Материалдар / Облыстық ашық сабақ тақырыбы "Бухгалтерлік құжаттар және оның ролі мен маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Облыстық ашық сабақ тақырыбы "Бухгалтерлік құжаттар және оның ролі мен маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бухгалтерлік есеп негіздері" пәнінен облыстық ашық сабақ әзірлемесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2023
512
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледж



«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»

Облыстық әдістемелік инновациялық Директордың оқу ісі орталығының білім беру жөніндегі орынбасары

үрдісін әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің А.З. Касенова ___________

басшысы Бласбаев С.К. ______________

«___» _______________ 2023 ж. «___» ____________ 2023 ж.







Облыстық ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі


Модуль (пән) атауы: ПМ 04. «Түгендеуге қатысу»/ Бухгалтерлік есеп негіздері


Оқыту нәтижесі: Ұйымның мүлкі мен міндеттемелерін түгендеу жөніндегі операцияларды көрсететін бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асыру


Сабақтың тақырыбы: Құжаттар, олардың рөлі мен маңызы


Мамандығы: 04110100 «Есеп және аудит»,

Біліктілігі: «3W04110101 «Бухгалтер-кассир»

Курс, топ: 2 курс, 2 осн УА-3


Оқытушы: Ұспанова Ж.Т.


Өтетін уақыты: 20.02.2023







Абай обылысы

«Есеп және аудит»

оқытушыларының ОӘБ

_________Д.С. Турсынгазина

«___» _____________ 2023 ж.




Абай облысының Білім басқармасы

Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледж

(білім беру ұйымының атауы)










Оқу сабағының жоспары


«Құжаттар, олардың рөлі мен маңызы»

(сабақтың тақырыбы)

Модуль (пән) атауы: ПМ 04. «Түгендеуге қатысу»/ Бухгалтерлік есеп негіздері


Педагог ___Ұспанова Ж.Т._____________дайындады

2023_ жылғы "_20_" ____02________


1. Жалпы мәліметтер

Курс -2, топ ___2 осн УА-3______________

Сабақтың түрі: аралас

2. Мақсаты, міндеттері:

Оқытушылық: Оқушылармен бірге құжат, құжаттандыру, құжат стандартизациясы мен унификация ұғымдарын қарастыру, сонымен қатар құжаттардың жіктелуін бірігіп қарастыру


Дамытушылық: Осы сабақты оқушылардың аналитикалық ойлау, түсінгенін мазмұндау қабілеттерін дамытуды жалғастыру


Тәрбиелік: оқушыларды зейінділікке, ұқыптылыққа және өз ісінің білікті маманы болуға тәрбиелеу


3. Күтілетін нәтижелер: Бухгалтерлік қүжаттар, есептеу кезінде олардың рөлі мен мағынасы. Қүжаттама - бухгалтерлік есеп негізі күжаттардың деректемелері. Қүжаттардың арнайы нысандары мен түрлері. Қүжаттардың экономикалық және қүқьқтық мағынасы. Қүжаттарға қойылатын талаптар және оларды жөндеу тәртібі қүжаттарды уақытында қүрастырылыуы, деректемелерді толтырудың тольқтығы мен анықтығы .Қүжаттарда кездесетін тузетулер. Қүжаттар дүрыс толтыруға жауапты міндетті лауазымды адамдар. Қүжаттарды бухгалтерия жағынан өңдеу. Мәніне; нысанына қарай күжаттарды толтыру; арифметика жағынан тексеру. Қүжаттарды күрастыру тәртібі бойынша топтастыру: алғашқы мен жиынтық қүжаттар.


4. Қажетті ресурстар: : кесте «Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі», интерактивті тақта, компьютер, бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспары, таратпа материалдар.

Сабақтың түрі : аралас

Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар: Инсерт әдісі, Фишбоун әдісі, кластер әдісі, ақпараттық коммуникативтік технологиялар (LearningApps бағдарламасы), топтық жұмыс жасау, ойын технология элементтері.

Пәнаралық байланыс: Экономикалық теория негіздері, Қаржылық есеп, Қаржылық есепті талдау.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

  • Білімалушылармен сәлемдесу

  • Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

  • Топқа бөлу: «Қар кесегі» әдісімен 4 топқа бөлінеді.

  1. Үй тапсырмасын  тексеру (20 мин)

  1. LearningApps бағдарламасы бойынша ойын өткізу:

  1. Пазлды шешу

  1. Сәйкестендіру

3. Жаңа тақырыпты меңгеруі:

3.1. Актуализация: «Миға шабуыл» әдісімен сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады

3.2. Жаңа сабақ:

Курс тақырыбы Құжаттандыру және түгендеу

Сабақ тақырыбы: «Құжаттар, олардың рөлі мен маңызы»

Жоспар:

  1. Құжат ұғымы

  2. Кәсіпорындағы шаруашылық және есеп жұмыстарындағы құжаттардың маңыздылығы

  3. Құжаттардың жіктелуі


«Джигсо әдісімен» білім алушылар берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр-түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы тұралы топта талқылайды, идеяларымен бөліседі.


Мәтін төрт бөлікке бөлінеді, 4 топқа бөлінген білімалушылар 1 ден 4 ке дейін нөмерленеді. Осыдан кейін олар әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.



  1. Бухгалтерлік құжат (лат. documentum – дәлелдеу, куәлік) дегеніміз шаруашылық әрекеттерді орындау фактісін, оларды орындауға құқықты растайтын немесе жұмысшылардың оларға сеніп берілген құндылықтарға материалды жауапкершілігін бекітетін жазбаша куәлік.

  2. Кәсіпорындардың шаруашылық және есеп жұмыстарындағы құжаттардың маңыздылығы::

  1. Құжаттар есеп жазбаларын негіздеу құралы қызметін атқарады. Дұрыс бухгалтерлік есеп ақпараттарын қажетті кезде тек кәсіпорынның барлық шаруашылық әрекеттерін уақытында және нақты ресімдеу жағдайында ғана алуға болады.

  2. Бухгалтерлік құжаттардың үлкен оперативті мағынасы бар. Олар үкімдерді беруге, сонымен қатар шаруашылық әрекеттердің дұрыстығын растауға қызмет етеді, яғни кәсіпорынды оралымды басқаруға қолданылады.

  3. Бухгалтерлік құжаттар бақылау-талдау қызметін атқарады. Құжаттардың көмегімен орындалған әрекеттердің дұрыстылығы бақыланады, жүргізілетін жұмыстың ағымдағы талдауы жасалады, яғни кәсіпорынды алдын-ала, ағымдағы және кезекті басқару үшін пайдаланылады.

  4. Құжаттардың кәсіпорынның меншігін сақтауын қамтамасыз етудегі ролі ерекше. Олардың көмегімен материалды жауапты тұлғалардың әрекеттері қадағаланады, бағалықтарды алу мен берудің негізділігі тексеріледі.

  5. Құжаттардың құқықтық маңыздылғы бар, олар кәсіпорындармен және басқа субъектілермен немесе жеке тұлғалармен арасында туындайтын дауларды шешуде пайдаланылады.

Құжаттармен құжаттандыру, унификация, стандартизация және құжат айналымы сияқты үғымдары тығыз байланысты.

Құжаттандыру – шаруашылық құралдарын, міндеттемелер мен шаруашылық әрекеттерін бухгалтерлік құжаттармен ресімдеу әдісі. Құжаттардың унификациясы – бұл меншік нысанынан және ведомстволық қатыстылығынан байланыссыз әр түрлі кәсіпорындарда ұқсас әрекеттерді ресімдеу кезінде пайдалану үшін құжаттардың үлгі нысандарын дайындау. Унификация құжаттарды шағымды етіп және қысқартады, сонымен қатар оларды автоматты өңдеуге дайындайды: бірреттік құжаттарды жинақтау құжаттарымен алмастыру, құжаттарда бар артық көрсеткіштерді жою, бірнеше жеке құжаттарды біріктіру және т.б.

Құжаттардың стандартизациясы – бұл құжаттарды басу кезінде қағазды тиімді пайдалану үшін мүмкіндік беретін бір тпті құжаттар бланкілерінің бірдей (стандартты) мөлшерлерін жасау. Одан басқа стандартизация құжаттардың бухгалтерлік өдеуін және олардың архивте сақталуын жеңілдетеді.

  1. Құжаттарды неғұрлым тереңірек игеру және пайдалану үшін құжаттар бухгалтерлік есепте құжаттардың мақсатын сипаттайтын айтарлықтай мәнді белгілері бойынша жіктеледі:

  • Мақсаты бойынша;

  • Құрылу тәртібі бойынша;

  • Шаруашылық әрекеттердің мазмұны бойынша;

  • Әрекеттерді бейнелеу әдісі бойынша;

  • Толтыру жері бойынша;

  • Толтыру әдісі бойынша(13 сызбаны қараңыз).

Құжаттар мақсаты бойынша үкімдік, атқарушы (растаушы), бухгалтерлік толтырылған және аралас болып бөлінеді.

Үкімдік болып шаруашылық әрекетерді орындауға аналған бұйрық, үкімдерден тұратын құжаттар табылады.

Атқарушы (растаушы) құжаттар тек әрекеттердің орындалу фактісін растайды, бухгалтерік жазбаларды растайды және материалдық және ақша қаражаттарын алу, беру және шығындау туралы куәландырады.

Бухгалтерлік толтырылған құжаттар шаруашылық әрекеттерін жазуға басқадай құжаттар болмаған жағдайда немесе бухгалтерлік есепте үкімдік және растаушы құжаттарды дайындау мақсатында қызметкерлермен жасалады.

Аралас құжаттар бір уақытта үкімдік және растаушы, үкімдік және бухгалтерлік толтырылған құжаттар қызметтерін атқарады.

Құрылу тәртібі бойынша құжаттар алғашқы және біріктірілген болып бөлінеді.

Алғашқы құжаттар әрбір жеке әрекетке олар орындалған сәтте құралады.

Біріктірілген құжаттар құрылған алғашқы құжатардың негізінде ресімделеді. Оларды пайдалану біртекті әрекеттерге бақылау жасауды жеңілдетеді.

Шаруашылық әрекеттердің мазсұны бойынша құжаттар материалдық, ақшалай және есеп айырысу құжаттары болып табылады.

Материалдық құжаттар еңбек құралдары мен заттарының бар болуы мен қозғалысын көрсетеді. Оларға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді салымдар, өндіріс қорлары мен шығындары жатады.

Ақшалай құжаттар ақшалай қаражаттардың қозғалысын көрсетеді. Олардың көмегімен кассалық және банк әрекетері есептелінеді.

Есеп айырысу құжаттары кәсіпорынның заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысуын көрсетеді.

Әрекеттерді бейнелеу әдісі бойынша құжаттар бірреттік және жинақтау құжаттары болып бөлінеді.

Бірреттік құжаттар бір рет жеке әрекетті немесе бірнеше бәруақытта орындалатын әрекеттерді бейнелеу үшін қолданылады. Ресімделгеннен кейін бірретік құжат бухгалтерияға түседі және бухгалтерлік есепте бейнелеу үшін негіз болып табылады.

Жинақтау құжаттары біртекті қайталанатын әрекеттерді бейнелеу үшін нақыталатын кезеңге (апта, декда, ай) құрылады. Кезеңнің соңында есеп жазбалары үшін пайдаланылатын көрсеткіштер бойынша жиындары есептелінеді.

Толтырылған жері бойынша құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Ішкі құжаттар кәсіпорында ішкі әрекеттерді бейнелеу үшін құрылады. Мысалы, кассалық кіріс және шығыс ордерлері, актілер, нарядтар, есеп айырысу-төлем ведомостары және т.б.

Сыртқы құжаттар нақты кәсіпорыннан тыс, ресімделген түрде келіп түсетін құжаттар болып келеді. Мысалы, шот-фактуралар, банк көшірмелері, тауарлы-көлік накладнойлары және т.б.

Толтыру әдісі бойынша құжаттарды қолмен жасалынған және есептік техниканың көмегімен жасалынған құжаттарға жіктеуге болады.

Қолмен толтыру жолымен құрылған құжаттар қолмен не жазба машинасымен толтырылады.

Есептік техниканың көмегімен толтырылатын құжаттар автоматты түрде өндіріс әрекеттерінің орындалу сәтіндегі ақпаратын тіркеуге алады.


  1. Тақырып бойынша қорытынды жасау:

4.1. LearningApps бағдарламасы бойынша ойын өткізу: Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуін сәйкестендіру.


4.2. Қорытындылау өтілген тақырып бойынша тест сұрақтары арқылы алынады. 4 топ  құжаттар бойынша берілген сұрақтарға жауап беру қажет

1.     Құжаттар дегеніміз–бұл:

а) Операцияның жасалу фактісі туралы жазбаша куәлік;

ә) Орындаушы адамдар қызметі туралы ақпарат;

б) Есеп жазбалары үшін арнаулы таблицалар;

в) шаруашылық операцияларын тіркейтін журнал;

2.   Құжаттар бухгалтерлік есеп жүргізудің негізі деп не есептеледі?

а) Құжаттар шаруашылық операциялар туралы алғашқы

    ақпараттар  жетекшісі; 

ә) Құжаттарсыз есеп шоттарда жазу жүргізілмейді;

б) Құжаттар есеп жазбаларына заңдық күш береді;

в) Бұлай болып табылмайды;

3.          Құжаттар жасалған жері мен пайдаланылуы бойынша

       қалай сараланады?

а) Бастапқы және жинақтаушы;

ә) Бір жолғы және құрама;

б) Атқарушы және нұсқаушы;

в) Ішкі және сыртқы;

4.          Ақпарат ауқымы бойынша құжаттар былай сараланады:

а) Бастапқы және құрама;

ә) Нұсқаулар және кәләндырушы;

б) Сыртқы және ішкі;

в) Бір жолғы және жинақтаушы;

5.                 Құжаттар міндеттері бойынша қалай сараланады?

а) Бастапқы және жинақтаушы;

ә) Бір жолғы және құрама;

б) Нұсқаулар;

в) Нұсқаулар, аналитикалық және атқарушы,

6.   Құжатар құрылу тәсілі бойынша былай бөлінеді:

а) Бір жолғы және жинақтаушы;

ә) Машиналы және қолдан жасалған;

б) Бастапқы және құрама;

в) Ішкі және сыртқы;

7.     Құжаттағы ақпараттың дұрыстығы үшін кім жауап береді?

а) Бас бухгалтер;  

ә) Басшы мен бас бухгалтер;

б) Құжатарды жасап, бекітуші адамдар;

в) Құжаттарды тексеріп, қабылдауға жауапты адамдар;

8.     Құжаттарды тексеру кезінде формальды жақтан   анықталады:

а) Құжаттың барлық реквизиттерінің толық әрі дұрыс

    толтырылуы;  

ә) Құжаттардың уаұытылы жасалынуын сақтау;

б) Құжаттарды толтыру кезінде заң актілерінің  бұзылмауы;

в) Құжатты жасау мен бекітуге жауапты адам қолының  болуы;

9.     

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!