400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойын «Сиқырлы жүрек»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға аРНАЛҒАН САБАҚ, СНЫМЕН ҚАТАР БАЛАБАҚША БАЛАЛАРЫНА ТИӘРБИЕШІГЕ ҚАНДАЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ ЖОЛЫН ОСЫ САБАҚ АРҚЫЛЫ КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшадағы балалардың топтағы климаты (Балбөбек,Айгөлек,Ромашка)

Педагог-психолог Ахметзаки Ж.


Ойын «Сиқырлы жүрек»

Мақсаты:Балалардың топтағы және педагогпен өзара эмоцианалдық қарым – қатынасын нығайту, алдына қойған міндеттерді шеше білуге үйрету. Бала бойында мейірімділік, жанашырлық сезімді қалыптастыру.

Мазмұны:

Топта тәрбиеші балалармен күнделікті оқу – қызметін жүргізіп жатады. Кенеттен қар ханшайымы келіп:

- «Ах, сендер, мында қызықты уақыт өткізіп отырған екенсіңдер, мен сендерге көрсетейін» дейді. Балалар шошып:

- Апай бұл кім- деп сұрайды? Сонда тәрбиеші:

- Бұл зұлым қар ханшайымы,

- Ол жер бетіндегі барлық тіршілікті қатырып тастай алады.

Қар ханшайымы:

  • Ха,ха,ха дұрыс айтасың.

Тәрбиеші:

  • Қар ханшайымы саған не керек, тиіспе менің балаларыма, жоғалт көзіңді.

  • Ха,ха,ха ендеше мен сені қатырып тасатаймын – деп, тәрбиешіні қатырып, жүрегін мұзға айналдырып, өзімен бірге алып кетеді.

Балалар абыржи бастайды, осы кезде жүргізуші (психолог) келеді.

Психолог:

  • Балалар не болды сендерге?

Балалар барлығын айта бастайды.

Психлог тыңдап тұрып:

Ал енді не істейміз? – деп сұрайды. Осы кезде балалар өз ойларымен бөлісуі қажет. Сөйтіп тұрғанда тәрбеиешінің көмекшісі бір хатты алып кіреді.

  • Балалар, қараңдаршы, мына хатты мен топтың алдынан тауып алдым, мүмкін оқып көреміз.

Психолог хатты оқып береді. Хатта: балалар сендердің тәрбиешілеріңді зұлым қар ханшайымы «Ғажайыптар әлеміне» апарып тастапты.

Психолог:

  • Ендеше балалар жүріңдер тәрбиешілеріңді құтқарайық. Балаларға жол көрсеткіш бағыттар арқылы жүріп отыруы керек. Осылайша, балалар залға келеді, онда қатып тұрған тәрбиешіні көреді.




Ойын «Жылулықты сезіну»

Барысы:

Психолог балалардан:

  • Балалар, мұз боп қатып қалған тәрбиешімізді қалай жылытып, ерітіп аламыз. Қалай ойлайсыңдар ? – деп сұрайды. Балалар жауап береді. Әрине, жылу арқылы, қане тәрбиешіні жібітіп көрейікші . Балалар барып тәрбиешінің қолын жылытады, үрлейді, фенмен жібітеді. Ал, тәрбиеші әлі еріген жоқ. (тәрбиеші бір рет қозғалып қояды)

Психолог:

  • Балалар қараңдаршы, біздің еңбегіміз зая кеткен жоқ, сендер тәрбиешілеріңді бір кішкене жібіттіңдер. Бірақ бұл аз болып тұр.Тағы не істесек екен?

Психолог:

  • Балалар тәрбиеші нені жақсы көреді соны сыйласақ, мүмкін көмегі тиер. Ендеше гүл сыйлайық. Мен сендерге гүл бөлшектерін беремін сендер оны жинап тәрбиешіге беріңдер.(Балалар гүлді құрастырады).Балалар тәрбиешіге гүлдерін сыйлайды.

Тәрбиеші тағы бір-екі рет қозғалады.

Психолог:

  • Бұл да аз болып тұр, тәрбиешіміз әлі толық ерімеген сияқты. Енді оған жылы сөздер айтып көрейікші. Балалар тәрбиешіге жылы – жылы сөздер айтады. Тәрбиеші біртіндеп еріп, күлімсірей бастайды. Балалар қатты қуанады.

Психолог:

  • Балалар, көрдіңдерме, бәріміз бірігіп жүректен шыққан жылулығымыз арқылы тәрбиешімізді Қар ханшайымының зұлымдылығынан сақтап қалдық. Сендер өздеріңнің ұйымшылдықтарыңмен, мейірімділіктеріңмен тәрбиеші апайларыңды қаншалықты жақсы көретіндіктеріңді білдірдіңдер.

  • Қортынды Балалар бүгінгі сабақ ұнағанын айтады.



Сабаққа анализ.

Оқу іс – әрекеттерінде балалар өз деңгейде түсініп, қатысып отырады. Бала күнделікті өмірде әртүрлі жағдайларға еркін қатысып, өздігінен қорытынды шығара алады.

Басқа адамдардың эмоциялық жай – күйін сезініп, оған көмек көрсетуге дайын екендерін білдіре алады. Балалар достық қарым – қатынастың не екенін жақсы біледі. Топтың ұжымдық жұмыстарына шын көңілімен қатысады: жалпы мақсат – міндеттерді қабылдау, бір нәрсені ақылдасып шешуді, және қызығушылықпен шешімге келуді ұнатады.

Сөйлеу мәнері, коммуникативтік икемділігі жақсы дамыған. Топ ішінде ұйымшыл, тәртібі өте жақсы, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсетуге дағдыланған.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 қазан
818
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі