Материалдар / Өлкетану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өлкетану

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлкетану сайыс сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2018
479
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚО Шардара ауданы «Ұзын-Ата» жалпы орта мектебінің

география пәні мұғалімі Андикова Камшаттың өлкетану пәнінен

«Өз өлкесінің білгірі» атты сайыс сабақ бойынша толық рефлексивтік

ЕСЕБІ


Сабақтың тақырыбы: «Өлкеміздің шипалы өсімдіктері».


Сабақтың мақсаты: Өлкемізде кездесетін өсімдік түрлерінің ішінен

шипалық қасиеті бар түрлерін анықтау.


Күтілетін нәтиже: Өлкемізде кездесетін өсімдіктердің алуан

түрлілігін біледі және бойында емдік қасиеті

бар өсімдік түрлерін қорғап, тұрмыста

пайдалануды үйренеді.


Сабақтың әдісі: Аралас сабақ.


Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, әдебиет, экология.


Оқушылармен амандасып, қал-жағдайын, көңіл-күйлерін сұрап, олардың сабаққа дайын екендігін білген соң сабағымды бастадым.

Бағалау үшін мектебіміздің мұғалімдерінен әділқазы алқасы ұйымдастырылып баллдық жүйемен ұпай сандарын есептеп отыратын болды.

Оқушыларды сыныптары бойынша екі топқа бөліп алдым. Оқушылар топтасып болғаннан кейін 7 «а» сыныбы «БОЛАШАҚ» тобы 7 «ә» сыныбы «КЕРЕМЕТ» тобы болып бөлінді. Оқушылардың қалаулары бойынша топ атауларын парақшаларға әсемдеп жазып қойды. Топ басшылары сайланып, ұрандарын айтып өтті.

Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру үшін әр топ бір-біріне сәттілік тілеп, өздеріне жеңіс тілейтіндіктерін айтты. Мұндағы менің байқағаным, балалардың өз-өзін реттеушілігінің артқанын, сабаққа деген ынтасымен қызығушылығының артқанын байқадым.

Сабақты тарих пәнімен байланыстырып, ең алғаш адамдар өсімдіктердің шипалы қасиетін қалай анықтағандығы туралы кішкене әңгіме түрінде сипаттама жасап өттім.

І-кезең «Шығырмашылық жұмыстар» кезеңінде сыныптың қызығушылығын ояту мақсатында және өсімдіктер тақырыбының мәнін ашу үшін үй тапсырмасын пысықтау мақсатында үйлерінде дайындап келген рефераттарымен баяндамаларын қорғады. Сонымен қатар, тақтады ілініп тұрған кез-келген өлкемізде кездесетін өсімдікті алып сипаттама жасады. Ең бірінші болып «7 а» сыныбының «БОЛАШАҚ» тобынан Утарбай Тәңірбеген шығып адыраспанның емдік қасиетін түсіндіріп өтті. Келесі болып «7 ә» сыныбынан «КЕРЕМЕТ» тобынан Аягөз шығып өлкемізде кездесетін мия тамырының шипалық қасиетін тереңінен түсіндіріп өтті. Екі топтан бір-бір оқушыдан шығып тақтады ілініп тұрған суреттерге сипаттама берді. «7 ә» сыныбының «КЕРЕМЕТ» тобының жауабын толықтыру мақсатнда «7 а» «БОЛАШАҚ» тобының шыдамсыздығынан жауабын айтып қойды. Бұдан оқушылардың еркін, өз ойларын ашық айтуға дағдыланғанын байқадым. Әр сыныптан қабілетті оқушыларым «Керемет» тобынан Жалғасбекпен Жарас және «Болашақ тобынан» Мінкән Ақнұрмен Тұрсынбай Зухра ғаламтордан Қазақстандағы Қызыл кітапқа енген өсімдік түрлерінің суреттерін тартып, ізденіп АКТ-ны тиімді пайдаланып, қорғап шықты.

«Болашақ» тобынан Мінкән Ақжүніспен Утарбай Тәңірберген өсімдік түрлеріне өздері 2 шумақ өлең шығарып айтып берді.

Бұдан байқағаным, өлкетану пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсуге мүмкіндіктің көп екендігін көрдім.

ІІ-кезең «Ойландырған он сұрақ» сайысында әр топтан оқушылардың деңгейіне қарай сұрақтар қойып «Миға шабуыл» әдісін пайдаландым. Қойылған сұрақтарға оқушылар сыни ойлана отырып өз ойларын еркін жеткізді. Әрбір дұрыс жауапқа әділқазы алқалары баллдық жүйемен бағалап есептеп отырды.

ІІІ-кезең өсімдіктер сөзін постерге топтастыру әдісін қолдандым. Бірінші болып, «7 а» сыныбы «БОЛАШАҚ» тобы Өсімдіктердің ерекшеліктерін жеке жұмыс ретінде топтастырды. Өсімдіктер – таза ауа береді, адамға ауадай қажет, оттегін шығарып, көмірқышқыл газын жұтады, тез көбейеді, бөлмені тазартады деп постерлерін жоғары деңгейде қорғап шықты.

Екінші болып, «7 ә» сынып оқушылары «Керемет» тобы өсімдіктерді қорғау шараларын топтастырған. Өсімдіктер – ауаны тазартады, Қазақстанда 6 мыңнан астам түрі бар, көлеңке береді, табиғаттың көркі деп топтастырған.

Бұл кезеңдегі сәтті тұстар: жеке тапсырманы орындауда сенімділіктің болуы, топпен ақылдасып жұмыс жасауға қалыптасуы.

Сәтсіз тұстарым: Техниканың ахаулығы жұмысыма кедергі келтірді. Жоғары деңгейдегі оқушылардың өзімшілдігі, осы тұста бір-бірін сыйлайтын, құрметтейтін орта қалыптастыру керектігі туралы ойға келіп, алдағы уақыттарда болдырмауды түсіндім.

ІV-кезең «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды» жұмбақтар сайысы болды. Әр топқа кезек-кезегімен жұмбақтар қойылып отырды. Тапқыр болсаң тауып көр деп оқушылар өздеріде бір-біріне кезектесіп жұмбақтар жасарып отырды.

Жұмбақтар сайысында уақыт тиімділігін көрсеткендігін байқадым.

Оқушылар осы кезеңде үйінде дайындап келген тапсырмаларымен бөлісті. «Болашақ» тобынан Мінкән Ақжүніс үйде өзі дайындап келген гербарийінің қалай жасалғандығын және пайдасын атап өтті. Жұмысы әділқазы алқаларына өте қатты ұнап, жоғары ұпаймен бағаланды.

Әр топтан үлгерімі төмен оқушыларға кеспе қағаздар таратылып, өз жауаптарын қорғап шықты.

V-кезең «Мақал-мәтілді» жалғастыру кезеңі болды. Өлкеміздегі өімдіктердің мазмұнын, идеясын ашу арқылы таным-түсінігін кеңейту негізінде өсімдіктер туралы мақал-мәтелдер жалғастыру тапсырмасын бердім. Оқушылардың ойларынцң ұшқыр екеніне осы кезеңде көзім жетті. «Біл тал кессең, он тал ек», «Ата - бйтерек», бала – жапырақ», «Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе келдік көркі», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген мақалдарды айтып өтті. Осы кезеңде ізденушілікті қалыптастырып қана қоймай, алған білімдерін танымдық қызығушылық қабілетінің дамуында екені туралы ой түйіндедім.

Бұл кезеңнен байқағаным, оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, сындарлы сөйлеуге, әр оқушының үні құнды екендігін дәлелдеп берді. Тапсырманы мақсатқа сай, нәтижеге жетуге оқушылардың іс-әрекеттерін ынталандыра, белсене, өз бетінше орындауға бағыт-бағдар берім болды.

Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Сергіту сәтін осы тұста өткізуді жөн көрдім.

VІ-кезең Сергіту сәтінде «Өсімдіктер эстафетасын» ойнадық. Мен гүлдердің патшасы аталатын өсімдікті сұрадым. Болашақ тобынан жауап беріп, Раушан гүлі «Н» әріпінен аяқталатын болғандықтан «Н» әріпінен басталатын басқа бір гүлдің атын айтып екі топ кезектесіп гүлдердің атауларын атап отырды.

Осы кезеңде оқушылардың қатты қызыққаны сондай екінші мәрте тағы бір ойнап өтті.

VІІ-кезең «Бағалау» кезеңі болды. Мектебіміздің инновация меңгерушісі Ниязқұлова Шайзада апай екі топтыңда белсенділіктері жақсы екендігін айтып, сайыс болған соң жеңімпаз болатынын айтып, «7 а» сыныбы «Болашақ» тобының жеңіске жеткенін айтты.


Қорытынды бөлімде ой түйгенім, сәтті тұстарым – бәсекелестіктің туындауы, ой бөлісуі, тапсырманы орындауда оқушылардың белсенділігінің артуы мен өздерін-өздері реттеу арқылы сенімділіктің жоғары болуы.

Сәтсіз тұстарым – ашық сұрақтардың көбірек қойылуы, кейбір оқушылардың жауаптарының шашыраңқылығы, топқа бөлінуде дәстүрлі әдістен арыла алмағандығы.

Іс-әрекетім – ең бастысы – көп оқу және тәжірибе. Тәжірибеде жинақтап, жоғарыда айтылған сәтсіз тұстарымды болдырмауға ой түйіндедім. Осы ашық сабақтан алған әдіс-тәсілдерімді оқушыларға білім беруде қолдану. Көсбасшы ретінде бағыт-бағдар беру.

Жетістіктерім: 7 модулді сабақта қалай енгізуді үйрендім.

Ең бастысы, АКТ-ны тиімді пайдаландым. Диалог арқылы оқушылардың қабілеттерін жан-жақты дамыттым. Графопроектормен ноутбукты пайдалануды меңгердім. Рефекция, кері байланыс жасауды үйрендім. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың белсенділігін арттырдым, өзін-өзі реттеп, өздерін-өздері талдап, ойларын бір жүйеге келтіруді үйреттім.

Қорыта келе, менің «Өз өлкесінің білгірі» атты сайыс сабағымда жоғарыда көрсетілген 7 модулді пайдануда барлық этаптары уақыт тиімділігін көрсетіп отырды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!