400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ойнайық та ойлайық» (1сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
музыка мектептерінің ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Ойнайық та ойлайық» (1сынып)

Сабақтың мақсаты: Музыкалық сауаттарын, есте сақтау, дыбысты есту

қабілеттерін дамыту. Музыкалық білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд

Сабақтың типі: Ойын сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

а) оқушылармен амандасу

ә) оқушыларды түгелдеу

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Мұғалім сөзі: Оқушылар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болады. Қонаққа апайларымыз келіп отыр. Алдымен «Затакт» және «Реприза» деп 2 топқа бөлініп алайық. Оқушылар нота ұзақтықтарын есімізге түсірейікші.

- Музыкада неше нота ұзақтығы бар?

- 5 нота ұзақтығы бар. Олар бүтін нота, жартылық нота, төрттік нота, сегіздік нота, он алтылық нота ұзақтықтары.

- Жарайсыңдар! Оқушылар бүгінгі ойын сабағымыз осы 5 нота ұзақтығына байланысты 5 кезеңнен тұрады. Әр ұзақтықтардың өз тапсырмалары болады. Сол тапсырмаларды орындауымыз қажет.

Бүтін нота кезеңі – Сұрақ - жауап

Жартылық нота кезеңі – Ырғақты жаттығу

Төрттік нота кезеңі – Жұмбақ шешу

Сегіздік нота кезеңі – Тосын сый

Он алтылық кезеңі – Кім жылдам?

Ойын сабақ. «Ойнайық та ойлайық»

Бүтін нота кезеңі – Сұрақ – жауап.

Бұл кезеңде Жасырылған сұрақтарға жауап беру.

1. Музыкада неше дыбыс бар?

2. Қозғау белгілерін ата.

3. Пауза дегеніміз не?

4.Мажордың тон құрамы

5. Реприза дегеніміз не?

Жартылық нота кезеңі – Ырғақты жаттығу.

Берілген әуеннің ырғағын шапалақтау

Төрттік нота кезеңі – Жұмбақ шешу.

Ұзын мойын, екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп. Домбыра

Бас, құлақ, мойны бар,
Үп-үлкен шанағы бар.
Әндетіп шығар әні бар,
Бұл аспап, қай аспап? Қобыз

Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,
Бұл аспап,қай аспап? Жетіген

Сексен сегіз тілі бар,
Сан құбылған үні бар. Фортепиано

Сызылған үні,

Сүйкімді тілі.

Үрлесең ойнайтын,

Аспаптың бірі. Сыбызғы

Боз арғымақ, аузы жоқ,
Мұрны жоқ - екі құлақ,
Белінде белбеуі бар бунақ-бунақ.
"Шу" деп, саусақпенен шертіп қалсаң,
Шабады жүйрік әуен тулап-тулап. Домбыра


Сегіздік нота кезеңі – Тосын сый.

Гамманы ладта жазу. Тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда тосын сыйға ие болады.

Он алтылық кезеңі – Кім жылдам? Әр топтан оқушы шығып берілген ырғақты тактіге бөлу керек.

Қорытындылау. Жеті дыбыс әлемі

Ғажайып та қызықты

Сольфеджио сабағында

Нотаменен ән саламыз

Әлі талай шешімдерді

Оқып, біліп табамыз

Бүгін жалпы өткен тақырыптар бойынша сабақты қорытындыладық.

Оқушыларды бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қараша
1402
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі