Материалдар / "Өлмейтұғын артында сөз қалдырған..." Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби шығармашылық кеш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өлмейтұғын артында сөз қалдырған..." Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби шығармашылық кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда Ұлы ақынның өлеңдері, әндері, қара сөздері, аудармалары туралы мәліметтер көрсетілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2020
391
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ШҚО ББ «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ










«Өлмейтұғын артында сөз қалдырған...» Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби шығармашылық кеш









Өткізгендер: Имамбаева Е.А.

Муханова Ж.С.



















Өскемен, 2019 ж.



Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.


1. «Күз» өлеңі туралы видео көрсетіледі

Шығарма жаза алмай қиналып отырған 5 - сынып оқушысы. Теледидар қарап отырған атасы, қолында газет.

Теледидардан дауыс: Абайдың «Қыс» өлеңінен үзінді оқылады:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы – ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды...
Немересі қаламын тастай сала атасының қасына келіп:
- Мен бұл өлеңді білемін, ата! Кеше ғана ана тілі сабағынан өткен болатынбыз. Абайдың өлеңі.
Атасы:
- «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» (немересіне жақындай түсіп). Иә, бұл – Абайдың жазған өлеңі. Қатал табиғаттың сүреңін тамаша суреттеген. Сен біледі екенсің. Ендеше Абайдың кім екенін білетін шығарсың.
- Иә, бірақ толық білмеймін.
- Олай болса, ендігі жерде Абайды «Абай атам», «Абай атаның өлеңі» деп сөйле. Ол өте данышпан кісі, бүкіл қазақтың Абайы ғой.
Оны білмеген адам қазақ емес.

Атасы:
- Абай туралы көп дерек айтсам, тыңдар ма едің, балам?
Немересі:
- Иә, сіз оны көрдіңіз бе? Ол туралы қайдан білесіз?
Атасы:
- Жүр, балам. Мен сені бір жақсы кешке алып барайын. Дәл сол Абай атаң туралы, жүре ғой !
(Ертіп алып, шығып кетеді).


Президентіміз Қ.К. Тоқаевтың бізге жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдық.


1 жүргізуші:

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.


2 жүргізуші:

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың жаны терең сай

Тасыған өзен күрілдеп


1 жүргізуші:



«Алдағы жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Осы айтулы күнді біз тұтас ел болып, мемлекеттік деңгейде атап өтуіміз керек. Біз үшін бұл мерейтойдың маңызы ерекше. Тарихи күнді ақыл-парасатпен, салиқалы деңгейде өткізуге баса мән беру керек» дей келе президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойғанын жаңа жоғарыда айтып өткен болатын.

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық шығармашылығына арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған...» атты әдеби шығармашылық кешке  қош келдіңіздер!


1 жүргізуші:

Абай Кунанбаев великий поэт казахского народа, философ, композитор, ювелирный мастер художественного слова, просветитель, мыслитель, общественный деятель, основоположник казахской письменной литературы и её первый классик, реформатор культуры в духе сближения с русской и европейской культуры. Мы собрались ,чтобы выразить вечную непреходящую любовь немеркнущей памяти своему самому славному сыну и мудрейшему наставнику


Оқушы өлең оқиды


Через века, Абай, мы слышим твоё

К нему обращаемся снова и снова.

Оно знакомо с самых ранних лет,

В нём на вопросы ищем мы ответ.

Оно нас призывает к разуму, добру,

Быть нетерпимым к подлости и злу,

Порядочность и честь свою хранить,

И всей душою Родину любить.

Мы на природу смотрим твоим взглядом,

Ты учишь: ”Любоваться ею надо!

Зимою, летом, осенью, весною

Она нас радует своею красотою”.

Нет, не напрасно на земле ты жил,

Верным словом народу родному служил.

И хоть недругов было не счесть у тебя,

Неотступно о правде писал ты всегда.

И пусть молоды мы и порою несмелы,

Рассуждаем о многом пока неумело,

Но, шагая к вершине жизненной новой,

Через века, акын, мы слышим твоё слово


1 жүргізуші:

Балалар, Абай атамыз туралы керемет өлеңнен кейін, менің сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер? Абай атамызды кім деп танимыз?

(Балалардың жауабын тыңдау)



1 жүргізуші:

Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен ол туралы білетініміз тым аз-ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе Абай әлемін шарлап қайталық. Бір сәт экранға назар аударайық. (бейнежазба материалы)


Бейнежазба көрсетілді


1 жүргізуші:

Балалар, Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты да, маңызды мәліметтер алдық деп ойлаймын.


1 жүргізуші:

Вот ребята, фильм вы посмотрели познакомились с биографией Абая Кунанбаева, так же у нас в библиотеке есть о нем книги, энциклопедия, стихи, слова назидания.


1 жүргізуші:

Абай еңбегі әлемнің көптеген тілдеріне аударылған, олардың ішінде орыс, қытай, татар, ағылшын, француз, неміс және басқа да. Жалпы Абай атамыздың жазған өлеңдерінің саны 170-ке жуық . Ақын өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») деп бастаған екен. Абайдың жазған өлеңдері барлық тақырыпты қамтыған. Әсіресе өнер-білім туралы өлеңдерін сендер ана тілі сабағынан оқыған болатынсыңдар. Әсіресе ақынның жылдың  төрт мезгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен азабы мол мал баққан шаруаны, баянсыз көшпелі ауылды көрсететін сұлу шығармалары болып табылады. Келесі бір топ өлеңдер шоғыры табиғат лирикасына арналады, қабыл алыңыздар.


Весна

Как весенней порою шумят тополя!

Ходит ветер, цветочною пылью пыля.

Все живое обласкано солнцем степным,

Словно мать и отец, рада наша земля.

На весеннем кочевье аулы сошлись,

В общей радости родственники обнялись,

А знакомые просто , шутя и смеясь,

Обо всем толковать по душам принялись.

Верблюжонка верблюдица громко зовет,

Блеют овцы, в кустах птичий гомон встает,

Мотыльки - над травой и в ветвях тополей,

Заглядевшихся в светлое зеркало вод.


Осень

Косяком потянулись на юг журавли.

Караваны верблюдов под ними прошли,

А в аулах- уныние и тишина.

Смех, веселые игры остались вдали.

Дуют ветры, становится все холодней,

Стужа мучает и стариков и детей.

Псы голодные ловят мышей полевых,

Не найдя как, бывало, объедков, костей.

Ветер пыль поднимает- над степью черно,

Осень, сыро. Но так уж заведено,-

Плох обычай!- нельзя разжигать очага.

В наших юртах теперь неуютно, темно


Зима.

Белобородый, в белой одежде старик

Глух и нем ко всему и ко всем без разбора,

Белый иней на нем и по виду суров,

По скрипучему снегу ступает упорно.

Дышит лютым морозом, сковавшим простор,

Старый сват, не зима, разгулявшись на славу.

Тучу шапкой одел набекрень, впопыхах,

И от стужи покрылся румянцем лукавым.

Облаками ресницы легли на глаза.

Головой шевельнет- снег завалит за пояс.

Забушует от злости, как сильный буран,

Шестикрылая юрта выходит из строя.


Лето.

Июль - середина лета.

Степная нива на диво.

Подснежники в ярком цвете,

И там, где резвиться река,

Аул встает на рассвете,

И в травах крупные крупы

Едва заметны при ржанье, табун утоливший жажду,

Стоит , затаив дыханье.


Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал - кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай


Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - 
қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.




Жаз

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, 

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен, 

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, 

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.



Қансонарда бүркітші шығады аңға

Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда.
Бүркітші тау басында, қағушы ойда,
Іздің бетін түзетіп аңдағанда.
Томағасын тартқанда бір қырымнан,
Қыран құс көзі көріп самғағанда.
Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,
Қандыкөз қайқаң қағып шықса аспанға,
Көре тұра қалады қашқан түлкі,
Құтылмасын білген соң құр қашқанға.


1 жүргізуші:

Абай тек ақын, аудармашы ғана емес, музыкант, қазақ халық музыкасының терең білгірі және нәзік бағалаушысы болған. Абайдың музыкалық мұрасы Қазақ ұлттық өнер тарихында ерекше орын алады.

Абай - сазгер. Оның өз әнімен тараған 30 - дан астам әні бар, «Май түні, Торы жорға, Абайдың желдірмесі» атты 3 күйі бар. Бүгінгі таңда нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар.


Келесі кезекте Абайдың «Торы жорға» күйінің желісімен биші балаларды ортаға шақырамыз.

(оқушылар биледі)


1 жүргізуші:

Абай Құнанбаев бірнеше тілді біліп, оның ішінде орыс тілін жетік біліп, орыстың Лермонтов, Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Әсіресе Крыловты аударуды ұнатты. Абай – әдебиеттегі шебер аударма жасаудың үлгісін көрсетті. 70 - 80 шақты аудармалары өзге тілден дәл, нақ аударылған.
Қазақ тіліне И.А. Крыловтың бір қатар шығармаларын аударды. Соның ішінде қазір біз «Қарға мен Түлкі» мысалын тамашалап көрейік.


Боқтықта талтаңдап, 

Жан-жаққа жалтаңдап,

Бір қарға жүр еді.

Бір жатқан ірімшік

Көзіне түседі,

Көңілі өседі.

Ірімшікті көрінген

Тістеп ап ұшады.

Бір ағашқа қонды да,

Асықпай жемек болды да,

Мазатсып қарады

Оңына, солына.

Ағашқа қонып, қаранып,

Қанатын, жүнін таранып,

Болмақшы еді мәз-майрам

Тұмсығында ірімшік,

Ойланып қарап тұр еді,

Бір қу түлкі сорына

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!