Материалдар / ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Адамның ойын әрекетерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады. Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2022
546
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


А.Ж.Сабанбаева, педагог-сарапшы, ағылшын тілі мұғалімі

E-mail: aynur.sabanbaeva@mail.ru

Кілттік сөздер: ойын технологиясы, ұлттық ойындар, дидактикалық ойындар

Ключевые слова:


Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойынсыз,музыкасыз,творчествосыз,фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды.

В.М. Сухомлинский .

Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Адамның ойын әрекетерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады. Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген.Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.

Қазақ халқының дәстүрлік танымында адамның балалық шағы - ойын баласы деп аталады. Бұл — заңды кұбылыс. Өйткені баланың өсіп, өркендеуі, дүниені танып білуі ойынмен байланысты. Қай заманда да қай халықтың өмірінде болсын баланың мектепке дейінгі кезеңінде ойынның атқаратын қызметінің мәні орасан зор. Ойын өмір қажетінен туған балалык шақтың ажырамас шарты. Бала үшін ойын-іс әрекет, еңбекке бастайтын қимыл-қозғалыстың жебеуші шарты болумен қатар дүниені танып білу, түсіну, ұғынудың кілті. Сондықтан ойын туралы ғылыми зерттеу жүргізген ғалымдар да, тәлім-тәрбие ісімен шұғылданушы педагогтер де ересек адамдар үшін жұмыс, қызмет, еңбектің мәні қандай болса, бала үшін ойынның да мәні сондай деген орынды тұжырым жасайды.

Халық даналығында — «ойнай білмеген, ойлай да білмейді, ойында озған өмірде де озады» — деген аталы сөзінің сырына жүгінсек мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ойынға деген құлқы, карым-катынасы олар өсіп өркендеп, есейгенде де өміріне жалғаса кететіндігін дәлелдерлік дәйекті деректер жетерлік. Оны біздің де күнделікті тәжірибеміз жан-жақты айқындап отыр. Біз бақылау жасап, тәжірибе жүргізген мектепке дейінгі қоғамдық мекемелеріндегі және бірнеше жылдар бойы жинақталған деректерге зейін аударғанда жасаған пайымдауларымыз — бала ойында қандай болса, кейін ер жетіп, есейіп еңбекке араласқанда да, оқуда да, қызмет бабында да, атқаратын жұмысының барысында да көбіне сондай болатындығына көзіміз жетуде. Өйткені бала өзінің іс-әрекетін, күш-жігерін ойын арқылы машықтандырып, өзі қарым-қатынаста болған заттар мен құбылыстардың сыр сипатын ойын барысында ұғынады. Болашаққа тән болмыс нышандары айқындала түседі. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше.

Қазақтың ұлттық ойындары халыктың еңбек, шаруашылык үрдісіне байланысты туғандықтан, оның түрі мен мазмұны төзімділікке, батылдыққа, ұстамдылыққа, тапқырлыққа және мейірімділікке баулитын сипатта болады. Мұның өзі көңілге кеңдік пен дарқандық ұялатады. «Сайыс», «Аударыспақ», «Бәйге», «Көкпар тарту» т.б. ойындары үлкен адамдарға тән дегенімізбен, оның көріністері мен мәні бала ойынының репертуарынан да тиянақты орын алған. Балабақшадағы топта ойналып жүрген «Ақ серек пен көк серек» , «Қазан доп», «Күшің жетсе, үзіп кет», «Арқан тарт», «Алақан соқпақ», «Жаңылма», «Байқап қал», т.б. ойындар баланың белсенділігін жебеп, жігерін қайрап, қапияда жол табатын тапқырлыққа, аңғарымпаздыққа баулиды. Ойындағы ұтқырлық - екінші жағынан өнер. Халықтың аңсаған арман тілектеріндегі, іс-әрекетгеріндегі атрибуттар бала ойынынан көрінісін табумен қатар тікелей әрекетіне айналады. Халық ойындарына тән сипат-өмірге үйлесімділік шындықтан туындайды. Онда қойылған талаптарды орындау барысында дене ширап, көңіл көтеріліп, дербестік дамып, баланы ұғымталдыққа ұмтылдырады. Балалықтың базарлы шағындағы ойынның қайсысында болмасын, ойынның мазмұнына қарай, өлең, тақпақ, ән араласа жүреді. Ал олар ойынның тікелей мазмұнында болмаған күннің өзінде жеңіліс тапқан топ немесе ән, болмаса би билеп, күлдіргі әңгіме айтып айыбын етеуге тиіс. Бұл — қазақтың ұлттық ойынындағы басты ерекшелік.

Халықтык ойын бала киялына козғау салатын, эмоциялық сезімін тербеп, түрлі еліктеу барысында өзіндік жол-жосық іздеуге ұйытқы болуымен қатар ғажайып сыры мол фантазияға жетелейді. Ғажайып қиял адамның ойлау өресін жаңа сатыға көтеретін заңдылық деп білсек, болашақ тұлғаның ой-қиялын өрістетудің нышаны ойыннан бастау алары хақ. Әрине, мұндағы киял дерексіз ұғымдар емес, тікелей өздері көріп, қабылдап, танып жүрген көріністерден туындайды. Сондықтан балабақшада шығармашылық (творчестволық) деп шартты түрде атап жүрген ойындарда, тек көрсетілген ережені малдану емес, балалардың ойын барысында өздері тапқан немесе жаңадан өздері құрастырған мазмұн мен түрге ерекше ықылас қойып, оны ризашылық ниетпен қолдап, мадақтап отырамыз. Бұл, көбіне, аралас топтағы ересек балаларға тән.

Қазақ халқының балаларға арналған ұлттық ойындарына тән сипат, жоғарыда айтқанымыздай, қарапайымдылық қасиетіне қоса, оны ұйымдастыру үшін күрделілікті тілейтін арнайы жағдай мен қиыннан қиыстырылған ойыншықтарды да керек ете бермейді. Тым кірпияздығы шамалы. Ойын кезінде бала қиратып алмайын, бүлдіріп тастамайын деп қауіптенбейді, ешбір күдіксіз ойынға еркін кіріседі. Көңілі қалауынша еркін кіріскен ойын үстіндегі қимыл-қозғалысы, ақыл-ой жұмсауы баланың шамасына қарай әрекеттенуіне мүмкіндік берді. Сондықтан да баланың ұлттық ойынға өте ықыластылығы, белсенділігі байқалды. Балабақшадағы ұлттық ойындардың ерекшеліктеріне тоқталып, балабақша топтарындағы ойынның мән-мағынасын ашуға және адамгершілікке тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолдануға бағыт-бағдар алдық. Ойын кезінде бала белсенді қарым-қатынастағы әсері ерік-жігеріне, эмоциясына ықпал етіп, олардың жақсы-жаманды ажыратып, адамгершілік әдептеріне жаттығады. Ойын арқылы баланың бойына сіңірген машығы-тәуелсіздікке қолы жеткен елдің ертеңгі азаматының азаматтық келбетінің бастауы, болашақ бағыт-бағдарының қозғаушы күші.

Сабақтағы ойынның орны, оған бөлінетін уақыт мөлшері оқушылардың білімінің деңгейімен, оқу материалының жеңіл не қиындығымен, сабақтың мақсаты мен мүмкіндігімен т.т байланысты. Мысалы, егер ойын жаңа материалды алғашқы бекіту кезінде жүргізілсе, онда ойынға уақыт көбірек бөлінеді, ал кейінірек сол ойын өткен материалды қайталату ретінде ұйымдастырылса 3-5 минут жеткілікті.Ойын-оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі үрдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, ағылшын тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаныда қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті-ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетінің орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.Дидактикалық ойындар-балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың барысында – өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында-тақырып бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Мұғалім сабағының баланың қабілет қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланысты жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.

Ағылшын тілі сабағында ойнатылатын ойындардың сан алуан түрлері бар. Олар:
І. Стол үсті ойындары.
Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
ІІ. Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.
Мысалы: «Алфавит ойыны». Бірінші оқушы: «Apple…» деп, «А» әрпінен басталатын сөзді айтады , келесі оқушы бірінші оқушының сөзін қайталап, «В» әрпінен басталатын сөз айтады  (ex : box) т.с.с
ІІІ. Қозғалыс ойындары .
Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.
IV. Іскерлік ойындар .
Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
V.Интеллектуалдық ойындар.
Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар – шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.
Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:
– әр-түрлі ойындарды ойнаған шығармашылдыққа дайын;
-ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;
-жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;
-ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы.

Қорыта келгенде, ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын оқушының есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі сабағында оқытудың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет. Оқытушының сабаққа қойған мақсатына, міндетіне, шартына байланысты ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет. Ойын арқылы кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңіл-күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарын қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің сабақ мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді.
Оқу үрдісінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.
Нәтиже:
1. Әр оқушының шығармашылығы артады.
2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады
3. Оқушының жеке қабілеті анықталады
4. Оқушы топ жаруға ұмтылады.
5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды
6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!