"Өлі және тірі табиғат"

Тақырып бойынша 27 материал табылды

"Өлі және тірі табиғат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша Ортаңғы топ "Өлі және тірі табиғат" туралы түсініктерін кеңейту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Білімдік аймағы: Таным. 

Мақсаты:Ортаңғы топ, қоршаған орта жайлы танымдық әрекет шындау.

балалардың «Өлі және тірі табиғат» тақырыбында білімдерін тереңдету. Балалардың ақыл - ойын, түсінігін, білімін, табиғат туралы  білімін, қызығушылығын зейінін дамыту. Білімділігі: Ересек топ, сұраққа толық жауап беруін меңгерту.

Міндеттері: Педагог тәжірибелер жасау арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелігі: Балаларды адамгершілікке, өз ойын толық жеткізе білуге, табиғатты аялай білуге, табиғат байлығын қорғауға, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: өлі және тірі табиғат

Керекті құралдар: суреттер, схемалар, ұлғайтқыш, тәжірибеге арналған ыдыстар.

Әдіс-тәсілдері: сұраққа жауап беру, ойын, түсіндіру, берілген тапсырманы шешу, мақтау.


Іс - әрекеткезеңдері

Тәрбиешініңіс - әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық - қозғаушылық


Балалар, қараңдаршы,

бізге қонақтар келіпті, қане, алдымен сәлемдесіп алайық.

Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады

Бәріміз енді тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық.

Жақсы – жақсы сөздерді Қонақтарға сыйлайық!

Табиғат - біздің анамыз, Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз.

- Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?

- Күздің  қандай айы?

- Балалар, күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? Құстардың барлығы ұшып кете ме?

- Күз айларын тағы да басқаша қалай атайды?


 -Қыркүйек айы - бастапқы ай

- Қазан айы - ортаңғы ай.

- Қараша айы - қоңыр салқын күз.




Шеңбер бойына тұрып ойнайды


Балалардың жауаптары: күз айында жәндіктер үйықтайды, жемістер піседі, жануарлар ұйықтайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жоқ қыстап қалатын көгершін, торғай, қарға, сауысқан. - Күз  мезгілі. - Қараша айы.



Ұйымдастырушылық ізденістік




















Балалар,  табиғат дегеніміз не? Табиғат нешеге бөлінеді?

Дұрыс айтасыңдар, тірі табиғат  - олар өседі, қоретенеді, тыныс алады, тұқым шашады. Оларға адамдар, жан-жануарлар, өсімдктер, құстар, жемістер, көкөністер, балықтар жатады деп (слайд  суретті) арқылы көрсетемін. Өлі табиғат қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды.

Оларға су, тас, тау, күн, ай, құм жатады.

 (слайд  суретті)

Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүре алмайды.

Сондықтан олар бір-бірімен тығыз байланысты.

Осы кезде есік қағылып қонақ келеді,табиғат ханшайымы келеді. Ол өз тапсырмаларын әкеледі.

 – Ал, балалар табиғат ханшайымның тапсырмаларын орындаймыз ба?

- Табиғат деген не?

- Дұрыс табиғат бізді қоршаған орта. Балалар, бүгін біз осы табиғат туралы әңгімелейміз. Табиғат екіге бөлінеді екен. Өлі табиғат және тірі табиғат: Өлі табиғатқа тау, тас, топырақ, бұлт, су жатады. Тірі табиғатқа адамдар, жан - жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады.

(Суреттер көрсетіледі) Слайд арқылы көрсетіледі.

Тірі табиғат: қоректенеді, тыныс алады, өсіп - өнеді, қозғалады, жүреді сөйлейді. Өлі табиғат: қоректенбейді, тыныс алмайды, өсіп - өнбейді, қозғалмайды, жүрмейді, өсіп - өнбейді. Өлі табиғатқа құм, тас, суға байланысты тәжірибе жасап көрейік. Ал енді қонағымыздың тапсырмаларын орындап көрейік. Табиғат ханшайымы гүл және су әкеледі балалар екі топқа бөлініп өлі табиғатқа су жататы, осы су туралы бүкіл мәлемет жинайды зерттейді. Ал екінші топ гүл тірі табиғатқа жатады осы гүл туралы барлық мәлемет жинайды.

Тәжірибе: Тірі табиғат.

Алдын ала отырызылған пияздар біреуі суға малынып отырызылған біреуі топыраққа слайдқа қарап отырып өзгеруін көреміз. Балалар дәлелдейді қай пияз тезірек өсетінін.

Өлі табиғат.Ыдыстағы құмды ұлғайтқыш әйнекпен қарау. Ұсақ бір - біріне жабыспайды. Ыдыстағы құмның жел тұрғанда ұшуы. Сок ішуге арналған түтікшемен құмды үрлеу, жеңіл, жел тұрса ұшады. Ыдыстағы құмға су құю. Ыдыстағы құмға, су құйса балшыққа айналады. Тасты бақылау. Су құйса да жылтырап жата береді, түрі түсі өзгермейді, майдаланып балшыққа айналмайды, жел үрлесе де қозғалмайды. Ауыр зат. (Балалардың тәжірибе жасауы)

3) Ойын - ойнау, «Құм, тас, су. Басы «құм» дегенде әр жерде шашыраңқы болып отыру. «Тас»дегенде өз қолымен мүсін жасап тұра қалу, «су» дегенде толқын жасап қозғалу». (Балалар қимылмен көрсетеді)

Ей адамдар күнмен гүлден жаралған Табиғатты аялаңдар,

Мәпелеңдер, балалар!

Табиғат ханшайымның кетуі.

Сендердің қамқорлықтарыңды көріп риза болып тұрмын. Өте ақылды балалар екенсіңдер.Табиғатты өте жақсы көреді екенсіңдер. Ал ендеше мен өз табиғат әлеміне әрі қарай сапар шегейін, сау болыңыздар.




Балалардың жауаптары

Бізді қоршаған ортамыз.































Рефлексиялық - түзетушілік


«Кім жылдам?» ойыны

Мақсаты: Ептілікке шапшаңдыққа баулу.

Ойын шарты: шашылған гүлдерді жинап, себетке салдыру.

- Балалар, бүгінгі оқу-іс әрекетімізде нелерді үйрендік? Слайд арқылы қорытындылау.

Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық, Көріскенше күн жақсы, Сау- саламат болайық.

Сау болыңыздар!

Қорытындылау:

Біз тәртіпті баламыз

Айтқан тілді аламыз

Анам жұмысқа кеткенде

Үйде ойнап қаламыз

Қорытындылау мақсатында бірнеше сұрақтар қойып жауаптарын талдаймын.Белсене жауап берген балаларды мадақтаймын.

Балалар ойынға белсене қатысады.












Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: Тірі табиғат қоректенеді, тыныс алады, өсіп - өнеді қозғалады, сөйлейді, еңбек етеді.

Нені игереді: Табиғат ерекшеліктерін есте сақтап, әңгімелеп айтуды.

Нені біледі: Табиғатты аялап, қорғауды біледі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2024
272
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі