Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ө. Тұрманжанов «Жаралы торғай»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ тақырыбы: Ө.
Тұрманжанов «Жаралы торғай»
Жалпы мақсат:
Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға машықтандыру. Өлеңдегі өзекті,
түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Сілтеме: Оқулық,
суреттер
Оқушылар үшін оқу
нәтижелері: Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге
тәрбиелеу.
Негізгі идеялар:
Жұптық, топтық жұмыста шапшаңдыққа
үйренуі.
Оқу үдерісінен
оқушылардың қалыс қалмауы
Сабақта қолданылатын материалдар: стикер,
сурет салуға арналған құрал - жабдықтар, таратпа материалдары.
құстардың дыбыстарын тыңдату
Оқыту әдістері: Жаңа әдістері. СТО 1.
Диалог
2. Топтық
жұмыс
Тапсырмалар: Кесте
толтыру, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, рефлексия
жасау
Сабақ бойынша
мұғалім мен оқушының іс - әрекеті:
І. Оқушыларға психологиялық ахуал
туғызу
Мұғалімнің іс -
әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Сыныпты топқа бөлу (стикерлер
арқылы)
Топ ережесін
қабылдату Әр түсті стикерлерді таңдау арқылы топқа бөлінеді. Топ
ережесін қабылдау Топ басшысын
сайлау
Үй тапсырмасын
сұрау Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс -
әрекеті
Сұрақ - жауап
арқылы үй тапсырмасын тексеру 1. Өлеңде көктемнің қай кезі
суреттелген? 2. Көктемде көл беті қалай өзгереді екен? 3. Көктемде
жер бетінде қандай өзгеріс болады? 4. Осы өлең сенде қандай көңіл
күй туғызды? Оқушылар жауап береді
ІІ. Жаңа
сабақ
Мұғалімнің іс -
әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Білу
Түсіну
Қолдану
Талдау Қызығушылығын ояту. Құстар туралы
жұмбақтар жасыру. Өлеңді тізбектей оқыту. Болжау стратегиясы.(Осы
стратегия арқылы оқиғаны болжаймыз. Өлеңдегі шумақтар бойынша
сұрақтар қойылады, топтағы оқушылар жауап береді) 1. Осы шумақта
негізгі ой қандай? 2. Өлең не туралы екен? 3. Осы оқиғаның жағымды,
жағымсыз жақтары бар? Неге олай ойлайсыз? 4. Осы өлеңді оқығанда
сіз қандай сезімде болдыңыз?
1топ. Сурет
салу
2топ. Эссе
жазу
3топ. Торғайға
көмек
Топ мүшелері өзара
ақылдаса отырып постерді топ болып
қорғау
Қорытындылау
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс -
әрекеті
Жинақтау ; Бес жол
өлең; стратегиясы арқылы. Зат есім Сын есім Етістік Сөйлем Синоним
(оқушыларға дәптерлеріне жаздыру)
ІV. Бағалау
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс -
әрекеті
Формативті бағалау
Топ басшыларының бағалауы
VII. Рефлексия
Пәні: Ана тілі
Тақырыбы: Жаралы торғай. Өтебай Тұрманжанов
Мақсаты: Өлеңнің мазмұнын түсіну; құрылысын талдау.
Міндеттері: Білімділік: Ө Тұрманжановтың «Жаралы торғай» өлеңімен таныстыру, негізгі идеяны ашу, өлең құрылысын талдау, сюжетті әңгімелеу, шығармашылық әрекеттер жасату.
Дамытушылық: Өлеңді талдау арқылы өз ойын нақты жеткізіп, қорғай алуын, сөздік қорларын,тілдерін дамытып, критерийлер арқылы өздерін бағалау білуін дамыту.
Тәрбиелік: Өлең мазмұны бойынша,кіші достарымыз құстарды, табиғатты , қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері: Оқыту үрдісін қалыптастыру, өз-өзін бағалау, қисынды ойлауын жетілдіру.
Сабақтың типі: аралас
Көрнекілік, сілтеме: слайдтар, бағалау парақшасы, түрлі-түсті шаршылар,қоңырау, жұмыс дәптері; СТО, Блум таксаномиясы,
Сабақтың кезеңдері
уақыт
Мұғалім
іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Жұмыстың белсенді түрлері
Күтілетін нәтиже
Модульдер, әдіс-тәсілдер
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
2. Психологиялық жаттығу:
Көктемнің жайдарлы күнгі сабағымызға сәттілік тілеп, бір-бірімізге жақсы сөздер, тілектер айтайық.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
М Хакімжанованың «Көктем жыры» өлеңін тест арқылы тексеру,
білімдерін бағалау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
«Бағалау ағашы» парағымен таныстырып, сабақтың басында өздерінің ағаштың қай бөлігінде тұрғанын анықтау.
IV. Мақсат қою кезеңі: 1.«Құстардың даусы»
тыңдау.
2. «Торғай» сөзін топтастыру арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
V. Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс:
1. Ө Тұрманжанов туралы мәлімет беру.
2.Өлеңді зейін қойып оқу.
3. Өлең желісі бойынша сұрақтар қою:
-Өлең кейіпкерлерін атау.
-Жағымды ,жағымсыз кейіпкерлерді бөліп айту.
4.Әр шумақты әр топ оқыды, сұрақтар қою арқылы мазмұнын ашады:
1-топ
-Торығу деген сөзді қалай түсінесің?
-Зауқы болмай деген сөз тіркесіне мәндес сөз айтайық.
2-топ
-Автор құсты неге «әнші-ақын» деп атады.
-Секем алды деген сөзді қалай түсінесіңдер?
3-топ
-«Көруге көзге бар ма сірә тойым?!»
деп ақын нені айтқысы келді.
-«Адамға сенбейді ғой
құс баласы,ақыннан көрсетуге тұла бойын»
осы жолдардан құстың қандай сезімде болғанын байқауға болады.
4-топ
-4-шумақтан теңеулерді табу.
(құндыздай қара жүні-мамығының түсі
Қорғасындай мұң-көзіндегі қайғыны түсті металға теңеді
Шымшылады-аяныш сезімі бойымды биледі.
5-топ
«Ұясын бұзды ма» деп бұзық бала,
Болғаны қапелімде көңілім нала.
осы жолдарды қара сөзге айналдырып айту.
Тілі жоқ мәндес сөз ойластыр.(айта алмайды, түсіндіре алмайды, үн жоқ).
5.Әр шумақтың сюжетін әңгімелеу.
6.Әр топ сызба бойынша өлеңнің құрылысын талдайды.
VI. Бекіту кезеңі:
Шығармашалақ жұмыс:
1-топ
-Бұзақы балаға хат жазу.
2-топ
«Автор орындығы» әдісі
3-топ
Тақырыпқа сәйкес тыйым сөздер жазу.
4-топ
«Құстар –біздің досымыз»
Эссе
5-топ
-Қараторғайдың суретін салу.
VII.Қорытынды:
VIII. Үйге тапсырма:
1.Өлеңді мәнерлеп оқу.
2.Сюжетті ары қарай жалғастырып жазып келу.
VIIIІ. Бағалау:
Өтебай Тұрманжанов: «Жаралы торғай»
Сабақтың мақсаты : 1) Оқушыларға Ө.Тұрманжановтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. «Жаралы торғай» өлеңінің негізгі идеясын түсіндіру, меңгерту, ұғындыру. «Жаралы» деген сөздің мағынасын ашу.
2) Оқушылардың өз бетінше және топпен жұмыс жасау қабілетерін, шығармашылығын ізденістерін, қабілеттерін дамыту.
3) Топпен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, бірін-бірі тыңдауға, өз ойының маңызды екенін ұғынуға тәрбиелеу. Табиғатты, құстарды сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеуСабақтың типі : білімді тексеру.
Сабақтың түрі : жаңа білімді меңгерту.
Көрнекілігі : таныстырылым, интербелсенді тақта, суреттер, тест тапсырмалары, АӘБВ кеспе әріптері, стикерлер.
|
Ана тілі |
4-сынып |
||
Сабақ тақырыбы : |
Өтебай Тұрманжанов. «Жаралы торғай» |
|||
Жалпы мақсат : |
Өтебай Тұрманжановтың өмірімен таныстыру. «Жаралы торғай» өлеңінің негізгі идеясын түсіну; ой - пікірлерін еркін жеткізуге дағдыландыру. Жаралы торғайдың іс-әрекетін көз алдарына елестету, топтастыру. |
|||
Сілтеме : |
Алматы "Атамұра"2011, электронды оқулық, 4-сынып әдебиеті, әдебиетті оқыту әдістемесі, интернет көздерінен алған бейнематериал
|
|||
Оқушылар үшін оқу нәтижелері : |
Өтебай Тұрманжановтың шығармаларын біледі, «Жаралы торғай» өлеңінің идеясын түсінеді;ой-пікірлерін еркін жеткізді;«Жаралы торғайдың» іс-әрекетін көз алдарына елестете алады. Іс-әрекетін, көңіл-күйін топтастырады. Егер «Жаралы торғай» кездесе қалса сен не істер едің?-деген сұраққа жан-жақты жауап іздестіреді. |
|||
Негізгі идеялар: |
Ақын ойының тереңдігі. Өлең шумақтарының маңыздылығын түсінеді.
|
|||
Сабақта қолданылатын материалдар : |
Оқулық, АКТ, электронды оқулық, жұмыс дәптері, рефлексиялық парақ. |
|||
Оқыту әдістері : |
Топтық жұмыс, топтастыру, диалогтік оқыту, топтық тапсырмалар, тест, СТО. |
|||
Дереккөздері : |
Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар, ғаламтордан алынған бейнематериал, электронды оқулық, 4-сынып, Өтебай Тұрманжановтың шығармалар жинағы.
|
|||
Тапсырмалар: |
||||
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: |
||||
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. |
Сыныптағы оқушыларды шағын 3 топқа бөлу. (1,2,3 сандарын таңдау арқылы топқа бөлемін) Оқушылардың көңіл-күйлерін смайликтердің көмегімен анықтаймын. |
Оқушыларды өздері таңдап алған сандарына қарай топқа бөлінеді. 1саны – 1 топты 2саны – 2 топты 3саны – 3 топты білдіреді. |
||
І.Қызығушылықты ояту |
М.Хакімжанова «Көктем» туралы «1минуттық мақала» жазу, жаттау. СТО
|
1.Тыңдайды. 2.Өткен сабақ бойынша оқушылар тапсырмаларды орындап, қорытындылайды.Өзара бағалайды. |
||
2. «Ой қозғау» стратегиясы. Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсетемін, оқушылар бейнероликті көріп болған соң, сұрақ-жауап арқылы жаңа тақырыпты ашады. Ө.Тұрманжановтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнематериалды тыңдатамын. АКТ |
Мұғалім мен оқушы арасындадиалогтік қарым-қатынас болады. |
|||
ІІ.Мағынаны тану |
1.Өлеңді мәнерлеп оқу. 2.Диалогтік оқу. Оқушыларға «ашық-жабық» сұрақтарды интербелсенді тақтадан көрсетемін. Мысалы : -Торғай неге ән салмады? - «Жаралы» деген сөзді қалай түсінесің? -Көз алдыңа «жаралы торғайдың» іс-әрекетін елестет.... -Торғайдың көзі неге мұңды болды? -«Адамға сенбейді ғой құс баласы, Жақыннан көрсетуге тұла бойын» - дегенді қалай түсінесің? Өз сөзіңмен айтып бер. -Егер сен «жаралы торғайға» кезіксең не істер едің? |
1.Сыныпта оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
2.Оқушылар ойланып, топпен өлеңнің мазмұнын талдайды, әр топтан оқушылар сұрақтарға жауап береді, бір-бірін толықты рады. Түйінді ой айтады. Бірін-бірі бағалайды.
|
||
III. Сергіту сәті |
Сергіту сәті. «Жұмыр қылыш» |
Оқушылар сергіту сәтін интер белсенді тақтаға қарай отырып, мұғаліммен бірге жасайды, ғаламтордан алынған жаттығу. |
||
IY.Ой толғаныс
|
Интербелсенді тақтадағы суретті көрсету арқылы ондағы қандай құс екенін және сол құс туралы қандай тақпақ білетіндерін сұрау. «Құстардың көңіл-күйі» қандай деп ойлайсыңдар? |
Қойылған сұрақтарға оқушылар топпен ақылдаса отырып, жауап береді.
|
||
Y. Бекіту |
Кері байланыс жасау арқылы сабақты бекіту |
Оқушылар сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытынды- лайды.
|
||
VI. Бағалау |
Формативті бағалау. «АӘБВ»
|
Оқушылардың қолдарына «АӘБВ» әріптерін беремін.
Интербелсенді тақтада көрсетілген сұрақтарқа оқушы өз ойы бойынша қай жауап дұрыс десе. Сол жауаптың тұсында тұрған әріпті көрсе- теді.
Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықталады. |
||
Үйге тапсырма |
«Жаралы торғай» өлеңін мәнерлеп оқу. Мағынасын түсіну. |
«Жаралы торғай» өлеңін мәнерлеп оқу. Мазмұнын айту. Эссе жазу. |
||
VII. Рефлексия |
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, оқиды. |
Ө.Тұрманжановтың «Жаралы торғай» өлеңіне «1минуттық мақала» жазып келу. |
||
|
|
|
|
|