайды.

Жеке жұмыс.

Ойын:«Пазл құрастыр».


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Құс болып қанат қағайық.

Астананың төрінде

Бәйтерекке ұқсайық.


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма














Аяқталуы


Дәптермен жұмыс.

Тапсырманы орында. Суретті боя.


Өлеңді оқып, жатта.

Жайнап өсті астана

«Бәйтерегі» көк тіреп.

Болды елдегі бас қала-

«Ақ Ордасы» асқақтап


«Ойлан, тап» дидактикалық ойыны.

Шарты: Н, ұ, с, р, ұ, т,н, л, а дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру.

Нышанбай Әли қаламыздың көрікті жерлеріне барғаны туралы бейнеролик көрсетіп, айтады.


Ойын: «Суретті сал»

-Үлгіге қарап Бәйтеректің суретін бояу, жапсыру, ермексазбен жасау.

Еліміздің маңызды ғимараттары туралы айт.

Оқушылар өздері жасаған жұмыстарын бағалап, ой-пікірлерімен бөліседі.

Оқушыларды мадақтау.


Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

Рефлексия


«Бармақпен» бағалау



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!