Материалдар / Ой-пікір

Ой-пікір

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
403
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатқа арнайы ұйымдастырған семинарларға барғандағы көргендерім, үйренгендерім,ой-түйгендерім мен пікірім Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқу үрдісінде ұлттық құндылықтырады танытуда педагогикалық технологияның ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға қажетті жағыдай жасау.Жеке тұлғаға және нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіне көшуде жаңа технология мен озық тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтаса жүргізу- бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика саласының басты міндеті-десек, қазір елімізде түрлі бағытта жұмыс жасап отырған білім ордалары бар. Сондай білім ордасының бірі,өзінің қалыптасу жолында салмақты жауапкершілікпен жұмыс атқарып отырған- Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернат. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына жолдаған жолдауларында білім беру мәселесіне ерекше басымдықтар беріп, «Сапалы білім беру Қазақстанның индустриялық – инновациялық дамуының негізі» екенін атап көрсетіп келеді. Осы бағытта бүгінгі замандағы білім берудің жетістіктеріне жетуде қала мен ауыл мектептері арасындағы байланыс, ынтымақтастық тұрғыда ұйымдастырылып,ауыл мектептеріне өз тәжірибелерімен, білім берудегі жетістіктерімен бөлісіп, оны үйретуде теориялық және практикалық жұмыстардың ұйымдастырылуы қажетті іс- деп қабылдаймын .Менің осындай ойға келуіме себеп болып отырған дүние жоғарыда аталғанған мектептің алыс шалғайда орналасқан Қарқаралы ауданы мектептеріне көрсетіп отырған жанды көмегі. Үстіміздегі жылдың 8-9 қаңтар аралығында және 25-26 ақпан аралығында екі жақты келісіммен ұйымдастырылған семинарлар. Қаңтар айында « Мектеп бітіруші оқушыларды орыс тілі мен қазақ тілі пәндерінен ҰБТ-ға дайындау жүйесі және корпоративтік басқару мен менеджмент» тақырыбында Қарқаралы ауданы мектептерінің қазақ тілі,орыс тілі пәндері мұғалімдері мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының басын қосты.Онда , жиналған қонақтарды мектеп директоры Е.М. Әшімов мектептің жалпы ұстанған бағыты,тарихы, бүгінгі жұмыстарымен қысқаша таныстырып өтті. Екінші жұмыс :«оқушыларды қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінен ҰБТ-ға дайындау жүйесі» тақырыбында, мектептің орыс тілі пәні мұғалімі А.А.Темірова және « Тұлға құзыреттілігін бағалау көрсеткіштерінің жасалу жолдары» тақырыбында қазақ тілі пәні мұғалімі А.Т.Сүлейменова өздерінің дарынды баларды ҰБТ-ға дайындауда атқарып отырған жұмыстарын слайдттар арқылы, кестелер арқылы көрсете отырып, іс-тәжірибелерін ортаға салып,қатемен жұмыс жасау, сараптама жасау жолдарын, тест жұмыстары түрлерімен , өздері қолданып отырған тапсырмалар түрлерімен таныстырды.Әрине, бұл жұмыстарды біздер де атқарып отырмыз, бірақ-әр адамның жұмыс жасау әдістері өзгеше болады ғой, бұл жерде осы әдістердің жаңа жасалу жолдарымен таныстым. Өйткені, бұл мектептегі мұғалімдер өз білімдерін Канада да ,Ресейде, Румынияда,Түркияда және басқа да елдерде жетілдіріп және мектеп осы елдермен байланыс орнатып, тәжірибе алмасып отыр. Осы мұғалімдерден кейін оқушылардың сапалы білім алуы бағытында шетелдерде өз білімдерін жетілдіріп келген мұғалімдердің кейбір сабақ тапсырмаларын орындауда қолданатын әдіс –тәсілдерімен таныстыруы мен үшін өте тартымды және қажетті болды дер едім. Онда мұғалімдер біздермен бірге жаңа технологиялар бойынша жанды жұмыстар жұргізіп, оны сабақта қалай, сабақтың қай кезеңінде пайдалануға болатынын егжей-тегжейлі көрсетті. Мысалы: тренинг «тақырыпты терең меңгерту»( карта памяти), помогающая «троица» , Г.А. Рудиктің құрастыруымен жарыққа шыққан «Оқытудың 101 техникасы» әдістемелігінен алынған жұмыс түрлері. Одан кейін мектеп директоры Е.М.Әшімов «Корпоративтік басқару мен менеджмент мектеп басқару ісі жағыдайында» тақырыбында өткізген баяндамасында ,осы мектептің басқарылу жүйесі, оның атқарған жұмысы мен алдыға қойған мақсатының қажеттілігі,оны атқару бағытындағы мектептің міндеттері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын слайд пайдалана отырып айтып шықты.Онда жұмысты қалай жоспарлау қажет, қандай бағытта жұмыс жасау, олүшін қандай ресурстарды тарту, заңды және әлеуметтік міндеттерді орындау,мектептің статусын анықтау үшін неден бастау керектігі айтылды. 25-26 ақпан аралығында осы мектепте ұйымдастырылған екінші семинар «инновациялық аймақтағы сабақ» атты әдістемелік айлық сабақтарына қатысу. Оның мақсаты «оқытудың жаңа инновациялық үлгілірін пайдалана отырып, оқушының жеке дарынын, интеллектуальдық және шығармашылық қабілетін дамыту, заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыруға қол жеткізудің әдіс-тәсілдерін үйрену, әс-тәжірибе алмасу».Бұл күні біздер осы мектептегі мұғалімдердің арнайы бағдарлама бойынша сабақтарына қатыстық. Арнайы топтарға сол жерде бөлді. Біздер үшін бір күнде мектепте 9 сабақ,2 тәрбие сағаты,көрме, 1 сыныптан тыс шара, коучинг ұйымдастырылған. Әр топ үш сабақтан қатыстық. Мен 7а ұлдар сыныбындағы Қазақстан тарихынан «Қазақ хандығының ХVI-XVIIғғ. дамуы. Қасым хан» сабағына , пән мұғалімі Тапенова А.С. (мұғалім ІІ деңгейлі курстан өткен),8в қыздар сыныбындағы Орыс тілінен «Н.В.Гоголь «Шинель»» сабағына, пән мұғалімі Серикова М.Т., ағылшын тілі 8в қыздар сыныбындағы «The mystery of Wales” сабағына, пән мұғалімі А.Ю. Шипицына сабақтарына қатыстым.Барлық сабақтар қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, топтық жұмыстар арқылы, бір сабақта бірнеше тапсырмаларды оқушылардың түрлі әдіс-тәсілдер бойынша меңгеріп шығуына негізделіп құрылған. Оқушылардың осы тапсырмаларды орындауда әр сабақта сол тілде еркін сөйлеу арқылы өтуі,ешқандай аудармасыз сол тілді оқушылардың еркін меңгеруі қызықтырды.Мен осы семинарлардан өзіме не алдым,не қажет еді,неге үйрендім?- деген сұрақтарға:
  • Өзгені білу арқылы, ондағы жетістіктерді,жаңалықтарды көру арқылы өзің де жаңа жетістіктерге жетуге ұмтыласың,алған жаңалықтарыңды өз іс-тәжірибеңе қосасың;
  • Осы семинарлар арқылы қосымша білімімді жетілдірдім.
  • Өзімнің әдістемеліктер жинақтарыма қосымша әдістемеліктер қостым.
  • Мектептің Қазақ халқы тарихында бұрын болған қыздар мен ұлдарды бөліп оқыту әдісін қолдануы, үш тілді қатар меңгерту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстары,жаңа иновациялық технологияларды меңгерген оқытушының білімін жетілдіруде шет елдердегі оқу орындарымен байланыстағы жұмыстары ,мектептің статуысын анықтау бағытындағы атқарған іс -тәжірибелері менің осы уақытқа дейін білдім,атқарып отырмын дегендерімді және көзқарасымдағы біраз дүниелерді қайта қарауға итермелегенін жасыра алмаймын;
  • Ауыл мектептерінің 11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындауда каникул күндері осы мектептің оқушыларымен бірге жұмыс жасауына және дайындалуына шақыруы да үлкен көмек деп ойлаймын.
Мен осы екі семинарға қатысу арқылы ,өзім мынандай тұжырымға келдім:
  • Қала мен ауыл мектептері арасындағы байланыс,ауыл мектептерінде жоғары нәтижеге жетуде бір мектептің шегінде емес мектептер арасында оқыту мен оқыту үрдісін жетілдіруде инновациялар алмасудың маңыздылығы басым болатынына ,оның бүгінгі заман талабына сай ынтымақтаса жұмыс жүргізуі ауыл мектептері үшін үлкен тәжірибелік пайдасы мол деп ойлаймын және бұл үрдіс өз жалғасын тапса деймін.
№20 КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Муканова К.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ