Ойыншықтар

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ойыншықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдерін дамыту. Қазақ тілінде, жыл мезгілдерін, апта күндерін атауға , үйрету. Ойыншықтардың түрімен,қасиетімен,түсімен және көлемімен таныстыру.Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойыншықтарға деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация ,Таным, Шығармашылық, Денсаулық

Бөлімі: Қазақ тілі

Тобы: Мектепке дейінгі ересектер тобы

Тақырыбы: «Ойыншықтар»

Бағдарламаның мазмұны: Балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдерін дамыту. Қазақ тілінде, жыл  мезгілдерін, апта күндерін атауға , үйрету. Ойыншықтардың түрімен,қасиетімен,түсімен және көлемімен таныстыру.Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойыншықтарға деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Суреттер,слайд, ойыншықтар, жеке таратылатын дамытушы құралдар.

Алдын ала жұмыс: суреттер бойынша жұмыс, тақпақтар мен мақал- мәтелдер жаттау.

Сөздік жұмысы: ойыншықтар.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, көрсету,  жұмбақ  сурет арқылы жасыру.

Билингвалды сыңары: «Ойыншықтар – игрушки»

Қажетті көрнекілік құралдар: Ойыншықтар, орман бейнесі, машина, ойыншықтардың суреттері.

Барысы

/Қуанышты сәт/ әуенмен қарсы алу.

1.Шаттық шеңбері

Балалар, «Шаттық шеңберге» тұрып амандасып алайық /BilimKids.kz/ сайтынан бейнеролик арқылы «Сәлем! Сәлем!»

Сәлем! Сәлем!

Шапалақ соғайық!

Сәлем! Сәлем!

Шапалақ соғайық!

Жарайсыңдар балалар!

2. Сұрақ-жауап

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде қанша ай бар? Олар қандай айлар?

Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Өте жақсы жарайсыңдар.

3.Тіл ұстарту жаттығу.

Ыс – ыс – ыс, Келіп жетті қыс.

Ар – ар – ар, Жауады қар.

Яз – яз – яз Сақылдаған сары аяз.
/Балалардың назарын ойыншықтар тұрған жиһазға аударады./
- Балалар, қараңдаршы, сендер нені байқадыңдар?
- Қалай ойлайсыңдар, барлық ойыншықтар қайда кеткен?
- Мен де солай ойлаймын, олар барлықтары бізден кетіп қалды. Неге кетіп қалды, өз ойларыңды айтыңдаршы?
- Иә, балалар, олар бізге өкпелеп қалды. Енді не істейміз? Қайтып оларды қайтарамыз?
- А - а - а, мен білем бізге кім көмектесе алатынын. Ол – ойыншықтар патшайымы. Оны бізге көмектесуге шақырайын. Кәне, оған мен шұғыл телефон соғайын. /Бірақ алдымен көзге жаттығу жасап алайық/

3.Көз жаттығуы - гимнастика для глаз

/ Ватсап арқылы бейнероликпен сөйлеседі/

Ойыншықтар патшайымы балалармен амандасады.
О. П.: Не болып қалды, неге сендер хабарласып тұрсыңдар?

Мұғалім: Құрметті ойыншықтар патшайымы, біз топтағы ойыншықтарымызды ренжітіп алдық. Оларды сындырып, лақтырып ұқыпты ұстамағаннан кейін, ойыншықтарымыз бізге ренжіп кетіп қалды. Сіз оларды көрдіңіз бе?

О.П.: - Иә мүмкін мен оларды патшалығымда көрген болармын. Сендер қандай ойыншықтарды жоғалтып алдыңдар? Ойыншықтарың неден жасалынған?
-Біздің ойыншықтарымыз әртүрлі. Олар пластмассадан, резинадан, матадан, ағаш пен темірден жасалынған. Мысалы: қуыршақ Айсұлу пластмассадан жасалған. Оның көк түсті көйлегі бар. Ал қонжықтар матадан, машиналар ағаштан жасалынған.

О.П.: Иә көрдім балалар.Олар сендерге қатты ренжіп қалыпты. Енді сендерге қайтып оралмаймыз дейді.
- Патшайым сен оларды бізге қайтып оралуға көмектесші. Біз оларды ешқашан да сындырмаймыз, жерге лақтырмаймыз, біз оларды күтіп аялап ұстаймыз.
О.П: - Мен сендерге көмектесемін. Бірақ сендер өздерің біздің патшалығымызға келіп ойыншықтардан кешірім сұрауларың керек. Жолда сендерді көптеген кедергілер күтіп тұр. Солардың барлығынан өтсендер патшалыққа да жетесіндер. Жолдарың болсын балалар!

Ал балалар, олай болса біз жолға шығайық. Бірақ жолға қалай шығамыз? Орманға немен барамыз?

-Көлікпен!

Дұрыс, бірақ ол көлікті қайдан аламыз? Онда кәне өзіміз көлікті құрастырып алайық!

Саусақ жаттығуы

/Әуенмен/

Лезет к нам на крышу смелый паучок,

Маленькие ножки, тысячи топ-топ.

Ярко светит солнышко или дождик льет,

Лезет к нам на крышу отважный паучок.

«Геометриялық пішіндер» - /Машина жасау./

Билингвалды сыңары: «Ойыншықтар – игрушки»

Балалар біз «Құпиялар патшалығына» келіп жеттік.Ой балалар мен мұнда қоржын тауып алдым. Ішінде не бар екен?

Тосын сый: /Балалар қоржынды ашып ішінде не бар екенін қарайды/

Балалар қоржынның ішінде сурет тұр . Бұл сурет нені білдіреді екен ? Егер де біз бұл суреттің жауабын тапсақ, ойыншықтар патшалығына да жылдамдатып жетеміз.


1 - тапсырма Мнемотехника сызбасы арқылы «Ойыншықтар» тақпағын жаттау. /№1 флипчарт/

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау,қозы,құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Емес олар ұрыншақ.



Жарайсыңдар балалар біз тапсырманы жақсы орындадық .

- Балалар, қараңдаршы мұнда өзен бар екен. Бұл өзеннен қалай өтеміз? -Көпір құрастырамыз. Дұрыс айтасыңдар!

LEGO құрастыру ойыншығы арқылы көпір құрастырайық . Сонда біз өзеннен кедергісіз өтеміз. Тамаша балалар көпірді жақсы құрастырыпсыңдар. Кәне өзеннен көпір арқылы өтейік.

-Біз қайда келдік? Мен білемін бұл логикалық тапсырмалар патшалығы. Ал патшалыққа қалай кіреміз? Қақпа сыртында 2 қарауыл тұр? Бізді кіргізулерін сұрайық. /Қақпа сыртында 2 қарауыл тұрады патшалыққа кіру үшін логикалық тапсырмаларды орындау керек екенін айтады./

- Балалар барлығымыз логикалық тапсырмаларды бірігіп орындайық. Сонда ойыншықтар патшалығына да жылдамдатып жетеміз.

Логикалық тапсырмалар патшалығы

2- тапсырма Ойын арқылы ой-өрісін мен тілін дамыту.

/№2 флипчарт/

  1. Шыншыл ата тек шындықты айтады. Ол немересіне ойыншық алып берген. Ойыншық қызыл түсті бірақ, ойыншықтың терезесі жоқ?

/сызба арқылы қара жәшікке ойыншықты белгілеу./

  1. /№3 флипчарт/ Балалар ойыншықтарын жоғалтып алды. Енді оларды табу үшін көлеңкелерін сызық арқылы байланыстыру.

Ойншықтардың көлеңкесін тауып, сызық арқылы жүргізу

3. /№4 флипчарт/ Балалардың бөлмесінде ойыншықтар сөресі бос тұр. Әдетте мұнда, ойыншықтар жиналып тұратын. Ал еденде машиналар мен қуыршақтар шашылып кеткен. Ойыншықтардың арасында көңілсіз Айдар мен Айжан отыр, оларға ойыншықтарды орнына қойған ұнамайды. Сондықтан балалар ойыншықтарды баяу жинап жатыр. Мұны көрген әкесі балаларға қызықты ойын ұсынады. Бірақ, ережемен мұқият танысуды есертеді. «Мысалы мен сөреге ең кішкентайларын жоғары қойсам, ал сендер ары қарай жалғастырасыңдар дейді.»

Тамаша балалар біз бұл тапсырманы да орындадық. Енді жолымыз қысқару үшін әндетіп , билеп жолға шығайық.

Сергіту сәті

/видео арқылы сергіту сәті/

3- тапсырма Ой балалар біз қайда келдік?

«Түстер патшалығына» келдік.

/ Бізді Дымбілмес қарсы алады. Ол ойыншықтардың түстерін ажырата алмайтынын айтып балалардан көмек сұрайды./

Дымбілмес: Балалар сәлеметсіңдер ме? Маған көмектесіңдерші. Мен анама моншақ сыйлағым келген бірақ, түстерді ажырата алмаймын. Мұнда менің қолымда түрлі-түсті моншақтар бар. Сендер түстерді білесіңдер ме?

Мұнау қандай түс?

/Қызыл, сары, көк,жасыл, ақ/

Қызыл түсті не білесіңдер? /қызыл алма/

Сары түсті / жапырақ/

Көк түсті / аспан/

Жасыл түсті / ағаштар/

Ақ түсті / терезе, есік, тақта/

тамаша балалар енді маған моншақ жасауға көмектесесіңдер ме?

-Иә әрине! /Балаларың алдына әр түсті макарон салынған ыдыс үлестіріледі/.

Дымбілмес қуанып, рақмет айтып моншақтарды алып шығып кетеді .
Міне балалар ойыншықтар патшалығына да келіп жеттік.

Қараңдар балалар бізге ойыншықтарымыз келе жатыр. Балалар ойыншықтардан кешірім сұрайық.

Балалар ойыншықтардан кешірім сұрап енді оларды ұқыпты ұстайтындарын айтты.

Ойыншықтар балаларды кешіріп топқа қайтты.

Қорытынды:


-Біз қайда бардық?

-Немен бардық?

Жолда кімді көрдік? Ойыншықтарды сындырмау керек.Ұқыпты ойнау керек.Ендеше,балалар қонақтармен қоштасып, ойыншықтармен ойнайық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2021
544
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі