400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

“Ойнауды үйренеміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше баланың ойын әрекетін үлгі арқылы қалыптастыру. Ашық сабақта баланың психологтан үйренген дағдыларын әртүрлі түзету-дамыту тапсырмалары, нейропсихологиялық ойындар, ширату жаттығулары арқылы көре аласыздар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Ойнауды үйренеміз»

Сабақтың ұзақтығы: 25-30 минут

Сабақтың түрі: Алған білімді, икемділікті және дағдыларды қайталау, бекіту және тәжірибеде қолдану.

Әдіс-тәсілдер: ауызша, көрнекілік, тәжірибелік, ынталандыру.

Мақсаты: үлгі арқылы ойын әрекетін қалыптастыру.

Міндеттері:

Білім берушілік: баланың қызығушылығын ояту және педагогпен тығыз қарым-қатынас орнату.

Түзету-дамытушылық: баланы нұсқаулыққа сәйкес тапсырмаларды орындауға және имитацияны қайталауға үйрету, қарапайым нұсқауларға жауап беру қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: сенім мен эмоционалдық жайлылық атмосферасын құру.

Құрал-жабдықтар: ағаш сортер, карточкалар, түрлі-түсті стақандар, жануарлардың ойыншық фигуралары.

Ұйымдастыру сәті. Педагог баламен амандасады. Ол балаға кабинетке кіріп, өзінің орындығына отыруды ұсынады. Бала кабинетке кіріп, үстел басындағы орындыққа отырады. Ата-анасы баланың қасына отырады.

Тәжірибелік сәт.

1. «Адасқан түрлі-түсті пішіндер» тапсырмасы.

Педагог балаға ағаш сортерлердегі түрлі-түсті пішіндердің әрқайсысын пішіні бойынша (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, жұлдызша, гүл) жинақтауын сұрайды. Бала өз бетімен ағаш сортерді мұқият жинайды.

2. «Қайталап көр» нейропсихологиялық ойыны.

Педагог балаға адамдардың іс-қимылдарды бейнеленген карточкалар көрсетеді. Баладан осы әрекеттерді айнытпай, ұқсатып салу сұралады.

3. «Құбылмалы қалпақшалар» тапсырмасы.

Балаға түрлі-түсті қалпақшаларды (қара, сары, көк, жасыл, қызыл) карточкада бейнеленген сурет үлгісіне сай үсті-үстіне қою сұралады.

4. «Шырша мен саңырауқұлақ» тапсырмасы.

Бала педагогтың көрсеткен реттілігі мен үлгісі бойынша шырша мен саңырауқұлақты дұрыс қою керек.

5. «Арам-зам-зам» ширату жаттығуы.

Бала педагогтың артынан музыкалық әуеннің мәтініне және жылдамдығына сәйкес қимыл-қозғалыстарды («арам-зам-зам, арам-зам-зам» фразасына қайталау арқылы тізені 3 рет шапалақтаймыз, «гули-гули-гули-гули-гули» фразасына «ролли-полли» жасаймыз, яғни кеуде тұсына қатар бүгілген қолымызды айналдырамыз, «арафик арафик» қолымызды айқастырып екі жаққа еңкейеміз) қайталауы сұралады.

6. «Жануарлар әлемі» тапсырмасы.

Балаға ең алдымен жануарлардың суреттері, содан соң ойыншық фигуралары ұсынылады, сәйкесінше жануарларды (аю, ат, ит, арыстан) сәйкестендіріп қою сұралады. Бала педагогтың атаған жануарын және аудио арқылы дыбысталуы шыққан жануарды көрсеткіш ым-ишара арқылы дұрыс көрсетуі керек.

Қорытынды. Баланы мадақтау. Баламен қоштасу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2022
618
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі