Материалдар / Ол күндер мәңгі есте сақталады
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ол күндер мәңгі есте сақталады

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс іс шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2018
355
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ол күндер мәңгі есте сақталады

Жүргізуші:
Құрметті, Қонақтар!Ұлы Жеңіс күнінің 73 жылдық мерекесі баршаңызға құтты болсын! Бұл мереке кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп,барша адал ниет адамзатты тағы да бір қуантады. Иә, осынау ұлан – ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.
Жүргізуші:
Соғыс өтті жалмап талай өмірді,
Қаншама қан еш жазықсыз төгілді.
Соғыс аты естілгенде құлаққа.
Елестетер қара тажал өлімді.

Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар

9 Мамыр – Жеңіс күніне арналған мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Құттықтау сөз мектеп директоры міндетін атқарушы Сулейменова Фатима Капановнаға беріледі.

Хор.
Жүргізуші:
 Біз бен сіздердің туған жерлеріңіз Қазақстанда соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Қаншама ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.

Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!

Әдеби монтаж

Жүргізуші:

Иә, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс- халық санасынан ұмтылған жоқ. « Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің елімізден аталарымыз кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін,сіздер мен біздердің бақытты өміріміз үшін, жер бетінде бейбіт өмір орнауы жолында аттанғаны мәлім. Елден аттанған сарбаздарымыз кеуделерін оққа тосып,жеңісті өз өмірлерінің өтеуімен жақындатты,олар туған жердің топырағын қайта оралып баса алмады.Біздер сол батыр аталарымызды ешқашан ұмытпаймыз және ұмытуға қақымыз да жоқ.
Жүргізуші:
Олай болса, майдан даласында,сіздер мен біздердің бақытты өміріміз үшін өз өмірлерін құрбан еткен аталарымыздың рухтарына тағзым ете отырып,өсіп келе жатқан ұрпақтың санасында жатталсын деген ниетпен аты-жөндерін оқып шығуға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Соғыс даласында мерт болған ата-бабаларымыз:

Жукеев Қасымхан

Әкежанов Мүзәміл

Жоламбаев Төкен

Сембаев Оразалы

Кусембеков Хатив

Қыдырғалиев Қамали

Есекеев Мүсілім

Бектұрғанов Касен

Және тағы да басқа Бұлақ ауылынан 80 адам Ұлы Отан соғысына аттанып, еліміз үшін ерлікпен жандарын қиған.
Жүргізуші:
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлемінде қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ оларды мәңгі еске алады.

Бейбіт елдің тұрғындары! есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, тарих бетінде бұл соғыс «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен әкелеріміздің ерлігін ешкім де, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер –азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алуға тиістіміз.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)
Жүргізуші:
Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күтсе,ана жарын күте берді, күте берді.
Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүкті «шығыстың қос жұлдызы» деп мақтанышпен атайды. Олай болса, «Әлия» әнін Маменова Айжанның орындауында тамашалаңыздар.

Жүргізуші:
Бірінің жары өлгенде,
Бірінің жары хабарсыз
Сұрапыл басқа төнгенде
Кетіпті қара қағазсыз.

Жүргізуші:
Міне, соғыс қасіреті туған ауылымызда да, осылайша ананы баладан, баланы әкеден, әкені баладан айырып, көздің жасын көл етті.
Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

Жүргізуші:
Фашистер біздің елге соғыс ашқан,
Жасырын,түн жамылып қапылыстан.
Қорғауға сүйген елді, Отанымнан,

Ерлеріміз дізе қосып аттанысқан.

Монолог. Оқитын Қуанбаева Сулужан
Жүргізуші:

Бүкіл Кеңес халқының 20-25 млн-нан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды. Бұл соғыста милиондаған әйел жесір, балалар әкесіз қалды, аналар ұлдарынан айырылды, соғыстың қайғысы өзегін өртемеген, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады. Фашистік қарақшылар 1710 қала мен поселкілерді, 70 мың село мен деревняны құртып жіберді. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн. 70 мың адам қатысса, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, хабар-ошарсыз кетті. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ.

Хор. «Катюша»
Бұлт түнеріп аспаннан
Талмай көзден жас тамған
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталған.
Жүргізуші:
Соғыс жалмап аға-іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.

Би: 6,7-сынып
Жүргізуші:
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Ақ сүт берген анасын қорғады,
Самал ескен даласын қорғады.
Пәк жүзді арай баласын қорғады

«Бейбітшілік әні» орындайтын Нығметоллаев Данияр

Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ … Берлин Операциясы — Ұлы Отан соғысы барысындағы аса ірі шабуыл операцияларының бірі. 1945 ж. 16 сәуір мен 8 мамыр аралығын қамтыды. Оған Қазақстанда жасақталған үш атқыштар дивизиясы мен бір артиллерия, екі атқыштар полкі қатысты.

 Рейхстаг ғимаратына алғашқылар қатарында лейтенант Р. Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г. Булатов бірінші болып еніп, ту тікті. 2 мамыр күні бүкіл Берлин қаласының әскери күштері қаруларын тастады. 8 мамыр күні сағат 22-ден 43 минут өткенде Берлин қаласы жанындағы Карлсхорст деген жерде германдық қолбасшылар өкілдері үзілді-кесілді тізе бүгу туралы актіге қол қойды.

Берлин операциясы кезінде кеңестік әскерлер 78291 адамынан айрылды, 274 184 адамы жаралы болды, контузия алды. Жау жағы жаяу әскерлерден тұратын 70 дивизиясынан, моторлы техникалы 23 дивизиясынан айрылды, 480 мың адамы тұтқынға алынды. Осынша шығындарға қарамастан, қан төгіс майданда Кеңес халқының ержүрек, батыл азаматтары Жеңіске жетті.

Жүргізуші:

9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мереке, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі.1945 жылдың 9 мамыры... Жылдан-жылға алыстап бара жатқан мерзім. Дей тұрғанмен, Ұлы Жеңістің анық бағасы мен маңызы біздің жадымызда мәңгі орын алады.

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Сол себепте 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні болып биік дәрежеге көтеріліп, Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды.

Орыс биі

Жүргізуші:

1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.

7 мамыр күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие.

Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз,  Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз. Олай болса, бүгінгі мерекеде мектебіміздің белсенді оқушыларын «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдауға рұқсат етіңіздер.

«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау

Батырлар биі.

Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қанша ма адам ерліктер жасап майданда
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!

Мәдениетов Абылайдың орындауындағы __________________ әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

Келді міне,күндей жайнап гүл көктем.
Самал желі шашты тарап,бетті өпкен,
Ұмытуға хақымыз жоқ оларды.
Олар біздің бақыт үшін қан төккен,

Өткізді олар сызды окопта күндерін.
Елестетем қанды кешіп жүргенін,
Естігендей болам жаудың шебіне.
Атой салған сарбаздардың үндерін.
Ән: «День Победы»

1 - жүргізуші:
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің».
Адам ешқашанда анадан батыр болып тумайды. Айбындылық, батырлық, ерлік аспаннан түспейді. «Табандылықтың атасы – татымды тәрбиеден бастау алады» деген екен аты аңызға айналған халық қаһарманы батыр атамыз Б. Момышұлы.

Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 73-ші көктемі де келіп жетті. Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған. Олай болса, Ұлы Жеңістің 74 жылдығында кездесейік.
Олай болса, Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Естен кетпес отты жылдар» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рақмет. Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар.

Тақырыбы: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» (Тәрбие сағаты)
Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар.
Өтілу барысы: Сынып ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады.

«Әнұран»

1 - жүргізуші: Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

2 - жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

1 - жүргізуші:

Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)

(Сахнадада күй ойналады. Халық, бейбіт өмір көрінісі жүреді)
Радио: - Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, 1941 жыл 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан бейбіт елге басып кірді. 
Соғыс басталды.
(Халық бір- біріне үрейлене қарады. « Слава Отечественной Войне» әні жаймен ойналады.)
Халық арасынан - Соғыс! Соғыс! Соғыс! (Дауыстар шығады. Ер адамдардың барлығы соғысқа аттану кезеңін көрсетеді. Жылау, сықтау)
Қария :
- Балаларым, қырандарым!
Ел шетіне жау тигенде, бабаң бүгіп қалмаған, 
Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас»- деген.
Отан үшін аттан, атттан, аттан!

(Осы кезде « Қасиетті соғыс» әні ойналады. Сахна сыртында жүргізушілер)
1 - жүргізуші: «Соғыс» деген суық хабар. Қазақстанның барлық жеріне 1941 жылдың 22-ші маусымында келіп жетті. Осы соғыстың қарсаңында Қазақстанның халқы 6 миллионнан астам еді.

(Радиодан жеңіске жеткен хабарлама қойылады)

Бала: 
- Алақай! АлақаЙ! Алақай! 
Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс! 
Көкем келеді, алақай! 
Экранда деректі бейне фильм көрсетіледі.

1 - жүргізуші : - Енді бір мезет экранға назар аударайық.
(Бір минут үнсіздік. Сахнада Қария)
Қария:- Айналайын халқым! Ұрпақтарым.
Біздің еренді еңбегімізді елеп, ескеріп, мәртебемізді көтеріп, қошеметтеп, жыл сайынғы елде жасап жатқан жақсылықтары бізді қуантып, марқайтады.
Елбасымыз өз жолдауында халықтың жағдайын жасаумен бірге ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне зор көңіл бөлгеніне ризашылығымызды білдіреміз.
2 - жүргізуші : - Иә, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс халық санасынан ұмтылған жоқ. Сол сұм соғысты көзімен көрген, көкірегімен түйіндеген ардагер ата, әжем еріміз ортамызда. ( Ардагерлерге сөз беріледі.)
1 - жүргізуші: - Сахнада Жас ұрпақтар монтаж «Ардагерлер»

(Монтаждан кейін Жас ұрпақтар ардагерлерге галстук тағады.)

Жас ұландар: - Ардагерлерге мың тағзым!
Ән «Алия» орындайтын А.Қарлыбай.

2 - жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!
1-оқушы: «Майдангерлер»
2-оқушы: «Екеуін де көтерді ол» Ж.Молдағалиев
3-оқушы: «Мен соғысты жек көрем!» (Қ.Жұмағалиев)
4-оқушы: «Соғыс» Қ.Әбдіқадыров
5- оқушы: «Жеңіс күні» Т.Молдағалиев
6-оқушы. «Болмасын соғыс»
7-оқушы: «Сен құрметте оны»

2 - жүргізуші:
Жабады дала төсін нала, қайғы,
Шын қайғы жас
, кәріге қарамайды,
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды

Би: «Катюша»

1 - жүргізуші:
Ашу менен кек оятты ел намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен сын.
Ер азамат жауменен арпалысса,
Әйелдер терін төкті майдан үшін

Аналар қоштасқанда асылымен,
Арулар қош айтысты ғашығымен
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала өркен.

Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды,
Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды,
Кемпір шал, әйел бала ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.

Көрініс: «Тылда». Тылдағы қазақ қыздары мен әйелдерінің Жеңісті жақындату үшін жасалған еңбектері мен ерліктері туралы бейнеленеді.

Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам!»
2 - жүргізуші: Соғыс... Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады, қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.

Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

1 - жүргізуші:
Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
2 - жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 7
2-ші көктемі де келіп жетті. Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған. Олай болса, Ұлы Жеңістің 71 жылдығында кездесейік.
1 - жүргізуші: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты жиынымыз аяқталды.
2 - жүргізуші: Ардагерлерге мың тағзым!
1 - жүргізуші: Жеңістің туы мәңгі желбіресін!
2 - жүргізуші: Жер үстінің шуағы тарқамасын!
1 - жүргізуші: Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман - сау болыңыздар!

Өлең айтылады «Жойылсын жалғыс сөз соғыс деген» Жеңіс күніне арналған сценарий

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен , Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы үнтаспа, гүлдер, шарлар.

Өтілу барысы:

1-жүргізуші:

 Құрметті, Қонақтар!Ұлы Жеңіс күнінің 68 жылдық мерекесі баршаңызға құтты болсын!Бұл мереке кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп,барша адал ниет адамзатты тағыда бір қуантады. Иә, осынау ұлан – ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.

2-жүр.

Соғыс өтті жалмап талай өмірді,

Қаншама қан еш жазықсыз төгілді.

Соғыс аты естілгенде құлаққа.

Елестетер қара тажал өлімді,

Келді міне,күндей жайнап гүл көктем.

Самал желі шашты тарап,бетті өпкен,

Ұмытуға хақымыз жоқ оларды.

Олар біздің бақыт үшін қан төккен,

Өткізді олар сызды окопта күндерін.

Елестетем қанды кешіп жүргенін,

Естігендей болам жаудың шебіне.

Атой салған сарбаздардың үндерін.

1-жүргізуші:

 Біз бен сіздердің туған жерлеріңіз Дөңгілағашта да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. 62-ге жуық ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.

1-жүргізуші:

Фашистер біздің елге соғыс ашқан,

Жасырын,түн жамылып қапылыстан.

Қорғауға сүйген елді,Дөңгілағаштан,

62 ерлеріміз дізе қосып аттанысқан.

1-оқушы:

Бұлт түнеріп аспаннан

Талмай көзден жас тамған

Тұтқиылдан жау тиіп

Қырғын соғыс басталған

2-оқушы,Ерназ: «Соғыс!» деп айтқан суық сөз,
Сіресіп қатқан мұз – қардай
Тыныштық сүйген қауымды,
Тітіркендірді ызғардай.
3-оқушы,:

Соғыс жалмап аға-іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

1 жүргізуші :- Иә, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс- халық санасынан ұмтылған жоқ. « Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің ауылымыздан аттанған 62-ге жуық аталарымыз кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін,сіздер мен біздердің бақытты өміріміз үшін, жер бетінде бейбіт өмір орнауы жолында аттанғаны мәлім. Елден аттанған сарбаздарымыздың 35-і кеуделерін оққа тосып,жеңісті өз өмірлерінің өтеуімен жақындатты,олар туған жердің топырағын қайта оралып баса алмады.Біздер сол батыр аталарымызды ешқашан ұмытпаймыз және ұмытуға қақымыз да жоқ.

2-жүргізуші:

Олай болса майдан даласында,сіздер мен біздердің бақытты өміріміз үшін өз өмірлерін құрбан еткен аталарымыздың рухтарына тағзым ете отырып,өсіп келе жатқан ұрпақтың санасында жатталсын деген ниетпен аты-жөндерін оқып шығуға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Соғыс даласында шахит болған ата-бабаларымыз:

Аты-жөндері оқылып шығады.

4-оқушы:
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлемінде қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ оларды мәңгі еске алады.

2-жүргізуші:
Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күтсе,ана жарын күте берді,күте берді.

5-оқушы,Елдар:

Бірінің жары өлгенде,
Бірінің жары хабарсыз
Сұрапыл басқа төнгенде
Кетіпті қара қағазсыз.

1-жүргізуші:

Міне, соғыс қасіреті туған ауылымызда да, осылайша ананы баладан, баланы әкеден, әкені баладан айырып, көздің жасын көл етті.

2-жүргізуші:

Құрметті:Бейбіт елдің тұрғындары! есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, тарих бетінде бұл соғыс «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен әкелеріміздің ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер –азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алуға тиістіміз.
1-жүргізуші:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

2-жүргізуші:

Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл-көмей,

Абзал досым,мүгедекті жүр демей!

Ел дегенде еңіреп туған ерлерді,

Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.

(бір минут үнсіздік, орнынан тұрып еске алу)

Мәңгілік тірісіңдер,тірісіңдер оқу.

6-Оқушы,Айзат:
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Ақ сүт берген анасын қорғады,
Самал ескен даласын қорғады.
Пәк жүзді арай баласын қорғады.

1-жүр.

Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ …

2-жүр.

Батыр бол ,балаларым,бәрің дағы,

Тап берген дұшпан иттің сынды сағы.

Жаса,жаса бейбітшілік,

Не құрыса қанды соғыс мәңгілікке құрысын.

1-жүр.

Тағдырдан сан таяқ көріп,

Аға буын қатып алған.

Соғысқа беріп қол-аяғын,

Тыныштықты сатып алған.

2-жүр.

Жеңіспенен елге оралған батыр ардагерлеріміздің есімдерін оқып шығуға рұқсат етіңіздер құрметті қонақтар!

Аттары оқылады.

1-жүр.

Құрметті қонақтар,ата-әжелер!

Ел үшін еңіреп,жанын құрбан еткен аталарымыздың рухы мен елге сүйінші хабар әкелген ардагерлеріміздің есімі ешқашан ұмытылмайды деген ниетпен мектеп оқушылырының атынан гүл шоғын қоюға рұқсат етіңіздер.

7-оқу.Елжас

Екі дүние айқасты,
Майдандасқан аулада.
Фашистерді шайқаста,
Езгіледі табанда
Бейбітшілік орнаттық
Күн ортақ барлық адамға

Оқушы,Айгерім:
Болмасын соғыс!
(Ж.Ақылбайұлы)

Болмасын соғыс»
Тілегі солай ата – ананың.
Жарақат алып қорғаған елін, Ұлы Отанын,
Көшеде егер балдақты кісі кездессе
Жүрегім соғып ойланып бара жатамын.
Бақтарды басып, танктің тажал табаны,
Қандарға бөгіп бала – бақшалар алаңы.
Жауынгер болып от атып жап – жас жігіттер,
Атпаса екен шашынан сүйреп Ананы.

Оқушы,Орынжан:
Болмасын соғыс!
Жасасын Жеңіс – мамыр – ай!
Қозы – лақ шапсын енесін еміп жамырай,
Тау азаматтар жарақат алып жатпасын,
Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай.
О, мейлі, қарын ашығып қалса сәл ғана,
Жаралы елді артпай – ақ қойдық арбаға,
Күн күліп, гүл өсіп тұрсын далада
Қан қызыл оқтан жараланбасын ақ дала.

Оқушы,Нұрасыл:
Жасасын Жеңіс!
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қанша ма адам ерліктер жасап майданда
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!

Оқушы:
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Оқушы:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

Оқушы:
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары.

Оқушы:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Өлең айтылады «Жойылсын жалғыс сөз соғыс деген»

Естен кетпес отты жылдар

Барысы:

Көрініс: «21 июнь 1941 жыл» Жаздың жайма-шуақ күні, аяқ асты сұм соғыстың басталуы (№2 топ).

Гүлназ:

1941 жылдың 22 маусымы – біздің тарихымыздағы ең қайғылы күн, Ұлы Отан соғысының басталған уақыты. Бұл күн қан майданда қаза тапқандармен фашистерден еріксіз қорлық көргендерді, тылда еңбек етіп аштан қырылғандарды еске салады.

Бізді әрбір өткен жыл Ұлы Отан соғысының бірінші күніндегі оқиғалардан алыстатуда. Көптеген соғыста жеңіске жеткен жауынгерлер өмірден озып, жыл сайын майданға қатысқан сарбаздардың саны қысқарып, қара тізім ұзарып барады. Сол сұрапыл соғыс заманын көзімен көрген куәгерлермен бірге тарихтың маңызды егжей-тегжейлі естеліктері де жоғалып бара жатқан сыңайлы. Сондықтан, біз соғыс туралы бәрін білеміз бе, Жеңістің шын бағасын түсінеміз бе және келер ұрпаққа жеңіс туралы ұғымды сақтап қала аламызба? - деген көкейкесті сұрақтар туындайды.

Осыдан 68 жыл бұрын бүкіл әлемді дүр сілкіндірген соғыс атты сойқан басталған болатын.

Фархат:

Бүгінгі күн көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 68-көктемі де келіп жетті.

68 жыл-бейбіт көктем таң атқалы,

68 жыл-шуақты күн таратты әні.

68 рет- көктемде сонан бері,

Ашылды Жеңіс күннің парақтары,- дей отыра Ұлы Жеңіс күніне арналған тарихи журнал беттерін бірге парақтайық.

Рүстем (3 топ):

Уа, халқым!

Күн туды сенің басыңа,

Жау кірді сенің жеріңе.

Сұм фашистен қорғауға,

Аттан, халқым майданға!

Көрініс: «Соғыс қасіреті» Ер азаматтар мен батыл қыздарымыздың қолға қару алып, майданға аттануы (№3 топ)

Мөлдір (3 топ):

Жігіт кетті майданға

Тал бойында бес қару.

Айрылған арманда

Қалды артында жас ару.

Жас жүрегі бір түрлі

Алқымына тығылып,

Алғашында бір тұрды

Қалам ба деп жығылып...

Фархат:

Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға ұшырады. Фашистік Германияның мақсаты бүкіл Кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді. Германия фюррері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты Кеңес халқын дүр сілкіндірді.

Гүлназ:

(слайд статистика)

Көрініс: "Сұрапыл соғыс кезеңі" ҚТӘ-21

Гүлназ:

Бақыт күтіп ертеңгі атар таңдардан,

Абдолла боп, отқа өртенді «жанды» арман.

Фашистерден қорықпаған бұл ауыл,

Қорыққан тек хат таситын жандардан.

Ел қорғаған батырларға ғашық ек,

Жылдар жылжы, мейлі, тіпті ғасыр өт.

Енді ешкім қара қағаз алмасын,

Қара қағаз - қағаз емес, қасірет.

Қаралы хабар: Альмираның биі.

Фархат:

Солдаттың көкірегі толы арманы,

Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,

Отан мен анасы үшін "Алға" деді

Амал не,

Көпшілігі оралмады.

Гүлназ:

Ауыр шайқастардан кейін жауынгерлерге соғыстың ауыртпалығына төзу үшін аз да болса демалыс керек еді. Әрине жауынгерлер ертең алдарында өлім күтіп тұрғанын білді. Дегенмен соғыста әзіл-қалжың,ән мен күй ұмытылмады.

Фархат:

Сағынышты қам көңілмен ұласып,

Күз аспаны бірде күңгірт, бірде ашық.

Қыршын қазақ отыр окоп ішінде,

Ән серігі-домбырамен сырласып.

Сағынғаны Сарыарқаның өлкесі

Сағынғаны Алатаудың өркеші,

Сағынғаны ақжайықтың толқыны

Сағынғаны кербез сұлу еркесі

Көрініс: "Майдандағы тыныштық" ҚТӘ-31 "Синий платочек" әнімен.

Гульназ:

Берлин Операциясы — Ұлы Отан соғысы барысындағы аса ірі шабуыл операцияларының бірі. 1945 ж. 16 сәуір мен 8 мамыр аралығын қамтыды. Оған Қазақстанда жасақталған үш атқыштар дивизиясы мен бір артиллерия, екі атқыштар полкі қатысты.

 Рейхстаг ғимаратына алғашқылар қатарында лейтенант Р. Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г. Булатов бірінші болып еніп, ту тікті. 2 мамыр күні бүкіл Берлин қаласының әскери күштері қаруларын тастады. 8 мамыр күні сағат 22-ден 43 минут өткенде Берлин қаласы жанындағы Карлсхорст деген жерде германдық қолбасшылар өкілдері үзілді-кесілді тізе бүгу туралы актіге қол қойды.

Берлин операциясы кезінде кеңестік әскерлер 78291 адамынан айрылды, 274 184 адамы жаралы болды, контузия алды. Жау жағы жаяу әскерлерден тұратын 70 дивизиясынан, моторлы техникалы 23 дивизиясынан айрылды, 480 мың адамы тұтқынға алынды. Осынша шығындарға қарамастан, қан төгіс майданда Кеңес халқының ержүрек, батыл азаматтары Жеңіске жетті.

Фархат:

Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа?

Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта

Жан-жақтылы соққыдан жау қирады,

Жеңіс туы қадалды Рейхстагқа!

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,

Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып

Жауды жойып батырлар елге оралды,

Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

Гульназ:

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,

Бейбіт өмір оралды күні жарық

"Шүкір" деп әжелер жүр ақ жаулықтың

Ұшымен көздің жасын сығып алып,

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,

Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.

Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,

Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

Көрініс: «Жеңіс туын желбіреткен күн»- "День победы" әнімен № 1 топ

Сұлтан:

Сүйінші елім, сүйінші

Сүйіншіге сүйінші!

Қуан ата-анамыз,

Әжелер мен бабамыз.

Соғыс бітті жеңіспен,

Кешікпей елге барамыз.

Фашистің туын құлаттық,

Әскерін қырып сұлаттық.

Қанды шелек сұмдарды,

Қан құстырып жылаттық.

Ардақты Отан сен үшін,

Туып-өскен жер үшін.

Құрбан болды сан ұлың,

Әлпештеген ел үшін.

Құрбан қылып шыбын жанымды,

Төктім талай қанымды.

Неше өліп, тірілдім,

Аямай бойда барымды.

Мақтан ет ана ұлыңды,

Қойдай боп дұшпан қырылды.

Әлемнен фашист жоғалып,

Гитлердің басы жұлынды.

Әкесін күтіп бала отыр,

Баласын күтіп ана отыр.

Бір көрсем деп ел-жұртты,

Дүрсілдеп жүрек және тұр.

Сағыныштан сарғайып

Солдаттардың жары отыр.

Қайтады елге ерлерің,

Гүлденер қайта жерлерің

Ұмытылар ертең-ақ

Қиыншылық көргенің.

Фархат:

9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мереке, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі.

Гульназ:

1945 жылдың 9 мамыры... Жылдан-жылға алыстап бара жатқан мерзім. Дей тұрғанмен, Ұлы Жеңістің анық бағасы мен маңызы біздің жадымызда мәңгі орын алады.

Фархат:

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

Гүлназ:

Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Сол себепте 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні болып биік дәрежеге көтеріліп, Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды.

Фархат:

7 мамыр күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие.

Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз,  Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.

Гүлназ:

Нақ осы күн Отанға сүйіспеншілік іспетті адами құндылықтардың тұрақтылығы және өлшеусіздігі, оның мүдделерін қорғауға әзірлік, патриотизм мен ерліктің барлық көріністері туралы айғақтайды. Ұлы Жеңіс күнімен, Қазақстан Республикасының Қарулы күштер күні мерекесімен педагогикалық ұжымды, білім алушылар қауымын құттықтау үшін сөз кезегі Семей көп салалы колледжінің директоры Қабылғазинова Әлия Қабылғазықызына беріледі.

Гүлназ:

Болашақ Отанқорғаушылар сіздерге колледж студенттерінен музыкалық сыйды қабыл алыңыздар.

«Сарбаздар» МДТ 21

«Көк тудың желбірегені» Асан

«Қазақтың елі» Балжан, Алмат

Гүлназ: Осымен Ұлы Жеңіс күні мен Қарулы күштер мерекесіне арналған тарихи журналдың беттері аяқталды.

Еліміздің іргесі берік, еңсесі биік болсын!

Фархат:

Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын! Тәуелсіз еліміздің туы биік болсын! Сау болыңыздыр!

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Жарияланды 25-05-2015, 16:28 Категориясы: Тәрбие сағаты 

Алматы облысы, Талғар қаласындағы
№7 мектеп - лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Дарменқұлова Ғалия

Кештің тақырыбы: Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран
Мақсаты: Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, тәуелсіз еліміздің туын биікке көтеруге, Қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін құрметтеп, жас ұрпақты ұмытпауға, елжандылыққа, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, жалаушалар, нақыл сөздер, видеоролик және слайд

1 - жүргізуші:
70 жыл – бейбіт көктем таң атқалы
70 - жыл – шуақты күн таратты әнін,
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ айтады әнді олар жайлы.
70 жыл жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

2 - жүргізуші:
Соғыс өтті жалмап талай өмірді
Қаншама қан еш жазықсыз төгілді
Соғыс аты естілгенде құлақтан
Елестетер қара тажал өлімді
Елестетем қанды кешіп жүргенін
Елестетем ең азапты күндерін
Талай жанды қиды ажал балтасы
Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы
Ел қорғаған аталардың арқасы

1 - жүргізуші: Отан - ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт
Қара бұлтты қақ жарайық деді де,

Қолдарына қару алды ерленіп.
2 - жүргізуші:
Жеңіс күні адамзат аңсап күткен күн, айбынды күн. Ендеше жеңіс күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз (Гимн ойналады, ҚР - ның Мемлекеттік туы әкелінеді).
1 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар бүгінгі күн көптен күткен салтанатты күн. Зымыраған уақыттың қанатында міне жеңістің 70 - ші көктемі де келіп жетті.
Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл – көмей.
Абзал досым мүгедекті құрметтей.
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді,
Еске алайық бір сәт тұрып үндемей! – демекші соғыс құрбандарын бір минут еске алайық.

2 - жүргізуші:
Ұлы отан соғысына Қазақстаннан 1млн 200 мың адам қатысты. Олардың 400 мыңы әйел. Қазақстаннан барған 500 жауынгер мен офицер, оның ішінде 100 - і қазақ ұлтының азаматтары Кеңес Одағының батыры деген ең жоғарғы атаққа ие болды. Олар біздің мәңгілік мақтанышымыз.
1 - жүргізуші: «Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы – дей отырып құттықтау сөз кезегін Ыбырай Алтынсарин және «Білім көшбасшысы» атындағы медалдарының иегері, білім беру ісінің үздігі, мектеп директоры Агильская Такура Айдарбекқызына береміз.
2 - жүргізуші:
Жеңіс күні – бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымның есіне мәңгі кетер ме?

1 - жүргізуші:
Иә, ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес! Олай болса видеороликке назар аударайық (нәзік әуен ойнап тұрады).
Бір кезде Советтік информбюросы: « Қымбатты бауырлар, 1941 жылы 22 июньде фашистік Германия хабарламастан Отанымызға шабуыл жасады! Олар бізді бостандығымыздан айырып, жерімізді таптамақ. Бірақ олай болмақ емес. Біз жеңеміз! Фашистерге өлім келсін!»
Соғыс қиратушы күш. Барды жоқ ететін, жұпты тұл ететін қасірет соғыста 70 млн адам құрбан болса, соның 27 млн Советтер Одағынан, ал 350 мыңнан астамы қазақ еді.
2 - жүргізуші:
Иә, Жеңіс күні – бұл еліміздің фашистік құлдықтан азат етілген күні. 8 «А» сыныбының көрінісі «Қара пима». Тамашалаңыздар.
Қатысушылар: әке, бала, ана, көршілер, дәрігерлер, соғысқа қатысқан жаралы жауынгер және фашистер.
8 «А» сынып оқушысы Совет Алиханның орындауында «Көңіл толқыны» күйі.
1 - жүргізуші:
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». Адам ешқашанда анадан батыр болып тумайды. Айбындылық, батырлық, ерлік аспаннан түспейді. «Табандылықтың атасы – татымды тәрбиеден бастау алады» деген екен аты аңызға айналған халық қаһарманы батыр атамыз Б. Момышұлы.
2 - жүргізуші:
Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінге дейін ұмыттырар емес. Сол қаралы жылдардың жарасы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Сол жылдарды көз алдымызға елестетіп жыр тізбектермен өріп көрейік. Сөз 3 - сынып оқушыларында ( тақпақтар).
1 - жүргізуші:
Ендігі кезекте 8 «А» сынып оқушыларының орындауында «Смуглянка» биі.
2 - жүргізуші:
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. 4 жыл 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан аямай соғысты.
1 - жүргізуші:
1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москва бағытында Волоколомск тас жолында ұрысқа шықты. 1075 атқыштар полкінің 4 - ротасының 2 зводы тұрған бекініс жаудың 30 танкісін бөгеп тұрды. 316 - атқыштар дивизиясы Москва түбіндегі ұрыста ерен ерліктің үлгісін танытты. 28 батырдың 4 сағатқа созылған ұрысында жаудың 14 танкісін қиратты. 28 батырдың 22 - сі қазақстандықтар еді.
2 - жүргізуші:
«Отан үшін отқа түс» көрініс. Бауыржан Момышұлы туралы видеороликті көрсету.
2 - жүргізуші:
Батыр атамыз Бауыржанға 8 «А» сыныбы өлең арнайды. Тамашалаңыздар.
1 - жүргізуші:
Соғыс адамдардың көбін ең негізгі бақыт – ата - ана болу бақытынан айырды. Мені анам майданға шығарып салып, егіліп, бір кішкене түйіншек беріп тұрып, бұл түйіншекті қиналған сәтте ашарсың деп еді, сөйтсем ол туған жердің бір уыс топырағы екен деп еске алады майдангер. Майданға хат өлеңінен үзінді тыңдайық. 9 «А» сынып оқушысы Жеңіс Аяжан.
2 - жүргізуші:
Ұлы Отан соғысы тарихын айтып тауысу мүмкін емес. Дегенмен де соғыс батырларына шолу жасасақ.
1. Мәншүк Мәметова
2. Әлия Молдағұлова
1 - жүргізуші:
«Әлия» әні. 9 «А» сынып оқушылары Аруын Мадина мен Баисова Ақмаралдың орындауында. Қарсы алыңыздар.
2 - жүргізуші:
Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров, Қасым Қайсенов, Рақымжан Қошқарбаев туралы мәліметтер. 9 «А» сынып оқушылары.
1 - жүргізуші:
Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүкті «шығыстың қос жұлдызы» деп мақтанышпен атайды. Олай болса, «Шығыстың қос жұлдызы» әнін 8 «А» сынып оқушысы Жексенбаева Айдананың орындауында тамашалаңыздар.
2 - жүргізуші:
8 «А» сынып оқушыларына сөз кезегін береміз ( жеңіс туралы өлеңдер).
1 - жүргізуші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін,
Есен - аман болайық,
Енді соғыс болмасын.
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел.
2 - жүргізуші:
Сен неткен Отан - анам ғажап едің!
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ
ұрпағымның бақыты үшін,
Жайнай бер Ұлы Отаным – Қазақ елім!
8 «А» сынып оқушысы Асылбек Бекнұрдың орындауында «День Победы» әнін тамашалайық.
(ҚР - ның Мемлекеттік туы шығарылады).
1 - жүргізуші:
Жасасын Жеңіс,
Тәуелсіз елім гүлдей бер!
Болмасын соғыс,
Бейбітшілік кептерлер, – дей келе «Көгершіндер маршы» орындалады (барлық оқушылар шығады, хормен айтады).
2 - жүргізуші:
Бүгінгі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты 3 «Б», 8 «А», 9 «А» сыныптарының мерекелік кешін жабық деп жариялаймыз. Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!

Болашақ ұрпағымның бақыты үшін,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!