Материалдар / Ойын арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойын арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінде ойын элементтерін қолданудың тиімділігі айтылды. Сабақ түрлерін түрлендіріп өткізу қажеттілігі балалардың функционалдық сауаттын арттырады.
Авторы:
21 Қаңтар 2024
350
12 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мусатаева Ботакоз Канатовна,

бастауыш сынып магистрі,

бастауыш сынып мұғалімі

Қоянды ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылы




Тақырыбы: «Ойын арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру»


Әрбір ұстаздың мақсаты-сабақ сапасын көтеру,түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру.Сондай ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі «Ойын технологиясы арқылы оқыту» Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады.Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның рөлі педагогикада бұрын да қазір де қарастырылып келеді. Педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс-әрекет деп түсінеді. Оқу процесінде ойын технологиясын қолдану оқушының оқудағы танымдық іс-әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді. Ойын технологиясы арқылы мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттында мәлімдеген құзіреттіліктерді оқушы бойында қалыптастыру міндеттерін шешеді. Қазіргі білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы оқытудың негізгі мақсаты ретінде пәндік білім-білік дағдыларды қалыптастырудың жалпы оқу-біліктіліктерін қалыптастыруға ден қою.Өзіндік оқу әрекеттерін дамыту бағалау жүйесінде өзгерістердің енгізілуін көздейді. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту кезінде ерекше орынды ойын алады. Ойын бұл жерде оқыту әдісі ретінде жүргізіледі. Бұл жастағы балалардың ойынға қызығушылығы басым, мінез-құлқында еріктілік жеткіліксіз,алдында кездескен мысалдарды шешуде практикалық тұрғыдан қарайды. Сондықтан да біз өз сабақтарымызда ойын әдістерін көп қолданамыз.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын-айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды,ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Ойында бала қандай болса өскен кезде де сондай болады.

Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады-деп әрдайым ойынды жоғары бағалаған.

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

-Ойынның мақсаты нақты, және керекті көрнекіліктерді алдын ала дайындап қою керек.

-Ойынның тәртібін алдын ала оқушыларға дұрыстап түсіндіру.

-Ойынға сыныптың барлық оқушылардың түгел қатысуын қадағалау.

-Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуге жетелеу.

-Қарапайым ойыннан күрделі ойынға көшу.

-Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау.

Іс-тәжірибемде сабағым көрнекіліксіз, ойынсыз өткен емес. Қай сабақ, тақырып болсын тиімді көрнекілік, ойынды ойластырып, алдын-ала дайындалуға тырысамын. Ойынмен өткен сабақ қызықты өтіп тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы, ынтасы арта түседі. Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа технологиялар «Сын тұрғысынан ойлау»бағдарламасының кейбір элементтерін сабақта қолданып жүрмін және «Ойын арқылы оқыту»технологиясында қолданып келемін. Бірінші сынып оқушыларын оқуға тек ойынмен ғана қызықтыруға болады.Ойын ойды қозғайды.Баланың ойнын тыйғаның-ойлағанын тыйғанын қағида бекер айтылмаған.Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?»деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады.Ойын арқылы оқушының білім алуға, оқуға қызығушылығы артады. Ойын-адамның өмір танымының алғашқы қадамы.Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не іс-әрекет іспеттес.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы мазмұндық рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қадыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатыны, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді.Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды.Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыруы мен қатар, ерік, сезімдерін дамытады.Қызығу-танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші.Қызығуды туғызу үшін ойынның пайдасы зор.Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалдарын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі.Өйткені төменгі сынып оқушылардың аңсары ойынға ауысып тұрады.Қызықты ойын түрлерінен кейін олар тез сергіп тапсырманы ықыластана тез, әрі сапалы орындайтын болады.Ойындар барлық сыныпта қолданылады.Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық маңыздылығы арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Тіл дамыту бойынша пайдаланылған ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, әрбір сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға таптырмас құрал. Сөздерді дыбысқа талдау, сөз құрастыру жұмыстарына жаңашыл педагогтардың ойын тәсілін таңдадым.

«Маған жақсы мұғалім бәріннен де қымбат,өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»- деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай Бастауыш сыныптаойын технологиясын қолдана оқыту маңызды әдіс-тәсілдерге жатады.Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті-баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету,оның қабілетін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу,дұрыс түсінік қалыптастыру Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан - ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Жймауытов Психология лматы. 1995 -78 б

2. С.Ахметов «Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары.» Алматы «Рауан» 1994 ж. 63-б 20

3 . Р.Б.Нұртазина, А. Д Сейсенова. «Мен оқимын ,ойнаймын ойлаймын!» 1,2 кітаптары . «Арман» баспасы. 2003 26-б

4.Рахметова Қазақ тілін оқыту әдістемесі.-А,2003.-135-бет 5.Сағындықов Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану Алматы

«Ра

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!