Сауат
ашу.
Сабақтың тақырыбы:
«О о» дыбысы мен
әрпі.
Сабақтың
мақсаты:
-
О дыбысы мен оның әріп таңбасы
туралы түсінік беру. Кеспе әріптерден сөз құрап, буынға бөліп оқуға
жаттықтыру.
-
Ойлау, есте сақтау
қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын,
белсенділігін дамыту, көркем жазуға
баулу.
-
Жаттығуларды орындату арқылы қол
моторикасын дамыту.
-
Балаларды әдептілікке,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, жаздыру,
сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың
көрнекілігі: әліппе, суреттер,
текшелер, кеспе әріптер, ермексаз, тақтаға ілетін құралдар,
бор.
I
апта
Сабақтың
барысы: I. Ұйымдастыру
кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа
аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер
арқылы)
Шаттық шеңбер. Таңертең көбелек оянды,
тартылды.
Қанаттарын бұлғады, терең
тыныс алды.
Аз ғана айналып, қонақтарға
күлімдеп.
Сәлеметсіз бе! –
деп
Қайта гүліне оралды. (қимыл
қозғалыспен көрсетеді)
-Жарайсыңдар, балалар! Бір-біріміздің қолымыздан ұстап,
алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша,
қандай қуаныш! Өткенді қайталау. Балалар, сендер өткен сабақта Ш ш дыбысымен
таныстыңдар. Ш
дыбысы мен әрпіне байланысты сөздерді оқытып, буынға бөлдіру, сөзде
неше дауысты және дауыссыз дыбыс барын өздеріне
айтқызу.
«Ш» дыбысынан келетін қандай
сөздерді білесіңдер?
«Ш» дыбысы дауысты ма дауыссыз
ба? -дауыссыз
«Ш» дыбысы басыңда келетін
сөздер айтайықшы?- Шал, шаңғы,шоқ, т.б
«Ш»дан басталатын қандай
адамның аттарын білесіңдер? – Шолпан, Шыңғыс, т.б. Сендер үй
жұмысына жақсы дайындалған екенсіңдер.
II. Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу:
Жүрген жерiн
жалмайды,
Тастан басқа
қалмайды. (От).
Жайлаған дүниені бір
ғажайып,
Тік көтеріп отырар
адамдарды. (Орындық)
Жердi
тырнап,
Бұтаны
ырғап.
Шөптi
сипап,
Ұшады
зырлап,
Жанын
қинап,
Ұлиды
зарлап. (боран)
- от, орындық сөздерінде бірінші қандай дыбыс естіліп
тұр?
- от, орындық, боран
сөздерінде барлығында бірдей бар дыбыс
қайсысы?
О дыбысының артикуляциясын меңгерту, әріпті
таныту. Аузымызды дөңгелек етіп алға созамыз,тіліміз ашық,тілімізді
төмен түсіріп артқа тартамыз. О жуан дауысты
дыбыс.
Сөздер ойлату. Көбінесе
сөздің бірінші буынында кездеседі. Сөздің басында, ортасында
болады. Баспа және жазбаша әріп таңбасын салыстырып
көрсету.
«Сиқырлы дорба»
ойыны.Берілген буынды хормен оқыту, сөз құрастыру,
жеке-жеке оқыту.
«Ғажайып орман» ойыны.
Берілген жануарлар
суреттерінің ішінен орманда тіршілік ететін жануарлардың суретін
тауып, атын атап, калай дыбыстайтынын келтіреміз және қандай жануар
екендігіне сипаттама береміз. Балалар кезекпен орман жануарларының
суреттерін тауып, атын атайды, сипаттайды, дыбысын
салады.
- О-О-О
(хормен айтқызу)
-О –
қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
-О– дауысты жуан дыбыс.
-Дұрыс айтасыңдар балалар, «О
о» дыбысы жуан дауысты дыбыс.
(балалардан жеке-жеке
сұрау)
-Жарайсыңдар
балалар! Бүгінгі біздің сабағымызда О о әрпін
жазып үйренейік. Ол бас әріп және кіші әріпке
бөлінеді.
Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден
үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, О о әрпін
жазамыз. (Баспа және жазбаша түрлерін жазып
көрсету)
О о – жуан дауысты дыбыс. О о
дыбысын қызыл дөңгелек текшемен
белгілейміз.
-Жарайсыңдар,
балалар!
IV. Сергіту
сәті: Бір, екі, үш. Бір, екі,
үш
Бұлшықетте
күш.
Мен ұшамын
кептерше
Еңкейемін жерге қолым
жеткенше.
II
апта
Сабақтың
барысы: I. Ұйымдастыру
кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа
аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер
арқылы).
1.Тіл ұстарту
жаттығуы.
Ос-ос-ос
Бірге бірді
қос.
2.О әрпінің бас және кіші
түрін ауада, тақтада жазу. Үлгі
бойынша бастырып жазу.
Дәптерге
«О» әрпін бастырып жазу және «О» әрпі кездесетін сөздерді бастырып,
соған қарап жазу. Суретпен
көрсету.
-Жарайсыңдар
балалар!
IY.Сергіту
сәті.
«Сиқырлы таяқша» ойыны.
Шарты:
«О о » әрпінен басталатын
сөздер айтып, балалар бір-біріне сиқырлы таяқшаны береді. Ол бір
сөз айтып,келесі балаға береді. Ойын осы ретпен жалғаса
береді.
Дәптермен
жұмыс.
- Енді барлығың тақтаға назар аударыңдыр. Балалар
мынау О
о дыбысының баспа түрі ал
мынау О
о жазба түрі. Жазба түрдегі
үлкен О о дыбысы. Ал енді мен жазып көрсетемін ал сендер мұқият
қарап отырыңдар. О о әрпінің бас және кіші
әріптерін ауада жазу.
III
апта
Сабақтың
барысы: I. Ұйымдастыру
кезеңі: Балалардың зейінін
сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер
арқылы).
Айнаға қарап отырып, О
дыбысын дыбыстайды.
Орындық, орамал, от, орақ, орман, оймақ,
т.б
«Кім зерек?»
ойыны. Тақтаптар
айтады. О-й ой ой
т-ой той той
О-р
ор ор т-ор тор
тор
О-л
ол ол т-ол тол
тол
«Орнын тап» ойыны.
О дыбысының
орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген
сөздерде сөздің соңында кездеседі.
IY.Сергіту
сәті.
IY
апта
Сабақтың барысы: I.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа
аудару,оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер
арқылы). О о дыбысының әріп
таңбасымен таныстыру. О о әрпінің жазба және
баспа түрімен
таныстыру.
«Күн мен
түн» ойыны арқылы балаларға О о дыбысы бар сөздерді
тапқызу.
Сөздерді буынға
бөлу; О-ра-мал, о-ю, о-рын-дық, мон-шақ, дом-бы-ра,
қо-быз
Дәптермен
жұмыс: Дәптерімізді
ашайық,
Салақтықтан
қашайық.
Қолға қалам
алайық,
Көркем етіп
жазайық! (Музыка ырғағымен әдемі жазуға үйрету) О о
әріптерін жазып
үйрену.
Тапсырма:
дәптердегі сызықтарға қарап О
о әріпін үзік сызықтар арқылы сызып үйрену. О-о-о-о-о-о қолдары
жаттықтырғанша жазып үйрену.
Ойын: " О о" дыбысын
тап.
АОӘБИҒШОТНКҒДОЕ
V.
Бекіту: Кім
суретші: Орман суретін
салу.
Ойын: «Сөз ойла – тез
ойла»
VI.
Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты
қорытындылау.
-Жарайсыңдар, балалар. Сендер
барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.
-ара бізге ризашылығын
көрсетіп тұр.
-Ал, сонымен, балалар бүгін
біз қандай дыбыспен таныстық?
-О о
дыбысы мен әрпі.
-Иә. Дұрыс айтасыңдар.
-О о дыбысы қандай
дыбыс?
-Балалар, бүгін барлығын
белсенді қатыстыңдар.
VII.
Бағалау.
Балаларды жеке-жеке
мадақтау.