Тақырыбы: «Өкпелеу мен зорланудан сақ
болайық,балалар!»
Мақсаты: Балалар зорлық-зомбылық туралы
мағлұмат алады, өкпелеу мен қорлану адамның жаны мен тәніне үлкен
зардап әкелетін соққы екенін түсінеді. Зорлыққа қарсы біздің
елімізде заң бар екенін біледі.
Құқықтық және адамгершілік
тәрбиені бала бойына қалыптастыру.
Көрнекілік:слайд,сабақ
жоспары,бейнекөрініс
Сынып
сағатының барысы:
1.Ұйымдастыру
-Балаларды түгендеу
2.-Ой
қозғау
-Бүгінгі
сабақтың мақсатымен таныстыру.
-
25-қараша мен 10
желтоқсан аралығындағы «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» деген акция
біздің елімізде және бүкіл әлемде 1991 жылдан бастап жүреді,
бұған 100-ден астам ел қатысады.
3.Түсіндіру.
- Қоғам
үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адамның бас бостандығы және уайым
қайғысыз өмірі.Оның кепілі – Ата Заң.Тәуелсіздік төрімізден орын
алған қоғамымыздағы ең басты құндылық-адам бостандығы.Қазақстанда
салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен
нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау,
зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу Зорланудан ең көп жапа
шегетіндер, аналармен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі
әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік
және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр
машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың
алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды
жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып
табылады. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның
жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал
жасауы» делінген.
4.Слайдпен жұмыс
Тән
азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету,
ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген
зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі
мүмкін . Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы
үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге,
ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға
мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа,
отбасына зиянын тигізеді. Салауатты өмір сүрудің бір негізгі
күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық- зомбылықтан
аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы
адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне
оғаш қылықтар корсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологмясына кері әсерін тигізеді.
Зорлықтың
түрлері:
- Эмоциялық
зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол
сұғу;
- Физикалық
зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды
қолданатын эмоциялық зорлық;
-
Қауіп-қатер – отбасын тастап
кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол
жұмсауға итермелеу;
- Балаларды анасына
қарсы қолдану - әйелін өз
балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын
жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.
Қазақстандағы тұрмыстық
зорлық-зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды. Зорлық
зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі адамзат
әлеуетіне қажеттігі де туындап отырғандығын
ескертеді.
Заң жобасының
негізгі мақсаттары
- Адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды
құқықтарын қорғауға, кепілдеме беруді
көтермелеу.
- Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты
төмендету жөнінде тиімді шаралар
қабылдау.
-
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін
жүргізу
Зорлық – зомбылық келесі құқықтарды
бұзады:
- заң алдында бәрінің
бірдей қорғалуын;
-
қатал қарым – қатынасқа берілмеу
құқығын;
- өмір сүру және жеке
өміріне қол сұқпау құқығын;
-
тұлғалық және психологиялық
денсаулықтың жоғары стандартты
құқығын
Әйелдер
мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған
профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық
үгіттеушілік жұмыстарды өткізу керек ісі болып
табылады.
Қалай зорлық – зомбылыққа душар
болмау?
Көшеде
түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын
адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ
орындарға және т.б. жерлерге бармау. Егер Сізге тұрмыстық зорлық –
зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып
кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарынмен бірге, көрші –
көлемдерінмен сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға
хабарлау.
Сондықтанда балаға мынаны
түсіндірген жөн:
-
Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге
кіргізбеу керек;
-
Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен
адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;
-Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін
саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге
үйрету.
5.Қорытынды:
Бейнекөрініс:
«Тұрмыстық зорлық зомбылық»
https://www.youtube.com/watch?v=hr3AANnkOdY
Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік – ол
адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам
өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл
Фараби.
Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы өзінің «Абай» журналына жариялаған
«Тәрбие» атты мақаласында былай деген:
«Тәрбие әсер беретін нәрсе - өскен орта, ата-ананың
тәрбиесі»
«Сүтпен кірген сүйекпен кетеді», бала жасында қандай тәрбие алса,
ержеткенде сол әдет қалмайды деген сөз.
Тексерілді: Сарсембаева
А.А
Кошакаева
А.А