Материалдар / Ойын арқылы балалардың қабілетін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойын арқылы балалардың қабілетін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
ойынның балаларға əсері , ойын арқылы бала ойының дамуы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2020
378
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



12.05.2020

Тақырып:Ойын арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру

Жоспар 1.Сюжеттік рөлдік ойындар 2.Логикалық ойындар

Рөлдік ойын -  бұл өмірлік  жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық  немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру  ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы. Рөлдік ойындар шағын  топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар  карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа  ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.Бұл әдістің артықшылығы  сол, әрбір қатысушы өзін ұсынылған  рөл жағдайында көрсетеді, сол не басқа жағдайды айтарлықтай шынайы байқайды, сол не басқа әрекеттердің салдарларын сезінеді және шешім  қабылдайды..

Рөлдік ойын түрлері

Рөлдік ойын қасиеттері

1.Бақыланатын

Оқушылар қажетті сөздерді алады

2.Белгіленген деңгейде бақыланатын

Оқушылар сюжеттің жалпы сипатын және өз рөлдерінің сипатын алады

3.Еркін

Оқушылар қарым-қатынас жағдайын алады

4.Эпизодтық

Жекелеген эпизод ойналады

5.Ұзақ

Ұзақ уақыт кезеңінде эпизодтар сериясы ойналады (мысалы, сынып өмірінен)

Рөлдік ойындар белгілі  бір талап – тілектерге жауап  беруге тиіс. Онсыз мұғалім табысқа  жетуі мүмкін емес. Рөлдік ойындарды  ұйымдастыру барысында мұғалім  оны алдын ала кімдермен, қандай  әдіс – тәсілдерді қолдану  арқылы өткізетінін жоспарлап  алуы тиіс. Рөлдік ойындарды мұғалім  әртүрлі деңгейде ұйымдастырып  өткізе алады.

Ойынның педагогикада,оқыту  үрдісінде  алатын орны  Платон заманынан  белгілі болған XVIII ғасырдың өзінеде-ақ Ж.Ж. Руссо  мен И.Г. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.

Сюжеттік-ролдік ойындар


«Сатушы»

Мақсаты: Балаларды тәрбиешінің көмегімен сатущы қызметі туралы сюжеттік ойынға қатыстыру, қызықтыру, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге , сыпайы, әрі тиянақты болуға тәрбиелеу. Ақшаны дұрыс санауға үйрету.

Керекті құралдар: Алжапқыш, қалпақ, өлшеуіш, ақша, касса, сатуға арналған ұннан жасалған өнімдер.

Құрылысшы»

Мақсаты: Балалардың құрылысшы мамандығы туралы білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын ояту, ұжымда ойнай білуге дағдыландыру.

Керекті құралдар: каскалар, құрылыс саймандары, машинелер, құрылысқа қажетті бөлшектер (текшелер т.с.с), сызба.


Логикалық ойындар

Баланы оқыту мен тәрбиелеуде мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптың алатын орны ерекше. Оқыту мен оқу әрекетінің тығыз байланыста болуы, баланың ойының дамуына зор үлес қосады. Ал оқыту барысында төменгі сынып оқышыларының ақыл-ойын дамыту, бүгінгі күннің басты талабы

Ойлау дегеніміз – ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін үдеріс.Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытуда негізгі екі сатыға жіктеуге болады. Бірінші сатысында – бала мектеп жасына дейінгі ойлауын еске түсіру арқылы жаңғыртады. Бұл жерде оқу материалдарын талдау көрнекі құралдарды пайдалану арқылы баланың жадын қалпына келтіруге болады. Яғни бала нақты заттарға немесе оның дәл баламаларын бейнелеуге сүйенеді.

Ойлауды дамытудың екінші сатысы мұғалім балаларға игерілетін материалдардың жекелеген элементтерінің арасындағы байланысты көрсету үшін ерекше қадам жасайды. Жыл өткен сайын осындай байланысты күрделі тапсырмалар көлемін ұлғайтып отырады.

Балаларда логикалық ойлауды дамыту әдістемелері:

Талдау

Біріктіру

Салыстыру

Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш-қуаты мен сенімін арттыру қажет. Қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағып беріп отыру қажет.

Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген: «Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан тәрбиеші баланың өркендеткенде, сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта-ықыласы, құштарлығы болуы керек» . МЫСАЛЫ:





Үй жұмысы:

1.Жаңа дәріспен танысу,конспект

2.Логикалық немесе сюжеттік рөлдік ойндар дайында







ЕСКЕРТУ: Үй жұмысы щығармашылық жағынан бағаланады

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!