Материалдар / Өмір- шексіз керуен
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Өмір- шексіз керуен

Материал туралы қысқаша түсінік
өмір көшінде қалай талпыну керек екенін айқындау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
584
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Сыныбы: 11Мерзімі:
Мұғалімнің аты-жөні: Гаухар Умарова МухтаркановнаСабақтың тақырыбы:Өмір- шексіз керуен
Мектебі: Түркістан обылысы Жетісай қаласы «І. Жансүгіров атындағы №30 жалпы орта мектебі»кммҚатысқандар саны: ОқушыҚатыспағандар саны: оқушы
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын кеңейту , өмірді сүюге тәрбиелеуге үйрету.
Күтілетін нәтижеБарлық оқушылар: өмірдің мәніне түсіне қарауға бағыт-бағдар ала біледі



Оқушылардың басым бөлігі:Шығармашылық қабілеттері артады; Өз ойларын еркін айтады; 


Кейбір оқушылар: алған білімдерін өмірде пайдалана біледі.
Тілдік мақсат



Негізгі сөздер мен тіркестер: өмір, ақиқат, уақыт



Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:


Талқылауға арналған тармақтар:КіріспеАдам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, бақытты балалық шағын, мектептегі, студент кезіндегі естен кетпес жастық шағын, отбасын құрып, табыс тауып бала-шағасын асырау, әдемі қарттық өмірін кешу сөйтіп аллаһтың берген жасын жасау сияқты алдында тұрған үлкен белестер адамның өз қолында. Өмір – шексіз керуен сияқты бола тұра қамшының сабындай қысқа . Пенде баласы уақытқа тәуелді. Өйткені, оған шектеулі ғұмыр берілген. Адамның өмірі – туылған сәті мен өлім аралығындағы мерзім. Сол себепті, уақыттың құны ерекше. Еш нәрсені пайымдамайтын парықсыз пенде ғана өзіне берілген шектеулі уақыттың бағасын ескермейді. Өтіп жатқан әрбір сәт өміріміздің қайтып келмес бөліктері. Адам қымбат, бағалы бұйымдарын – алтын немесе ақшасын жоғалтса, оны тауып, орнын толтыра алады. Ал, өткен уақыт қайта айналып келмейді.


Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
  • «өмір», «өмір сүру» деген ұғымдарды қалай түсінесің?
  • «Өмірден өтпеңдер »дегенді қалай түсінесіңдер?


  • Жазылым бойынша ұсыныстар: дәптермен жұмыс,
    Алдыңғы оқуӨмір- шексіз керуен
    Жоспар
    Жоспарланған уақытЖоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)Ресурстар
    Басы(1 минут)
  • Ұйымдастыру кезеңі; сәлемдесу, түгелдеу


  • (1 минут)
  • .Топқа біріктіру.1,2,3 санау арқылы топқа бөлінеді.
  • қима қағаздар
    (7 минут)
  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Сіздерге Ш.Сариев ағамыздың әдемі өлеңін алып келдім. Бірінші өлеңді тыңдайық.Өмір деген тұрады: таң мен кештен,Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.Құпия, жұмбақ, сырлы дүниеге,Адамдар Армен келіп, Армен көшкен.Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш,Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.Бір таяздап өмірде,бір тереңдеп,Бір лайланып, өмірде бір тұнамыз.Күндесеңде, тірлікті түндесең де,Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер,Жолында жолығатын қос тағдыр бар:Жусан - Жантақ, гүл - Тікен, гүл мен Шеңгел.Өмір дәмі, екі дәм: Ащы - Тәтті,Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.Жолында жолығатын екі тағдыр,Күтеді Адам үшін сын сағатты.Өмір дәмі – екі дәм: улы – усыз,Тірлік татып жатады шулы - шусыз.Кез келіп тағдырына келеді Адам,Жұмыр Жер құрлығында сулы - сусыз.Қолға түспес дүние жұрт таласқан,Кітап – Өмір парағын құнттап ашқан.Сезінер жүрегімен, жаныменен,Өмір әркез ашық Күн, Бұлт та басқан.Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан.Өмір деген тұрады: ақ - қарадан,Ақ - Қара, екі арасын ашып өтіп,Арымен өз бақытын тапқан Адам!
  • Ойталқы.
  • Оқушыларға сұрақтар қоямын
  • Ақын “АҚ” және “ҚАРА” деп нені отыр?
  • Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек?
  • Адам баласы не үшін өмір сүреді?
  • Өмір деген несімен қымбат?
  • Сенің өмірдегі мақсатың қандай?
  • Өмірдің мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?
  • Қағаз А4
    Ортасы(10 минут)

























    2- минут



    3- минут

    1.Мәтінді оқу Қазір үш топтың балаларына шар ішіндегі үш түрлі мәтін беріледі. Осы мәтінді оқып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтыңыз.Сағаттың шықылдағы емес ермек, Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек. Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас, Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек. Сағаттың өзі ұры шықылдаған, Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған. Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті, Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман…, – десе Абай атамыз,

    шығыстың шайыры Ахмад Шауһи: Жүрек айтар: бір сәт тоқтап тұра алман, Тұрмайды өмір қызық пенен құмардан. Ескертемін, ей адамзат, өмірің Минуттар мен секундтардан құралған… – деген екен

    Шәкәрім Құдайбердиевтың өлең жолдарынан Дүние қу,Бір ағын су,Түстік одан көп болып.Күнде ағамызСандаламызБейнетіміз көп болыпКейде тасқаКейде ағашқа,Соқтығамыз дөп келіп.

    2.Дәйексөз

    Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый.Ендеше осы дәйексөзді дәптерлеріңе жазып алыңдар.3.Сергіту сәті Оқушылар “Заман” тобымен бірігіп “Өмір-өзен ” әнін орындайық (Оқушылар бейнеклипті көре отырып, «Өмір-өзен» әнін орындайды)Оқушылар, әнді тамаша орындадыңдар, рахмет!
    Оқулық, дәптер, шарлар
    15минутҚорытынды. «Бақытты адам бейнесі» коллаж жасау.Нұсқау: қазір әр топқа ватмен қағаздары мен журналдарды таратамын. Сіздер берілген құралдарды пайдаланып, бүгінгі сабағымыздың қорытындылау негізінде «Бақытты адам бейнесін» жасауларың керек. Және де оны топтан бір адам шығып, жұмысты қоғау қажет. Іске сәт!





    қима қағаздар.ватман қағаздары,клей,қайшы,журналдар
    Аяқталуы (1 минут)
  • Рефлексия. Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма? Егер ұнаса алдарыңыздағы смайликті көтеріңіздер
  • Белсене қатысқан барлық оқушыға бүгін алғысымды білдіремін.
  • Үйге: «Менің бір күнім» эссе жазу.
  • Смайлик.
    Қосымша ақпарат : 63 жыл өмір сүрген адамКүніне 8 сағат жұмыс істесе, оның өмірінің 21 жылы жұмыс істеуге кетеді екен.Тәулігіне 8 сағат ұйықтаса тағы бір 21 жылы ұйқыға кетеді.6 жылы тамақ ішуге, 5 жылы сапарларға,2 жылы телефонмен сөйлесуге, кететін көрінеді.1 тал темекі шегуге 6 минут уақыт бөліп, бір күнде 10 тал темекі шексеңіз 60 минут яғни, 1 сағат уақытыңыз кетеді. Осы уақытты1 жылға көбейтетін болсақ, жылына 365 сағатыңыз желге ұшады
    Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?Пәнаралық байланыс. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
  • Тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде көрінуі мүмкін.
  • Стикер арқылы;


  • Әдебиет,
  • Психология
  • АКТ
  • Сабақ бойынша рефлексия

    Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп ойлайтын немес санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
    Жалпы бағалау

    Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)?1. 2.Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқу мен оқытуға қатысты)? 1. 2.






    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!