Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Нұрлы жол- болашаққа бастар жол
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
11
Нурмухамбетова Назгуль Карпбековна
Тақырыбы: Нұрлы жол- болашаққа бастар жол
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы экономикалық жолдауын түсіндіру. Экономика нені оқытады және нені үйрететінін түсіндіру.
2. Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту. Есту қабілетін дамыту. дүниетанымын, сөздік қорын дамыту
3. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, үнемшілдікке, бір-бірін, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сұрақ-жауап (қайталау)
Пәнаралық байланысы: география, тарих, математика
Көрнекілік: интербелсенді тақта, сөздіктер
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
[ЕҚД]
2. Үй жұмысын тексеру [ЕҚД]
3. Сәйкестендіру [ЕҚД]
4. Жолдаудың неге бағытталғанын түсіну. [ЕҚД]
5. Экономика тілінде сөйлейміз кроссворд. [ЕҚД]
6. ЕҚД (айтылған сөздерге сөйлем құрау)
7. Қорытындылау [ЕҚД]
8. Үйге тапсырма
9. Бағалау.
І. Өтілген тақырып бойынша сұрақтар.
1. Қыс мезгілі саған ұнайды?
2. Қазақстанда қанша облыс бар?
3. Қазақстан қандай мемлекеттермен көршілес?
4. Америка Құрама Штатының ақшасы қалай аталады?
5. Неміс ақшасы қалай аталады?
6. Жапония ақшасы қалай аталады?
7. Көршілес Ресей ақшасы қалай аталады?
8. Қазақстан ақшасы қалай аталады?
9. Қытай ақшасы қалай аталады?
ІІ Үй жұмысын тексеру.
1. Импорт дегеніміз не?
2. Экспорт дегенімізне?
-
Біздің еліміз басқа елдерден сатып алатын тауарлар импорт деп аталады
-
Біздің елімізден шет елге шығаратын тауарлар экспорт деп аталады
ІІІ Сәйкестендіру.
ІV. Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына
«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»
Жолдауы
Бүгінде біздердің алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жария етемін.
Жалпы ұлттық идеямыз- Мәңгілік елді басты бағдар етіп тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Халықаралық валюта қоры мыналарды айқындады: эбола індеті, әділетсіз қаржы саясаты (санкция), Украинадағы ақуал, Шикізат бағасының құлдырауы, Ресей ақшасының құнсыздануы. Әлемдік дағдарыс кезеңінен кез келген мемлекет жұмыла өту керек.
Кезінде Ұлттық Қордың не үшін құрылғанын қаперлеріңізге салғым келеді.
Оның басты міндеті - тұрақты әлеуметтік - экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы жайсыз жағдайлардан қорғау.
Дәл қазір біздің осы қорымызды қажетке жарататын кез келді. Қазақстан өзге елдердің қателіктерін қайталамай, экономикалық өсім үшін ішкі қорын барынша тиімді пайдалануы тиіс.
Бірінші:Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет. Бұл тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді
Несие дегеніміз не?
Несие –мерзімінде қайтып беру шартымен ақша алу.
Кәсіпкер дегеніміз не?
Кәсіпкер- фирманы пайда табу мақсатымен ұйымдастыратын адам.
Екінші: Банк секторын сауықтыру және «жаман» несиелерді сатып алу үшін 2015 жылы Проблемалы несиелер қорын қосымша 250 миллиард теңге көлемінде капиталдандыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.
Проблемалық несие дегеніміз не?
Адамдар банктен алған ақшасын жұмыссыздықтан немесе ақшаның, доллордың өсуінен алған несиелерін төлей алмай қалады.
Ақша дегеніміз не?
Ақша –тауарлар мен көрсетілген қызметке ақы ретінде қабылданады.
Банк дегеніміз не?
Банк – салымдарды қабылдайтын, қарыз беретін қаржылық. мекеме.
Үшінші:Жаңа инвестициялар тарту үшін тиісті жағдайларды жақсарту қажет. Осы мақсатта 2015 жылы «құрғақ порттың» бірінші кешені құрылысын аяқтауға, «Қорғас-Шығыс қақпасы» және Атырау мен Тараздағы «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі» арнайы Экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарына 81 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын.
Инфрақұрылым дегеніміз не?
Жол салу, тұрғын үй салу, өнеркәсіп , көлік жасау, аурухана салу, мектеп салу, бизнесті дамыту т.б.
Төртінші: Бұған дейін бөлінген 25 миллиардқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.
Бесінші: ЭКСПО-2017 қарсаңында бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру қажет. Астана аэропорты осы жылдың өзінде-ақ өзінің максималды өткізу қабілеті – 3,5 миллион адамға жетеді. 2017 жылға қарай жылына 7,1 миллион жолаушыға ұлғайту.
ЭКСПО-2017 дегеніміз не?
Астанада 2017 жылы дүниежүзілік көрме өтеді.
Қазақстан – ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci. Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ. "Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара" деген қағида қалыптасқан.
Бірінші: Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Ол автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай – Батыс Еуропа; Астана – Алматы; Астана – Өскемен; Астана – Ақтөбе – Атырау; Алматы – Өскемен; Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда; Атырау – Астрахань.
Екінші: Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар.
Үшінші: Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, магистралдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық және шығыс облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу керек. «Екібастұз – Семей – Өскемен» және «Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алматы» бағыттарында жоғары вольтты желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.
Төртінші: Су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту.
Бесінші: Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі.
Бастапқы жарна дегенімізне?
Ипотека дегеніміз не?
Ипотека –үй алу үшін банктен несие рәсімдеу.
Пайыз дегеніміз не?
Борышқа алған ақшаның өсімі.
Алтыншы: Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл – апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу.
Жетінш: Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді.
V. Экономика тілінде сөйлейміз кроссворд
-
Біздің елімізден шет елге шығаратын тауарлар не деп аталады?
2 Фирманы ұйымдастырып, пайда алу үмітпен басқаратын адам.
3. Басқаларды шеттетіп тастаған бір сату рыногы.
4. Мерзімінде қайтарып беру шартпен банктен ақша алу.
5. Біздің еліміз басқа елдерден сатып алатын тауарлар не деп аталады?
6. Шегі мемлекеттік шекарамен анықталатын өз аумағы бар, өзінің дербес үкіметімен басқаратын ел.
7. Бағаның өсіп, ақшаның сатып алушылық қабілетінің төмендеуі.
8. Елдің шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды реттейтін мемлекеттік қызымет.
9. Тауарлармен көрсетілген қызметке ақы ретінде төленетін нәрсе.
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
И |
|
|
|
|
|
|
3 |
|
М |
|
|
|
|
1 |
2 |
м |
4 |
П |
6 |
7 |
8 |
9 |
Э |
К |
О |
Н |
О |
М |
И |
К |
А |
К |
Ә |
Н |
Е |
Р |
Е |
М |
Е |
Қ |
С |
С |
О |
С |
Т |
М |
Ф |
Д |
Ш |
П |
І |
П |
И |
|
Л |
Л |
Е |
А |
О |
П |
О |
Е |
|
Е |
Я |
Н |
|
Р |
К |
Л |
|
|
К |
Ц |
|
|
т |
Е |
И |
|
|
Е |
И |
|
|
|
р |
Я |
|
|
Т |
Я |
|
|
Экономика – өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамдар ресустарды қалай бөлетінін зерттейтін ғылым.
Экономика –адамдардың өздеріне өмірдің материалды жағдайын қамтамасыз ету.
Экономика – елдің шаруашылық кешені өндірістік және өндірістік емес барлық салалар.
Экономика –көбірек пайда табу үшін қалай жүргізу керек екені жөніндегі ғылым.
Экономика – шығынды аз шығарып, көп пайда табу үшін, үнемдеуді үйрететін ғылым.
Экономика
VІ. Төмендегі сөздерге сөйлем құрау
-
Ақша
2. Банк
3. Экспорт
4. Импорт
5. Несие
VІІ, Қорытындылау
ІХ. Бағалау