400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ой мен ойын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша әдіскерлеріне, тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы
Бірлік ауылы «Ақбөпе» балабақша әдіскері
Толендиева Айжан Бахытовна



Іскерлік ойын: «Ой мен ойын»


Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Біздің «Ой мен ойын» атты іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі ойында біз ойнап, ойланып демаламыз, бір-біріміз туралы көбірек білеміз. Екі топқа бөліну. Сол үшін қазір сіздер мұнда жатқан парақтардың ішінде жазылған аттарға сәйкес топтарға бөлінеміз. (Алғырлар, Тапқырлар).

Тәрбиешілердің біліміне, өнеріне тапқырлығына әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар. «Ақбөпе» балабақшасының меңгерушісі Карибаева Эльмира Аманқызына , осы балабақшамыздың көп жылғы еңбек өтілі бар, тәжірбиелі маман Саурыкова Гулнар Қарсыбекқызы.

Бүгінгі күніміз сәтті өтсін деген ізгі-ниетпен сіздерді ортаға шақырамын. Әріптестер қобалжуын басып, көңілін көтеру мақсатында тренинг жүргізу. «Менің есіміме сай мінезім».

Армандарға қол созумен келеміз

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланып әрқашан

Қиындықты қалайда біз жеңеміз.


  1. Тапсырма: Сұрақ-жауап сайысы:


І « Алғырлар» тобы:

  1. мектепке дейінгі мекемелер бағынатын құжат (стандарт)


2. М.Д. тәрбие мен оқыту ұйымдастыруда жас ерекшеліктеріне сүйене отырып қандай топтарға бөлінеді ( жас аралықтарын қоса айту).

А) Бөбек жасы – 1 жастан 3 жсқа дейін:

Ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ)

Кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (1 кіші топ)

Б) мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6 (7) жасқа дейін;

мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (2 кіші топ);

мекетпке дейінгі естияр жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ);

мекетпке дейінгі ересек жас – 5 жастан 6 (7) жасқа дейін (5 жастан 6 жасқа дейін мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы);


3.Балабақшада білім беретін бағдарлама неше бөлімнен тұрады

(5 сала бөлімнен. Әлеуметтік, Таным, Денсаулық, Коммуникация, Шығармашылық)

4. «Құрастыру» бөлімі қай саладан (Таным)


5. 3-4 жас аралығындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарлама қалай аталады? (Зерек бала)




ІІ «Тапқырлар» тобы:


1) Баланың білімін анықтайтын қорытынды сараптама қалай талады? (Индикатор)


2. Білім беру саласының базалық мазмұнына қандай оқу қызметтері кіреді?

А) Денсаулық

- дене шыңықтыру

- қауіпсіздік мінез-құлық негіздері;

Б) Коммуникация

- сөйлеуді дамыту;

- көркем әдебиет;

- сауат ашу негіздері;

- орыс тілі;

- драма.

В) Таным:

- қарапайым математика;

- құрастыру;

-жаратылыстану.

Г) Шағармашылық:

- сурет салу;

- мүсіндеу;

- аппликация;

- музыка.

Д) Әлеумет:

- өзін-өзі тану;

- қоршаған ортамен танысу;

- экология негіздері


3. «Көрнекілік» дегеніміз не? Не үшін пайдаланасыз? (Көрнекілік материалдарын бала көңіліне оңайда , әсерлі жолмен жеткізу үшін қолданатын көмекші құрал) Оқу іс-әрекетін тартымды етіп өткізуге, сөздік қорды байыту.


4. 2-3 жас аралығындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарлама қалай аталады? (Алғашқы қадам)


5. Драма бөлімі қай саладан? (Коммуникация)








  1. Тапсырма: «Көп сөйлеме»

Әр ойыншыға 1 минут беріледі. Сол уақыт ішінде өз камандасына ұсынылған тақырыптар бойынша мүмкіндігінше көп сөз көрсету керек.


1. Даяшы

1. Той

1. Шүмек

2.Төлқұжат

2. Тәрелке

2. Сылдырмақ

  1. Түлкі

3.Бұрыш

3. Кәмпит

  1. Қымыз

4.Тұз

4. Қалпақ

  1. Дорба

5.Ақын

5. Жүргек

  1. Пирамида

6.Сурет

6. Жаялық

  1. Ай

7.Телескоп

7. Бесік

  1. Беташар

8.Бала

8. Жұбату

  1. Каратэ

9.Тышқан

9. Тілашар

  1. Шапан

10.Кітап

10. Емізік

  1. Ұялу

11.Тамшы

11. Тұсаукесер


  1. тапсырма: «Серіктесін сипаттау»

педагогтар өз аты-жөнін көрсетпей өз серіктесін сиппаттап жапырақшаға жазу керек. Жазып болған соң, жүргізуші бір-бір жапырақтан оқиды. Педагогтар сипаттау бойынша педагогты табу керек.


  1. тапсырма: «Суреттер сөйлейді»

Ойыншылар өз командасына жасырылған белгілі мақалдарды тақтаға сурет салу арқылы түсіндіруі тиісті. Әр қатысушыға 1 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпайға бағаланады.

  • Оқу инемен құдық қазғандай;


  • Сұлу қыз шашын тарағанша, пысық қыз күйеуге шығады;



  • Бір тал кессең, он тал ек;


  • Ел іші алтын бесік;



  • Еріншектің ертеңі бітпес;


  • Жүз теңгең болғанша,

Жүз досың болсын.


  • Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.


  • Тату елдің түтіні де түзу шығады;

  • Ана сүті бал. Баланың тілі бал.


  • Өзге елге сұлтан болғанша,

Өз еліңе ұлтан бол.



  • Ас адамның арқауы.


  • Аз сөз – алтын,

көп сөз – көмір.


  • Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.


  • Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.


  • Судың да сұрауы бар.




5. Тапсырма : Сөз жұмбақ.

Қатысушылардың көздері байланып, қолдарына әр түрлі әріптер беріледі, жасырылған жұмбақтың жауабын қолдарындағы әріпке қарай табу басты шарт. Сұрақпен бірге қатысушылардың қолындағы әріптер де ауысып отырады.

  1. Жігітке 7еу болса да жетпейді. (Өнер)

  2. Отбасындағы әйелдің орны (Ошақ)

  3. Баланың көңілі қайда. (Дала)

  4. Ана бір қолымен бесік тербетсе,

Екінші қолымен не тербетеді? (Әлем)

  1. Ауылдағы қоңыраулы сағат. (Әтеш)

  2. Ойын баласының қысқы көлігі. (Шана)

  3. Шығармашылық адамның ұйқысын бұзатын не? (Идея)

  4. Бес дұшпанның бірі. (Өсек)

  5. Тәсіл сөзінің синонимі (Әдіс)

  6. Әдет ғұрыптың дәстүрлі жолмен атқаруылын білдіретін сөз. (Кәде)

  7. Тыныс алу органы. (Өкпе)

  8. Егін оруға арналған құрал. (Орақ)






  1. Тапсырма: «Аю мен аралар».

Педагогтар топтасып жұмыс істеу біодіретін тағы да тексеріп көрейік. Әр топта «Аюды» таңдайды, қалғандары «Аралар» болады. Аюды залдың сыртына шағарып, жүргізуші балды тығып қояды. Содан кейін «Аю» кіріп, балды іздейді, «аралар» тек қана «ж-ж-ж» деп дауыстап көмектеседі. «Аю» «балдан» басқа жақа кетсе «ж-ж-ж» деп ашуланып дауыс шығарады.

Құрметті әріптестер! Осымен біздің ойынымыз аяқталуына жетті. Енді әділқазының шешімін күтейік. Олар өз шешімін шығарғанша, осы парақтарға бүгінгі ойын туралы өз пікірлеріңізді жазуға ұсынамын.

Әділқазы мүшелері ұпайларды санап, жеңіпсаздарды айтады.

Жеңіпаздарды марапаттау, қатысушыларға қатысқандары үшін алғыс хат беру.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі