Материалдар / Одағайдың мағыналық ерекшеліктері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Одағайдың мағыналық ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі сабағында, одағайдың мағыналық түрлерін қайталай отырып, тапсырма ұсыну. Одағайдың ерекшеліктерімен танысып, берілген тапсырмаларды орындау білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2021
516
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Қазіргі қазақ тілі

Тақырып: Одағайдың мағыналық ерекшеліктері.

Одағай сөздер мағына жағынан заттың өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жай-күйі туралы да ұғым бермейді. Олай болса, одағайлар мағына жағынан зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу сияқтанған негізгі сөз таптарына тән сөздердің бірде-біреуіне ұқсамайды. Осындай ерекшеліктеріне байланысты одағай сөздер сөйлемде не тұрлаулы, не тұрлаусыз мүшелердің қызметтерін атқармайды, сөйлемдегі басқа сөздермен тікелей синтаксистік қарым-қатынасқа түспейді. Одағайлар – өз алдына ерекшеліктері бар сөздер. Ал ол ерекшеліктері мыналар:

Біріншіден, одағай сөздердің мағыналары адамның әр түрлі сезімімен байланысты шығатын дыбыстық ишараттарды білдіреді. М: Япырмау, жастық деген қандай қызық! Мұны бастап жүрен кім екен, ә! Дегендегі япырмау, ә деген сөздер – одағайлар.

Екіншіден, адамның көңіл-кйі құбылмалы болатындықтан, одағай сөздердің көпішілігінің мағыналары да құбылмалы, ауыспалы. Одағайлар да адам сезімін білдіретіндіктен, олардың айтылу ырғақтары құбылып отырады. Мысалы, Уай, жарандар!, Уай, қой деймін!

Үшіншіден, одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен байланыспайды, олай болса, сөйлем мүшесі болмайды.

Одағайлардың түрлері:

Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Негізгі одағайлар: ау, ей, әй, уа, пай, оһо, аһа, ой, әй т.б.

Туынды одағайлар: мәссаған (мә саған), бәрекелді (барақа аллаһу (алла саған бақыт берсін), әттегенай, масқарай, о тоба (истиғфару аллаһу (алла кешірсін), япырмай (я пірім-ай).

Одағайдың мағыналық түрлері:

1. Көңіл-күй одағайлары: бәрекелді, әттеген-ай, әттең, алақай, бәсе т.б.

2. Шақыру одағайлары: шөре-шөре, қош-қош, құрау-құрау, кә-кә т.б.

3. Жекіру, тыйым салу одағайлары: тәйт, жә, тек т.б.

Одағайларға жұрнақ жалғану арқылы басқа сөз таптары жасалады: уралау, айтақтау, ойбайла т.б. Одағайлар екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алады.

  1. Одағайлар кейбір көмекші етістіктермен тіркесіп күрделі мүшенің құрамына кіреді: әттегенай деді ол таңдайын қағып, әй-әй десті үйді ішінен екі дауыс. (қайтті? Не деді?)

  2. Одағай сөздер субстантивтеніп, түрлі қосымшалар қабылдап, сөйлемнің қалыпты мүшесі болады. М: Аллаңнан ойбайым тыныш, шәй-шәйлеп орнынан тұрды.


Тапсырма №1: «Күтпеген кездесу», «Қимас сезім», «Сәтті күн» тақырыптарына шағын мәтін құрастыру. Мәтін құрамында міндетті түрде одағайлардың әр түрінен кем дегенде екі одағай кездесуі керек және «сымсыз телефон, қосып айтады, қаймағы бұзылмаған, қалтасы тесік, төбесінен мұздай су құйып жібергендей, екі аяғын бір етікке тықты» тұрақты тіркестері болуы керек.

Тапсырма №2: Мәтіндегі етістіктерге толық талдау жасау.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!