Материалдар / Өлмейтұғын артында сөз қалдырған
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шараға өткізуге арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2020
279
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ТЕКСЕРІЛДІ БЕКІТЕМІН

ДТЖІО____ К.А.Амиренова «Ақмектеп орта мектебі» КММ-нің

директоры:________ Б.Амиргазин

« » ___2019 ж « » ___2019 ж

Тақырыбы: Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.


Сабақтың мақсаты:  Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білу , Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдіс- тәсілі: баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту
Сабақтың  көрнекілік: слайд,безендірілген сахына, Абай суреті, оқушылар алдында Абай суреті жапсырылу
  
 1 жүргізуші:  Құрметті өнер сүйер қауым, ұстаздар , оқушылар! Бүгінгі «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған » атты әдеби кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады. 

Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар.

Абай философ ,заңгер ,ақын, аудармашы,сазгер,дара ойшыл,кемеңгер. Абай жазба әдебиетінің негізін салушы ,гуманист , қоғам қайраткері, әділ би, ағартушы-ұстаз.

Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М. Лермонтовтың, Л. Н Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің  шығармаларын қазақшаға   аударды.
 
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлына арналады.
 
Жүргізуші: 
 Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті.
Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде 14 жасында 3ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ оқыды.
Жүргізуші:
Осы 4 жылдық медреседегі және 3 айлық орыс мектептеріндегі оқуды аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп сайлайды.

Жүргізуші:
20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез меңгерген. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, Араб, парсы, түркі тілдерін үйренді.
Абай 14 жасынан өлең шығарған. Ол жастар арасында кең таралғанымен, оған онша мән бермейді. Абайдың өнерге бет бұруына себепкер орыс достары Грось пен Михаэлис болды.
Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи отырып, озық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады.
Олай болса, 5-9 сынып оқушыларынан

Хор: «Көзімнің қарасы»


Жүргізуші:
 Абай – ақын.
- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.

5-сынып оқушылары мәнерлеп оқу
   Мәкібаева Алтын апаймыздың орындауында « Сегіз аяқ » әні
2 жүргізуші: Көріп отырғандарыңыздай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған.
  Абай – сазгер.
- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.
• Тәңір қосқан жар едің сен Сегіз аяқ
• Көзімнің қарасы Қор болды жаным
• Бойы бұлғаң Айттым сәлем, Қаламқас
• Біреуден біреу артылса Көңіл құсы құйқылжытар шартарапқа
• Сен мені не етесің? Ата-анама көз қуаныш
• Сүйсіне алмадым сүймеді Желсіз түнде жарық ай
• Көзімнің қарасы
 
Ендігі кезекті әнге берсек.

Ән: «Желсіз түнде жарық ай» Орындайтын Мырзекеева Айкөркем

6-сынып оқушылары мәнерлеп оқу

1 жүргізіші: Абай – ойшыл.

- Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі.
Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 45 қара сөзі бар. Олай болса сол қара сөздерінен үзінді тыңдайық
.( 17 қара сөзі ) Ұлжан,Ақбота, Балжан,Диана

Абай атамыздың ( Үшкүйі бар: «Тозжорға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

Осы күйді тыңдау арқылы биге кезек берейік.

9-сынып оқушысы Әнуарханов орысшы «Әсемпаз болма әр неге»

8-сынып қыздары

7-сынып оқушылары 8-сынып оқушыларына эстафета жолдайды.
8-сынып қабылдап айтып өтеді.9-сынып қабылдап алады.

1 жүргізуші: Абай Құнанбайұлы туралы ұлы ақындардың, жазушылардың ой-пікірлері қаншама. Соларды қысқаша айтып кетсек.
Мұхтар Әуезов атамыз былай деп айтып кеткен екен:
-Поэзияда, музыкада, қоғамдық- азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес  шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Еуропа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қасылып, жаңғырып, жаңа өріс алып келеді.
2 жүргізуші:  Міржақып Дулатов:
-Біз бүгін ардақты ақынымыз марқұм Абайдың рухына дұға қылып қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыздың есімі, құрметі, терең мағыналы асыл сөздері атадан балаға, немереден шөбереге үзілмеу сақталуын тілейміз. Бірінші ақынымыз деп қадірін халқы жиі-жиі айтар, халықпенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндері біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар деген екен.

Ән Қақанчин Мысыр орындауында «Айттым сәлем қаламқас»
1жүргізуші:

Бүгінгі кешімізді Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.

Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған..
2 жүргізуші: Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан да, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз!

Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң арқалаң

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан!















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!