Материалдар / "Ойнай жүріп үйренеміз!"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Ойнай жүріп үйренеміз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Есту барысында сандарды айыра білуге жаттықтыру. 2.Аңғарымдылық, тапқырлық, ақылмен мақсатқа жету қабілеттерін ұстарту. 3. Ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2018
617
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепалды даярлық тобының жетекшісі:Орынбаева Калдыбике Жаксылыковна

Тақырыбы: «Ойнай жүріп үйренеміз!»Білім беру саласы«Таным», «шығармашылық», коммуникация»Оқу іс-әрекет түрі: ҚМҰҚ, сурет салу, сөйлеуді дамыту, құрастыруОқу іс-әрекет мақсаты: 1.Есту барысында сандарды айыра білуге жаттықтыру. 2.Аңғарымдылық, тапқырлық, ақылмен мақсатқа жету қабілеттерін ұстарту.3. Ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.Көрнекіліктер: Сандар белгіленген текшелер, геометриялық пішіндер,Үлестірілген құралдар: әр балаға сандар, түрлі-түсті геометриялық пішіндер.Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, ойындар, санамақтар, жұмбақтар.Мотивациялық-қозғаушылық-Ұйымдастыру.Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтармен және бір-бірімізбен амандасып алу үшін «Шаттық шеңберін» құрайық.Алақанды ашайық,Күннен жылу алайық,Жүрекке жылу салайық.Жиналған жылы шуақты,Бір-бірімізге сыйлайық-Енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.Балалар шаттық шеңберіне тұрып тақпақтарын айтады.Балалар тақпақты айта отырып, қимылмен келтіреді.-Еліміз аман блсын!-Аспанымыз ашық болсын!-нанымыз көп болсын!-Әке-шешеміз аман болсын!-Бәріміз тату-тәтті дос болайық!-Қайырлы таң!«Сөз атасы сәлем»-деп,Сәлемдесе білеміз.Туыс-туған, достармен,Амандасып жүреміз.

Ұйымдастырушылық-Ізденушілік











1-бөлім: «Кім көп біледі?».-Балалар, білесіңдер ме, берілген тапсырманы аяғына дейін тиянақты орындайтын, көп білгісі келетін балаларды қандай балалар деп атаймыз?-Ия, дұрыс айтасыңдар. Мұндай балаларды ақылды балалар деп атаймыз.-Ал, енді біздің арамыздан осындай ақылды, тапқырлар табылар ма?-Олай болса, біз «Кім көп біледі?»деген бір ойын ойнайық. Осы ойында өзіміздің білімімізді көрсетейік.Ойынның шарты мынадай:-Сендерге 5 сұрақ қоямын. Әр сұраққа жауап берген бала бір жұлдызша алып отырады. Ал, жауап бермеген бала жұлдызша алмайды. Барлық сұраққа жауап берген бала «Ақылды бала» деп аталады.Ойын талабы түсінікті болса, бастайық.Бірінші сұрақ: Жұмбақтар.Туысқан бес кісі,Бірінен-бірі кіші.Бәрінің аты бар,Ең кішісі-шеткісі. (Бес саусақ)-Қане, бес саусақтың аттарын айтып көрейік.(Бас бармақ, балан үйрек, ортан түйрек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек)Оң қолымда бес саусақ,/Сол қолымда бес саусақ.Бесті беске қосқанда ,Болып шығар он саусақ.-Дұрыс балалар.Екінші сұрақ:Өзі үлкен жануар,Үстінде екі тауы бар. (Түйе)-Түйе қандай жануарларға жатады? Үй жануары-Түйенің қандай сусынын ішеміз? Шұбат-Өте жақсы, балалар.-Тағы қандай жануарларды білесіңдер? (Сиыр, жылқы, қой, ешкі,ит, мысық)Үшінші сұрақ:Логикалық есептер.Бес сәбіздің үшеуін,Досың сұрап алады.Айтшы сонда нешеуі,Өз қолыңда қалады?-Сәбіз жемістерге жата ма, көкөніске жата ма? Көкөніске-Сәбіздің қандай пайдасы бар? Пайдасын айту.

Пайдасы:Сәбіздің шырыны бүйрек және бауыр жұмысы бұзылған жағдайда пайдалы болып табылады. Бүйректегі шағын тастарды және құмды жояды, бауырды тазалайды. Ағзадағы қанды тазартып, улы және зиянды заттарды ағзадан шығарып, жояды. Сәбиге сәбіз өте пайдалы. Сәбізді сәбиге 5-6 айынан бастап шырынын аз мөлшерден бастап беруге болады. Ал, халық медицинасында үгітілген сәбізбен шырынын іріңді жараларға және күйген жерлерге пайдаланады.Сәбіз шаштың тез өсуіне жақсы әсер етеді. Шаштың баяу өсуі кезінде сәбіз және лимон шырындарының қоспасы жақсы көмектеседі.Салауатты, жігерлі және әдемі болғыңыз келсе әрдайым көп сәбіз қолданғаныңыз дұрыс !!!-Тағы қандай көкөністер мен жемістерді білесіңдер?(Көкөністер мен жемістерді атайды)Көкөністерді жемістерді суретін бояймыз.-Төртінші сұрақ:Саусақ жаттығуларын білесіңдер ме?«Жаз»Шештік тон мен бөрікті- (Екі қолды кеудеге қойып, бір қолмен басты сипау)Жылы жаз күні келіпті. (Қолдарды екі жаққа жайып, төмен түсіру)Қолғапты тығып тастаймыз, (Бір қолмен екінші қолды сипау)Суға шомыла бастаймыз. (Қолдың қимылы, жүзген кездегідей)«Қала»Баспалдақпен жүремін, (Ортаңғы және сұқ саусақтарды баспалдақпен жүргізу)Қай қабатта үй, білемін. (Осыны екінші қолмен жасау)Пәтерімнің есігін (Қолмен әуеде төртбұрыш жасау)Өзім ашып кіремін. (Қолмен есік ашу)«Жиһаз»Төсекте ұйықтап алғанбыз, (Екі қолын жағына қояды)Затты шкафқа салғанбыз. (Қолдарын қозғалтып, киімдерін жинайды)Орындықта отырмыз, (Жұдырық түйілген қолды, екінші қолдың алақанымен жабамыз)Тамақ ішіп жатырмыз. (Қасықпен ас ішіп отырғандай)-Бесінші сұрақ: Пішіндер.-Жарайсыңдар. Енді мына ілініп тұрған суретке назар аударыңдар.-Нені көріп тұрсыңдар?-Дұрыс.-Үй қандай геометриялық пішіндерден құралған?-Үшбұрыштың неше бұрышы бар?-Төртбұрыштың неше бұрышы бар?-Санайық.-Өте жақсы.-Енді алдарыңда геометриялы пішіндерден үй саламыз.-Жақсы.(Аралап тексеру). (Губкамен жұмыс.) -2 бөлім:Сергіту сәті:«Бала,бала балақан »музыкамен.-3 бөлім: «Өз орныңды тап!» ойыны.-Балалар, қазір мен сендерге сандар беремін. Бұл сандар «Өз орныңды тап!» деген ойынға қажет. Ойын сендердің зейінді, тапқыр екендіктеріңді талап етеді.-Қазір музыка қосылады, бәріміз ойын алаңына шығып билеп, ойнаймыз. Музыка тоқтағанда әркім өз қолындағы санның орнын тауып тұра қалуы керек.

-4 бөлім: «Кім мықты» таяқшалармен, сандармен жұмыс жасайды.-5 бөлім: СанамақБір дегенім-бүркітҚалады аңдар үркіпЕкі дегенім-есекБілмейді ол есепҮш дегенім-үкіҰстап жеді түлкіТөрт дегенім-тиінЕсебі оның қиынБес дегенім-бұлбұлСайрағанда дүлдүл-Санау. Көрсету.1-ден 5-ке дейін тура және кері санау.

Рефлексиялық-түзетушілік-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?-Біз не істедік?Ойындар ойнау арқылы көп тапсырмалар орындадық.-Қандай тапсырмалар орындадық-Өте жақсы, балалар.-Көңіл күйлерің қалай?-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізге өте жақсы, жақсы қатысып, көп білгісі келетін « Ақылды балаларды» анықтап, мадақтайық.

-Міне, бәрі болды анық,Өте дұрыс жауап бұл.Әр сұраққа ойланып,Жөн айтуға талап қыл!-Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды.-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізге жақсы қатысқандарыңа өте қуаныштымын. Рақмет!-Ия.Балалардың жауаптары:-Жұмбақтар шештік.-Логикалық есептер шығардық.-Санамақтар айттық.-1-ден 10-ға дейін тура және кері санадық.-Пішіндерден үй құрастырдық.-Музыкамен сандардың орынын таптық.-Өте жақсы.-Оқу іс-әрекетке өте жақсы және жақсы қатысқан балаларға жұлдызшалар беріліп, марапатталады.-Жалықпа сен жалықпа,Оқы, тоқы, арманда.Бәрін білген балаға,Жақын болар алыс та!

Күтілетін нәтиже:Болу керек: белсенді, тапқыр, ақылды, жылдам, адамгершілігі мол.Білу керек: 1-ден 5-ке дейін, 1-ден 10-ға дейін кері санауды, пішіндерді ажыратуды, санамақтар айтуды, ойын ойнауды.Үйрену керек: математикалық логикалық есептерді, жұмбақтарды шешуді.Қорытынды:Ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.Демек, ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі. Білім мен тәрбиенің негізі мектепке дейінгі кезеңде қаланатынын ескерсек, тәрбиелей отырып білім беру үшін,баламен өткізетін әр күніңді, әр іс-әрекетіңді бала қызығатындай жаңартып өткізіп отыруды тәрбиеші-ұстаздар бір сәт те естен шығармағандары абзал.Өйткені жас өндір о
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!