Материалдар / "Ойыншықтар" музыка
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ойыншықтар" музыка

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
986
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы


Тексерілді: Оқу ісінің меңгерушісі: Хайруллина Р.Б

Уақыты: 26 сәуір 2017 жыл

Тақырыбы: «Ойыншықтар»

Білім беру саласы: Музыка

Бөлімі: Шығармашылық

Мақсаты:Балалардың рухани адамгершілік тұлғалық қабілеттерін дамытып, музыка мен өмірді байланыстырыу. Шығарманы түсініп қабылдап, ән айтып үйрену кезінде ырғақты сақтау.Сыпайлыққа, кішіпейілділікке, әдемілікке тәрбиелеу

Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: Әннің сөзін екі күн бұрын жазып беру, және жаттау

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, ойын.

Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты суреттер

Билингвалдық компонент: ойыншық-игрушка


Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс – әрекеті


Балалардың іс – әрекеті


Себепті – қызығушылығын ояту

Балалар орындарынан тұрып, шеңбер құрып, бір-біріне жақсы тілек тілеп, амандасады.


-Жақсы сөздер айтады




Ұйымдастырушылық – іздену кезеңі

Дауыс ашу

-Балалар өткен сабақта қандай ән үйрендік?

Ол ән не туралы?

Барлығымыз әнді есімізге түсіріп, хормен қайталап айтайық.

-Өте жақсы.

Дидактикалық ойын «Дүкенде»

Шарты: Ойыншықтарға сипаттама беру.

-Кәне балалар мына суретті сөйлетейік

-Суреттен бірнеше ойыншықтарды көрсетемін.

-Ойыншық туралы сипаттама беремін.

-Олай болса балалар бүгін біздер «Ойыншықтар» әнін үйренеміз.


-Топ-топ балақан әні


- әнін айтады.









-Балалар айтады.




-тәрбиеші мен бірге қайталап қимылмен көрсетеді.


Оқу іс - әрекетті бақылау кезеңі

-Ол туралы ән үйрендік пе?

-Жарайсыңдар, балалар!

-Олай болса, сабағымызды аяқтаймыз,


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Музыка мен өмірді байланыстырыуды

Қандай түсініктерді игерді: Шығарманы түсініп қабылдап, ән айтып үйрену кезінде ырғақты сақтауды игерді.

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Балалардың рухани адамгершілік тұлғалық қабілеттерін дамыты.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы


Тексерілді: Оқу ісінің меңгерушісі: Хайруллина Р.Б

Уақыты: 26 сәуір 2017 жыл

Тақырыбы: «Су- тіршілік көзі»

Білім беру саласы: Экология негіздері

Бөлімі: Әлуметтік орта

Мақсаты:

Балаларға судың адам өмірінде маңызды орын алатыны туралы түсінік қалыптастыру. Судың пайдасын ұғындыру.

Адам кез келген нәрсе үшін суды пайдаланатыны туралы сұрақтар қою арқылы әңгімелеу.

Су туралы нақыл сөздермен білімдерін бекіту.Суды үнемдеуге тәрбиелеу.

Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: Су туралы алдын ала әңгімелеу

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, ойын.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, жұмбақтар, тақпақтар

Билингвалдық компонент: су-вода


Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс – әрекеті


Балалардың іс – әрекеті


Себепті – қызығушылығын ояту

-Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңбер құрады.

-Самал жел, бізді желдетші,

Күн нұры, бізді жарқырат.

Таза ауа, бізге дем берші,

Мөлдір су, бізді салқындат.



-Балалар тәрбиешңмен бірге жылулық шеңберге дөңгелене тұрып, іс-әрекетпен қайталап көрсетеді



Ұйымдастырушылық – іздену кезеңі

-Балалар, менің добым кеше үлкен енді, бүгін кішірейіп қалыпты. Сендер доптың үлкеюіне көмектесесесіңдер ме? Олай болса, мен сендерге допты беріп, сұрақ қоямын, сендер жауап беріңдер.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар, олар қалай аталады?

-Біз көктемде қандай мерекелерді тойладық?

-Балалар біз өткен іс-әрекетімізде табиғаттың сыйы-ауа туралы білдік Ауа туралы кім не біледі?

Жұмбақ

Жылт-жылыт еткен, жылғадан өткен,

Құйсаң шығар гұл өсіп, қатады қыста сіресіп. Бұл не?

-Балалар, картада көк түспен белгіленген жерлер өте көп. Көк түспен белгіленген не екен? Жер бетінің көп бөлігін мұхиттар, теңіздер, көлдер алып жатыр. Су тіршілік көзі. Сусыз тіршілік болмайды. Су-түссіз, дәмсіз, мөп-мөлдір болады. Суды ластауға, босқс төгуге болмайды. Кез-келген көлдердің немесе теңіздердің суын ішуге болмайды. Өйткені олардың суы өте ащы. Оларға тек жаз мезгілінде шомылуға болады. Ол сулардан жануарлар мен құстар, жәндіктер су ішеді. Енді адамдарға су не үшін қажет екен, ол үшін мына суретке қарайық. Су адамдарға беті-қолымызды жуу үшін, шай қайнатып ішу, жеміс-жидектерді жуу, тамақ пісіру, кір жуу, гүлдерді, бақшаларды суару үшін керек екен. Балалар сендер суда жүзгенді жақсы көресіңдер ме? Онда бәріміз сергіп алайық.

Сергіту сәті

-Ал, кәнекей, тұрайық,

Мойнымызды бұрайық.

Қолымызды созайық.

Су ішінде қалықтап,

Оңға, солға бір қарап,

Жүзіп-жүзіп алайық.

-Балалар, су ауа температурасына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, қыста су қатып мұзға айналады, аспаннан қар болып дауады. Ал, көктемде күн жылынып, бұлттардан жаңбыр жауады. (Барлығы көрнекіліктер арқылы түсіндіріледі)






Сұрақтарға жауап береді









-Ауа бізге тыныс алу үшін керек.



-ойланып жауап береді.





























-Бойларын сергітіп алады.


Оқу іс - әрекетті бақылау кезеңі

-Балалар су адамдарға не үшін керек?

-Сусыз тіршілік бола ма?

-Балықтар қайда өмір сүреді?

-Судың түсі, исі бола ма?

-Теңіз, көлдердің суын ішуге бол ма?



Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді:Су – тіршілік көзі екенін

Қандай түсініктерді игерді:Балаларға судың адам өмірінде маңызды орын алатынын

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері:Судың пайдасын ұғынды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!