«Бекітемін»
Оқу ісінің орынбасары:
«-----------» 2019 ж
---------------------------------
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп. Үстірт орта мектебі Мерзiмі: 05. 04.2019ж
№ 27 сабақ Тақырып: Ойдың, сөздің , істің бірлігіндегі өмір
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: кішіпейілділік, адалдық, әділеттілік.
МұғалiмК. Идирисова
Сынып: 5 «а», «ә», «б», «в»
|
Сабақ мақсаты: оқушыларға ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір сүрудің маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері : Білімділік: оқушыларға оймен сөздің істің бірлігі адам өміріндегі бақыттың қайнар көзі екенін, кішіпейілділік қасиетімен түсіндіру; Дамытушылық: оқушылардың өззерінің ойларын сөздері мен істерін қадағалауға үйтеру арқылы адалдық қасиетіне баулу; Тәрбиелік: кішіпейілділік , әділеттілікке, адалдыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: оқулық, дәптер,А-4 ақ қағаз, маркер, стикер, плакаттар, үнтаспа |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. ( 5 «Т» сақтау) Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіз нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын да таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін тек жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: біздің «Бөбек» орталығына, біздің гимназияға, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын». Осындай Нұр,Махаббат, және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Енді жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет! Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 27-сабақ " Әбу Насыр Мұхаммед әл-Фараби" әңгімесін оқып мазмұндап келу Мұхаммедтің суға ағып бара жатқан күшікті құтқаруына не себеп болды? Мұхаммедтің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар? Қоршаған ортаға, жан-жануарларға, өзге адамдарға неліктен қиянат жасауға болмайды? Өзің Мұхаммедтің орнында болғаныңда не істер едің? |
Сабақ барысын талқылау: |
|
Дәйексөз Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек Абай Ұлдарға хормен оқыту. * Қыздарға хормен оқыту. * Дәптерлеріне жаздыру, мағынасын аштыру. * Оқушылардың жауабына сүйене отырып, қорытынды жасау. |
Қанатты сөздер |
|
Әңгiмелеу (мұғалім сыйы) Түлкі мен отыншы Аңшылардың қуғынынан қашып келе жатқан түлкі отыншыны көріп, құтқаруын сұрапты. Отыншы оны өзінің үйіне тығып, жасырып қалады. Қуа келген аңшылар да көрінеді. Олар отыншыдан түлкіні сұрайды. Отыншы көрмегенін айтады. Бірақ қолымен түлкіні жасырған үйді нұсқап көрсетеді. Сонда да аңшылар оның белгісін түсіне алмай, сөзіне сенеді де шауып жүре береді. Олар ұзағаннан кейін түлкі де шығып, бір ауыз сөз айтпастан кетіп қалады. Отыншы түлкіні құтқарса да жылы лебіз білдірмегеніне балағаттап жатады. Сонда түлкі тұрып: - Мен саған рахмет айтар едім, егер сөзің мен қолыңның қимылы бірдей болса,- деген екен.
|
|
|
Шығармашылық (топтық) жұмыс. 1-тапсырма: Ы. Алтынсариннің "Таза бұлақ" әңгімесінен үзінді оқи отырып өз түсінігін жазу 2-тапсырма: "Әдепті бала -арлы бала " тақырыбында эссе жазу. 3-тапсырма: "Адалдық" сөзіне сөзжұмбақ жасау |
|
|
Топпен ән айту. Мейірім Өлеңі мен сөзін жазған Ұшқын Жамалбек Толқимын теңіздей Мейірімді көп іздей. Мына өмірдің жақсылығы- Жамандықпен егіздей. Мына өмірдің жақсылығы- Жамандықпен егіздей. Қайырмасы: Ананың сөзіндей, Ақ адал сезімдей, Мейірім керек. Өзгені өзіңдей көретін Аппақ пейілің керек. Сенуің керек, Дүниені жинасаңда сәнімен, Иманмен жиған жан байлығың Биік тұрар бәрінен. Ай толған түндей боп, Бұлттан шыққан күндей боп, Жан жүрегіңе мейір толсын. Тасқа шыққан гүлдей боп, Жан жүрегіңе мейір толсын, Тасқа шыққан гүлдей боп. |
|
|
Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 28-сабақ Жақау Дәуренбековтың "Адалдық " әңгімесін оқып мазмұндап келу |
|
|
Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. Бүгінгі өткен сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар! |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ойдың, сөздің , істің бірлігіндегі өмір

шағым қалдыра аласыз