Материалдар / ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНЕ ДЕГЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНЕ ДЕГЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілін оқытудың мақсаты – балалардың ағылшын тілінде қарапайым қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі, естіп қабылдау және тілдерін жаттықтыру болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2020
242
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНЕ ДЕГЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Особенности использование игровых элементов как средство развития познавательной активности учащихся на уроках английского языка.


The peculiazities of the usage of game elements as a developing tool of students cognitive activities on English lessons.


Стамкулова Акмарал Шаймерденовна

Нұр-Сұлтан қаласы

15 мектеп-лицейінің

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі


ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлға аралық және мәдени қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді.

Ағылшын тілін оқытудың мақсаты – балалардың ағылшын тілінде қарапайым қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі, естіп қабылдау және тілдерін жаттықтыру болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту балалардың коммуникативті даму біліктілігін, балалардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Шет тілін оқытудың тиімділігін тек қана білім алушыларға байланысты емес, оқыту стратегиясынабайланысты.Осы стратегиялардың ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізуге болады. Бұл мақсатқа жету үшіне ең басты фактор мыналар;

Бастапқы және кейінгі этаптарда ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.

Ойындар бес түрге бөлінеді:

  1. стол үсті ойындары

  2. дидактикалық ойындар

  3. қозғалыс ойындары

  4. іскерлік ойындар

  5. интеллектуалдық ойындар

І. Стол үсті ойындары.

Балалардың зейінділігін дамтытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Үстел үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолдаған тиімді.

ІІ. Дидактикалық ойындар.

Балалардың таным белсенділігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамтытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.

ІІІ. Қозғалыс ойындары.

Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнйы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық алаңда өткізе аламыз.

ІҮ. Іскерлі ойындар.

Балалардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар балалардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.

Ү. Интеллектуалдық ойындар.

Бұл ойындар балалардың зор белсенділігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар – шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.

Кез келген ойындықолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:

  • әр түрлі ойындарды ойнаған бала шығармашылыққа дайын;

  • ойын, оның түрі, мазмұны балалардың жас ерекшелігіне сай болуы;

  • жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;

  • ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы;

Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжрибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.

Ойын өмірде пайдасыз көрінгенімен аса қажетті көрініс-құбылыс.

Балалар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

Ойын арқылы бала нені меңгереді:

  1. Балалар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

  2. Балалар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.

  3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

  4. Бала әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

  5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.

  6. Балалар үшін психологиялық жағымды.

  7. Ойын барысында шешім қабылдау балалардан аса жауапкершілікті талап етеді.

  8. Балалар үшін қауіпсіз.

Ағылшын тілі сабақтарында да ролдік, сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті-ролдік ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатыпалушы әрекеттеріне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.

Дидактикалық ойындар кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады., оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті – қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет сабақтарында жиі қолданылады.

Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А.С.Макаренко былай деді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асырылады. Ойын – балалар үшін айналадығыны танып, білу тәсілі.

Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмүкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғаз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.

Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-ролдік, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлтық ойындар болып бөлінеді.

Бала әрқашан, барлық жерде – бала. Бала үшін ойын ол өз тәжірибесін, өмір мен адамдар туралы түсініктерін тексеріп, зерделейтін эксперименттік алаң ғана емес, сонымен қатар, бала үшін ойын – үлкен әлем, үлкендер араласпайтын, ол өзі қалаған нәрсесін жасай алатын оның өзінің жеке, тәуелсіз, таңғажайып әлемі.

Сюжетті-ролдік ойынның міндеті – баланың қызығушылығын туғызып, сезімін оятып, рухни-адамгершілік қасиеттерін арттыру. Сонымен қатар өзара сыйластық, қамқорлық, жанашырлық құндылықтарын дамыта отырып, мейірбандылық, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. Бұл құндылықтар – бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл – балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарына шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Бастан кешірген табысты істері, қанағат сезімдері балалардың бойында жаңа міндеттер мен мәселелерді шешуге талпыныстарын оятып, өз күштеріне сенуге, өзін-өзі сыйлауға тәрбиелейді. Осы ойындардың арқасында балалар өз істеріне баға бере білуге, өзінің сезімін, әдет-дағдысын бақылай және басқара білуге, сонымен қатар жанындағы адамдардың табиғи болмысымен қабылдап, ізгі ниет, ықылас таныта білуге үйретеді. Әр бала өз ісі мен қылығына жауапкершілікпен қарап, ойын нәтижесінде құбылыстарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік әлеуметтік дағдыларды меңгереді.

Орыс жазушысы Ю.Нагибиннің сөзімен айтқанда: «Ойын балаларға өткенді тірілтіп, болашаққа көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Ойында кішкентай адамның мінезі, оның өмірге деген көзқарасы мен армандары айқындалады. Өздері де соны байқамастан, балалар, ойнап жүріп күрделі проблемаларды шешуге дайындалады».

Менің сабақ барысында пайдаланатын кейбір ойындардың үлгілері:

A Big bad wolf”

A Big bad wolf” Қарама-қарсы екі үй тұрады, ойыншылар сол үйдің біреуінде бір жағында болады. Бастаушы - A Big bad wolf алаңның ортасында тұрып айтады:

I am a big bad wolf

Who of you are not afraid

To go far and far away

Ойыншылар барлығы айтады:

We are not afraid at all

The big bad wolf

He is too small

We are very fast and the brave

We will run into the cave

Cave” сөзін айтқаннан кейін балалар алаң арқылы басқа үйге жүгіреді, ал бастаушы оларды қуып қолын тигізуге тырысады. Кімге қолы тисе сол жүгіріс аяқталғанша орнынан қозғалмай тұрады. Сөйтіп қанша балаға қолын тигізгенін соңынан қасқыр санайды. Әр ойын сайын қасқыр ауысып отырады.

Cunning Fox”

Ойыншылар бір адым қашықтықта шеңберде тұрады. Шеңбердің сыртында түлкінің үйі болады. “Close your eyes” белгісі бойынша балалар көздерін жұмады, ол шеңбердің сыртынан жүріп қу түлкі болатын бір ойыншыны түртеді. Содан кейін балалар көздерін ашып айтады:

Cunning Fox, Cunning Fox

Where do you hide again?

Come here from the Rocks

I will run away.

Түлкі шеңбердің ортасында жүгіріп шығып айтады: “I am here”. Балалар алаңда жүгіреді, ал түлкі оларды ұстап алып 2-3 баланы үйіне алып кетеді. Оқытушы “From the circle” деп ойынды қайта бастайды.

Make an animal”

Оқытушының белгісімен балалар жүгірдеі. Келесі белгі “Make an animal” дегенде ойыншылар тоқтап қалып өздері қалаған аң немесе үй жануарларының мүсінін жасап тұра қалады. Оқытушы балаларға келіп “Who are you?” деп сұрайды. Ойыншы “I am a cat” деп жауап береді. Оқытушы ұнаған мүсіндерді айтып өтеді. Ойын осылайша қайталанады.

Letter B

Ән айтылады. Балалар «В» дыбысына басталған сөзді естігенде орнынан тұрады, келесі тағы «В» дыбысын естігенде отырады. Сөйтіп өлеңді тез-тез айтып тапсырманы орындаған қызықты болады. Мысалы:

My Bonnie is over the ocean

My Bonnie is over the sea

My Bonnie is over the ocean

Oh, bring back my Bonnie to me

Bring back, bring back

bring back my Bonnie to me, to me

Bring back, bring back

bring back my Bonnie to me, to me

Kim’s Game”

Бала алдында тұрған заттардың бәрін үстелдің үстіне жинап қойып, оларды қайталату керек. Содан соң бір-бірден тығып, өздеріне таптыру керек. Мысалы: Close your eyes! Open your eyes! What’s missing?

Ойын арқылы балалардың сабаққа деген, тілге деген қызығушылығы арта түседі. Менің өз жұмыс барысында әркез балалармен тілді үйренген кезде үнтаспадан, бейне таспаларды жиі пайдаланып отырамын. Нәтижесінде балалардың барлығы қызығушылықпен үлкен ынта мен ойын сабаққа қатысады.

Мектепке дейінгі мекемелерде оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын – балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.

Н.К.Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуға үйретеді»-дейді.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!