Материалдар / Ойындар, Ценарийлер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойындар, Ценарийлер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойындар ойнату арқылы баланың ой-өрісін дамытуға, ценарий жазуға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2021
205
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

УДК 28
ББК 86.38
Б 13
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
сараптау комиссиясы мақұлдаған
Құдайберді Бағашар, дінтанушы
Б 13 Ала жіпті аттама (кісі ақысы жайында) – Алматы;
“Көкжиек-Б” баспасы, 2012. – 216 бет.
ISBN 978-601-7271-49-7
Қазақ халқы ежелден-ақ ұрпағының сүйегіне таңба түсірмеуді ойлап, артынан ерген қарасын адалдыққа, ізгілікке баулып,
«біреудің ала жібін аттама», «жетімді жылатпа», «біреудің ақысын жеме», «аманатқа қиянат жасама» деп құлағына құйып, «ардың
ісіне» жауапкершілікпен қарауға бұйырған. Тұманы қалың жаһандану дəуірінде «Алтын əзəзіл – аздырар, адал еңбек – бойыңды
жаздырар» деген қағида ұмыт қалып, адамның табан ақы, маңдай терінің өтелмеуі, құқықтардың тапталуы, жемқорлықтың жібі
үзілмеуі, қолдан келсе қоныштан басудың белең алуы кім-кімді болмасын толғандырары анық.
Ендеше, қолдарыңыздағы кітап елдің нанын емес, жұрттың қамын жеуге, Аллаһ алдындағы аманатымызды адал атқаруға
үндейтін бірден-бір еңбек.
УДК 28
ББК 86.38

ISBN 978-601-7271-49-7
© “Көкжиек-Б” баспасы, 2012

Аңдатпа
Қай заманда, қай қоғамда болмасын адамзаттың ең бірінші байлығы өзінің жеке құқы
болған. Қоғамның бір мүшесі ретінде барлық адам баласы өзінің осы дүниеде бегілі бір құқыққа
ие, өмірден алатын өлшемді ақысы бар. Адам құқының қорғалуы бүгінгі күннің басты мəселесі
десек қателеспеген болар едік.
Ислам дінін ұстанған еліміздің Конституциясы да «Қазақстан Республикасы өзін –
демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең
қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп бас-талып,
алдыменен адам құқының қорғалуына мəн береді. Ендеше, қасиетті Құран жолын өмірінің негізі
етіп, Ата заңына бағынатын иманды азаматтар қоғамымызда кісі ақысының аяққа тапталуына
жол бермеуі тиіс. Бүгінгі таңда елімізде жең ұшынан жалғасқан жемқорлық пен қалтаны
қалыңдатар парақорлыққа қарсы мемлекеттік дəрежеде күрес жүргізіліп жатқаны баршамызға
аян. Бұл өз кезегінде мұсылманмын деген адамға да үлкен жауапкершілік жүктейді. Адам
құқығын қорғауда бұрын-соңды Ислам дініндегідей кешенді жүйе өмірге келген емес. Осы
орайда қоғамда əділдіктің орнауына Ислам дінінің қосар үлесі орасан зор.
Бұл еңбекті шығарудағы мақсат – жұрт арасындағы кісі ақысының қорғалуына назар
аудартып, Исламның бұл тақырыпқа қатысты əмірлерінен халықты хабардар ету. Жаһандануға
қадам басқан жалпақ жұрттың тамырын дөп басатын бұл кітаптың маңыздылығы жоғары десек,
артық айтпағандығымыз болар. Өйткені адам баласы Ислам діні негізінде тура жолға түседі.
Небір қоғам індетін тек Құран ақиқаты ғана түп-тамырымен жоя алады. Адам баласы жаратушы
Иемізден имене отырып қана ақыретке кісі ақысын арқалап барудың алдын алады.
Шыны керек, бүгінгі таңда елімізде мұндай еңбектер жоқтың қасы. Кітаптың маңыздылығы
да сонда шығар. Еңбекті жазу барысында негізінен араб, түрік əдебиеттері пайдаланылған.
Себебі жоғарыда айтқанымыздай бүгінге дейін дəл осы тақырыптар төңірегінде ана тілімізде
ислами еңбектер жарыққа шыға қойған жоқ. Сол себепті мұсылман ғұламаларының бірнеше
жылдар бұрын жазған еңбектерін қажетімізге жаратуды жөн көрдік. Кісі ақысы туралы кітапта
жан-жақты талқыланатындықтан, «құқық» ұғымын Құран мен Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə
сəллəм) нұсқауы бойынша белгіленген заңдар жүйесі негізінде адам баласына ортақ қарымқатынаста, іс-əрекетінде сақталуға тиіс ортақ адамгершілік өлшемдер деп айтсақ қателеспейміз.
Діннің қоғамдағы бір қызметі – құндылықтарды жеткізуі. Дін тек қана Аллаға ғибадат ету
мен мына дүниеде сауап жинау ғана емес. Діннің осы дүниелік пайдалары елдің кемел
жарастығының сақталуы мен жаратылыстың парасатындай болған əділеттің орнауы. Адамдар
арасын жарастыру, байлардың кедейлерге қарайласуы, ата-анаға қарсы шықпау, басшыға бағыну
дегендер соның көрінісі. Кісі ақысына қатысты Құран аяттары мен пайғамбар хадистерінің бір
шоғырының өзі байыбына бара білген кісі үшін заң ғылымы мен мораль, пəлсапа мен
əлеуметтанудың том-том кітабына негіз боларлық құндылықтар.
Бүгінгі мұсылмандардың бет-бейнесі қандай болуы керек? Кітап осы сұраққа аят пен
хадисті ұштастыра отырып дəлме-дəл жауап беруді мақсат тұтады. Кітаптың негізгі тұшымды
ойы «мұсылман өзгелерге қолымен де, аузымен де зиян келтірмеген адам» деген хадиске саяды.
Баласын «ешкімнің ала жібін аттама» деп тəрбиелеген атам қазақ қай уақытта болмасын
кісі ақысына үлкен мəн берген. Қабан жыраудан бастап Құлтумаға дейін, Бұқар жыраудан

бастап кешегі Мəшһүр Жүсіп, Əбубəкір Кердеріұлы, Дулат Бабатайұлы мен Шортанбай
Қанайұлына дейінгі қазақтың маңдайына біткен даналардың сөзінен имандылық пен
адамгершіліктің нұры саулай ағып тұрғанын байқайсыз. Бұл да кітаптың тақырып аясын аша
түскендей. Онымен қоса кітаптың тағы бір ерекшелігі, оқырманға ой салу үшін жəне аят пен
хадисте айтылған ойдың өміршеңдігін ұқтыру мақсатында арасында шағын діни əңгімелердің
көрініс табуы. Ғибраты мол қиссалар кітаптың тұздығы іспетті.
Кітап кісі ақысы деп аталғанымен қамтылатын тақырыптары төмендегіше болып келеді.
Тақырыпқа кірместен бұрын құқық деген ұғымға жан-жақты түсінік беріліп, Ислам тұрғысынан
мəні айшықталады. Бұл тұста автор жалпы айтып кетпей Аллаһ тағаланың алдындағы міндеттер,
мұсылман үмбетінің ақысы, ата-ана ақысы, шəкірт-ұстаз, жұмыскер-жұмыс беруші, дос-жаран,
туған-туыс, көрші-көлем, ерлі-зайыптылардың ақылары, кедейлердің байлардағы ақылары,
жетімнің ақысы деп бөліп-бөліп көрсеткен. Кітапты оқып отырған адам бейне бір мына өмірді
тұнып тұрған жауапкершілік ретінде көреді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) да
əрқайсыларың қарамағыңдағылардан сұраласыңдар демеді ме? Автор осы хадиске сүйеніп
құқық ұғымын тағы тарқата түседі. Мұсылманның мұсылмандағы ақысы деп қаламын жай ғана
сүйкей салмай, мемлекет ақысының үлкендігін, парақорлықтың күнə екенін, халықтың көз
жасына қалған адамның екі дүниеде де бақытты болмайтынын тағы да баяндай түседі. Дəл осы
тақырыпшалар қазіргі қоғам үшін өте қажетті сабақ дер едік. Өйткені белгілі бір ұжымды
басқару мен мемлекет тарапынан іс жүргізу біле-білген адамға үлкен жауапкершілік жүктейді.
Тақырыптарды оқып отырған оқырман мансаптың жетістік емес, жауапкершілік, артықшылық
емес, ауыртпалық екенін көреді. Алда-жалда шариғатқа томпақтау тиетін қадамға барса, тұтас
халықтың ақысын арқалайтынын бағамдай түседі.
Кісі ақысының көп сақтала бермейтін бір жері сауда ісі. Автор бұл жерді де назардан тыс
қалдырмаған. Саудадағы алдап-сулаудан бастап, пайыз, ұрлық, құмар ойын сынды мəселелерге
қатысты аят-хадисті алдыңызға табақтай тартады. Кісі ақысы осылайша талданып келіп, жанама
түрі де келтіріледі. Уəдеде тұру, қоршаған ортаға зиян келтірмеу, тіпті ысырап етпеу керек екені
сөз болады.
Нағыз мұсылман қолындағы бар байлығы мен мүмкіндігін Аллаһтың бергені деп түсініп,
оның ақысын береді. Оның ақысын беру дегеніміз – Аллаһтың разы болар ісіне қолданып,
мұсылмандардың игілігіне ұсыну. Мұндай мысалдарды білімнің ақысы, жүрген жол мен тұрған
жердің ақысы, уақыттың ақысы деп көрсетеді.
Кітапта адамзат ақысына қатысты тек тыйымдар ғана айтылып қоймай, кісі құқын бұзып
алған жағдайда не істеу керек екені де аят-хадистерден алынып алдыңызға тартылған.
Алдыменен кешірім сұрап, ол кісінің разылығын алу керек екені, тек онымен шектемей Аллаһқа
тəубе ету керектігі сөз болады. Бұл жерде өзгеге ақысы кеткен адамның ақысын алуға құқылы
болғанымен, шама келгенше кешіре білгені жөн дейді. Аллаһ тек кешірімді құлдарына кешірім
етпек. Оның үстіне Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) мұсылман мұсылманға үш күннен
артық кек сақтамайды дегені бар. Біреудің кемшін тұсын бетіне салық қылмай, шама келгенше
көз жұма қараудың абзал екені айтылады.
Тəуелсіздігіміздің жиырма жылдығы қарсаңында жарыққа шығып отырған бұл кітап тек
руханиятымыздың ғана емес, ой еркіндігі салтанат құрған демократиялы қоғамымыздың да
жетістігі деуге толық негіз бар.
Лайым дініміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Баспадан

Айтқан сөзге түспеген,
Жаман емей немене?
Сұрағанда бермеген
Сараң емей немене?
Кісі ақысын көп жеген
Арам емей немене?
Іштегі сыр Аллаға мағлұм
Сыртындағы құлығы
Амал емей немене?!
Бұқар жырау (1668-1781)

Кіріспе
Адамзат баласы жаралғалы бері пайда болған барлық дінде мына бес нəрсе қымбат
саналған: əуелгісі – дін, екінші – ақыл, үшінші – ұрпақ, төртінші – жан, бесінші – мүлік. Адам
баласының табиғатымен біте қайнасқан бұл құндылықтарды илəһи діндердің қай-қайсысы
болмасын қорғауды басты міндет деп білген. Ендеше, ғасыр табалдырығында ел болып
бесігімізді түзеп, етек-жеңімізді жинасақ деген жұрттың дариядай діннің суына шөліркегенде
шөлін басып, бұйрат-бұйрат дөңдердей болған илəһи қағидаларды айналып өтуі мүмкін емес.
Діни сенім жəне ар-ождан бостандығы – адамдардың рухани қажеттілігін өтеуіне, өз
сенімін таңдауына, оқып-үйрену мен ғұрыптық шараларды атқару құқықтарын іске асыру
кепілдігіне ие. Жөні мен арнасын таба алмаған, сөз бостандығы тимеген, не мемлекеттік мүдде,
не дін тұрғысынан діңгекті сенім ұстанбаған жұрттың ендігі жай-күйінен өзгеше үдеріс, ерекше
толқыныс күту оғаш көрінетін сықылды. Сондықтан да, ақыл-ой, сөз еркіндігі адами
құндылықтарды сақтауға, өз көзқарасын ашып айту құқын қамтамасыз етуге бағытталған.
Мұнымен не айтқымыз келеді? Дүрбелеңге толы дүниеде имандылыққа үйіріп, адамгершілік
құндылықтарға жүгіндіретін, жанды жылытып, көкірек көзін ашатын ақиқаттың қайнар бұлағы
Ислам əлеміне күллі жұртшылықтың аңсары ауа бастағаны анық көрінді. Себебі, азғындықтың
арбауына түскен адамзат баласының илəһи ақиқатқа деген қажеттілігі күн санап біліне бастады.
Сондықтан да, мына дүниеде хақ жолдан айнымас үшін неден арылып, неден қорынбақ жөн,
нені ұстанып, нені мақсат тұтқан лəзім? Көкейде көксеген осы сұрақтардың жауабын
қолыңыздағы кітаптан таба аласыз. Бұл еңбектің негізгі мазмұны кісі ақысы төңірегінде өрбиді.
Бүгінгі таңда елімізде діни əдебиеттің қарасы молайып, азды-көпті еңбектер жарыққа
шыққанымен, кісі ақысы турасында келелі еңбек жазыла қойған жоқ.
Алты бөлімнен тұратын бұл кітап құқық түрлері, кісі ақысының ислам дініндегі орны,
қоғамдық ортадағы кісі ақысы, мұсылманның бір-біріндегі ақысы, сауда ісіндегі кісі ақысы
турасындағы мағлұматтарды кеңінен қамтуда. Кітаптың мəлімет көзі араб, түрік əдебиеттерінен
бастау алғанын, əсіресе кəдемізге жараған осы саладағы бірден-бір жүйелі еңбектердің
Мұхаммед ибн Абдуссəламның «əл-Хуқуқ фил-Ислам» (Дарул-мəшайық, Талибия, 2008) еңбегі
мен Ахмет Керем Севердің «Кул хаккы» (Ышык йайынлары, 2009) кітаптары болғанын
тарапымыздан ескертіп өтпекпіз.
Исламның көкжиегінен шапағат күтетін көзі қарақты оқырмандардың Исламның мұрасына,
Құранның құнарына ұмтылуы да осы орайда түсінікті талпыныс. Имандылыққа, кісі ақысын
жемеуге, адам құқықтарын табан астында таптамауға шақыратын ақыл толғамы Исламмен
астасқан бұл еңбек «мен мұсылманмын» деген əр жанның қолында жүрмегі лəзім.
Сонымен кітаптың əлқиссасы кісі ақысымен басталады дедік. Кісі ақысы дегеніміз –

адамзатқа ортақ, заңсыз қол сұғуға болмайтын мүліктік жəне мүліктік емес құндылықтар мен
игіліктер жəне жеке тұлғаның басқа адамдар алдындағы міндеттерін белгілеуші өлшемі болып
табылады.
Қалыптасқан қоғамда өмір сүретін əрбір жеке тұлғаның (индивидтердің) мүддесі,
көзқарасына тəн сұраныстары əр алуан өрбігендіктен, адамдар арасында пікір қайшылығының
туындауы заңды. Осы орайда жеке тұлға қалыпты өмір сүру үшін өз мүддесін басқалардың
көзқарасына орайластыруға мəжбүр. Міне, содан барып қоғам мүшелерінің ортақ өмір сүру
ережесіне сəйкес құқықтары мен жауапкершілігі пайда болады.
«Бір-біріңнің малыңды нақақтан-нақақ жемеңдер. Сондай-ақ, адамдардың малының бір
бөлігін негізсіз жейтіндеріңді біле тұра, билерге пара беруге ұмтылмаңдар» («Бақара» сүресі,
188-аят).
«Шынында адамдарға əділетсіздік қылып, жер жүзінде кесірлігімен шектен шыққандар
жауапқа тартылуы лайық. Міне, солар үшін жантүршігерлік азап бар» («Шура» сүресі, 42аят).
Тəйірі тоғышар пенде Жаббар Иенің осыншама бұйрықтарын біле тұра қасақана əрекеттерге
баруы мүмкін. Алайда тіршіліктің ащысы мен тұщысын білетін, даналығын көзге тосып,
маңдайына басып тұрған Ислам қағидаларын шынайы көңілге тоқыған мұсылман баласы кісі
ақысына қырағы қарайтыны анық.
Жақсылыққа болысу («Мəида», 2-аят), Аллаһқа иман келтіру жəне ғибадат ету («Бақара»,
21-аят), Аллаһқа, пайғамбарларға жəне басшыларға бағыну («Ниса», 59-аят), Аллаһқа берген
сертті орындау («Нахл», 91-аят), жетімнің малын жемеу, əділдіктен айнымау, кісіге шамасы
келетін істі ғана жүктеу, жақындарының емес, шындықтың сөзін сөйлеу («Əнғам», 152-аят)
сынды қасиеттер адамзаттың еркіне берілгенмен, бұлар Аллаһтың адам баласынан күтетіні.
Жəне де бұл адамзаттың мойнындағы Аллаһ тағаланың құқы болып табылады.
Хазірет Алидің (р.а.) айтуынша, діндес бауырларымызбен, сондай-ақ өзімізбен терезесі тең
мұсылман еместермен де тату-тəтті өмір сүру, адамзатқа тəн ортақ құқықтарға адал қарау кісі
ақысына деген құрмет болып табылады. Кісінің Аллаһ алдындағы құқын орындауы мүліктік
жəне жақсы амал мен ғибадат арқылы іске асады. Демек, мұсылманның ғибадаты мен ісəрекеттері адамзаттың ортақ ақысы жəне Аллаһ алдында атқарылуы тиіс міндеті. Сондықтан кез
келген пенде өмір сүру дағдысында аталған екі құқықты тіршіліктің басты қағидасы деп тануы
шарт. Мұндайда:
Айтқан сөзге түспеген,
Жаман емей немене?
Сұрағанда бермеген,
Сараң емей немене?
Кісі ақысын көп жеген,
Арам емей немене?
Іштегі сыр Аллаһқа мағлұм,
Сыртындағы құлығы
Амал емей немене?! – деп үлкен жолдың үлкен сөзіндей болған Бұқар бабамыздың ғақлия
жырлары ойға оралары сөзсіз. Əл-ауқат, байлық, тоқшылық жақсы шығар, дегенмен, жан бағу
емес, ішіңдегі «жанды» сақтау, рухани тұрғыдан жұтаңдыққа түспеу одан да қайырлы екенін
ұмытпаған жөн. Бұрынғы заман қандай, қазіргі заман қандай? Жаһанданудың біз зерделеп
үлгермеген заңдылықтары мен ережелері қаншама?! Сондықтан осындай күрделі кезеңде
өзгенің арына қол сұғып, қол сұққанда да мол сұғып, жаһанды жалпағынан басым жүрсем

дейтін пасық пейілдің парқына жетпей, діни шарттарға келгенде табанымыздың жиі таятыны
жасырын емес. Ендеше, осындай келеңсіздіктерден аулақ жүруге үндейтін, ұлттық нақышы
айқын, дəйекті еңбектердің кешенді түрде кеңінен насихатталуы Ислам дінінің өркендеуіне
қосылған үлес деп білеміз.
Бұл еңбек тікелей Аллаһ тағала мен пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
тарапынан жеткізілген тыйымдар мен əмірлерден құралған. Аллаһ пен елшісі (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
айқындаған заңдар жүйесі кісі ақысының ауқымын құрайды. Мүминге тəн жауапкершілік пен
өмір сүргісі келетін əркімнің бұл құқықтарға мұқияттылық танытқаны абзал.
Қысқасы, қазынасын ішіне бүккен Құран қағидаларымен басталып, ізгіліктің,
мейірімділіктің, ибалықтың туын желбіретуді көксеген бұл еңбек қалың оқырман қауымның
көңілінен шығады деген үміттеміз.
Ұяттың иман қабы дер,
Имандыда ұят бар.
Көпшілікке жаққан жан,
Басына жаққан шырақ бар.
Фəни тұрмақ бақида,
Міне-тұғын пырақ бар.
Ешкімнің хақын жемеңдер,
Артында оның сұрақ бар.
Қабан жырау (1733-1824)

І БӨЛІМ
ҚҰҚЫҚ ТҮРЛЕРІ
Кісі ақысының Ислам
дініндегі орны
Исламда адам құқықтарына баса мəн берілген жəне адам құқықтарының сақталуына
барынша жағдай жасалған. Аллаһ тағала Құран кəрімде былай дейді: «Бір-біріңнің малыңды
нақақтан-нақақ жемеңдер. Сондай-ақ, адамдардың малының бір бөлігін негізсіз
жейтіндеріңді біле тұра, билерге пара беруге тырыспаңдар» («Бақара» сүресі, 188-аят).
Келесі бір аятта: «Уа, мүминдер, күмəнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмəнның
кейбірі күнə. Бір-біріңнің жасырғаныңды жария етпеңдер, біреуді біреу ғайбаттамасын.
Өлген туыстарыңның етін жегенді қалайсыңдар ма? Əрине, оны жек көресіңдер. Расында
Аллаһ тəубені қабыл етуші, ерекше мейірімді», – делінген («Хужурат» сүресі, 12-аят).
Қалай болғанда да адамдардың құқығын аяқ асты етіп, оларды жəбірлегендер қиянатшылдар
санатына жатқызылған. Құран кəрімнің көптеген аяттарында мұндай кесапаттардан
сақтандырып, оларды жан түршігерлік азап күтетінін жеткізген: «Шынында адамдарға
əділетсіздік қылып жер жүзінде кесірлігімен шектен шыққандарға жауапқа тартылуы
лайық. Міне, солар үшін жан түршігерлік азап бар» («Шура» сүресі, 42-аят),
«Қиянатшылдардың орны қандай нашар!» («Əли Имран» сүресі; 151-аят), «Сондай-ақ
залымдар үшін жəрдемші жоқ» («Мəида» сүресі, 72-аят), «Естеріңде болсын! Аллаһтың
қарғысы залымдарға төнеді» («Худ» сүресі, 18-аят).
Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) те бұл туралы: «Бір-біріңді күндемеңдер,

алушыларды дауластырмаңдар, бір-біріңді жек көріп алакөзденіп сырт айналмаңдар. Біреудің
саудасының үстіне сауда жасап бұзбаңдар. Дін жолында тату-тəтті бауыр болыңдар.
Мұсылман мұсылманға бауыр. Кісі бауырына қиянат жасамайды, жек көрмейді, қажет болған
жағдайда қол ұшын береді жəне оны кемсітіп қорламайды», – дей отырып, үш қайтара жүрегін
нұсқап: «Тақуалық міне, мұнда. Кісіге мұсылман бауырын кемсіткені күнə ретінде жеткілікті.
Мұсылман үшін əрбір мұсылманның қаны, малы жəне ары харам жəне қасиетті аманат
іспетті»[1], – деген еді..
«Мұсылманның мұсылман бауырына жасар бес түрлі ізет-міндеті бар. Олар:
амандасқанда сəлемін алу, түшкіргенде Аллаһ тағаланың рақымын тілеу, шақырғанда бару,
науқастанғанда көңіл-күйін сұрау жəне жаназасына қатысу»[2].
Əбу Хұрайрадан жеткен риуаятта Аллаһ елшісі (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Мүфлистің кім екенін
білесіңдер ме?» – деп сұраған екен. Сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі, ол бар дүние-мүлкінен
айрылған пенде ғой», – деген кезде, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Үмбетімнің
арасындағы ең пақырының кім екенін айтайын, ол қиямет күні намазы, оразасы жəне
зекетімен қоса ананы тілдегені, мынаған жала жапқаны, біреудің малын жегені, біреудің
қанын мойнына жүктегені, біреуді ұрып-соққаны тағы бар, көп-көп күнə арқалап келген адам.
Сонда ол істегенін мойнымен көтереді, сауаптары зардап шеккендерге таратылады. Ал
сауабы жетпесе, əлгілердің күнəларын арқалап тозаққа лақтырылатын болады»[3], – деген.
Тағы бірде: «Қиямет күні кісі ақысы өз иелеріне қайтарылады. Керек десең, сүзеген қойдан
мүйізі жоқ тоқал қойдың есесі алынады»[4], – деп ескертті.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) дүниеден озарының алдында мешітке келіп сахабаларын
жинап, бұйымтайын айтты: «Уа, ағайын! Мен енді орталарыңда көп жүрмеймін. Мінекей, кімге
қолым тиген болса, арқам дайын, келсін де мені қамшымен ұрсын. Кімнің мал-мүлкін жеген
болсам, келсін де менен қарымтасын алсын. Кімнің арына, абыройына тіл тигізсем, келсін де
мені тілдеп өшін алсын. Мен дұшпандық қылады-ау деп тартынбасын. Əсілі, мен үшін осы
күндердегі құрметті адам менен ақысын талап еткен, не болмаса, мені кешірген кісі болмақ.
Сонда көңілім тыныш, алаңсыз Раббымның құзырына баратын боламын».
Тыңдап тұрғандардың біреуі: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сенде үш дирхам алашағым бар еді», –
дегенде, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) оған не үшін қарыз болғанын сұрайды. Əлгі кісі:
«Есіңде жоқ па, бір қайыршыға сен «бер» деген соң үш дирхам беріп едім ғой», – деді. Аллаһ
елшісі немере інісі Фазылдан əлгі адамға үш дирхамды қайтаруын сұрады. Фазыл ақшаны
төледі[5]. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) кісі ақысына деген ұқыптылығын осылай
көрсеткен.
Үмбетіне əрдайым тура жолды сілтеген Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Əсілі, мен үшін
құрметті кісі мендегі ақысын талап еткен, не болмаса кешірген адам болмақ» , – дей отырып,
бізге сүйіспеншіліктің сарабдал сырын ашады. Олай болса, ешкім де жақсы көрген адамнан ақы
даулағаным жарамас деп ойламауға тиіс. Ана дүниеде кісі ақысына еш бей-жай қалмайтын
Құдірет иесінің барын ұмытпай, нақ жаны ашыса жақсы көрген адамынан ақысын тіршілікте
сұрағаны абзал. Əйтпесе, ақырет күні сол жақсы көрген адамын өзіне кіріптар қылары анық.
Ақысын сұрағанның еш айыбы жоқ, ақысын даулағандарды айыптаудың да жөні жоқ. Азынаулақ өткенін сұрағанды «Қарашы, болмашы тиын-тебенді ұмытпайды екен» деп кемсітпеу
керек. Өйткені, кісі ақысы қашан да ақы болып қала береді, оның азы-көбі, үлкені-кішісі
болмайды.
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бірде жейдесінен күлімсі иіс шыққан Сəуад есімді
біреуді таяғымен түртіп, үстіндегіні шешуді сұрағаны бар еді. Ол бұған шамданып есе қайтармақ

болады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) да сөзге келмей оған жонын тосқан. Мінекей,
болмашы жайттың өзінде үлгі-өнеге көрсетуден жалықпаған Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə
сəллəм) іс-əрекеті біз үшін қараңғы түнде адастырмай жол бастар темірқазық секілді.
Көріп отырғанымыздай, Аллаһ елшісі (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) кісі ақысына асқан
ыждағаттылықпен қараған. Көпшіліктің мазасын алатын болмашы нəрсеге мəн беріп, үмбетін
əбігерлікке салатын жайттардың алдын алған. Ол тіпті көпшілік ортасына сарымсақ, пияз жеп
шықпауды да талап етіп, жамағатқа қолайсыздық тудыруға тыйым салған.
Бір хадисте: «Аллаһ ақысы ретінде махшар алаңында əуелі намаз сұралатын болады. Кісі
ақысы ретінде əуелгі сұрақ қан төккен адамға қойылады», – делінген. Бұл хадистен кісі ақысын
бұзушылықтың ең үлкені адам өлтіру, мұның Аллаһтың назарында аса ауыр қылмыс екенін
аңғарамыз.
Əбу Қатаданың (р.а.) риуаятында Аллаһ елшісі (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) сахабаларға ең игі
жақсылықтың Аллаһ жолында күресу мен иман ету екенін айтады. Сонда біреу тұрып: «Уа,
Расулаллаһ, Аллаһ жолында соғысып жүріп өлсем, күнəларым кешіріле ме?» – деп сұрайды.
Расулаллаһ (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Майдан даласынан қашпай, сауабын бір Аллаһтан күтіп, қолың
дұшпанның жағасында жүріп өлсең, Аллаһ кісі ақысы мен қарыздарыңнан басқа бүкіл
күнəларыңды кешіреді. Мұны маған Жəбірейіл айтты»[6], – деп жауап қатады.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) қажылық жасаушылар үшін «Кімде-кім Аллаһ үшін
қажылық жасап, бейəдеп сөз бен оспадар қылықтан, Аллаһқа асылық етуден сақтанса, құдды
анасынан туғандай пəк болып қажылықтан оралады» деген[7]. Ғалымдарымыз бұл хадиске
«кісі ақысынан басқа» деген сілтемені қосуды ұмытпаған. Қажылықтың бір əдебі ретінде
«сапарға шықпас бұрын кісі ақысынан арылып, кешірім алу» саналған. Қажылыққа аттанардан
бұрын адамдардың ағайын-туыс, көрші-қолаңмен бақұлдасып жататыны содан болса керек.
Ислам ғалымдары жасалған күнəнің Аллаһқа асылық болып, кісі ақысына қатысы жоқ
болса, мұндай күнəдан тəубеге келудің үш шарты барын айтқан. Олар:
1) Күнəнің зардабын жою;
2) Күнəні жасағанына пұшайман болу;
3) Күнəға қайта беттемеуге бекіну.
Ал жасалған күнə кісі ақысына қатысы болса, оны жоюдың шарты төртеу болмақ. Бұлардың
үшеуі жоғарыда келтірілгендер болса, төртіншісі – кісі ақысынан арылу. Бұл күнə дүние-мүлікке
қатысты өрбісе, тəубе еткен кісі келтірілген материалдық зиянның орнын толтырады. Адамға
зина жасады деп жала жапқан болса, кесімді жазасын өтейді. Əлдекімді ғайбаттаған болса, ол
кісіден кешірім сұрайды.
Құқық түрлері
Адамның жеке құқықтарына – өмір сүру құқығы, өз дүниесіне иелік ету құқығы жəне қадірқасиеті мен ар-намысының қорғалуы жатады. Құран кəрімнің көптеген аяттарында адамның
қадір-қасиеті мен абыройын құрметтеу керектігі айтылған. Мəселен, «Хужурат» сүресінде:
«Шын мəнінде мүминдер туыс. Сондықтан араздасқан бауырларыңның арасын
жарастырыңдар жəне Аллаһтан қорқыңдар. Мүмкін, игілікке бөленерсіңдер. Уа, мүминдер,
бір ел бір елді тəлкек қылмасын. Бəлкім, олар өздерінен жақсы шығар. Сондай-ақ, əйелдер
əйелдерді келемеждемесін. Бəлкім, олар өздерінен жақсы шығар. Бір-біріңді қараламаңдар,
бір-біріңе жаман ат тақпаңдар. Иман келтіргеннен кейін пасық атану нендей жаман. Ал
кім тəубе қылмаса, міне, солар залымдар. Уа, мүминдер, тым күмəншіл болудан
сақтаныңдар. Кейбір орынсыз күмəн нағыз күнə саналады. Бір-біріңнің кем-кетіктеріңді

тексермеңдер, біреуді біреу ғайбаттамасын. Қайсың өлген туысыңның етін жегенді
қалайсың? Əрине, оны жек көресіңдер. Олай болса, Аллаһтан қорқыңдар! Шынымен де
Аллаһ тəубені қабыл етуші, ерекше мейірімді. Уа, адамдар, шүбəсіз сендерді бір еркек пен
əйелден жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тану үшін сендерді ұлтқа, руға бөлдік. Аллаһтың
алдында ең ардақтыларың – тақуаларың. Шəксіз, Аллаһ бəрін толық білуші, əр нəрседен
хабар алушы», – делінген (10-13 аяттар).
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) да адамдардың жеке құқықтарын сақтауды бұйырған.
Бұған қайшы келетін іс-əрекеттерді қатаң сынға алған, кісі ақысын аяқ асты еткен адамның
жəбір көрушіден кешірім алмайынша жағдайы қиын болатынын айтқан. Мəселен, қоштасу
құтпасында былай дейді: «Уа, адамдар, сендердің өмірлерің, малдарың, ар-намыстарың
Раббыларыңа қауышқанша бір-біріңе харам»[8]. Тағы бірде адамның абсолютті үш құқығы:
өмір сүру, мүлікке меншік жəне кісілік келбетін сақтау құқықтары туралы айтқан[9].
Исламның дүние мен ақыретте адамды бақытты қылуды мұрат еткен əмірі, қоғам өмірінің
тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген. Құран бізге адамдардың бір-біріне
құрмет көрсетуін, адал еңбекпен өмір сүруін уағыздайды. Ары таза адамға зина жасады деп
орынсыз жала жабу, қадір-қасиетін мансұқ ететін басқа да жағымсыз нəрселерді кітабымыз
қатаң сөгеді, оған тыйым салады.
Қазіргі коммуникацияның барынша дамыған шағында адамның жеке басын қаралау, беделін
түсіру жəне басқа да диффамациялар үйреншікті əдетке айналып кеткендей. Бұл дегеніңіз –
күнəнің үлкені. Мұны істеген адам неше жерден БАҚ арқылы кешірім сұрап, моральдық
шығынды өтесе де, кісінің құқығына тиген нұқсанның орнын толтыра алмайды. Өйткені мейлі
абайсызда, мейлі қасақана айтылған немесе жазылған жалған мəліметтер көпшілік қауымға сол
адам жайында жағымсыз пікір қалыптастырады. «Айтылған сөз – атылған оқ» деген халқымыз
ғайбат сөздің соңында бықсыған бір шаланың сөнбей қалатыны анық екенін білген.
1. Өмір сүру құқығы
Адам үшін ең басты құндылық оның өмірі. Адам өміріне қол сұғу дінімізде үлкен күнə
саналады. Құран кəрім: «Кім бір мүминді əдейі өлтірсе, оның жазасы мəңгілік тозақ.
Сондай-ақ, оған Аллаһтың ашуы тиіп, зор азап əзірленген», – дейді («Ниса» сүресі, 93-аят).
Демек, адамның адамды өлтіруге қақысы жоқ. Жəне адам өзін-өзі өлімге қиюға да қақылы емес.
Жанды берген Аллаһ тағала жанды қашан алуды да Өзі біледі. Осы туралы тағы бір аят былай
дейді: «Кімде-кім кісі өлтірмеген немесе жер бетінде бұзақылық жасамаған жазықсыз
адамды өлтірсе, күллі адамзаттың қанын төккендей болады. Сондай-ақ кім бір адамды
өлім аузынан аман алып қалса, бүкіл адамзатты өлімнен құтқарғандай болады» («Мəида»
сүресі, 32-аят). Адам өлтірудің айуандық, тағылық екенін осыдан білеміз. Ал, күнделікті
өмірімізде көріп жүрген бейкүнə сəбиді құрсағында тұншықтырудың, яғни жасанды түсік
жасатудың зауалын бағамдауды өздеріңізге қалдырдық.
Тек кісі өлтіруді ғана емес, Ислам діні адамға қару кезеуді де дұрыс деп таппайды. Əбу
Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) былай деген: «Сендердің
біреуің суық қаруын дін бауырына кеземесін. Өйткені, ол шайтанның қаруды қолынан шығарып
жіберейін деп, аңдып тұрғанын білмейді. Сол себепті, жаһаннамның шұңқырына бір-ақ
түседі»[10].
Хадистің басқа бір нұсқасында былай делінген: «Кімде-кім бауырына, ол бірге туған
бауыры болса да қарулық темір кезесе, қолынан оны түсіргенше періштелер лағынет
айтады»[11].

Мұсылманның мұсылмандағы ақыларының бірі соғыс кезінде оған жақтасып жауына
тойтарыс беру[12]. Мүминді ойнап болса да қорқытуға тыйым салынған. Ойынның арты неге
апарып соғарын жоғарыда хадистен көрдік. Сондықтан, ойнап болса да адамға қару кезеуге
болмайды. Жазым деген нəрсе барын ұмытпаған жөн.
Мұсылмандармен бейбіт күн кешкен басқа дін өкілдерінің өміріне де қол сұғуға
болмайды[13]. Ал, соғыс өрті тұтанған кезде əйелдер мен балаларды, діни қызметкерлерді,
бейбіт тұрғындарды, тіпті жаудың майдан даласын тастап қашқан сарбазы мен жаралылардың
өміріне қауіп туындатуға болмайтыны да кей жерлерде жазылған [14]. Сондай-ақ, адамның өз
өміріне де құрметпен қарауға тиіс екені, өз-өзіне қол жұмсауға тыйым салынғаны да көпшілік
білетін дүние. Арнайы тапсырылған кісі өлтіруді кəсіп қылу, қарақшылық топ ұйымдастырудың
харам екені айтпаса да түсінікті.
2. Адамның қадір-қасиеті мен ар-намысының қорғалуы
Адамның қадір-қасиеті мен ар-намысының қорғалуы оның негізгі абсолютті құқықтарына
жатады. Дініміз адамдарға бір-бірінің ар-намысын, қадір-қасиетін, абырой-беделін құрметтеуді
əмір еткен. Тілдеу, келемеждеу, балағаттау, ғайбаттау, əлдекімге жазықсыз жала жабу –
дініміздің ахлақ ұғымына, яғни мұсылманның жүріп тұру дағдысына жат, қайшы қылықтар.
Бұлардың тыйым салынған іс-əрекеттер екеніне көптеген аят жəне хадистер дəлел.
Адамның табиғатында өзін жоғары ұстау, жұртты өзінен төмен санауға алып келетін
тəкаппарлық сезімі бар. Осы қасиет басқаның абыройын түсіруге, мазақ қылуға, мысқылдауға
алып келеді. Ал бұл кісі ақысын аяқ асты ету деген сөз. Мұндай жағдайда қорланған адамның
жан дүниесінде не болып жатқаны Аллаһқа аян. Психологтардың айтуынша, мұндайда адам
психикасында кері ауытқушылық орын алады, жаны күйзеледі, сары уайымға салынады.
Сондықтан, кісі кемшілігін көрсек, кекетуге дайын тұрғанымыз жақсылық емес. Байқаусызда
мұндай шалыс қадам жасасақ, тез арада əлгі адамнан көпшіліктің көзінше кешірім сұрауымыз
керек. Тек осылай еткенде ғана, кісі ақысы өтелетінін ұмытпаған абзал.
3. Жеке өмірдің құпиялылығы
Адамдардың бір-бірінен күмəнданудан, кем-кетігін іздеп, айыбын ақтаруға дайын тұратын
сұғанақ мінездерден тыятын[15], үйге тек рұқсат алып, сəлем бере кіруді əмір ететін аяттар [16]
мен хадистер[17] адамның жеке өміріне қол сұғуға болмайтынын көрсетеді. Сөзі сыпайы, мінезі
биязы Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) адамдарды сыртынан өсектеп, жеке өмірін жария етуді
қатты сынға алған жəне Аллаһ тағаланың ондай адамдарды қиямет күні қор қылатынын
ескерткен[18].
Біреудің алдына бару үшін əрі кеткенде үш мəрте рұқсат сұрау керектігін айтқан
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) мұсылманның мұсылмандағы маңызды ақыларының бірі
қарсы тараптың мақұлдауынан тыс оның жеке өміріне килікпеу екенін үмбетіне шегелеп
тапсырған[19].
Қазіргі таңда адамдардың жеке өмірінен хабар беретін мəліметтерге еркін қол жеткізуге
болады. Теледидар, ғаламтор жəне басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шімірікпей
жеке бас құқығына нұқсан келтіретін мəліметтерді тарату көптеп кездеседі. Мұны жариялылық
деп қабылдаудың жөні жоқ. Өйткені, бұл жоғарыда айтылған оңбаған қылықтың нақ өзі. Жай
қызығушылық пен мұндай деректерге көз жүгірту де ол адам туралы жаман ойдың
қалыптасуына, ол туралы дақпырттың қаулауына себепші болары анық. Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Ғайбат айтылған жерде тұрмаңдар, ғайбатты тыйыңдар» деуі бекер болмаса
керек.

4. Дін мен ар-ұждан бостандығы
Сенім мен иман адам баласының басты байлығы. Адам дінге сенсе де, сенбесе де өз еркінде.
Бұл тұрғыда ешбір шек қойылмаған. Біз бұл жолдарда дін жəне ар-ұждан бостандығы деп,
Құдайға құлшылық ету, діни жоралғыларды орындау бостандығын сөз етіп отырмыз.
Ислам тарихына көз жүгіртсек, мүминдердің ар-ұждан бостандығы жолында арпалысқан
күрестің өте көп екенін көреміз. Алысқа бармай-ақ қояйық, күні кеше Кеңестің құдайсыз
саясаты күшіне мініп тұрғанда, ата-əжелеріміздің тығылып намаз оқығанын бəріміз білеміз.
Дінді апиын деп түсіндіріп, момын елдің құлшылық қылу құқығын шектеген коммунистік
идеология Аллаһтың хақ жолын ұстанған алаш арыстарын ескіліктің қалдығы, халықтың жауы
деп абақтыға тоғытты.
Исламның алғашқы кезіндегі мұсылмандарға жасалған зорлық-зомбылықтың адам төзгісіз
болғаны соншалық, олар ел-жұртын тастап, əуелі екі мəрте құрлық асып Эфиопияға көшсе, одан
кейін Мəдина қаласына қоныс аударды. Исламға қарсы осындай нəрселер туралы айтылған
аяттардың бірінде мұсылмандарға қысым көрсетушілердің: «Бұл Құранға құлақ асқандар
(Құран оқығанда) шуылдасып кедергі жасаңдар. Бəлкім сонда (Мұхаммедке қарсы күресте)
жеңіске жетерсіңдер» деп нұсқау бергені айтылады («Фуссилəт» сүресі, 26-аят), 9 («Хаж»
сүресі, 72-аят).
Адамдардың ар-ұждан бостандығын шектеп, олардың көңілі қалаған діндерін ұстатпай жапа
шектіргендерді Құран кəрімнің жүздеген аяттары сынға алған[20]. Құран кітабымызда діни
ұстанымға қарсы тұру туралы айта келе, əлсіз адамдар өздеріне əлімжеттік жасағандарға, арұждан бостандығын шектеп, шындықты қабылдауына кедергі келтіргендер мен ақыретте
ұшырасқанда «Сендер болмасаңдар, иман келтіретін едік» дейтінін айтады («Сəбə» сүресі, 31аят).
Исламға қарсы күрес жүргізгендерді шенеген дініміз өз кезегінде адамдарды иман келтіруге
шақырғанда күштеуге, қысым көрсетуге тыйым салған. Құранда Аллаһ тағала «дінде зорлық
жоқ» деп анық айтқан («Бақара» сүресі, 256-аят). Көптеген аяттарда Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) міндеті тек дінді тəблиғ ету[21] екені, оның адамзатты сүйіншілеуші жəне
ескертуші екені жəне ешкімді күштеп мəжбүрлеуге өкілетінің жоқтығы баяндалған[22].
Ислам қылыштың күшімен тарады деу үлкен қателік. Өйткені, Пайғамбарымызға (саллаллаһу
алəйһи уə сəллəм): «Насихат ет, негізінен сен насихатшысың, оларды мəжбүрлеуші емессің», – деп
бұйырған («Ғашия» сүресі, 21-22 аяттар) Құран тағы бірде: «Адамдарды Раббыңның жолына
даналық жəне көркем үгіт арқылы шақыр. Əрі олармен көркем түрде күрес. Күдіксіз Раббың
тура жол тапқандарды да жақсы біледі», – деген («Нахл» сүресі, 125-аят).
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм), қала берді сахабалардың, игі жақсы мұсылмандардың
бұл қағиданы берік ұстанғандары анық.
Адамдардың ар-ұждан бостандығын шектеу Исламдық моральға жат қылық. Құранның «Уа,
иман еткендер! Аллаһ үшін қолдарыңнан келгенше туралықты ұстаныңдар, куəгерлік
еткенде қара қылды қақ жарғандай əділ болыңдар. Қандай да бір қауымға деген
өшпенділіктерің (немесе олардың сендерге деген өшпенділігі) сендерді əділетсіздік жасауға
итермелемесін. Əркез əділ болыңдар, тақуалыққа ең жақыны сол» деген аяты Исламның
басқа құқықтармен қоса сенім, ар-ұждан бостандығына қысым көрсетуді құп көрмейтінін
көрсетеді («Мəида» сүресі, 8-аят).
Адамның жеке құқықтары жоғарыда айтылғандармен шектелмейді. Ел ішінде еркін жүріптұру, өз қалауына сай мекен-жай таңдау, басқа елге қоныс аудару жəне өз еліне қайтып оралу,
өзін-өзі қорғау құқықтары жəне сөз бостандығы, сайлау, заң алдындағы теңдік секілді саяси

құқықтары, меншік құқығы, еңбек, денсаулық сақтау жəне дəрігерлік көмек алу, білім алу
секілді əлеуметтік жəне мəдени мүмкіндіктерді де кісі құқығының қатарына кіреді.
Дəстүрлі ислами еңбектерде адам құқығы бірнеше түрге жіктелген.
1. Толығымен Аллаһ ақысына жататын нəрселер.
Бұған намаз, ораза, зекет, садақа, бітімге келу (бітімге келу Ислам мемлекетінің мұсылман
емес азаматтарымен мүліктік жəне басқа да қатынастарынан тұрады) жəне соғыс жағдайларын
қоса алғанда жихад жəне қажылық жоралғысы енеді.
2. Толығымен кісі ақысы саналатын нəрселер.
Кісі ақысының өзі төртке бөлінеді:
а) Некеге тұру жəне некені б
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!