Материалдар / Ойын технологиялар қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ойын технологиялар қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ұстазарға арналған. Сабақ өту барысында жаңартылған бағдарлама бойынша түрлі ойындарды қолданып , сабақты түрлендіріп өткізу. ХХІ ғасыр мұғаліміне сай жұмыс жасай білуге негізделген қозғаушы күш.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2018
486
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебі















Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ өту барысында

Жоба тақырыбы:

Ойын технологиялар қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу









ҚР Түркістан облысы, Түлкібас ауданы , Састөбе поселкесі, Қ.Тұрысбеков № 24, Тел:58-721А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебіАғылшын тілі пәні мұғалімі: Тунгишбаева Айжан Нургалиевна15.07.1987жСот: 8-747-419-88-39aizhan.tungishbaeva@bk.ru











2018-2019 оқу жылы

Ойын технологиялар қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу

Сабақ  беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнерЖ.Аймауытов



Жобаның мақсаты :- Оқушылардың сөздік қорын дамытуға арналған жаңаша әдіс –тәсілдер туралы мәлімет беру.- Жаңа әдіс – тәсілдер туралы теориялық ұғым беру.- Әдістерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету.- Ағылшынша сөйлеу дағдысын дамыту- Жазбаша тілін дамытып, орфографиядан түсінік беру Жобаның міндеттері :- Сөздікті дамыту.- Сөйлеу тілінің граматикасын қалыптастыру.-Ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.- Диалогтік сөздің қалыптастыру.- Түсінгенін айта білу.- Сауатты жазуға дағдыландыру.

Бүгінгі таңда жас ұрпақтың сапалы білім алуы басты мәселе болып отыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар — бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші » дегенінің өзі — үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының даму көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ — бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.«Білім, біліктілікке жеткізер  баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» депА.Байтұрсынов айтқандайЖаңа  бастаманың  қашан  да  қиындығы  да,  қызығы  да  аз  болмайды.  Бірақ  осы  үлкен міндетті  абыроймен  атқарып,  шәкірттерді  бәсекеге  қабілетті  жеке тұлға  дәрежесіне  жеткізе білу – әр ұстаздың міндеті. Сондықтан заман  талабына сай жүргізіліп жатқан өзгерістерден  қауіптенбей  мақсатқа  сай  нәтижеге  қол  жеткізуге тырысуымыз керек.  Бір жылғы еңбектіңнәтижесін Ж.Аймауытовтың сөзімен жеткізгім келеді.   «Сабақ  беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер».«Оқу инемен құдық қазғандай» демекші,шығармашыл,ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады.

Қазіргі уақыттағы жаңа педагогика ғылымындағы проблема ол - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Жаңа технологияның әдіс - тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану - ұстаз шеберлігінің белгісі. Ұстаз ретінде оқытып жүрген оқушыларымның ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң ғана, оларды даму деңгейіне орай әдіс - тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аударып келемін. Оқушыларды жұппен, топпен жұмыстандыру арқылы ұйымдастырылған сабақтар, оқушылардың дарындылығын дамытып, шыңдау жолдарының бірі болып табылады, олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестікті тудыру, басқа адамның ойымен де есептесу қажет екенін де түсіндіреді, уақыт үнемделеді. Жұппен және шағын топпен жұмыс тез, жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік береді.

Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдерімен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі  де осы себептен туындап отыр.  Осы орайда мен яғни ағылшын тілі пәні мұғалімі бастауыш сыныптарында сабақ беру барысында қолданып жүрген, оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында ең тиімді әдіс-тәсілдердің бірін ұсынғалы тұрмын. 1 сыныптарда ағылшын тілі пәні негізінен әліпбиден басталады. Балалардың әріптерді тез есте сақтауы үшін мен мынандай маторикаларды қолданамын.

Екінші кезекте қызығушылығын арттыру мақсатында өз қолдарымен әріптерді бояп түрлі етіп безендіртемін.Бұл әріптер әрдайым сыныпта ілініп тұрады, оқушылар жаттап жүреді.







Сабақты қайталау барысында бірнеше сұрақтар қойылады. Бұл ретте мен ойын түрінде «Алтын балық» аулауды қолданамын. Оқушылардың қызығушылығы артып, белсенді жауап беруге тырысады.

Сабақ барысын түсіндіре отырып оны есте тез сақтау үшін және әр сөзді жаттап алу үшін, сөйлемді дұрыс құру мақсатында мен үнемі қуыршақ театрын қолданамын.









Әр дескрипторға кері байланыс жасату барысында менің әрдайым қолданатын ерекше тәсілімнің бірі : ол әр дескриптоға балды мойыншақ тізу арқылы жинайды. Бұл тәсіл өте тиімді , ұтымды , қызығушылығын арттырады. Оқушының сыңи тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру мақсатында «Who is faster?» Кім жылдам? ойының қолданамын. Бұл ойында балдар берілген тапсырманы тез ойланып жауап береді және әр тапсырмада бір ұпайдан алып өздері жылжытып отырады.









Сабақты қорыта келгенде оқушылардың сабақ барысын, мақсатын қалай түсінгенің рефлексия арқылы көрсетеміз. Бұл кезекте оқушыларға патриоттық-эстетикалық нанымдарға сүйене отырып, киелі шаңырағымызды биікке көтеру мақсатында, әр уықты тігу үшін , он оқушы он сұраққа жауап бере отырып,шаңырағымыз биікке көтеріледі.

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды  сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің  мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның  негізі «Өмірмен  байланыс» ұғымына  құрылған. Ұстаздарға  үлкен  жауапкершілік міндеттелді.  Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің  барлық салаларында  табысты болуы үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер  тынымсыз  еңбектенуі керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын  шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренерміз де көп Үнді халқының  тарихи тұлғасы  Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды  болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз.  Жаңартылған білімболашақтың кепілі.















Ойын технологиялар қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу

Сабақ  беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнерЖ.АймауытовҚР Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Састөбе поселкесі А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі. Тунгишбаева Айжан НургалиевнаБүгінгі таңда жас ұрпақтың сапалы білім алуы басты мәселе болып отыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар — бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші » дегенінің өзі — үлкен көрегендіктің белгісі.Білім саласының даму көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ — бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!