400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ол не және қандай?

Материал туралы қысқаша түсінік
ШО тәрбиеленушілерінің танымдық қабілетін арттыруға арналған жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ол не және қандай?»

Мақсаты: Шағын орталық тәрбиеленушілерінің ерікті зейінін, түстер мен пішіндерді ажырата алу қабілеттерін дамыту.


  1. Ұйымдастыру


Тәрбиеленушілермен амандасу. Танысу үшін толық аты-жөндерін сұрау.



  1. «Қолыңа қара» жаттығуы.

Мақсаты: Ерікті зейінді дамыту.

Суреттелуі: Балалар дөңгелене тұрып әкомандирдің» қолмен жасаған әртүрлі қимылдарын дәл қайталауы керек.

Нұсқау: «Қазір біз ойын ойнаймыз. Ол үшін бізге қимылдар көрсетіп тұратын «командир» керек. Алдымен мен командир боламын, сонан соң санамақ бойынша шыққан бала болады. Енді ойынды бастаймыз.

Ескерту: Ойынды үйрену барысында қолдың қимылын үлкендер көрсетеді (қолмен көрсетілетін қимылдар: қолды жоғары көтеру, екі жаққа созу, белін ұстау, екі қолдың саусақтарын айқастырып, алға созу, жоғары көтеру т.б)


  1. «Мынау қандай түс, қандай пішін?» жаттығу-ойыны

Мақсаты: тәрбиеленушілердің түстер мен пішіндерді ажырата білу қабілетін анықтау және қалыптастыру.

Нұсқау: Тәрбиеленушілерге қызыл, сары, жасыл, көк түсті дөңгелек, сопақ, үшбұрыш, төртбұрыш пішіндер таратылады. Әр тәрбиеленуші қолындағы қиынды қағаздың қандай түсті екенін және қандай пішін екенін айтуы керек.


Қойылатын сұрақтар:

1) Балалар, табиғатта сары түсті қандай заттарды білеміз? (күн, жұлдыз, гүл, саз т.б.)

2) Ал, жасыл түсті нелерді білеміз? (өсімдіктер т.б.)

3) Табиғатта кездесетін қызыл түсті қандай заттарды білесіңдер? (гүл, батып бара жатқан күн т.б.)

4) Ал, енді көк түсті нені білеміз? (аспан, көл, теңіз, гүл т.б.)

5) Ал, енді балалар, сендер маған осы бөлмедегі дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, сопақ пішінді заттарды атап беріңдерші.


-Балалар, сендер бүгін не үйрендіңдер?

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Ұнаса, таратылған парақшадағы дөңгелекті күліп тұрған смайликке айналдырасыңдар. Ал, егер ұнамаса, ренжіп тұрған смайликке айналдырасыңдар.




Shape3 Shape2

Балалар, келесі кездескенше сау болыңдар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.01.2018
343
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі