Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өлкетану сабағынан
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың жоспары:
І. Таныстыру. Ұранын айту
ІІ. Дәрілік өсімдіктердің ашылу тарихымен таныстыру
ІІІ. “Ойландарған ОН СҰРАҚ” сайысы
ІV. Шығармашалық жұмыстар.
(Реферат, өлеңдер оқу, суреттер көрмесі)
V. “Ойлан, тап” сайысы
VІ. “Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды” (жұмбақтар, викториналық сұрақтар)
VІІ. Мақал-мәтелді жалғастыру
VІІІ. “Өсімдіктер эстофетасы” ойыны. Сергіту сәті.
ІХ. Қорытынды
«Өз өлкесінің білгірі» атты білімділер сайыс сабағы
Сабақты өтудегі мақсатым:
ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай ой-өрісі дамыған азаматты қалыптастыру, жылдам ойлау қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа, шешендікке танымдыққа баулу, икемдерін дамыту, білім алуға деген ынтасының өсуіне ықпал жасау, жас ұрпаққа сапалы білім беру, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуға тәрбиелеу.
Асыл тастан, өнер – жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпайды,
Әрқашанда нанымды, дей келе, сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар.
-
Директордың оқу ісінің меңгерушісі Нұрбекова Жұмагүл апай
-
Мектебіміздің инновация меңгерушісі Ниязқұлова Шайзада апай
-
Оқу ісінің меңгерушісі Зиманов Құмар ағай
-
География пәні мұғалімдері, ұлағатты ұстаздар
Байбатырова Гүлсара апаймен Өсербаева Қарлығаш апай
Ортамызға 7а және 7ә сынып оқушыларынан құралған топтар отыр.
1-кезең. Топпен таныстыру. Әр топ басшысы өз тобын таныстырып, ұранын айтады.
7а сынып «БОЛАШАҚ» тобы
7ә сынып «КЕРЕМЕТ» тобы
І. Таныстыру, қарсыластарына сәттілік тілеу
Табиғаттың бар байлығы даламда,
Жер – Ананың жаттығы жоқ адамға.
Тамақ та, киім де, денсаулық та,
Бәрі, бәрі табиғаттың қолында.
ІІ. Дәрілік өсімдіктердің ашылу тарихымен таныстыру
Баяғыда бір жылан жолдан өтпекші болыпты. Кенеттен жол бойынан арба өтіп бір жыланды басып кетіпті. Жолдан аман өткен екенші жылан жаралы жыланның жарасына жолжелкенді таңып, оны ауруынан аман сақтап қалған екен. Міне, осы аңызден кейін адамдар дәрілік өсімдіктерді қолдана бастапты.
Дәрілік өсімдіктер дегеніміз – бойында емдік қасиеті бар өсімдіктерді атаймыз.
ІІІ. “Ойландарған ОН СҰРАҚ” сайысы
Тапқыр, білгір, дарынды,
Жарыс бар бүгін орынды.
Сүйсең туған жеріңді
Ортаға сал барыңды
-
1. Қандай өсімдіктерді дәрілік өсімдіктер деп атаймыз?
-
2. Өлкемізде кездесетін шипалы өсімдіктерді ата?
-
3. Адыраспан өсімдігі қандай мақсатта пайдаланады?
-
4. Жусанның емдік қасиеті қандай?
-
5. Бақ-бақ өсімдігінің қай жерін емдік мақсатта пайдаланамыз?
-
6. Сарымсақ пен жуаның емдік қасиеттері?
-
7. Дәрілік өсімдіктерді көбінде қай жерлерден кездестіреміз?
-
8. Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті қандай?
-
9. Қызыл мияны қандай ауруларға пайдаланады?
-
10. Екінші “нан” атанған қандай өсімдік?
ІV. Шығармашалық жұмыстар.
(Реферат, өлеңдер оқу, суреттер көрмесі)
1. Оқушылар өздері дайындап келген тапсырмаларына сипаттама береді.
2.Өздері шығарған немесе өсімдіктердің шипалы қасиеттері туралы өлеңдер оқиды.
3. Суреттерге қарап сипаттама береді (адыраспан, жусан, бақ-бақ т.б.)
V. “Ойлан, тап” сайысы
Өмірің болсын десең сенің сәнді,
Ойланып айналаңа қара мәнді.
Адал бол, Білім тасқын, өнері асқан!
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
1-оқушы:
Бұл өсімдікті дала патшасы деп атайды. Оның жапырағы болмайды. Өсімдік тас көмірмен бірдей бағаланатын жақсы отын болып есептеледі. Бұл өсімдіктен тұратын тоғай көлеңке бермейді, одан сахар деп аталатын дәрі алынады. Бұл қандай өсімдік? (сексеуіл)
2-оқушы:
Бұл өсімдіктің отаны – Оңтүстік Америка. Еуропалықтарға бұл өсімдік тек дәрілік өсімдік ретінде танымал болды. Қазіргі кезде бұл өсімдікті жоғары танымдылық құндылығы үшін күнделікті өмірде қолданамыз. Оның жемісі тамырында орналасқан. Бұл қандай өсімдік? (картоп)
3-оқушы:
Латынша бұл гүл GALAKTUS – сүттей ақ деген мағынаны білдіреді. Ертедегі аңызда Адам ата мен Хауа ана жәннаттан қуылған кезде күн суытып кетіп, Хауа ананы жылытуға бірнеше қар кристалдары гүлге айналыпты. Осыдан бұл гүл – үміт символы болып саналады. Ерте көктемде гүлдейтін бұл – қандай гүл? (бәйшешек)
4-оқушы:
Ол денсаулыққа өте пайдалы, көп ауруға шипалы. Қан қысымын реттейді, инсультке шалдығудың алдын алады. Асқазан жарасына да ем? (банан)
5-оқушы:
Бұл өсімдіктің тамырының қайнатпасымен төрт түліктің қотырын емдеген. Тамыры арқылы жер асты суларының есебінен қоректенеді. Жалпы бұл өсімдіктің пайдасын ерте кезден ата-бабаларымыз қолданып келеді? (адыраспан)
6-оқушы.
Бұл зат өсімдіктен жасалған. Алғаш бұл өсімдікті керуеншілер денесін сергіту үшін пайдаланған. Қазір бұл өсімдік бүкіл дүниежүзінің халқы үшін сүйіп ішетін сусынға айналды. Бұл қандай өсімдік? (кофе)
7-оқушы.
Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5 – бөлігі. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорыту бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсыда жеген. Ол тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі ауруларымен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамадарға да жеу пайдалы. (алма)
8-оқушы.
Оны «денсаулық жемісі» деп атайды. Құрамында органикалық қышқылдар, нектин, хош иісті заттар, минералды тұздар, т.б. және керотин бар. (өрік)
VІ. “Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды” (жұмбақтар, викториналық сұрақтар)
Сырнайынан төгіп жыр,
Күнге сәлем беріп тұр.
(Күнбағыс)
Түскенде салқын
күз,
Жинадық алтын тіс?
(Жүгері)
Әкеміз ала баспақ
асырады,
Күз келсе соямын деп
асығыды.
Баспағым бойын шөпке
жасырады.
Еті қызыл, терісі жасыл әлі.
(Қарбыз)
Жазда
жайнайды,
Күзде жайрайды
(Жапырақ)
Өсірер тың
дала,
Көшірер
қамбаға.
Айналар ұңға
да,
Айналар нанға да.
(Бидай)
Бұйра тұлымы желмен ойнайды,
Қызыл мұрыны жерге бойлайды
(сәбіз)
Бұл не деген көп
киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге
жетпейді.
(орамжапырақ)
Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
(қарбыз)
VІІ. Мақал-мәтелді жалғастыру
-
Жылап жүріп, арық қазсаң,
(Күліп жүріп су ішерсің)
-
Дәрі шөптен шығады,
(Дана көптен шығады)
-
Дала көркі – мал,
(Өзен – көркі – тал)
-
Тау бұлағымен көрікті,
(Бұлақ құрағымен көрікті)
-
Қораңда малың болсын,
(Көшеңде талың болсын)
-
Ағаш ексең аялап,
(Басыңда болар сая бақ)
VІІІ. “Өсімдіктер эстофетасы” ойыны. Сергіту сәті.
Гүл патшасы атанған өсімдіктің соңғы әріпінен гүлдердің атын жалғастыру....
Райхан --- Нарғызгүл --- Лалагүл --- Лимон ---- Нарцисс --- Сәбіз --- Зығыр ---- Роза ---- Алма --- Ананас----- Сүмбіл ---- т.б.
ІХ. Қорытынды
Сайыс соңында әділқазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Оқушылардың білімі мен жетістіктеріне және кемшіліктеріне талдау жасалынды. Сайыстың жеңімпаздары анықталып, марапатталады.
Ашты ермен
Ашты ермен – күрделі гүлдер тұқымдасының жусан туысына жататын көп жылдық шөп тектес өсімдік. Оны қаражусан, ашты жусан деп те атайды.
Ботаникалық ерекшелігі: Биіктігі 70-150cm. Ұш жағы көп бұтақты келетін сабағы тік өседі. Оның сағақты жапырақтары кезектесіп орналасқан, жапырақтары үш жармалы болып бөлінген соң тағы 1-2 қайталанған айрық алақандарға бөлінеді. Шоқбас гүл шоғырлы, гүлі сарғыш түсті болады(22-сурет).
Өсетін орындары: Қора маңында, жол жағасында, далаларда өседі. Солтүстік Шыңжаңға кеңірек таралған.
Дәрілік бөлегі және оны жинау: Жапырағы мен гүл бұтағы дәрі. Гүл ашудан бұрын жинап көлеңке жерде кептіреді.
Ем болатын аурулары: Буын қабыну, сулы бөртпе, ісік қайтару және әр түрлі қышыма бөрткендерді емдеуге қолданылады.
Құрамы: Құрамында Ашты ермен Глиукозиті, ұшқыш май, крахмал, витамин C қатарлылар бар.
Топ басшылар арасындағы «Кім жылдам» сайысы
І топ басшысына
-
Уылжыған албырт, дәмі ғажам ----------- АЛМҰРТ
-
ДЖ-гі жер көлемі жөнінен үшінші мемлекет? ҚЫТАЙ
-
Қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы? ШОҚАН
-
Қазақстанның жер көлемі? 2,7 млн км2
-
Каспий теңізі арқылы шектесетін мемлекеттер? 5 мемлекет
-
Сырдария өзенінің жалпы ұзындығы? 2200 км
-
Сырдарияның бастауы? Қарадария мен Нарын
-
Балқашқа құятын өзендер? 7
-
Қазақстан Солтүстік---Оңтүстікке ара қашықтық--------1600 км
10.Қаз-да халық санағы неше рет жүргізілді?2 рет1990 – 2009жж
ІІ топ басшысына:
-
Айбат шегер алыстан, Аң патшасы ---------- АРЫСТАН
-
Жер көлемі жөнінен 5 мемлекет --------------- Бразилиа
-
Қазақстанмен шектесетін мемлекеттер ----- 5
-
Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы ----- 1991 жыл
-
Соңғы халық санағында Қаз-да қаншаболды --16 млн 186 мың
-
Сырдария өзенінің Қазақстандағы ұзындығы-------1400 км
-
Қаз-ның батысымен шығысының ара қашықтығы-----3000 км
-
Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында? 9
-
Мәңгі жасыл ағаш ------------- ШЫРША
10.Қазақстанда қанша қорық бар ----------- 10
Топ басшылар арасындағы «Кім жылдам» сайысы
І топ басшысына
-
Уылжыған албырт, дәмі ғажам ----------- АЛМҰРТ
-
Ең ұзақ жасайтын ағаш ----------- СЕКВОЯ
-
Қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы? ШОҚАН
-
Қазақстанның жер көлемі? 2,7 млн км2
-
Жер жүзіндегі ең биік ағаш --------------- Пальма
-
Сырдария өзенінің жалпы ұзындығы? 2200 км
-
Сырдарияның бастауы? Қарадария мен Нарын
-
ДЖ-гі ең үлкен жеміс ----------- АСҚАБАҚ
-
Сырдың ақ маржаны --------- КҮРІШ
-
Ұзын атаның шын есімі ---------- Асан (Хасан) ата
ІІ топ басшысына:
-
Айбат шегер алыстан, Аң патшасы ---------- АРЫСТАН
-
Жер көлемі жөнінен 5 мемлекет --------------- Бразилиа
-
Ұзын ата тарихта кім болған ------------ Кеңесші
-
Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы ----- 1991 жыл
-
Адыраспанның биіктігі -------------- 30-80 см
-
Сырдария өзенінің Қазақстандағы ұзындығы-------1400 км
-
Сырдария өзенінде салынған бөгет ----------- Шардара СЭС
-
Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында? 9
-
Мәңгі жасыл ағаш ------------- ШЫРША
10.Қазақстанда қанша қорық бар ----------- 10