«Ойынқұмарлыққа тәуелділік. Лудомания»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ойынқұмарлыққа тәуелділік. Лудомания»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойынқұмарлықтың адамның өмірін бұзып, психикалық және физикалық денсаулығына әсер етуі мен зардаптары және тәуелділіктің алдын алу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ойынқұмарлыққа тәуелділік. Лудомания»

Мақсаты: ойынқұмарлықтың адамның өмірін бұзып, психикалық және физикалық денсаулығына әсер етуі мен зардаптары және тәуелділіктің алдын алу.

Қажетті құралдар: призентация, банка, тенис добы, бұршақ, құм, су.

Барысы:

  1. «Ойынқұмарлыққа тәуелділік. Лудомания» шағын дәріс

  2. «Сұрақ-жауап»

  3. «Толық банка» жаттығуы

  4. Рефлексия

  1. «Ойынқұмарлыққа тәуелділік. Лудомания» шағын дәріс

Ойынқұмарлық – компьютер немесе құмар ойындарға тәуелді болу, мүмкіндігінше жиі ойын ойнауға деген патологиялық ниет. Ойынға тәуелділік психикалық бұзылысқа жатады және оны емдеу үшін негізінен психотерапия әдістері қолданылады. (3 –слайд)

ДДҰ әзірлеген денсаулыққа қатысты Халықаралық аурулардың және мәселелерің статистикалық классификациясына сәйкес ойынқұмарлықтың 2 түрі ажыратылады:

  • Ойынқұмарлық (гейминг) Компьютер ойындарына тәуелді болғанның салдарынан қалыптасатын психикалық бұзылыс (патологиялық гейминг) онлайн және офлайн форматта ойнауға болатын компьютер немесе видео ойындарға тұрақты және қайталама тәуелділік мінез-құлық паттернімен сипатталады.

  • Лудомания (гэмблинг) Құмар ойындарға тәуелділік салдарынан қалыптасатын психикалық бұзылыс (патологиялық гэмблинг) онлайн және офлайн форматта ойнауға болатын құмар ойындарға тұрақты әрі қайталама тәуелділік мінез-құлық паттернімен сипатталады. (4 слайд)

  Лудомания –  адам өмірінде негативті тұрғыдан басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық тұрғыдан және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлығы.  Азарт адамдарды тек материалдық шығынға ұшыратқан жоқ, сондай-ақ рухани тұрғыда да әбден азғындатты. (5 слайд)

Лудомандар – құмар ойынның шырмауына түскен адамдар. Казино мен букмекерлік компаниялар жұмысы барынша қарқынды дамыған кезден бері «лудомания» деген термин кеңінен қолданыла бастады. Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне  енгізілген. 

2. «Сұрақ-жауап»

Ойланып, шынайы жауап беріңіздер!

  1. Интернетті қандай мақсатта пайдаланасыз?

  2. Күніне қанша уақытыңызды интернет желісінде өткізесіз?

  3. Қандай әлеуметтік желі пайдаланасыз?

  4. Компьютер ойындарын ойнауға әуестігіңіз барма?

  5. Ойынға бәс тігіп көрдіңіз бе? Неше рет?

  6. Шынайы өмірде қол жеткізе алмағаныңызға, виртуалды шындықпен сезінуді ойлап көрдіңіз бе? (6 слайд)

Жауаптарыңызға сараптама жасап көріңіз.

  1. Егер сіз интернетті ойын ойнауға, әлеуметтік желі қолданушысы ретінде пайдалансаңыз;

  2. Күніне 2-3 сағаттан артық интернет желісінде белгілі мақсатсыз өткізсеңіз;

  3. 3-ден артық әлеуметтік желі пайдаланушысы болсаңыз;

  4. Компьютерлік ойындар ойнағанда уақытпен санаса алмасаңыз; (Мысалы, шаршағаныңызға қарамастан 2-3 сағаттан артық ойнасаңыз)

  5. Ойындарға бәс тігуге қызықсаңыз;

  6. Өмірде мақсатыңызға оңай қолжеткізуді қалайтын болсаңыз сізде тәуелділік болуы мүмкін. (7 слайд)

Виртуалды тәуелділік

Шынайы өмірде өз орнын таба алмаған адамның витуалды өмірге ұмтылатыны байқалады. Себебі виртуалды өмірді бағындыру әлдеқайда жеңілірек. Бұл жағдайды мамандар «Виртуалды тәуелділік» деп атайды.(8 слайд)

Адамда төмендегі белгілер анықталса, «тәуелділіктен» зардап шегіп жүр деп көруге болады. Олар:

  1. Ойын ойнаған уақытты бақылай алмаса (оны азайтуға, программадан шығуға уәде беріп, ол уәдесінде тұрмаса; компьютер ойнына кедергі келтіретін адамдарға агрессия танытса)

  2. Ол ойын ойнаған уақытқа қатысты жалған сөйлесе немесе немен айналысқаны туралы ақпаратты жасырса.

  3. Ойынға уақытын зая кетірсе (мысалы, нақты өмірде жасалмай қалған маңызды істер).

  4. Шын өмірде тыйым салынатын қауіпті іс-әрекеттермен айналысса (мысалы, агрессивті немесе соғыс типті ойындар ойнаса).(9 слайд)

  1. «Менің таңдауым» жаттығуы

Мақсаты: айырмашылықты танып білуге, таңдау жасай білу мүмкіндігін игеру түсінігін қалыптастыру.

Нұсқау: Жүргізуші ортаға бір оқушыны өз еркімен шақырады. Ортаға шыққан оқушы қоғамға зиянды бір дүниені таңдап алып, сол дүниеге жаранама жасау тапсырылады. Қалған қатысушылардың міндеті өз таңдауларын жасау.

3.«Толық банкы» жаттығуы

Мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі маңызды дүнеиелерге назар аударуға, уақытын ұсақ-түйек дүниелерге босқа өткізбеуге, өз өмірін өзі бағалауға, уақытпен санаса білуге тәжірибе арқылы түсіндіру.

Нұсқау: Жүргізуші ортаға бос банканы қойып, ішіне тенис дотарын салып, банка толды ма деп сұрайды. Оқушылра өз жауаптарын айтады. Сосын жүргізуші қайтадан банкаға бұршақтарды салып, енді банка толды ма деп сұрайды. Оқушылар өз жауаптарын айтады. Жүргізуші тағыда банкаға құм салады. Енді банка толды ма деп сұрайды? Оқушылар өз жауаптарын айтады. Соңында жүргізуші банкаға су құяды. Енді толды ма деп? Оқушылар өз жауаптарын айтады.

Жүргізуші: Мына банка сіздің өміріңіз. Біздің әрқайсысымыздың бір ғана өміріміз бар. Мына тенис доптары сіздің өміріңіздегі маңызды адамдар. Олар отбасың, ата-ана, бауырларың, достарың, туыстарың. Ал мына бұршақтар сенің өзің үшін маңызды заттар. Ол үйің, машинаң, жақсы көретін сөмкең, оқуың. Құм бұл қалған барлық ұсақ-түйек заттар. Егерде мен жана бірінші тенис добын емес құмды салсам, банкаға құмнан кейін қалған заттарға орын болады ма? Әрине, жоқ. Сол сияқты біз өмірімізде ұсақ-түйек заттарға көп уақытымызды бөлетін болсақ, қалған өзімізге маңызды жандар мен дүниелерге уақыт қалмай қалады. Сондықтан өміріміздегі маңызды дүниелерге назар аударайық. Уақытымызды маңызды заттарға бөлейік. Және әр дүниеге уақытпен санасып, реттілікпен уақыт бөлсеңіз, сонда сіз барлық маңызды жандарға да, маңызды дүниелерге де, тіпті ұсақ-түйектерге дейін уақыт бөле аласыз. Сонда сізде барлығы болады.

4.Рефлексия.

  1. Бүгінгі тақырыптан не түсіндіңіздер? Түсінбей қалған жерлеріңіз бар ма?

  2. Бұл тақырып бойынша өзіңізді қандай деңгейде көрдіңіз?

  3. Сіздерге психологиялық сағат ұнады ма? Не ұнамады?

  4. Бір – бірлеріңізге деген жылы лебіздеріңізді, алдағы уақытқа ұсыныстарыңызды білдірсеңіздер болады.























3 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектебі





«Ойынқұмарлыққа тәуелділік. Лудомания»

/5-11 сынып оқушылары/

Педагог-психолог: Г.Е.Итесова









2023-2024 оқу жылы

3 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектебі

Анықтама



11-19 наурыз аралығында 5-11 сынып оқушылары арасында ойынқұмарлықтың адамның өмірін бұзып, психикалық және физикалық денсаулығына әсер етуі мен зардаптары және тәуелділіктің алдын алу мақсатында «Ойынқұмарлыққа тәуелділік. Лудомания» психологиялық сағат өткізілді. 5-11 сынып арасында 250 оқушылар қатысты.

Психологиялық сағат нәтижесінде оқушылар ойынқұмарлықтың адамның өмірін бұзып, психикалық және физикалық денсаулығына қалай әсеретендігі және зардаптарымен таныс болды. Сонымен қатар оқушыларға сұрақ-жауап беру арқылы өздеріне тәуелділік деңгейіне сараптама жасауға мүмкіндік алды. Оқушыларда адам өміріндегі маңызды дүнеиелерге назар аудару, уақытын ұсақ-түйек дүниелерге босқа өткізбеу, өз өмірін өзі бағалау, уақытпен санаса білу, айырмашылықты танып білу, таңдау жасай білу мүмкіндігін игеру түсінігі қалыптасты.

Picture 2 Picture 1



Педагог-психолог: Г.Е.Итесова





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.10.2024
412
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі