ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы мақала арқылы бастауыш сынып оқушыларына сабақ беру барысындағы ойынның пайдасы туралы ақпарат алуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ

Аннотация

Қазақ халқының дәстүрлік танымында адамның балалық шағы - ойын баласы деп аталады. Бұл — заңды кұбылыс. Өйткені баланың өсіп, өркендеуі, дүниені танып білуі ойынмен байланысты. Қай заманда да қай халықтың өмірінде болсын баланың мектепке дейінгі кезеңінде ойынның атқаратын қызметінің мәні орасан зор. Ойын өмір қажетінен туған балалык шақтың ажырамас шарты.

Бала үшін ойын іс-әрекет, еңбекке бастайтын қимыл-қозғалыстың жебеуші шарты болумен қатар дүниені танып білу, түсіну, ұғынудың кілті. Сондықтан ойын туралы ғылыми зерттеу жүргізген ғалымдар да, тәлім-тәрбие ісімен шұғылданушы педагогтер де ересек адамдар үшін жұмыс, қызмет, еңбектің мәні қандай болса, бала үшін ойынның да мәні сондай деген орынды тұжырым жасайды.

Кілт сөз: ойын, дүниені тану, түсіну, ұғыну, әдіс.

Халық даналығында — «ойнай білмеген, ойлай да білмейді, ойында озған өмірде де озады» — деген аталы сөзінің сырына жүгінсек мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ойынға деген құлқы, карым-катынасы олар өсіп өркендеп, есейгенде де өміріне жалғаса кететіндігін дәлелдерлік дәйекті деректер жетерлік. Оны біздің де күнделікті тәжірибеміз жан-жақты айқындап отыр. Біз бақылау жасап, тәжірибе жүргізген мектепке дейінгі қоғамдық мекемелеріндегі және бірнеше жылдар бойы жинақталған деректерге зейін аударғанда жасаған пайымдауларымыз — бала ойында қандай болса, кейін ер жетіп, есейіп еңбекке араласқанда да, оқуда да, қызмет бабында да, атқаратын жұмысының барысында да көбіне сондай болатындығына көзіміз жетуде. Өйткені бала өзінің іс-әрекетін, күш-жігерін ойын арқылы машықтандырып, өзі қарым-қатынаста болған заттар мен құбылыстардың сыр сипатын ойын барысында ұғынады. Болашаққа тән болмыс нышандары айқындала түседі. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше.

Тәрбиеші бағдарламада көрсетілген сюжетті ролдік, қимыл-қозғалысты, дидактикалық және басқа да ойын түрлерін пайдалана отырып, топтағы баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп /таным белсенділігі артып/, игерген білім — машықтары негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеуі /шығармашылық белсенділік/, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі арта түседі. Ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.

Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жок, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. Тез есейгісі келіп, бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын мұқалтпай, сен үлкенсің, мен көмектесіп жіберсем, бәрін де өзің істей аласың деп, сенім білдіре тәрбиелеу ұтымды әдіс. Үлкен адам мен баланың айырмашылығы үлкендердің сана-сезімі мен іс-тәжірибеснің молдығында ғана.

Ойын - баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық идеологиясына, тұрмыс-тіршілігіне, айналысатын кәсіп-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп-оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мәселен, рольдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз рол тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан тәрбиешінің міндеті-балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Айталык, тәрбиешінің ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып өткізуі балалардың бір-бірімен достық қатынастарының дұрыс қалыптасуының нышаны екені сөзсіз. Ойын кезінде жолдасының айтқанымен келісіп, оны құрмет тұтудың өзі адамгершілікке бастайтын жол. Тәрбиеші ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте, өзіндік мінез-құлқын қалыптастырады.

Қазақ халқының балаларға арналған ұлттық ойындарына тән сипат, жоғарыда айтқанымыздай, қарапайымдылық қасиетіне қоса, оны ұйымдастыру үшін күрделілікті тілейтін арнайы жағдай мен қиыннан қиыстырылған ойыншықтарды да керек ете бермейді. Тым кірпияздығы шамалы. Ойын кезінде бала қиратып алмайын, бүлдіріп тастамайын деп қауіптенбейді, ешбір күдіксіз ойынға еркін кіріседі. Көңілі қалауынша еркін кіріскен ойын үстіндегі қимыл-қозғалысы, ақыл-ой жұмсауы баланың шамасына қарай әрекеттенуіне мүмкіндік берді. Сондықтан да баланың ұлттық ойынға өте ықыластылығы, белсенділігі байқалды. Балабақшадағы ұлттық ойындардың ерекшеліктеріне тоқталып, балабақша топтарындағы ойынның мән-мағынасын ашуға және адамгершілікке тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолдануға бағыт-бағдар алдық. Ойын кезінде бала белсенді қарым-қатынастағы әсері ерік-жігеріне, эмоциясына ықпал етіп, олардың жақсы-жаманды ажыратып, адамгершілік әдептеріне жаттығады. Ойын арқылы баланың бойына сіңірген машығы-тәуелсіздікке қолы жеткен елдің ертеңгі азаматының азаматтық келбетінің бастауы, болашақ бағыт-бағдарының қозғаушы күші.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.00.2023
366
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі