Материалдар / Ойынның түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойынның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту жұмыстарының түрлері көп. Психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей: 1.Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау; 2.Шаршап кетпеуін қадағалау; 3.Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту; 4.Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару; 5.Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру; 6.Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2021
388
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Психологиялық-педагогикалық

түзеу кабинетінің меңгерушісі

А.К.Атаева

Күні:







Шеберлік сынып


«Психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қабілеттерін дамытатын дидактикалық ойындар түрлері»





Өткізген: олигофренопедагог Хасенова У.Е.


















Сайқын, 2017 жыл

Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту жұмыстарының түрлері көп. Психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:
1.Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
2.Шаршап кетпеуін қадағалау;
3.Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту;
4.Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;
5.Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;
6.Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Мамандардың оқыту түзету процесінде әдістемелік нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастыруына байланысты психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейіне жеткізуге болады.
Ойын іс-әрекеті баланың танымдық қабылдауына тікелей байланысты жүргізілгені дұрыс. Себебі ойын – оқушының психикалық процестерін дамытудың бірден-бір көзі. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері өрістейді, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды.
Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында, қоршаған ортамен байланысын нығайту үшін күнделікті сабақ алдында, ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндігін және ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын жұмыстар жүргізген жөн. Сонымен бірге баланың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру барысында әртүрлі психологиялық жаттығулар түзете-дамыту ойындарын өткізу қажет. Дамыту ойындары – бұл баланың танымдық және ерік-эмоциялар сферасын дамытуға бағытталған іс-әрекет.
Көмекші құрал ретінде қолданылатын дамыту ойындары арқылы түзету жұмыстарының алатын орны ерекше екені сөзсіз. Осы мақсатта психологиялық дамуы тежелген оқушыларға төмендегі ойындарды жүргізу ұсынылады.


Баланың танымдық процестерін қалыптастыратын ойындар

1. Ойын. «Сиқырлы шеңбер»

Мақсаты: Оқушының жануарлар және олардың қорегі, төлдері туралы түсінігін қалыптастыру. Жабайы және үй жануарын ажыратуға үйрету.

1.Шарты:1.Көрсеткен жануарды анықтап атау.

2. Сәйкестендіру арқылы аталған жануардың төлін табу.

3. Сәйкестендіру арқылы аталған жануардың қорегін табу.

2.Шарты :Аталған жануарға (үй -үй жануарлары , ағаш –жабайы жануар) берілген суреттерді қою арқылы ажырату.

Құралдары: Жануарлар және олардың төлдері, қорегі салынған үш қабатты сиқырлы шеңбер, үй және ағаш суреті.

Логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыруға арналған ойындар

  1. Ойын «Икс- нөл»

Мақсаты:баланың ойлау қабілетін дамыту.

Шарты: Тордың ішінен әр ойыншы өз картасын орналастырады. Картасын қатармен бірінші болып орналастырған ойыншы жеңімпаз атанады.
Құралдары: Фетр матасынан жасалған тор суреті, есеп жүргізетін моншақтар, құлпынай мен гүлдер карточкалары.

  1. Ойын « Ажырат»

Мақсаты: баланың ойлау қабілетін, танымдық процестері мен ұсақ моторикасын дамыту. Жемістер мен көкөністерді ажыратуға үйрету.

Шарты: Берілген жемістерді ағаштың үстіне, ал көкөністерді бақшаға ажыратып орналастыру.

Құралдары: Фетр матасынан жасалған ағаш, бақша, жемістер мен көкөністер

3.Пазл « Пингвиннің үйі»

Мақсаты: Баланың ойлау қабілеті мен бөлшектерден толық сурет құрастыруға үйрету.

Шарты: бірнеше бөлшекке бөлінген пингвиннің үйін құрастыр.

Құралдары: фетр матасынан жасалған пазл мен пингвиннің суреті.

Сенсорлық түсінігін қалыптастыратын ойындар.

1. Ойын «Түрлі -түсті моншақтар»

Мақсаты : баланың түстер туралы түсінігін қалыптастыру.Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Шарты : араласқан түрлі- түсті моншақтарды қысқышпен өз ұяшықтарына түсіне қарай салу, түстерін атау.

Құралдары : көп ұяшықты пластмас ыдыс, түрлі -түсті моншақтар,пинцет



Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған дидактикалық тапсырмалар

1.Ойын «Шаштараз»

Мақсаты: баланың есте сақтауын және қиялын дамыту.

Шарты: Оқушыға шаштың қиылған үлгісінің суреті ұсынылады,оқушы сол суретті есінде сақтап, кейін баланың шашын сол үлгі бойынша қиюы тиіс.

Құралдары: түрлі -түсті қағаздан жасалған қуыршақтың макеті, қайшы, шаштың үлгілері бар суреттер

Математикалық түсінігін қалыптастыруға арналған ойындар

1.Ойын «Жасыл көгал»

Мақсаты: баланың есте сақтау қабілеті мен танымдық процестерін, математикалық түсінігін қалыптастыру.Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Шарты: Оқушы көгал үстіндегі қанқызының санын анықтап есте сақтайды. Сонымен қатар математикалық есептер құрайды, жауаптарын табады.

Құралдары: ағаш қанқызы, жасыл түсті көгал, «+», «-» белгілері салынған ағаш таяқшалар.

2.Ойын «Киндер»

Мақсаты: сандар туралы түсінігін қалыптастыру, сандарды ретімен қою, математикалық есептер шығаруға үйрету.

1.Шарты: киндерлерді сандық нөмерімен қарай ретімен орналастыр.

2. Шарты: бұршақтарды санына қарап киндерлердің ішіне сал.

3. Шарты: киндерден реттік санына қарай құртты құра.

Құралдары: сандары бар үлкен және кішкентай киндер қаптары, бұршақ, пластилин

Әріптерді тануға арналған дидактикалық ойындар

1.Ойын «Тақтайша»

Мақсаты: әріп туралы түсінігін қалыптастыру, әріптің таңбаларын жазуға үйрету, баланың танымдық процестері мен қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Шарты: оқушыға кішкентай түрлі-түсті шегелері бар тақтайша беріледі. Мұғалім әріптерді айтады, ал оқушы сол тақтайшадағы шегелерге резинкалар ды кигізу арқылы әріптің таңбасын құрайды.

Құралдары: түрлі-түсті шегелері бар тақтайшалар, түрлі-түсті резинкалар.



Жыл мезгілдерін ажыратуға арналған дидактикалық ойындар

1.Ойын «Бұл қай мезгіл?»

Мақсаты: жыл мезгілері және олардың белгілері туралы түсінігін қалыптастыру, танымдық процестерін, ойлау қабілеті мен ұсақ моторикасын дамыту.

Шарты: шеңбердің ішінде төрт жыл мезгілі суреті көрсетілген, оқушы мұғалімнің ұсынылған картасын қыстырғыш арқылы төрт мезгілдің біреуіне орналастыруы тиіс. ( мысалы:қыс мезгілі - қар, ұлпа қар )

Құралдары: төрт жыл мезгілі салынған шеңбер, жыл мезгілдері белгілері бар карталар, түрлі-түсті қыстырғыштар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!