Материалдар / "Нұрбек Орда" балабақша мекемесінде ұйымдастырылған "Елін сүйген елбасы" ертеңгілігі ұйымдастырылды.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Нұрбек Орда" балабақша мекемесінде ұйымдастырылған "Елін сүйген елбасы" ертеңгілігі ұйымдастырылды.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
402
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Нұрбек Орда» балабақшасы







«Елін сүйген елбасы»

Ортанғы топ «Балдәурен»

Тәрбиеші: Д.Дюсенова

















2018-2019 оқу жылы

1 Желтоқсан – Тұңғыш президент күні

Мақсаты:

Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнектіліктер:

Елбасы суреті.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біздің ұйымдастырлған оқу қызметіне қонақтар келіп отыр.

Кәне балалар, қонақтармен амандасайық.

Балалар:

- Сәлеметсіздер ме!

-Здравствуйте!

- Good morning!

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді бәріміз шеңберге тұрайық.

Шаттық шеңбері:

Әнұран орындалады.

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар балалар!

Балалар бүгін біз сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?

Балалар:

Нұрсұлтан Назарбаев!

Тәрбиеші:

Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?

Балалар:

Ол біздің президентіміз!

Тәрбиеші:

Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Балалар, сендердің  мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?

Балалар:

Астанада!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар Астанада тағыда не бар?

Балалар:

Астанада Бәйтерек бар!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар:

Иә, білеміз. Олар: ту, әнұран және елтаңба.

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар, балалар! Балалар «Туды құрастыр» ойынын ойнайық.

Мен сендерге геометриялық пішіндерді беремін, сендер бұл пішіндерден туды құрастыруларың керек. Кім бірінші болып құрастырады екен?

Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біздің туымызға қараңдаршы, не белгіленген?

Балалар:

Күн, бүркіт, ою.

Тәрбиеші:

Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?

Балалар:

Көк!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін

 қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен.

Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін  деген. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.

Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?

Балалар:

Шаңырақ!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,

 отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?

Балалар:

Ат бар!

Тәрбиеші:

Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді. Шаршадыңдар ма балалар?

Балалар:

Иә, шаршадық!

Тәрбиеші:

Кәне келіңдер сергіту сәтіне.

 Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз

 

Қорытынды:

Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?

Балалар:

Нұрсұлтан Назарбаев туралы.

Тәрбиеші:

Ол кім?

Балалар:

Ол біздің елдің тұңғыш президенті.

Тәрбиеші:

Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:

Қазақстан!

Жарайсыңдар енді Нұрсұлтан атамыз жайлы тақпақтарымызды айтайық.

















1-бала Аршат

Ел бағына туылған,

Ұлтқа ұран, ту болған,

Халқы патша сайлаған,

Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!




2-бала Саяжан

Осы күнге құмар болған бар текті,

Оның үшін азапты да сан шекті

Абылайлар арпалысы тек емес,

Қабанбайлар бүгін үшін қан төкті.

3-балаРамазан

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

4-бала Инкар

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

5-бала Інжу

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

6-бала Шынғыс

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

Халқымның көшбасшысы

Тәуелсіз қазақ елім,

Бақ қонған ғажап елім.

7-бала Жансезім

Халқымның көшбасшысы

Еңбектен ерінбеген.

Президент ең алғашқы,

Қырандай самғап ұшты.

8-бала Ислам

Халқымның көшбасшысы

Келер күн құшақ ашты.

Жұртымның көшін бастап,

Елімнің үмітін ақтап,

Ұлтымның көшбасшысы

Бірлікті берік сақтап.

9-бала Наурыз

Асамыз асулардан

Құламай тасулардан

Әлемнің алды болу

Ол үшін асыл арман

Үлгі боп келешекке

Балаға,ересекке

10-бала Нұрикамал

Президент даңқымызды

Көтерер келешекте

Биік боп көздегені

Бірлік боп іздегені

Халқымның көшбасшысы

11-балаҰлан

Жастарға ол сенеді

Уәдені біз сақтаймыз

Біз жастар құр жатпаймыз

Үмітін елбасының

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Би: «Қазақ биі»

Балалар еліміз тыныш болсын,аман болайық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!