Материалдар / «Ойнаймыз да, ойлаймыз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ойнаймыз да, ойлаймыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
"Таным" саласы Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру мақсаты: интелектуалды тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорларын молайту,, балалардың ойлау, пікірмен алмасу қабілетін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2021
1839
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы

Білім беру салалары: Таным

Оқу қызметтері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру .

Тақырыбы: «Ойнаймыз да, ойлаймыз»

Мақсаттары: ойнай отырып, ой салу.

Білімділік: .

Дамытушылық:  ұжымдасып интелектуалды тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорларын молайту,, балалардың ойлау, пікірмен алмасу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:  Өзара сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Өз Отанына деген патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, пазлдар, қуыршақтар, сандар, ұлттық нақыштағы көрнекі суреттер, сөзжұмбақтар.

Билингвальды компонент:

О



қу қызметінің барысы:

Shape1


Шаттық шеңбері:

«Бақытты баламыз»

Өзіміз туған, көбелек қуған,

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып,

Білімді адам боламыз

Жадырап күндей

Жайнаған гүлдей

Бақытты біздер баламыз.




«Көне құмыра сыры» мульфильміндегі Құмыра атайдан екен.

Атамыз бізге бұл хатымен не айтқысы келді екен?

-Балалар хатты кім оқиды?

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен бұл хатты Астана қаласының балабақша бүлдіршіндеріне жолдап отырмын. Сендер еліміздің бас қаласы Астана қаласында тұратындарыңды білемін. Ал сендер, Астана қаласынан бұрын еліміздің бас қаласы қай қала болғанын білгілерің келе ме?

Ендеше, сендер бұл сұраққа жауапты пазлды ашу арқылы аласыңдар!

Дайынбыз ба?

Тақтаға зер салайық.

1- тапсырма





3 айырмашылықты табайық.

Жауап дұрыс табылған соң, тақтаны кері бұру.

Жауап әшекей бұйымның артында.









Әшекей бұйым көріп тұрмыз ба? Қайсысы?
















Өзін-өзі бағалау: ашық, жабық сандықшалар.


Керемет балалар, жарайсыңдар!

Пазлдың бірінші бөлігін таптық. Енді, келесі тапсырмаға көшейік.

2- тапсырма

Бұл тапсырмамыз сиқырлы резеңкелер деп аталады. Таныс па балалар?

Зейнімізді байқайық. Алдымен саусақ атауларын қайталап жіберейік.

  1. Бас бармақ
    2. Сұқ саусақ
    3. Ортаңғы саусақ
    4. Аты жоқ саусақ
    5. Шынашақ

Қараймыз, есте сақтаймыз. Қайталап айту. Көрсету.

-Мен жетіге дейін санаймын қолымды артқа жасырамын сендер қайталаңдар!


Екі қолымыздағы резеңкелер саны нешеу?

Сол санды ашайық, артындағы пазл бөлшектерін алайық.

Кім алады?

Тапсырма күрделі болғандықтан, екі бірдей бөлшегі осында екен балалар!


3-тапсырма

Келесі пазл бөлшегі Алдардың сол қолында, жалаушаның артында.

Алдарсыз қалай? Міндетті түрде жасырынбақ пен қулық бар жерде жүреді екен.

Сол қолындағы пазл бөлшегін алуға кім барады?

4- тапсырма

Бұл тапсырма домино деп аталады. Бір сөзбен бұл заттарды қалай атайсыңдар? Балалар осы жерде сендерді ой-ұшқырлықтарың қажет! Бірлесіп ақылдасып, доминоның бос ұяшығының тиісті бөлшегін тапсақ кана, пазл бөлшегі беріледі.Тақатаға мұқият қарайық!

Picture 2





Ал, енді нені қоямыз?
























Балалар суреттердің артынан пазл бөлшектерін алып келеді.

Сонымен, бөлішектерді құрастырайық!


Өте керемет балалар! Бұл біздің әсем қаламыз Алматы екен!

1929 жылы астана Алма-Ата қаласы болады. 1993 жылғы қабылданған Конституцияда Алма-Ата - Алматы болып өзгертіледі.

Балалар, бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

- Қай тапсырма қызықты болды?

- Ұнаса,несімен ұнады?

-Қандай сұрақтарыңыз бар?

-Тағы нені білгіңіз келеді?

Өзімізді бас бармағымызбен бағалап тастайық! Рахмет!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!