Материалдар / Ойын терапиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойын терапиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Көмекші (түзету) мектептің 0-сыныбына арналған бағдарлама. Осы бағдарламаны іс-жүзіне асыруда, белгілі бір жас шамасы бойынша топқа арналаған жоспар, сонымен бірге нақты оқушыға арналған жоспар бойынша білім беру мекемелерінің педагогтары мен психологтарының жұмыстары күтілген нәтижеге бағыталуының маңызы өте үлкен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2022
712
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













ОЙЫН ТЕРАПИЯСЫ


Көмекші (түзету) мектептің 0-сыныбына арналған бағдарлама




















2009



ТҮСІНІКТЕМЕ


Білім беру жүйесінің барлық буынының гуманистік және демократиялық негізде құрылуын көздейтін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын қазіргі заманға жағдайда іс-жүзіне асыруда, зерде дамуы бұзылған балаларды мектепке оқуға дайындықтың уақытылы, ойланған жүйесін құрудың маңыздылығы айқындалды. Жоғарыда көрсетілген мәселе қазіргі заманғы психология мен педагогикада табысты зерттелуде (Л.С.Выготский, Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Л.В.Занков, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев, М.Н.Скаткин, Д.Б.Эльконин және т.б.)

соның негізінде ол тұлғалық-бағдарлы және дамыта оқыту концепциясы аясында шешілуі мүмкін.

Л.С. Выготский мен оның мектебінің жұмысы бойынша даму концепциясы дамудың екі деңгейіде бағдарлануы керек: І деңгей – өзекті даму (дамудың бар деңгейі – бала өз бетімен қол жеткізеді) және ІІ деңгей – жақын даму аймағы (бала бірге жасалатын жұмыс барнысында қол жеткізеді, яғни баланың ереңгі күні). Л.С.Выготский негіздеген жақын даму аймағының феномені баланың дамуының сентизитивті кезеңдерін есепке ала отырып, жас шамасының психологиялық жаңа пайда болуларына бағдарлай отырып, оқудың өзімен дамуды ілестіретін, алға тарта білім беруді білдіреді. Даму ойындарында баланы бастауыш мектепте оқуға дайындауға көмектесетін, оқу мен тәрбиелеудің дамумен байланысын білдіреді.

Ойын терапиясы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шетел мектептерінде (А.Фрейд, К.Роджерс, Р.Нельсон, К.Мустакас, Г.Лэндрет және т.б.) белсенді түрде әзірленіп жатқан ойынмен емдеу, бұл бастауыш мектеп жағдайында да тиімді қолданылуы мүмкін. Ойын терапиясы балалардың көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, ұсынылатын білімді меңгеруге қажетті дайындыққа көмектеседі. Бала қарым-қатынастың вербальді құралдарын толық меңгермейінше, ойын және ойын материалы ересек адаммен эмоциялық қатынасты орнатуға, оқу дағдыларын дамытуға қажетті тәжірибені алуға көмектеседі.

Көмекші мектептегі оқудың дайындық кезеңінде міндеттерді іс-жүзіне асыруға байланысты, негізін дамыту ойындары, дамыту ойыншықтары, ойын тапсырмалары құрайтын ойын терапиясының арнайы курсы ендіріледі. Даму ойындары мен ойыншықтарды ойынның мазмұнын жіктеу және алдыңғы қатардағы даму қағидаларын есепке ала отырып, жүйелі түрде қолдану, көмекші мектептің бастауыш сыныпарында оқытудың диагностикалық-түзету және дамыту бағытына толық жауап береді. Осыған байланысты дамыту ойындары – бұл білім беру мекемесінің ойын мәдениетіне мазмұн беретін, балалардың танымдық және эмоциялық-ерік аясын дамыту бойынша мақсатты түрде бағытталған педагогикалық қызметті білдіреді. Дамыту ойыншықтарын алсақ, олар баланың психологиялық қызметін сапалы түрде өзгертуге бағытталған тиімді әсер ету құралы болып табылады.

Ойын терапиясы жағдайында оқушылардың жеке-дара сапаларының байқалуын, ителлектуальды қабілетін пайдалануын, өз бетімен іс-әрекет жасауын белсендіретін және т.б., олардың шығармашылық-ізденіс белсенділігін жоғарылатуға бағытталған мазмұнды қызмет түрі дамиды. Яғни, мектепке дайындық үдерісінде негізгі білімді меңгеруге арналған жағымды жағдай туындайды.

Ойын терапиясы бағдарламасының мақсаты – мектепке дайындық үдерісінде танымдық және эмоциялық-ерік қызметі бұзылған балаларды дер кезінде психологиялық диагностикалау және психологиялық түзету.

Көмекші мектептің дайындық сыныбының балаларын оқытудағы ойын терапиясы бағдарламасының міндеттері:

  1. Танымдық және эмоциялық-ерік аясы бұзылған балалардың психологиялық даму еркшеліктерін зерттеу.

  2. Балалардың даму деңгейі бойынша дамыту ойындыры мен ойыншықтары арқылы дәйектілікпен түзете-дамыта оқыту.

  3. Балаларда жеке тұлғалық «Менді» айқындауға және оқуға деген жағымды әсер тудыруға арналған жағымды эмоциялық әсер ететін ойын тәжірибесін қалыптастыру.

Бағдарламаға Х.Т.Шерязданова мен Г.М.Касымованың дамыту ойындарын жіктеу және А.Т.Баймұратованың Түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында қызмет жасайтын лекотека үлгісі негіз болды. Ойын терапиясы бағдарламасын құрғанда ТП ҰҒПО мамандарының зерде дамуы бұзылған балалармен дамыту ойыншықтарын пайдаланған тәжірибесі де есепке алынды.

Ойын терапиясы бағдарламасының бөлімдерін анықтау кезінде біз танымдық мазмұнды және тәрбиелік мәні бар дамыту ойындары мен ойыншықтарды ерекшелей отырып, баланың психологиялық қызметін дамыту қағидасын басшылыққа алдық. Дамыту ойындарын жіктеу жеке алынған ойында білім беру-тәрбиелік міндеттерді нақтылауға мүмкіндік береді. Дамыту ойыншықтарын заттық-дамыту ортасы жағдайында қолдану әсердің тиімді болуына көмектеседі.

Ойын терапиясы бағдарламасы төрт бөлімді қамтиды.

І бөлім – Қарым-қатынас дағдыларын және адамгершілік-ерік қасиеттерін дамытатын ойындар. Бұл бөлім балаға ересек адамдармен, құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге, эмоциялық қатынас орнатуға, мектепке дайындық жағдайында қоршаған ортамен өзара әлеуметтік іс-әрекет тәжірибесін жинақтауға көмектеседі.

ІІ бөлім – Ұсақ моториканы, қолдың көру-қимыл үйлесімділігін және зейінді дамытатын ойындар. Балаларды мектепте оқуға (жазуға) дайындауға, оқу үдерісінің маңызды шарты болып табылатын ойын тапсырмаларын орындауға бағытталады.

ІІІ бөлім – Сенсорика мен есте сақтау қабілетін дамытатын ойындар. Бастауыш мектептің болашақ оқушысының ой-өрісінің дамуы үшін маңызды болатын, ойын барысында ізденіс тәсілімен заттарды тексеру дағдыларын біртіндеп меңгере отырып, балаға қоршаған әлемнің басты қасиеттерін меңгеруге көмектеседі.

ІV бөлім – Ойлау қабілеті мен елестету элементтерін дамытатын ойындар. Көмекші мектептің дайындық сыныптары жағдайында балалардың даму ерекшеліктерін есепке ала отырып, оларды масатты түрде және жіктей отырып дайындауға көмектеседі. Бөлімде баланың көрнекі-әрекеттіктен көрнекі-бейнелік және себепті ойлауға, сонымен бірге елестету элементтерін дамытудағы дамыту ойыншықтары мен көмекші құралдардың рөліне көңіл бөлінген.

Бағадаралама зерде дамуы бұзылған балалардың психологиялық дамуының ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылған. Оның негізінде «Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ой дамуы бұзылған балаларға білім беру және тәрбиелеу бағдарламасымен» сабақтастықты қамтамасыз ететін, білім, икемділік пен дағдыларды меңгеру бойынша талаптар жатыр. Сонымен бірге, осы бағдарлама белгілі бір жағдайда есту қызметі, сөйлеу тілі, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған, тәртібінде ауытқушылықтары бар және т.б. балалар үшін де табысты қолданылуы мүмкін. Бұл «Ойын терапиясы бойынша оқу бағдарламасының әдістемелік нұсқауларында» тұжырымдалған ойын терапиясының жалпыға ортақ қағидаларына байланысты болады.

Осы бағдарламаны іс-жүзіне асыруда, белгілі бір жас шамасы бойынша топқа арналаған жоспар, сонымен бірге нақты оқушыға арналған жоспар бойынша білім беру мекемелерінің педагогтары мен психологтарының жұмыстары күтілген нәтижеге бағыталуының маңызы өте үлкен. Бұл оқушының танымдық қызметін түзету жұмысын берілген санаттағы балалардың жеке-жас шамасы бойынша ерекшеліктерін есепке ала отырып, мақсатты бағыттауға және дифференциалдауға, сонымен бірге баламен диагностикалық-түзету жұмыстың болашағын бақылауға мүмкіндік береді. Күтілген нәтиже проблемалы балаларды оңалту жұмысында педагогтардың, психологтардың және ата-аналардың өзара әреке жасауға және танымдық оқу қызметін түзетуге баламалы тәсілдерді іздестіруге мүмкіндік береді. Күтілетін тәсілдерді тұжырымдау берілген типтегі білім беру мекемелерінің талаптарын есепке ала отырып, түзету бағдарламаларында қойылатын мақсаттар мен міндеттерге тәуелді болады.

Ойын терапиясының бағдарламасын құруда біз З.М.Богуславская, Е.О.Смирнова, А.А.Катаева, Е.А.Стребелева, Н.В.Клюева, Ю.В.Касаткина, Л.М.Шипицына, А.Ф.Ануфриева, С.Н.Костромина, С.А.Ұзақбаева, А.К.Айтпаева және т.б. әдістемелерінде сипатталған жалпыға белгілі ойындарды пайдаланылдық. Ұсынылған ойындар ойын атрибуттарына, сонымен бірге дайындық сынып оқушыларының санына қарай басқаларымен де толықтырылуы мүмкін.

Ойын терапиясы бағдарламасы аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағатқа есептелген.




ОЙЫН ТЕРАПИЯСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ


Бөлімдер мен тараулар

Тақырыптар

Дамыту ойындарының әр түрлілігі

Са-ғат

Са-ны

Күні

1

Қарым-қатынас дағдыларын және адамгершілік-ерік қасиеттерін дамытатын ойындар.

1. Вербальді емес қарым-қатынас

1.1. Менің ақылды көмекшілерім (көз, құлақ, мұрын, ауыз, қол).

Дидактикаылық ойындар: «Тамаша дорба», «Жануарды таны», «Бұзылған телефон».


2


1.2. Ым және қимыл тілі.




Шығармашылық ойындар: «Ертегіні бейнеле», «Айна».

Әдет-ғұрыптарға арналған ойындар: «Амандасу – қоштасу» (сөзсіз).

2


1.3. Сезім тілі (эмоция)

Дидактикалық ойындар: «Пиктограммалар», «Тамаша дорба», «Көңіл-күйді таны»,

Этюд-ойыны «Тәтті кәмпиттер».

2


2. Вербальді қарым-қатынас (сөйлеу тілі)

2.4. Іскерлік қарым-қатынас

(Қарым-қатынас қызметі)




Дидактикалық ойындар:

«Шақыр», «Қоңырауды бер», «Не жетіспейді?», «Өзіңнің жұбыңды тап».

Шапшаң қимылды этюд-ойын:

«Көңілсіз, бұлай отыру көңілсіз».

2


2.5. Эмоциялық қарым-қатынас




Драматизациялау ойындары:

«Бауырсақ», «Үш аю».

Рөлдік ойындар:

«Сабалақ ит», «Батыл тышқандар».

2


2.6. Танымдық қарым-қатынастар.

Дидактикалық ойындар: «Менде не барын тап», «Ұста да ата».

Рөлдік ойындар:

«Ойыншық дүкені».



2


3. Менің «Мен» құпиям.

3.7. Мен кіммін? (менің автопортретім).

Дидактикалық ойындар: «Менің автопортретім».

Шығармашылық ойын:

«Кім екенін таны».

Қол ұстасып билейтін ойын:

«Әткеншектер».

2



4. Мен және мнің жанұям

4.8. Тату жанұя (ата-анамен арадағы өзара қатынас).

Жағдаяттық-рөлдік ойын: «Қыздары мен шешелері».

Оқиғалы-қойылым ойыны: «Менің жанұям».

Конкурс-ойын: «Менің жанұям» (суреттер вернисажы).

Қазақтың жағдаятты-рөлдік ойыны: «Менің жанұям».

2


5. Мен және басқалары

5.9. Достық



Шапшаң қимылды ойындар: «Шеңберді бұз», «Күн мен жаңбыр».

2


5.10. Сиқырлы сөздердің құпиясы (амандасу, алғыс).

Шығармашылық ойын:

(оқиғаны ойнау) «Сен досыңмен режістің, енді татуласқың келеді», «Балалармен қалай танысады», «Сенің досыңның туған күні» және т.б.

Әдет-ғұрыптарға арналған ойындар: «Амандасу – қоштасу».

2













ІІ

Ұсақ моториканы, қолдың көру-қимыл үйлесімділігін және зейінді дамытатын ойындар.

2.11. Зейінді дамыту.




Дидактикалық ойындар:

«Абай бол!».

Шапшаң қимылды ойындар:

«Өз орныңды тап», «Құр тұрма».

2


2.12 Ұстап алуды дамыту (қатысты қимылдарды дамыту).



Дидактикалық ойындар: «Түсті төбешік», «Қорапшаны жауып қой».

Шапшаң қимылды ойындар:

«Допты ұста», «Көңілді доп», «Құсты ұста», «Тақия»*.

2


2.13 Қол қимылдарының еліктеуі.


2.14 Қол саусақтарының дамуы.



«Пойыз», «Қояндар», «Қаздар», «Құстар», «Жасырынбақтар», «Допты домалат», «Балға».

«Пианино», «Гүлдерден жол жасайық», «Қуыршақтарға моншақтар жасау», «Таяқшаларды қосу».

Ойын-ермек: «Ұсақ тастарды жинайық»*.

2



2.15 Қол білезгінің қимылын дамыту

«Кім епті?» ойыны, «Басқаға тапсыр» ойын-жақтығуы, «Сиқырлы шумақ», «Пойыз», «Кім тезірек болады?».

2


І






















































































































IV

Сенсорика мен есте сақтау қабілетін дамытатын ойындар

1. Пішінді ерекшелеу.

2. Пішінді қабылдау


3.16 Тәжірибеде пішінді ерекшелеу.






Көру арқылы пішінді қабылдау





Дидактикалық ойындар: «Ойыншықты ұста», «Ойыншықты тық», «Кімнің үйшігі?», «Не домалайды, не домаламайды?», «Терезені тап».


«Өзіңнің орындығынды тап», «Өзіңнің жұбыңды тап», «Маған қарай













жүгіріндер», «Лото», «Кімде мынау бар?», «Дүкен», «Бұл затта пішінді тап», «Бөлмеде пішінді тап».

2

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!