Материалдар / Ойын арқылы білім алушылардың танымдық ой-өрісін кеңейту.

Ойын арқылы білім алушылардың танымдық ой-өрісін кеңейту.

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға, тәрбиешілерге сабақ жоспарын нұсқа ретінде ұсынылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2020
382
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Ойын арқылы білім алушылардың танымдық ой-өрісін кеңейту.

Сабақтың мақсаты: Білім алушылардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамыту, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей білуге, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау.

Білімділік мақсаты: Білім алушылардың қоршаған орта туралы түсінігін бекіту, табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау.

Дамытушылық мақсаты: Табиғаттың сұлулығын тамашалай білуге, табиғаттың ерекшелігін сезіне білуге, қоршаған ортамен танысу арқылы білім алушылардың ой – өрісін, тілдік сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.

Міндеттері: білім алушылардың танымдық қабілетін дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай жүйрік етіп тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, ойын. Көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, таратпа материалдар, слайд.

Барысы: «Тілек шеңбері»

Дефектолог-мұғалім балаларға шеңберді жылы сөздермен бастауды ұсынады.

Жүргізуші қандай да бір сөз айтады. Жанында тұрған бала оның сөзін қайталайды және өзі тағы бір сөз қосады. Кейінгі бала алдыңғы баланың екі сөзін де қайталайды да, өзі тағы бір сөз қосады. Егер топ үлкен болса, 5-6 адамнан кейін сөздер көбейе түседі.

Дефектолог-мұғалім: Білім алушылар «қыс мезгілінің» және «көктем мезгілінің» суреті бейнеленген карточкаларды қалаулары бойынша таңдап, екі топқа бөлініп отырады.

Тыныс алу жаттығуы.

Қарды ұшырамыз. Алдын-ала дайын көрнекілікті білім алушыларға таратып беріп, бұл жаттығудың қалай орындалатынын түсіндіремін. Сол мезетте мұрын арқылы ауа жұтып, ауа ағымын қарға қарай, оны «ұшыру» үшін бағыттайды. Жаттығу 1-2 рет қайталанады (әуен).


Дефектолог-мұғалім: - Біздің осы уақытқа дейінгі өткен тақырыбымыз: «Қыс қызығы», «Қысқы ойындар», «Қыстап қалатын құстар» осы тақырыптар аясында ойнай отырып, оқиық.

Ойын «Кім тапқыр»

Ал, балалар, ойнайық

Ойнайықта, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық!


Ойын: «Жасырылған сөздерді тап»











15

37

24

25

1

22



15

1

16

1

25

37

18




15

27

24

25

1

23














15

37

24



15

37

11

37

6

37














3

1

16

1

16

1

23



15

1

23

7

1

18

1

15

15

1

16

1

10

1

24

1

7

37












15

27

24

25

1

23


3

38

11

7

38

19



7

20

24

37

17

37

11











15

27

24

25

1

23

6

1



10

8

17



15

12

37

18

7

1

13

7

37



25

1

3

26










15

27

24

25

1

23

6

1



15

1

17

15

20

23

34

37



3

20

16

1

13

37

15




Дефектолог-мұғалім: Жақсы балалар! Сендер естідіңдер ме? Бұл қай құстың дауысы екен? Бұл көгершін екен ғой. Көгершін бізге тапсырма алып келіпті. Балалардың алдында шашылып жатқан әріптерден жаңылтпаш пен мақал-мәтел құрастыру керек екен.

1) «Қыс мезгілі» тобы жаңылтпаш құрастырады.

Жапалақтап қаптап ақ қар жауды,

Алқапты аппақ ақ қар жапты.

2) «Көктем мезгілі» тобы мақал-мәтел құрастырады.

Көктемде жерге түскен бір дән,

Күзді күні мың дән болады.

Дефектолог-мұғалім: Балалар өте жақсы, сендер тамаша орындадыңдар. Көгершіннің тапсырмасын орындадық.

Балалардың алдарында ағаш бейнесі бейнеленген сурет тұрады.

-Балалар, мына суретке назар аударайықшы. Алдарындағы суға осы суретті салайық. Не байқадыңдар? Не өзгерді? Жақсы балалар ағаштың өзі қалды да, бүршіктері көрінбей кетті. Сендер жақсы байқадыңдар!

Дефектолог-мұғалім:

Балалар біздің тағы да орындайтын тапсырмамыз бар екен тіл ұстарту жаттығуын жасайық.


Құстарды ағашқа қыстыру.

Ға-ға-ға

Тал басында қарға


Ғай-ғай-ғай

Жем шоқиды торғай


Ғаш-ғаш-ғаш

Ұя салды қарлығаш


Бұл-бұл-бұл

Сайрайды бұлбұл


Дақ-дақ-дақ

Емші құс тоқылдақ


Дефектолог-мұғалім: Суреттерден әңгіме құра.

Балалар, суреттер ретсіз орналасқан. Қазір слайдтан мәтінді оқып, суреттерді ретімен орналастыру керек.

Қар еріді. Балалар далада қайық жасап, ойнап жүр. Жылы жақтан құстар ұшып келді. Балалар ұя жасады.

Сергіту сәті: «Қолшатыр»

Дефектолог-мұғалім: Балалар қараңдаршы, алдарыңда ерекше тапсырма тұр. Мынау не? Жарық (фонарик). Дұрыс айтасыңдар! Енді алдарыңда тұрған қағаздан жасалған жарықтың көмегімен, суретте не жасырылғанын байқайықшы.


Дефектолог-мұғалім: Балалар өте жақсы, келесі тапсырма балалар алдарыңда жатқан қорапшада не жазылған екен? Дұрыс айтасыңдар, жұмбақ жасырылған. Осы жұмбақтың жауабын шешіп, сәйкестендірейік.


Кері байланыс.

Балалар бағанадан біз көгершіннің тапсырмаларын орындадық. Сендерге қызықты болды ма? Егер сендерге осы орындаған тапсырмалар қызықты болса, алдарыңдағы көңіл-күйлер арқылы білдіріңдер.


Сабақты бекіту:

-Балалар қазір қай мезгіл? Қыстың нешінші айы?

- Қыс мезгілінің қандай қызықты сәттері бар?

- Қыс мезгілінен кейін, қай мезгіл болады?


Бағалау: Мадақтау, марапаттау.

Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ